Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Реферат на тему "нашақорлық заман талабы" (9 класс)

Реферат на тему "нашақорлық заман талабы" (9 класс)



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті

Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр. Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі - жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады. Ал есірткінің қарамағына бір іліксең, одан аман-есен құтылып шығудың екіталай екендігін ата-аналарымыз, ұстаздарымыз қаншама айтып, теледидар, газет-журналдарда көрсетіліп, жазылып жүр. Нашақорлардың өмірі көбінесе қайғы-қасіретпен аяқталатынын естіп, көріп те жүрміз. Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге жасырын емес. Өкінішке орай есірткінің құрығына іліккен жастардың ата-анасының қасіретін сөзбен жеткізу қиын./2:12-15/
Қарапайым «шөптесінді» пайдалану жыл сайын өсіп, одан зорын тартып көруге ұмтылатындар көбеюде. Осы кезде міндетті түрде анағұрлым күшті әсер ететін зат- кокаин, героин немесе морфийді ұсынатын «мейірімді жан» табыла қалады.
Әдетте адам нашақор болып екі-үш ай ішінде қалыптасады. Бірақ, адамдар есірткінің алғашқы егіндісінен кейін-ақ соған тәуелді болып қалатын жағдайлар да кезігеді. Есірткіні көп қолдану салдарынан ойлау қабілеті тежеліп, галлюцинация, адамның өзіне деген сенімсіздігі туады. Алғаш қабылдағандардың басы айналып, құсқылары келіп тұрады. Ал жиі қолданатындардың үлкен дәреті қатады, ал әйелдердің етеккір келу циклі бұзылады. Кейінірек түгелдей адам ағзасында өзгерістер болады. Ал есірткіні еккізіп қабылдайтынтар түрлі жұқпалы ауруларға ( қан ауруларына, сары ауруға және түрлі жыныс мџшесі ауруларына ) ұшырайды.
Жиі есірткі қабылдайтын адамға есірткі алу үшін көп ақша керек. Сол себепті әр нашақордың алдында ақшаны қайдан табамын деген мәселе турады. Қайтарымсыз ақша алу. Ең онай жолы - алдау. Яғни, олар алдымен достарынан, олардың әке - шешесінен қарыз алады. Оны қайтарып бере алмайды, сол себепті алатын жерлер азайып отырады. Екінші жолы - бай адамдардың балалары қылық жасап, «біз басқа нашақорлардан қарызға алдық, бермесендер сіздерді өлтіреді» деп қорқытады. Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады. /3-25-27/
Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең-психологиялық көмек беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға кетіретін де олардың ішкі жандүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін емес шығар сірә. Осы орайда, тағы да әлемдік зерттеулерге жүгінетін болсақ, есірткіге қарсы заңдарды қатайтудың салдарынан аз-маз мөлшерде есірткімен ұсталып жазықты болғандар есебінен әсіресе, дамыған елдерде темір торлар тұтқындарға толып кететінге Қалай болғанда да Нарколог-мамандар мен ғалымдар және салауатты өмір салтына болысатындар түрлі амал-тәсіл ойлап табумен әлек. Ал нашақорлар болса, мұндай шараларадан бейхабар болуы былай тұрсын тіпті, өзінің болашағын ойлаудан да қалған.
Жоғарыда айтып кеткен АҚШ тұжырымдамасының Екінші бөлігінде есірткі тұтынуды азайтуға ерекше көңіл бөлу жағы қарастырылады. Әсіресе жұртшылық арасында бұған қарсы үгіт-насихат жумыстарын жургізуге баса назар аудару қажеттілігі айтылады. Есітркі саудагерлерін барынша қатаң жазаға тарту қажет. Ал, есірткіні тұтынғаны немесе сақтағаны үшін жазықтылар ауыр жазаға тартылуы тиіс. Мұндай стратегияны сынаушылар салауатты өмір сүру салтын насихаттау есірткі тұтыну деңгейін төмендетуге қауқары жетпейді деп пайымдайды. Сондай-ақ, есірткі саудагерлерінің нақты жазасын алмауы да есірткінің таралуына жол ашып, оның дәмін татып көруге бой ұрған адамдардың қатарын көбейте түседі деген қорытынды жасайды./3:6-8/
Ең алдымен, нашақорлыққа ұшыраған адамның мінез - құлқы өзгеріске ұшырайды. Ол ашушаң бола бастайды. Кез - келген нәрсе қанын қайнатып, жүйкесін тоздырып шығады. Айналасындағылардың барлығын жау санап, айбат көрсетуді, аты – жµні жоқ ашу шашуды әдетке айналдырады. Наша шегетіндерде, олардың киімідерінен темекіден басқа ерекше иіс байқалады. Көздері қанталап, бұлыңғыр тартып тұрады. Қимылы сылбыр да жай болады. Сұрағаныңызға бірдең жауап бермей, түсінбей тұрады, қайта - қайта сұрауы мүмкін. Есірткіні ине арқылы қабылдайтын нашақорларды да тануға болады. Олар ауа райы мен жағдайға байланыссыз әрдайым ұзын жеңді киім киеді. Мұны олар ине шаншылған денелерін көрсетпеу үшін істейді. Киімі мен өз кейпіне немқұрайлы қарайды. Шаштары өсіп, тістері сарғайып, қажетті минералдар жетіспегендіктен ұнтақталып кетеді. Әңгімесі мағынасыз, мәнсіз. Көз қарашықтары шамадан тыс кеңейіп, немесе жіңішкеріп кетеді. Аузынан арақтың исі шықпаса да мас адамға ұқсап теңселеді.
Бір нүктеге қарап ұзақ тұрып қалады немесе жатып алады. Есірткісі жоқ болып қалса, ашуланғыш болады. Жаз болса да тұмау тигендей мұрнын тарта береді, көзі жасаурап жүреді. Еңсесі түсіп, мойнын ішке тартып, бұкірейіп жүре бастайды. ұйықтап жатқанда денесін қарасаныз, ине шаншылған іздері оңай табасыз. Қаржы сұрауы жиілей бастайды. Ақша бермеген жағдайда үйден заттар жоғалуы орын ала бастайды. өмірге деген қызығушылығын жоғалады. Есірткіге қол жеткізе алмаған жағдайда суық терге малшынып, аяқ - қолы дірілдеп, қояншығы ұстаған адамдай бұратылып қалады. Оған қоса, іші өтеді, тамақ ішпсе де лоқсып, құсқысы келеді. Міне, осындай белгілерді байқасаныз, сіз ең бастысы саспаңыз. Оған көмектесу үшін нарколог дәрігерге апару керек. Ол әрине бірден бара қоймайды. Дегенмен, сөйлесіп, көндіруге тырысуыңыз керек.
Есірткіге қатысты өте көп қылмыстар жасалады. Бұл - есірткіні тартқан эйфория жағдайндағы жасалатын ұрлық, төбелестер. Кейде ол өлімге де әкеп соғады. Тіпті ең ауыр, тіпті қатал жазаның өзі нашақорларды қорқыта алмай отыр. 1000 грамнан аса марихуана, 200 грамнан аса гашиш, 1,0 грамнан аса героин үшін Қазақстан Республикасы қылмысты істер кодексінде жаза қолдануға арнайы бап көзделінген.
Түрмелер нашақорларға толы, соттарда есірткіні заңсыз сатушыларды жазалауды талап еткен арыз - шағымдар одан да кµп. Есірткі сатқандарды ұстау үшін арнайы операциялар жиі өткізіледі. Бірақ, есірткі сатушылар саны жылдан жылға тоқтаусыз өсіп келеді.
Әрине, нашақорлық әлеуметтік мәселе. Мұны жалғыз заң ұйымдары мен дәрігерлер шеше алмайды. Тәжірибе бойынша, түрмеге түскен нашақорды ол жерден тәрбиелеп шығаруға болмайды.
Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол. Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Олардың бірі қызық көруді қаласа, екіншісі басқалардан қалмауды ойлайды, тағы бірі өзін ересек көрсетуге тырысса, ендігі біреуі бар қиындықтан қашып, ләззат аламын деп ойлайды. Бара - бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады. Бұрын жасөспірімдер анаша, марихуана шегіп, улы химиалық заттар иіскейтін болса, қазір героин, какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады. Ал синтетикалық есірткінің (героин ) ерекшелігі сол, адам бір рет дәмін татқаннан кейін оған әуес болып қалады. Міне, ересектердің нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр.
Танысы бір рет дәмін татсаң немесе ішсең не иіскесең, шексең нашақор болмайсын, қиындықтардың бәрін ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деп арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан, отбасындағы ұрыс - керістерден, жұмыссыздықтан немесе қызметінде жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да «қашып кетуді» ойлап, есірткенің дәмін татады да нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.
Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:
- ата-атаның баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;
- отбасы мүшелерінің бірі арақ - шарап ішуі немесе есірткіні қолдануы;
- әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;
- ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда маскүнем болуы;
- отбасы мүшелерінің бір - біріне деген сүйіспеншілігі болмауы, отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы;
- мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі, жасөспірімдер арасында түсіріндіру жұмыстарын жүргізбеу;
- достарының арасында нашақорлардың бар болуы, өзінен жасы үлкен достарының жетегінде жүруі;
- алкоголь мен есірткіге қол жеткізудің оңай болуы;
- әлеуметтік - экономикалық жағдайдың төмендігі;
Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық - әлеуметтік оңалту туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынадай құқықтар қарастырылған: а) білікті медициналық - санитарлық көмек алу;
ә) наркологиялық мекемелер мен ұйымдарды тандау; б) өз құқықтары, өздерінең наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, сондай - ақ емдеу және оңалту әдістері туралы ақпарат алу; в) медициналық - әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері немесе қажет болған жағдайда, жүрген жері бойынша өткізу. /4:126-128/
Медициналық - әлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне оңалту іс - шараларын тоқтатудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Оңалтудан бас тарту, оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, медициналық құжаттамаға жазылып, рәсімделеді, оған нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр - нарколог дәрігердің қолы қойылады. Нашақорлықпен күресудегі жақсы, ұтымды әдісі - оны алдын алу, емдеу. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нашақорлықтан аурулардың 2-3 пайызы ғана емделе алады екен. Әрбір аумақтың атқарушы органдарына салауатты өмір салтын насихаттаудың қажеттілігіне байланысты үлкен жүк түседі. Осы үшін барлық бұқаралық ақпарат құралдарын жұмылдырып, денсаулық сақтаудың әлеуметтік базасын барынша кеңейту керек. Кейінгі кезде әлеуметтік қатерге айналған нашақорлықпен күресу мәселесі ерекше ушығып кетті. Осы жерде биліктің қоғамдық ұйымдармен және медицина қызметкерлерімен әріптестігі нашақорлық эпидемияның ошақтарын жоюға шешуші үлес қосуға мүмкіндігі бар. Үлкен рөлді елеулі дәрежеде қоғамдық пікірді қалыптастыратын бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Соңғы жылдары ғана Қазақстанда билік пен бұқаралық ақпарат құралдары нашақорлыққа қарсы насихат жүргізудің жаңа әдіс тәсілдерін пайдалана бастады: жастар журналы мен радиосында есірткінің зияндылығына арналған хабарлар жүргізіліп, материалдар басылып шығарылуда; телеарнада «Есірткісіз» деген жоба жүзеге асты; көптеген орта және жоғары мектептерде жастарды нашақорлық мәселелерімен таныстыратын бағдарламалар жүргізілуде.

Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі заттар тәркіленеді, оны өздеріңізде көгілдір экраннан көріп жүрсіздер.Ішімдікке, темекі тартуға, нашақорлыққа әуестенушілер осы зиянды заттардың адам өміріне, қаншалықты қауіп төңдіретінін біле ме? Аты жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік, нашақорлық екенін түсінген болар деп ойлаймын.Міне, әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен. Тәлім тәрбие жолында қажет болса үзіп берер шәірттеріме тілерім толқынға салған арақ, темекі, нашақорлықтан жас жандарыңызды аулық ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға жан серік етіңіздер!





Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Интернет www.google.kz

  2. Амосов Н.М Денсаулық туралы толғаныс

  3. Жатқанбаев Валеология Алматы 2003

  4. Торманов Н Валеология Дәрістер жинағы

  5. Егемен Қазақстан 2006 №25
















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 18.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров173
Номер материала ДВ-166696
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх