Инфоурок Другое Другие методич. материалыРеферат тақырыбы: "Жалпыадамзаттық құндылық" Ақиқат

Реферат тақырыбы: "Жалпыадамзаттық құндылық" Ақиқат

Скачать материал

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы:

Жалпыадамзаттық құндылықтар: АҚИҚАТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үсенбаева Гүлжан Жұмалбекқызы

 

2016 ж

 

Жоспар

 

І. Кіріспе

Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің бүкіл педагогикалық үдерісінің негізі

ІІ. Негізгі бөлім: 

а)  Ақиқат – өзін –өзі тану мақсаты;

ә)  Абсолютті ақиқат. Салыстырмалы ақиқат

б)  Менің өмірімдегі ақиқаттың маңызы

ІІІ. Қорытынды

ҮІ пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

             Рухани-адамгершілік–адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та рухани-адамгершілікке жатады.

«Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – «Өзін-өзі тануға» негізгі рухани жол болып табылады»

        Сара Алпысқызы:«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да кез келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі».

«Адам дегеніміз үш түрлі жүйеден (Тән, Жан, Рух) тұратын тіршілік иесі». «Адам табиғатындағы үш жүйенің: Тән, Жан, Рухтың тәрбиесі түзелмей, әділетті қоғам да, мейірімді мемлекет те болуы мүмкін емес!...»

Қазіргі заманда жалпыәлемге ортақ адамзаттың бірлігі өлшеусіз өсіп келеді, жалпы тағдыр және жалпы жауапкершілікпен бірлескен жаңа жүйе қағидасы қалыптасуда, сол себепті социологтар біртұтас өркениет құру туралы айтқанды жөн көреді. Барлық адамдардың өмірлік қызығушылығына түрткі болатын – “қазіргі жаhандық мәселелер” деген атау алды. Бұл мәселелер құрамы адамзат алдына жаhандық мәселені қойды. Яғни “адамзат күн көріс” үшін жасалған әреккеттер адамзаттың рухани жұтаңдыққа әкеледі.

Қазіргі замандағы жаһандық мәселелер

Жеке тұлғалық      қоғамдық әлемдік          экологиялық   

 дағдарыс                дағдарыс                        дағдарыс

Жеке тұлғалық дағдарыс(жеке бас дағдарысы)

1.                 Зияткерлік- жан-жағындағы барлық затты үйреніп алғысы келіп күйзеліске келу.

2.                 Эмоционалдық – көрген білгенін үйрене алмай күйзеліске ұшырау.

3.                 Тәндік – күйзелістен ішкі тәндік дағдарысқа келу.      

Қоғамдық әлемдік дағдарыс

ü     Экономикалық- мамандық түрі көп, жұмыс жоқ.

ü     Саяси- алыс сапарға шығу үшін уақыт тауып жол жүреміз, алайда жақын жердегі көршінің үйіне баруға уақыт таппаймыз.

ü     Мәдени- адамдар керемет ақылды, адамгершілігі төмен.

ü     Отбасылық- салынып жатқан үйлер өте көп, алайда тату- тәтті отбасылар жылдан жылға азайып барады.

ü     Білім беру- ғылыми дәрежесі бар адамдар өте көп, парасатты ойлайтын данышпан жоқ.

 

         Аксиология-( грек тілінен  алғанда «құндылық», логос- ілім құндылық категориясын зерттейтін философия саласы. Адам үшін аса маңызды заттар құбылыстар, қасиеттер, жай күйлерді құндылықтар деп атаймыз. Жеке адам үшін барлық құндылықтардың біреуінің маңызы жоғарырақ болса, екіншісінің маңызы азырақ болады. Өмірде адам санасында құндылықтар тұрақтап қалмайды. Бірі алға шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды.
     Т.И. Петракова құндылықтар жүйесін үшке бөліп қарастырды.

Табиғи құндылық –бұл адамның табиғи күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары, яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер т.б.

Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар, яғни әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық т.б.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар - ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

           Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынандай сұрақтар қоюға итермелейді:

1.                 Мен кіммін?

2.                 Менің өмірдегі мақсатым қандай?

3.                 Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?

4.                 Өзімнің ішкі “Менімді” қалай тани аламын?

Біздің әрқайсысымызда үш тұлға бар

ü    Физикалық тәнімізді саналы түрде сезінуіміз

ü    Басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс

ü    Сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз болмыс

         Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқада тәуелсіз мазмұны.  Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы негізінде құралады.

              Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.

         Абсолютті ақиқат деп өзінің мазмұны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін білмді айтамыз. Мұндайда білімнің деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты ақиқатты айтуға болады .

"Мәңгілік" ақиқатқа болашақта ешқашан теріске шығарылмайтын ақикаттар жатады. Мысалы: "Барлық адамдар өледі", "Ай Жерді айналады", "Материяның және қозғалыстың жасалмайтыны және жоғалмайтыны" туралы философиялық ұстаным, т.б. Алайда танымда абсолюттік акикатка жетуді нақты нәтиже дегеннен гөрі, ғалымдар кол жеткізуге тырысатын идеал деуге болар. Сондықтан ғылымда салыстырмалы ақиқатты көп пайдалануға тура келеді.

           Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелі кеш бұдан гөрі дәлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз.  Басқаша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Шынайы танымда әркашан субъектінін шарттылыктары мен ресурстары шектеулі:  аспапты  техникасы, қолданатын логикалық  және  математикалық аппараты, т.б. Осындай шектеулер зерттеушіге абсолютті ақиқатка кол жеткізуге мүмкіндік бермейді, ол еріксізден салыстырмалы акиқатқа қанағаттанады. Салыстырмалы ақиқаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сөйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары болып табылады. Объектінің кейбір аспектілері біршама уакытка дейін танушы субъектінің көзінен таса қалып коюы мүмкін. Өзінің объектісіне толык сәйкес келмеуіне орай, салыстырмалы ақиқат нағыздықтың жақындау — дәл бейнесі ретінде көрініс береді. Әрине, таным үдерісінде салыстырмалы ақиқаттың дәлелденуі, толыктырылуы мүмкін. Сондыктан ол жетілдіретін білім болып табылады. Абсолютті білім — шынайылыкка толык сәйкестігіне орай — бұлжымайтын білім. Элементтері өзінің объектісіне сай болғандықтан, онда өзгеретін ештеңе жоқ. Сырттай карағанда, абсолютті және салыстырмалы ақикаттар бір-бірін жоққа шығаратындай көрінеді. Ал танымның шынайы үдерісінде олар бір-бірімен қарама- кайшылықта емес, байланыста болады. Олардың байланыстары ақиқатқа жетудің процессуалдық, динамикалык сипатында болады. Салыстырмалы акиқатта адамзаттың жиынтық білімінің тұрақты өсу үдерісін камтамасыз ететін, бұлжымайтын білімдердің элементтері жоқ десек, кателескен болар едік .  Таным үдерісінде адамдар абсолюттік және салыстырмалы акиқаттарды қатар қолданады. Әрине, ақиқаттың өзі үдеріс болуына орай, танылған арсеналдың ішінде абсолюттік шындык көп емес және абсолюттік ақиқат сол арсеналдың екі полюсіне шоғырлануы сипат алған. Абсолютті ақикат салыстырмалы ақиқаттардың косындысынан тұрады. Қосынды деп бұл жерде, салыстырмалы ақиқаттардың белгілі бір мөлшерінің карапайым қосындысы емес, абсолютті білімнің кұрылымындағы салыстырмалы акиқаттың алатын мөлшерінің біртіндеп, үнемі өсуін айтамыз.

 

Ақиқаттың өлшемі

Ақиқат пен адасу мәселелерін зерттеу ақиқат өлшемі зандылықтарын карастырмайынша, толық бола алмайды. Ақиқат пен адасудың арасьш қалай ажыратып алуға болады? "Ақиқат елшемі" деп, әдетте, бір - қатар эталондарды  немесе тексеру амалдарын айтамыз. Ақиқаттың елшемі бір мезгілде екі шартты қанағаттандыруы керек:

1.                 ол тексерілетін білімге тәуелді болмауы керек;

2.                 құптау немесе теріске шығару үшін ол белгілі бір бейнеде біліммен байланысты болуы керек. Ақиқаттың өлшем мәселесі әрқашан таным теориясында орталық межеде болған, өйткені ондай елшемді табу ақиқатты адасудан бөліп алу амалын табумен парапар.

Философтардың кейбіреулері ақиқаттың өлшемі деп — тиімділікті, пайдалылықты және жайлылықты , енді біреулері жалпыға танымалдыльқты ұсынады, үшіншілері жаңа білімдерді ескі білімдермен қиыстыратын, ақикаттың формалды логика өлшемімен шектеледі, төртіншілер білімнің ақиқаттылығын жалпы шартты келісу ісі деп түсінеді. Аталған жағдайлардың бәрінде ақиқаттың өлшемі ақылдан тысқары шығарылмайды, сондықтан білім өзімен-өзі тұйықталады, ал ақиқатты айкындауға практикалык қызмет үдерісінде білімді объектімен қатар қоя қарастырғанда ғана кол жеткізуге болады. Мұндайда ақикат өлшемі шарттарын практика, демек, қоғамдық - тарихи үдеріс ретінде түсіндіретін материалдык кызмет қана қанағаттандыра алады. Практика коғамдағы адамның қоршаған дүниені материалдық игеруі болып табылады. Практика, ақиқат өлшемі ретінде көріне отырып, оған кажетті қасиеттерге ие, мысалы, объектіге бағытталады және кызметімен білім аясының шеңберінен шыға алады. Практика адамды объективті шынайылықпен қауыштырады. Онда заттар өзгеріп кетуі мүмкін. Сонымен қоса практикалык кызметтің жүзеге асырылуы білімге төуелді. Практиканың қайсысы болса да, жаңғыртатын заттардьщ қасиеті туралы ақпарларға негізделеді, белгілі бір мақсаттан туындайды, айқын жоспармен жүргізіледі. Бұдан практиканың ойластырылған, тұшынылған сипатта болатыны белгілі.

Адамдар ақиқаттан неге жалтарады?

             Қолында билігі немесе байлығы бар адамдарды жалған мақтау арқылы одан бірдеңе түсіп қала ма деген жалған үмітке бой алдырады. Сондай-ақ, өзін өзгелерге сыйлы етіп көрсету үшін жалған сөйлеп, жоқты бар деп айтатындар көп. Ең соңында, біреулердің көңіліне тиіп кетпейін, нем кетіп барады дейсің, иығынан қағып, өтірік мақтап қоя салайын, болмаса бассыздығын көрсем де «үндемеген үйдей бәледен құтылады» демекші, көрмегенсіп жүре берейін деген жымысқы ниеттен туған қадам бұл.

 

Ақиқатпен өмір сүру қиын, бірақ игілікті.

           Қазақта «өтірікшінің құйрығы бір-ақ тұтам» деген сөз бар. Өтірік өрге баспайды дейді. Жалғандықты серік еткен, өтірік сөйлеуге дағдыланған адам қысқа мерзімдік пайда тапқандай болғанымен, негізінен үлкен залалға ұшырап жатады. Бірақ, ақыл-санасын шел басқан ондайлар қателіктерін түсінуге қабылетсіз.

Ақиқат жолын ұстану адамға не береді?  

             Шындықпен өмір сүру қиын сияқты сезілгенмен, ол түбінде сізге игілік әкеледі. Өйткені, ақиқатты Алла жақтайды. Ал бар нәрсенің негізі Алла екендігі белгілі. Егер құдай ақиқатты жақтайтын болса, онда ақиқат жолын ұстанған пенденің екі дүниеде де игілікке кенелері даусыз.

Жалғандық деген жанған от,

Жандырады арыңды,

Жалған айтып жалынсаң,

Жан тыңдамас зарыңды

-деп ақын айтқандай, жалғандықты серік етсеңіз ақырсында үлкен өкініште қалып, ар-ұятыңызға сызат түспек. Жалғандықты серік еткен жан жалтақ, әрі әлсіз болып келеді. Ондай жан адамдардың бетіне тура қарай  алмайды. Жалғандықты серік еткен жалтақ, әлжуаз пенделердің о дүниені былай қойып, осы дүниеде жолы болып, биіктерге жетуі екіталай. Сондықтан әрдайым ақиқатты ұстаныңыз және ақиқат жолымен жүруге тырысыңыз.

 

 

 

  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Бикенова К. , Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-словарь, 2007.- 344бет.

2.     Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруана» ЖШС,2010

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Реферат тақырыбы: "Жалпыадамзаттық құндылық" Ақиқат"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2016 20564
    • DOCX 30.9 кбайт
    • 73 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Үсенбаева Гүлжан Жұмалбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Үсенбаева Гүлжан Жұмалбекқызы
    Үсенбаева Гүлжан Жұмалбекқызы
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26748
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек