Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Реферат. Тақырып: Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар. Ақиқат –ажырату деңгей.

Реферат. Тақырып: Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар. Ақиқат –ажырату деңгей.

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

Акционерлік қоғамының филиалы

ШҚО бойынша педагоикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты










Реферат.


Тақырып: Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар.

Ақиқат –ажырату деңгей.














Орындаған: «№3 Күршім гимназиясының» КММ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі-

Маликова Нургуль Рафхадқызы

Тексерген: курс тренеры Зайсанбаева Гүлнар Нығметқызы


2016-2017жыл


Мазмұны:

КІРІСПЕ

Тұлғаның рухани-адамгершілік дамуының маңыздылығы

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адамгершілік қасиеттердің өзегі.

  • Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар. Ақиқат.

  • Барлық болмыстың бастапқы болмысы туралы білім.

  • Шындықтың мәні туралы

  • Абсолюттік және салыстырмалы Ақиқат

  • Мен және Ақиқат.

  • Нағыз шындық – ол Ар – ұжан

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




































Кіріспе


«Бүгінде Отанымыздың жетістіктері-әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы-барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол-елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стрнатегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту-ортақ парыз, абыройлы міндет!»- делінген Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында /1 /Сондықтан да осы абыройлы міндеттерге жетудің бірден бір жолы-ол ұрпақ тәрбиесі деп білеміз.

Балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу мәселесін жөнді бағаламау барлық қоғамда, әлеуметтік саяси, тіпті экономикалық дағдарыс түрінде көрініс береді. Қазіргі таңда адамгершіліктің тапшылығы біздің өмірімізде байқалатын көптеген кереғарлықтардың қайнар көзі Адамдар арасында немқұрайлық, төзімсіздек, бірі-біріне қарсы қастандық көріністері жиі байқалады, ал бұл балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үдерісін кемелдендіруді ерекше талап етеді.

Заманауи қоғамда экологиялық апаттар, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, террорлық актілер, ұлтаралық, дінаралық шиеленістер, сол сияқты жеке тұлғаның өмірдің мәнін жоғалтып, нашақорлық, суицид түрінде орын алып отырған дағдарыстардың бәрі рухани жұтандықтан: сүйіспеншілік пен жанашырлықтың, қайырымдылық пен мейірімділіктің жетіспеушілігінен туындап отыр.

Тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы-тұлғаның құндылық-мазмұндық аясының кеңеюуі мен нығайтылуы, адамның дәстүрлі моральдық нормалар мен адамгершілік идеалдардың негізінде өзіне, басқа адамдарға, қоғамға, мемлекетке, елге, әлемге қатынасының құрылуы мен бағалауы бейімділіктерінің қалыптасуы жүзеге асырылатын үдеріс.

Тұлғаның маңызды сипаттары-руханилық және адамгершілік болып табылады. Руханилық тұлғаның таңдаған мақсаттарына талпынысы, сананың құндылық сипаты ретінде анықталады. Адамгершілік-адамдардың бір-біріне, қоғамға қатынасы бойынша адамның мінез-құлқының жалпы ұстанымдары жиынтығының көрінісі. Руханилық пен адамгершіліктің үйлесуі тұлға негізін құрайды.

«Біз білім арқылы қоғамызда әр адамның өз бойында болмысынан жаратылған қабілеттерін жарыққа шығарып, сол арқылы біздің мемлекентімізге ғана емес, Жер шарындағы барлық адамзатқа пайда келтіруге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік құндылықтарды жандандыруды көздейміз





Негізгі бөлім.

Жалпыадамзаттық құндылықтар

барлық адамгершілік қасиеттердің өзегі.

«Сыртқы әлемге тұрақтап қалма, ол өткінші, мәңгілік құндылықтарға тұрақта-ол өзгермейді»

Лао Цзы

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумасынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді. Яғни, жалпыадамзаттық құндылықтар-адамның ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі, адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашарлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынысы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы деп түсінеміз. ».[2]


Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім.

Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сорат екенін білеміз.

Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді .Олар бізге бала кезден, ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Құндылықтар әр адам үшін әр түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады.

Т.И. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік.

Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ.

Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау. [3]


Ақиқат

Бір күні аспанда данышпандар жиналып адамды жасап, оны жер бетіне жібереді. Содан соң, олар адамға жер бетінде мәнді өмір сүру үшін не керек деген сұрақты талқылауға кіріседі. Бір данышпан: «адамға бақыт жіберейік»,- дейді, екіншісі «ақыл жіберейік»,- дейді. Сөйтіп адамның жер бетінде мәнді өмір сүру үшін керек жақсы қасиеттерді жіберіп жатады. Сол кезде бір данышпан ойланып:

«Ақиқатты жіберейік»,- дейді.

Ал екіншісі: «ақиқатты адамға жайдан-жай жібере салмайық, олар оны өздері іздеп тапсын, сонда ғана адам үшін ақиқаттың мәні болады», -дейді.

Данышпандар Ақиқатты біресе күннің артына, біресе айдың артына тығуды ұсынады.

Сол кезде бір данышпан: «Біз одан да Ақиқатты адамның жүрегіне тығайық, сонда тек Ар-ұждан дауысын ести білген адам ғана өз жүрегіндегі ақиқатты тани алады. » – деген екен. Ақиқат бізге тумысымыздан берілген сый екен. [4 ]


Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі.

Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. [5]


Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді.

Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді.

Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика — ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді.

Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельден басталады да, Жаңа дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат — идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады.

Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” — шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Йасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын Йасауи мазһабының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленді. Адам хақтың бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп, абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады. Йасауи мазһабының “хал” ілімі хақ жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы 40 мақамның 10-ы — шариғатта, 10-ы — тарихатта, 10-ы — мағрифатта, 10-ы — ақиқатта деп белгіленіп, әр кезеңнің мағынасын құдайға деген махаббат арқылы сезінуге көңіл бөлінді. Хақ жолындағы адам белгіленген тәртіппен шариғат — жабарут, тарихат — малакут, мағрифат — лахут, хақиқат — насут шеңберін айналып өткенде хақпен рухани қатынас туады. Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін белгілейді, бұл лахут-насут арақатынасын теңестіруден көрінеді. Йасауи мектебі дәстүрінен тамыр алған нақшбандийа, иканийа, бекташийа секілді сопылық ағымдар да ақиқатты танып білуде хақпен бірігу (таухид) жолын ұстанды.

Неміс классик. философтары (Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс философтарының бір ағымы — экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психологиялық ахуалы деп талқылайды.

Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.[6]

Біздің әрқайсысымызда үш тұлға бар:

Біріншісі – біздің физикалық тәнімізді саналы түрде сезінуіміз.

Екіншісі – басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс. Көптеген адамдар жалған бетперде арқылы өзінің білікті, көңіл қойып, сыйлауға тұрарлық адам екендігіне басқаларды да, өздерін де сендіруге тырысады .

Бұлардың екеуі де – нағыз және мәңгілік болып табылатын ішкі рухани нұрдың төңірегінде құрылған болмыс.

Үшіншісі – сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз Болмыс.

Біз қазір және әрқашанда сәулелі нұр болып табыламыз. Өзін-өзі жүзеге асыру (өмірден орнын табу) дегеніміз – осы сәуленің нұрына қосылу.

Жүректі айналып өткен барлық іс-әрекет шын мәнінде біздің шынайы Болмысымызды қабылдауға және көрсете білуге әсер ететін және кедергі жасайтын соқырлыққа жатады.

Барлығы қарапайым ақиқатты өзінен табуы керек, өзіңнен іздеуің керек, барлығы біртұтас, бөлінбейтін бүтін екенің түсінуің қажет. Тек бір-бірімізге қол созып, жақсылық пен әділеттілікті, мейірімділікпен, сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен татулықты асқақтатуымыз керек.

Ақиқаттың мәні- іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу. Ақиқатқа жүгіну айтқан-істеген ,көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу болып табылады.



-Жеке (табиғат)

-Өзгермелі(кеше суық- бүгін жылы)

-Сезім деңгейінде (логикалық :қатты-жұмсақ)

-Алуан түрлі(әр кім әр түрлі қабылдайды)

-Әмбебап

-Өзгермелі

-Сезімнен жоғары

-Біртұтастықты

М: өмір-өлім, айнадан өз бейненді көру, жер өз осімен айналуы



Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс.

Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім.

Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектикалық байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады.

Ақиқат

-Адамның шынайы болмысы

-Кеңістік пен уақытпен шектелмейді

-Өзгермейді, ол жалғыз

-Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін біреу

Мен және Ақиқат.

Рухани-адамгершілік білім бағдарламасының «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» курсына дейін мен үшін Ақиқат аса маңызды емес еді.

Расында, пендешілік- өмір барысында бәрімізді басып кетеді, тек руханилыққа бет бұрған адамдар, осы Ақиқатқа жету жолында жүргенде ғана өз өмір үлгісін өзгертеді.

Әр қайсымыз анау балалық шақта алған тәрбиемен шектеліп, дамуымызды, жоғары оқу орындарынан алынған біліммен шектелеміз. Ақ-қараны ажыратуға бізді тек, өмір барысында алынған тәжірбиесінен, яғни өмір қателіктерінен үйренеміз десек те, түбіне жете алмаймыз.

Осы бір ай оқу барысында Ақиқат-ол тамыр, бастау, дұрыс өмір жолы деген ой түзіп, мен үшін Ақиқат не?-деген сауалға жауап іздеудегі оймен жүрмін. Әрине ол бір күнде немесе бір жылда табыла қоятын жауап емес. Алайда, өз тамырымды сүйіспеншілікпен нәрлендірсем, мүмкін дұрыс әрекет жасап, жан тыныштығына бөленермін.

Мен әр оқушыма нұрға бет бұруларына түрткі болуды осы «Құндылықтар практикасынан» бастадым


Нағыз шындық – ол Ар-ұждан.

С.А.Назарбаева: «Рухани-адамгершілік білім нәрімен сусындаған әр адам өзін, өзі арқылы өзгені тануда мейірімді, қайырымды, кешірімді, ақыл-ойы толысқан, бойында « ар-ұждан», «сүйіспеншілік», « ізгілік» секілді қасиетті ұғымдардың қалыптасуымен ізгі қоғам құруға қатыса алады», дейді. [7]

Қазақта «таза адам» деп үсті-басының тазалығын ғана емес, ар-ұятының тазалығын айтады. « Арлы бол, жарлы болма», « Малым-жанымның садағасы, жаным арымның садағасы», «Ұят түтін емес, көзінді ашытпайды, бірақ ол ұяты бар адамның жанын ауыртады»,-деген атам қазақ. Бұлардың барлығы алдымен керегі-ар, одан кейінгі керегі-жан, ал мал осылар үшін садаға, ол тек аштан өлмеу үшін керек дегені. Демек, адамдықтың ең жоғарғы өлшемі-ар. Ол-жан қиюға тұрар қасиет. «Өлімнен ұят күшті» дегенде қазақ осы арды айтқан.

Адамзат ойының үздіксіз даму тарихында «жан қуаты», ар-ұят жайлы ұғымдарды қалыптастырып, танып-білу ежелгі заманнан күрделі мәселелердің біріне айналғаны белгілі. Пифагор: «Ұят нәрсені кісі көзінше де құпия түрде де жасама. Сенің бірінші ережең өзіңе деген құрмет болсын»,-деген екен. [8]

Сөз Ар-ұжданды басшылыққа алса, ол Ақиқатқа айналады.

Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың мүмкін. Бірақ қиындықтан қашып, өтіріктің жолына түсуге болмайды.

Өтірік айтып, сіз қиындықтан құтылуыңыз мүмкін, бірақ мезгілі келген кезде сіз ауыр сынаққа кезігесіз.

Қорытынды.

Ар-ұждан ілімі адамның бақытты болу, ішкі тыныштыққа жету жолдарын үйретеді; ой-өріс таяздығын жойып адам бойындағы рухани бастау басымдылығын, адамзат рухани бірлігі мен теңдігін, бейбітшілікте қатар өмір сүруін жария етеді, адам атағына лайық өмір сүруге шақырады.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. http.akorda.kz

  2. Рыспаева А.К., Хожамуратова С.Г.,Габбасова Б. «Өмір әдебі» курсы Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО, 2016.-156бет

  3. «Өзін өзі тану» пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік құрал, Алматы қаласы: ҰҒПББСО «Бөбек» 2010 ж

  4. www.metod-kopilka.ru

  5. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

  6. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

  7. С.А.Назарбаева. Этика жизни.-Алматы, 2001

  8. Коменский Ян Амос: Учитель учителей. М:Карапуз, 2009









Автор
Дата добавления 31.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров36
Номер материала ДБ-303761
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх