Инфоурок География Другие методич. материалыРеферат по географии. Күн жүйесі

Реферат по географий Күн жүйесі

Скачать материал

Күн жүйесінің пайда болуы.

Жердің ендеше Күн жүйесінің пайда болу жолдары көне заманнан-ақ талайларды танытқан. Мысалы, ежелгі грек ғалымы Гераклит: «Дүние— жалғыз, оны құдайлар да, адамзат та жасаған жоқ, ол болды, бар да, занды тәртіппен от алып, заңдылыкпен өшетін –мәңгі бақи жасайтын от» депті.

Күн жүйесінің жаралу тегі жөнінде алғаш рет ғылыми пікір айтқан немістің әйгілі философы Иммануил Кант (1755 ж.) еді. Тура сондай болжамды өз бетімен «Аспан механикасы» (1797 ж.) деген еңбегінде, француз математигі Пьер Симон Лаплас жазды. Сондықтан бұл болжам Кант-Лаплас болжамы дел аталады. Олардың пікірінше. Күн жүйесі ғарыш кеңістігінде бұлттай ұшып жүретін казіргі   тұмандықтың   біртіндеп   коюлануынан жаралған.    Орталықтан   тепкіш   күштердің   тегеурінен қою тұмандық біртіндеп Сатурндағыдай сақиналарға бөлшектене бастайды . Сақина бойындағы тозаң-түйіршіктер өзара жабысып бірігеді, тығыздалады да олардың ең ірісі   Күнге,   кішілері   планеталарға   айналыпты.

Сондықтан да олардың бәрі   жазықтықтағы  орбитамен бір бағытта қозғалады. Дегенмен  Кант-Лаплас   болжамынша, планеталар біртіндеп суи бастағаи қызулы заттардан түзілген, сондықтан олардың өзектері сұйық балқыған заттардан тұрады, одан магма атқылайды.

Дегенмем Кант -Лаплас болжамында көптеген олқылықтар бар дейді ғалымдар. Күн жүйесінің жасалуын ғылыми тұрғыдан нақтылап шешкен белгілі поляр зерттеуші математик және физик, академик О. Ю. Шмидт пен онын шәкірт-тері. О. Шмидт болжамы бойынша, миллиардтаған жылдар бұрын Күн маңын салқын шан тозаң, қаткан газдардан тұратын алып бұлт коршаған бұлт  бөлшектері бір-бірімен қақтығысып, сонда олардын қозғалу энергиясы жылу энергиясына айналады да ол әлем қеңістігіне жайылып кетеді. Энергиясынан айрылған түйін, бөлшектер бір-біріне тартылып жабысып,   ұлғая келе келешек планеталардың ұрығына протопланетаға (грек- «протос» — алғашқы, бірінші) айналады. Массасы шамамеп 100 есе өскен шақта олар кәдімгідей қатты дене түзеді. Олардың саны бастапкы шақта бірнеше миллиардка жеткен. Осы кішігірім планетизмалар бұлтының қоюланып, бір-біріне соқтығысып, бірігуінен планеталар мен олардың  серіктері  құралады    Жер тобы планеталарының осылайша түзілуі 10 млрд жылға созылған.

 Күн жүйесінің зандылықтары осы тұжырым    тұрғысынан қисынды және қонымды шешіледі. Күннің тарту   күшімен   планеталар бір   жазықта шеңберге  ұқсас орбитамен және Күнмен бір бағытта қозғалады. Жер тобы планеталары Күн көзіне жақын орналасқан тозаң бұлтынан жаралғандықтан олар қызып, құрамындағы мұз, метан, аммиак т. б. ұшпа заттар буланып кетеді. Олардың көлемі кішігірім және жоғары температурада ғана балқитын элементтерден тұрады. Алып планеталар жылу көзінен (Күннен) шалғай түзілгендіктен, ұшпалары буланбай, ішінде қалады. Сондықтан олардың массасы басым және құрамында балқығыш, ұшпа заттар мол болады. Нептун төңірегінен құралған кометалар басында мұздаған ұшпа көп болатыны жақында бізге «қонақтаған» Галлей кометасымен көрінді дейді ғалымдар.

О. Ю. Шмидт теориялык тұрғыдан   Күннен  алыстаған сайын планеталар орбитасының    қашықтау   заңдылығын да түсіндірді. Дегенмен О. Ю. Шмидт болжамы да біраз олқылықтардан   құр емес,   Ең бастысы-    Күн мен планеталар арасындағы қозғалу күштерінің    «табиғатқа қарсы» үлесуі, Күн өз жүйесіндегі массаның 99,87 процентін «тартып алса да»өз білігінен өте  баяу айналады, күш моментінің не бары 2 процентін  меңгереді.Ал планеталар болса, «қозғалу күш қорының» қалған 98 процентін қайдан алады? Сұраққа әзірше жауап жоқ.Екіншіден  Шолпан, Уран, Плутон планеталары кері бағытта айналатын көрінеді.   Кейінгі   екеуінің     айналу білігі  математикалық шарттан  айрыкша, өз орбиталарының жазығында жатыр.Осыларға нанымды   түсінік табу керек. Сонда   да   казіргі таңда   қолымызда  О.Ю. Шмидт тұжырымынан  татымды ештеңе  жоқ.

Сонымен, ұзын  сөздің қысқасы,Жер бұдан 5,0-5,5 млрд жыл бұрын басқа планеталар сияқты дүниеге келді. Жердің жаралу сатысында   радиоактивтік жылу бөлініп, соның әсерінен құрамындағы ауыр бөлшектер ішкі өзегіне екшеліп, жеңілдері қалқып, жоғары шықты.

Жердің жаралуы туралы жоғарыда айтылғандардан басқа да көптеген болжамдар бар.Бұл тұста Кант-Лаплас және Шмидт болжамдарының басты айырмашылықтарын тағы да зейіндеп өтейік. Кант-Лаплас бойьшша, Күн жүйесі бір мезгілде және қатты қызған (балқыған)

күйде болған, ендеше Жер қойнауындағы жылу көзі мен оған  лайыкты   процесстер  осында.   О. Ю.Шмидт   Жер (планеталар)  Күннен кейін  суық заттардан  жаралған, демек ішкі жылу көздері кейінірек пайда болған деп түсіндіреді..

                                                                                   Қарабөгет ауылы

                                                                                  Аль-Фараби атындағы орта

                                                                                   мектептің   11-сынып

                                                                                  оқушысы  Жарысбек  Заңғардың іздену жұмысы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             

 

 

 

 

 

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Реферат по географии. Күн жүйесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 637 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 2513
    • DOCX 102 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абеева Нургул Байгумаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абеева Нургул Байгумаровна
    Абеева Нургул Байгумаровна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7217
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 729 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс повышения квалификации

Игровые приемы и методы обучения в школьном курсе физической географии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе