Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыРеферат оқушының қажеттілігін қалыптастырудағы мектептің әсері (психалогия)

Реферат оқушының қажеттілігін қалыптастырудағы мектептің әсері (психалогия)

Скачать материал

РЕФЕРАТ

«Оқушының қажеттілігін қалыптастырудағы мектептің әсері»

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Хапыш. Х

Ертіс ауданы Қараағаш. ОББМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны 

 

Кіріспе ......................................................................................................................................3

1. Негізгі бөлім

1.1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарының оқыту  тәсілдері. ................................................................................................................................4

 

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................................8

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

       Оқушылардың өздіктерімен жұмыс жасау проблемасы барлық ұстаздардың тәжірибесінен өткен. География  сабақтарында картаға байланысты тақырыптардың қарапайым өтілуі оқушы бойында  терең және тұрақты білім қалыптастыра алмайды, себебі әрбір оқушы оны кеңістікте елестете бермейді. Сондықтан  кескін картамен, я басқа тақырыптық карталармен болсын оқушылардың  білімдерін, дағдыларын жаттықтыратын әдістер қолданылуы тиімді.

Өкінішке орай жоғарғы сыныптарға барғанда «Сызу» сабағының қысқартылғандығы, АКТ – ның белсене қолданылу қажеттілігі туындағаны өз әсерін тигізеді. Себебі  ол норма. Сондықтан онымен қызықтырып әкету қиындырақ. Бірақ  жағымды жағы да бар – «Физикалық география» курсына  2 сағат берілгені.

Осындай қиындықтар туындаған сәтте әрбір ұстаз өз жағынан балаларды еліктіріп әкететін әдісін іздейді. Өз тарапымнан алатын болсам – ол пластилинмен жұмыс істеу.

  Пластилинмен жұмыс жасау – балалардың  қызыға жұмыс істеу әрекеті. Олар саусақ икемдік машықтарын қолдана отырып, кез келген бейненің формасын, түстерін келтіру, сәйкестендіру, ойлау, сөйлеу  қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар бұндай жұмыс олардың  бақылау, фантазиялық кеңістіктерін дамытады.  Кезінде А.С.Макаренко: «Адамның тіршілік әрекетіне ең жақын, қажетті  саз, ағаш, қағаз және т.б. материалдар, себебі олардан біз өзімізге қажетті құндылығымыз бен мәдениетімізді жасаймыз... оларда  шексіз шығармашылық фантазиялар жатыр», - деп жазған [1, 7 б].

    Пластилинмен жұмыс жасағанда бала тек қана бір объктіні қарастырмайды, сонымен қатар сезінеді. Жұмыс барысында не ғұрлым сезім мүшелері  белсенді қызмет атқарса, кез келген ақпаратты бейнелей отырып қабылдауы белсендірек болады. Нәтижесінде әрбір оқушы өзіндік көзқарасын, ойын, ұстанымын көрсете алады.

Пластилинмен жұмыс істеу оңтайырақ та, себебі ол қатпайды, нысана нәтижелі шықпай қалса, қайта бұзып, жасауға болады.

     Менің  осылай оқушылармен жұмыс жасауымның мақсаты – география сабақтарында оқушылардың  белсенділік, танымдық, шығармашылық  қабілеттерін арттыру болды. Міндеттер:

практикалық және өздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың білім сапасын арттыру;

.практикалық және өздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың шығармашылықтарын дамыту;

. орта буындағы оқушыларда «География» пәніне деген қызығушылықты дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Негізгі бөлім.

1.1.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарының оқыту  тәсілдері.

Әдістемелік тәсіл ретінде – мүсіндеуге: Мария Монтессори, Василий Александрович Сухомлинский, Антон Семенович Макаренко, психолог – Натан Семенович Лейтес  сияқты атақты педагогтар көп көңіл қойып, қолданған («Умственные способности и возраст», М.,1971).

Біріншіден бұл оқыту тәсілі – кіріктірілген оқыту технологиясының «кірпіші» болып саналады.

Екіншіден – денсаулықты сақтай отырып оқыту технологиясына да жатады.

Үшіншіден – жобалық проектіге де жатқызуға болады. Себебі, оқушы өзінің еңбегінің нәтижесінде белгілі бір продукт шығарады, ол рельефтік, климаттық т.с.с. карталар болуы мүмкін.

Онымен жұмыс істеу үшін ең алдымен оның шығу тарихы жөнінде мағлұматты болғанымыз жақсы. Оны ең алғаш ойлап тапқан – Вильям Харбут, Англиялық исскуство мектебінің оқытушысы.

1900 жылы пластилин Москвада шығарыла бастады. Ол тазартылған саздан, восктан, майлардан, бояғыш және кептіруден сақтайтын басқа заттардың құрамынан тұрады. Ол жеңіл, әр түрлі түстерден тұрады және брнеше рет қолдануға болады.

Қазіргі таңда дүкендерден тек қана түстеріне ғана байланысты емес, сол сияқты қасиеттеріне де қарай таңдауы кең. Мысалы, Германида шығарыдатын формопласт. Оның бір қасиеті – жасалған мүсінді қайнап тұрған суға салса гипс тәрізді қатып қалады, бірақ ол екінші рет қолдануға келмейді. «Крайола» деген сорт өте ашық түстерде кездеседі, магнитше тартылатындай қасиеті бар.

 Пластилинмен жұмыс істеу түрлері:

1)  Ауқымды:

- конструкциялық, әр түрлі детальдарды қосу арқылы;

- пластикалық, мысалы, әріптер, геометриялық фигуралар т.с.с. жасауға.

2)  Жазықты:

1. Сурет салу. Салынған суретке пластилиндердің түсін таңдай отырып жағу. Ең бірінші түп негізі дайындалады.

2. Аппликация. Бірінші пластилиннен жалпы фон дайындалады, содан соң басқа түстерден жасалынған бейнелер соған жапсырылады.

3. Барельеф.

4. Рисунок стекой по пластилину.

5. рисунок жгутиками или шариками по пластилину. Накладываются на фон, похожа на мозаику.

Осындай тәсілді қолданудың барысында оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына бірден-бір әсері тиеді. Іс-әрекеттері барысында ол өзін ересек ретінде сезінеді, ынталандырады. Жұппен жасағанда өзара көмекті қажетсінгендіктен бір-бірін түсунішілік тәрбиеленеді. Жалпы жұмыс барысында оқушыларда эстетикалық, талғамдық қасиеттер тәрбиеленеді. Бұндай қасиеттердің барлығы олар болашақта қандай сферада қызмет, жұмыс атқарса да өте құнды болады.

Психологтардың көзқарасымен баланың қолының қозғалысы, икемі – оның физикалық және жүйкелік-психологиялық  көрсеткіші болып саналады. Олардың қолдарының қозғалыстары неғұрлым белсенді болса соғұрлым жүйке жүйлерінің  жұмыс деңгейлерінің жоғары екендігін көрсетеді. Қол тікелей мимен байланысты, ең тамашасы олар қарама қайшы: оң қол - сол жақ ми жарты шарымен, сол қол – оң жақ ми жарты шарымен.

 Оқушылардың жас ерекшеліктерін де естен шығармаған дұрыс. Психолог - Н.С.Лейтес осыған  байланысты:  «Әрбір  балалық  жастың ерекшелігі – ол қайталанбайтын қабілеттілік қасиеті. Ол өте құнды. Оны назардан тыс қалдырмауыз керек», - деп жазған [2, 5 б]. Балалар табиғи туылымдарынан бәрі бірдей бола бермейді. Ең аяғы бір отбасының  балалары да. Олар әлі өз мүмкіндіктерін шамалай  алмайды. 10 – 13 жастар аралығындағы балалар психологиялық ерекшеліктеріне байланысты: танымдық белсенділіктері, ересектердің  іс-әрекеттеріне қызығушылықтары артатын кездері. Мыне осындай кезде оларды баурап алып кету, белсенділіктерін түсіріп алмау, ынталандыру шеберлігі ұстаз қолында. Қандай әдістемелік жолдарды қолдансақ та баланың өмір қауыпсіздігін естен шығармауымыз қажет. Сондықтан сыныпта  қауіпсіздік ережесі ілініп тұруы керек.

Келесі тәртіпте:

1. Мемлекет мүлкіне жанашырлықпен қара;

2. Пластилинді клеенкамен жабылған тақтайша үстінде иле;

3. Пластилинмен лақтырысуға, ауызға салуға болмайды;

4. Пластилин полға түсіп жағылып қалмау үшін аяғыңның астына қағаз немесе клеенка төсе;

5. Қолыңдағы стекпен (платилин кескіш) досыңа қарсы қимыл жасауға, қолыңды ербеңдетуге болмайды;

6. Стек ұстаған қолыңды көзіңе апаруға, немесе құлағыңды, мұрныңды қасуға болмайды;

7. Үстелден барлық артық нәрселерді алып таста, жарық сол жақтан түсі керек;

8. Жұмыс істеп болған соң орныңды мұқият жинап, қолыңды сабындап жуу.

 Сонымен география сабағының басты ерекшелігі кескін карталармен жұмыс жасау.  Литосфералық тақталарды, климаттық белдеулерді, атмосфера қабаттарын, өзендерді және басқа тақырыптарда өткенде де осы пластилин арқылы макеттерін жасауға болады.

Сабаққа оқушылар картон үстіне пластилин арқылы, мысалы «Еуразия» матригінің қорытынды сабағына материктің  контурын салып, соған оған тән ерекшеліктерді келтірулеріне болады. Жұмыс тақырыптық карталармен қатар жүреді. Ең алдымен әрине картамен оқушы жұмыс жасай білуі керек.  Мысалы, бірінші оның сапалық фонын, жерінің негізгі рельефтік ерекшеліктерін, ерекшеленуіне себеп болған факторларды білулері тиіс. Дайындалған шаблонға таулардың орналасқан жерлерін, ойпаттарын, қыраттарын және т.б.

1. картамен жұмыс және анализ;

2. бірізгілікті жоспар және жұмысты ң бірізгілікті жүруі;

3. қажетті материалды және түстерді дайындау;

4. құрастыру;

5. анализ және бағалау.

     Бұл әдісті алғаш рет бастағанда  жұмыстың  жүргізілу және жасалуын  түсіндіру, көрсету принципінен басталу керек. Пластилинмен жұмыс жасағанда үнемі таза түстермен шектелмейді. Сондықтан ойластырылған түске жету үшін  түстерді араластыруға мәжбүр болады. Ең басты түстер:  сары, қызыл және  көк түстер екендігін балаларға түсіндірген жақсы. Оларды араластырғанда жаңа түстер туындайды.

* сары + көк  - жасыл, сары + қызыл – тоқ сары, қызыл + көк – сия көк;

* ақ түсті қосқанда ашық түстерді күлгіндіндіреді, реңі нақты болмайды;

* екі түстен артық көп қосуға болмайды;

* күлгін түс пен флуоресцентті түстерді қосқанда жаңа сапалы түс пайда болады;

* жасаған бұйымның сырты жылтыр болғандай қолды сулап отырып жасаған жақсы.

Әр түрлі формаларды мүсіндеу үшін әр түрлі іс-қимылдарды қажет етеді.

* ширату үшін екі алақан арасында немесе тақтай үстінде алақанмен, білезікті қимылдата отырып ширатады;

* шарик немесе дөңгелек бұйым шығару үшін екі алақан арасында немесе тақтай үстіне алақанмен айналыдра отырып жасайды;

* тегіс немесе жазықты бұйымдар жасау үшін саусақтармен сәл басып  отырып жасайды;

* Жаншу әрекеті ең көп қолданылатын әрекет, ол үшін бірінші  қалаш формасына келтіреді де саусақ ұшымен, немесе стекпен, немесе, трубочкамен қажетті формаларды келтіреді;

* Шымшып алу – екі саусақ ұшымен қажетті жерден керек деталь формасын шығару үшін жасалынады

Барлық операциялар пластилинді жылытып, иілмелі қалыпқа келтірілуден басталады. Жоғарыда айтылып кеткендей материалға қажетті түс беру үшін екі түсті пластилинді араластыру керек. Ол үшін арнайы таблица әр баланың алдына таратылады.

Пластилинді араластыру өлшемінің таблицасы

қажетті түсті алу

пластилиннің бөлшегінен

Сары

Ақ

қара

жасыл

тоқ сары

күлгін

-

1/5

1/5

-

-

ашық жасыл

½

-

-

1/2

 

тоқ жасы

1/3

-

-

2/3

-

ақшыл қоңыр

2/3

-

1/3

-

-

тоқ қоңыр

-

-

3/5

-

2/5

Келесі қадамда картаға сәйкес шаблонды толтырамыз: пластилинді  рельефтің басты формаларынкелтіріп жағамыз. Жерінің  абсолюттік биіктіктігіне  байланысты түске  сапалы  фон береміз, тау жүйесін вертикалды созамыз, стекпен жарқыншақты жерлерді, өзен аңғарларын және көлдерді сызамыз (көрінетіндей қылып), өзен бастаулары анық көріну үшін пластилин орнына көк жіпті де қолдануға болады. 

  Мысалы, Солтүстік Американың жер бедерінің алдын ала жасалынған шаблон - картаға түсірілуі төмендегідей  болады. Өткен сабақта сынып оның рельефімен танысып кетті,  5 минут қайталап өтеді. Одан кейін пластилиндерді алып, қажетті түстерін шкалаға қарап келтіріп алады. Келесі кезеңде мұғалім құрлықтың батыстағы,  Атлант мұхиты жағалауын солтүстігіндегі Аляска түбегінен бастап, оңтүстігіндегі Панама мойнағына дейін созылып жатқан Кордильер тауын пластилин жолағымен түсіруге нұсқау береді. Оның жас, биік тау екендігі, шыңы Мак – Кинлиді  мәңгілік қар мен мұздық алып жатқандығы, олардан таралып көптеген тау өзендері бастауын алатыны ескерілуі керек (бастауларын көк жіппен белгілеуге болады). Кордильер бірнеше жота болып созылып жатыр. Олардың кейбіреулері мұхитты бойлай жатса, басқалары шығысқа қарай созылып жатады. Жоталардың арасында батыс жарты шардағы ең ыстық және ең төмен жатқан Өлім аңғары (-85 м.), бірқатар таулы үстірттер мен таулы қыраттар бар, олардың ішіндегі үлкені Солтүстік Американың орта бөлігіндегі Үлкен алабы мен оңтүстік бөлігіндегі Мексика таулы қыраты. Кордильер аймағында көптеген жанартаулар атқылап тұрады.

Құрлықтың шығыс жағында Лабрадор түбегінен оңтүстікке қарай Аппалач таулары созылып жатыр Ол ескі тау. Шыңы – Митчелл.  Аппалач таулары мен Ұлы жазықтар арасында созылып жатқан кеңістікті Орталық жазық алып жатыр.  Оқушылардың іс-әрекеттерін бақылап қона қоймай мұғалім  аралап жүріп олардың  жіберген қателері болса түзетіп отыруы тиіс. Келесі сәтте өзендер жүйесі салынады. Шиыршықтап дайындап алған пластилинді атлас картаға сәйкестендіріп, бастау алатын жерлерінен бастап түсіре бастайды. Бұндай жұмыс оқушыларда өзендердің ағысы басталатын жерлеріне тәуелді екендігі жөнінде дұрыс ой қалыптасуына мүмкіндік береді. Көлдерді де дәл осылай түсіре береді. Ең бастысы артық сағат кетіп қалды деп қорықпау керек, есесіне оқушыларда осылайша жұмыс істеу дағдыға айналып, жылдамдыққа үйренеді. Соңында жаппай және жекелей инструктаж жүргізіледі, қателері айқындалып, бір-бірінің жұмысына түзетулер енгізіледі. Ұқыптылық пен эстетика ескерілуі тиіс. Оқытушы оқушыны мадақтап отыруға тарланбау керек.

Мұғалімге кері байланыс үшін оқушылардан сауалнама алуға болады, ол  мынадай формада: 

Сынып: 6,7

Сыныптағы оқушылар саны: 6-сыныпта - 8оқушы

                                                        7-сыныпта - 7оқушы

Оқушылардың сабақтың өтілу тиімділігі туралы пікір варианттары:

 

Мұғалімнің эксперименттік жұмысты жүргізуінің сараптамасы:

Ауыл мектептерінде бала саны аз болғандықтан сынып пен сынып арасындағы жұмыстарды салыстыруға болады. Өз тарапымнан 6 сынып және 7 сыныптарда өткізілді, 6 – сыныпта тек қана кескін картамен жұмыс жүргізілді, ал 7 – сыныпта кескін картамен қатар шаблон – картамен жұмыс қатар жүргізілді. Екі материкке байланысты: Еуразия және Солтүстік Америкаға. 7 – сыныптың оқушыларының алдындағы жай кескін картамен жұмыс істеуімен салыстырғанда  осы тәсіл білімді қабылдаулары, есте сақтау қабілеттерінің жоғарылағандары, талғамдарының, зейіндерінің  шыңдалғандығын байқатты.

Өз ойыма түйгенім:  осындай пәнаралық байланыс әрекеттері оқушылардың материалды игеруіне қосымша мүмкіндіктер береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

1. География сабағында  сарамандық  және өздік жұмыстарын өткізгенде осындай методикалық әдіс оқушылардың сабаққа деген қызығущылын арттырады, үлгерімдері жоғарылайды, шығармашылық қабілеттері, ынталары артады.

2. Пәнаралық байланыс оқушылардың білімін байытады.

3. Жұппен, топпен істегенде де істелінген жұмыстары үшін үлкен жауапкершілікті сезінеді.

4. Жұмыс соңында әрбір оқушы оның еңбегінің басқа сабақта қолданылатын қолданбалы құрал екендігін сезініп, сапасына көп мән береді.

 

Осындай әдісті қолданудың нәтижесі:

* географиялық ойды кеңітеді;

* сенсомоториканы дамытады;

* зейінді дамытады;

* танымдылықты дамытады;

* эмоцияны дамытады;

* табандылық, шыдамдылық,бастағанды аяғына дейін жеткізу қасиеттерін дамытады;

* бақылау қабілетін, өз ісіне баға берді дамытады;

* өз ісін жоспарлауға, бірізді орындауды дамытады;

* теориялық білімін практикада қолдану қабілетін дамытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

1. Соколов Д. Сказка и сказкотерапия. М.:Класс, 1997.

2. Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. Киев, 1988.

3. Лейтес Н.С. Умственные способности и возраст. – М., 1971.

4. Я иду на урок географии: Физическая география материков и океанов: Книга для учителя. – М.: Изд-во «Первое сентября», 2000. – 272 с.: илл.

5. Боголюбов Н.С. Лепка на занятиях в школьном кружке. – М., Просвещение, 1979.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Реферат оқушының қажеттілігін қалыптастырудағы мектептің әсері (психалогия)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

 

       Оқушылардың өздіктерімен жұмыс жасау проблемасы барлық ұстаздардың тәжірибесінен өткен. География  сабақтарында картаға байланысты тақырыптардың қарапайым өтілуі оқушы бойында  терең және тұрақты білім қалыптастыра алмайды, себебі әрбір оқушы оны кеңістікте елестете бермейді. Сондықтан  кескін картамен, я басқа тақырыптық карталармен болсын оқушылардың  білімдерін, дағдыларын жаттықтыратын әдістер қолданылуы тиімді.

 

Өкінішке орай жоғарғы сыныптарға барғанда «Сызу» сабағының қысқартылғандығы, АКТ – ның белсене қолданылу қажеттілігі туындағаны өз әсерін тигізеді. Себебі  ол норма. Сондықтан онымен қызықтырып әкету қиындырақ. Бірақ  жағымды жағы да бар – «Физикалық география» курсына  2 сағат берілгені.

 

Осындай қиындықтар туындаған сәтте әрбір ұстаз өз жағынан балаларды еліктіріп әкететін әдісін іздейді. Өз тарапымнан алатын болсам – ол пластилинмен жұмыс істеу.

 

  Пластилинмен жұмыс жасау – балалардың  қызыға жұмыс істеу әрекеті. Олар саусақ икемдік машықтарын қолдана отырып, кез келген бейненің формасын, түстерін келтіру, сәйкестендіру, ойлау, сөйлеу  қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар бұндай жұмыс олардың  бақылау, фантазиялық кеңістіктерін дамытады.  Кезінде А.С.Макаренко: «Адамның тіршілік әрекетіне ең жақын, қажетті  саз, ағаш, қағаз және т.б. материалдар, себебі олардан біз өзімізге қажетті құндылығымыз бен мәдениетімізді жасаймыз... оларда  шексіз шығармашылық фантазиялар жатыр», - деп жазған [1, 7 б].

 

    Пластилинмен жұмыс жасағанда бала тек қана бір объктіні қарастырмайды, сонымен қатар сезінеді. Жұмыс барысында не ғұрлым сезім мүшелері  белсенді қызмет атқарса, кез келген ақпаратты бейнелей отырып қабылдауы белсендірек болады. Нәтижесінде әрбір оқушы өзіндік көзқарасын, ойын, ұстанымын көрсете алады.

 

Пластилинмен жұмыс істеу оңтайырақ та, себебі ол қатпайды, нысана нәтижелі шықпай қалса, қайта бұзып, жасауға болады.

 

     Менің  осылай оқушылармен жұмыс жасауымның мақсаты – география сабақтарында оқушылардың  белсенділік, танымдық, шығармашылық  қабілеттерін арттыру болды. Міндеттер:

 

.  практикалық және өздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың білім сапасын арттыру;

 

.практикалық және өздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың шығармашылықтарын дамыту;

 

. орта буындағы оқушыларда «География» пәніне деген қызығушылықты дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 752 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2015 1113
    • DOCX 73.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хапыш Холомхас Дурбетбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хапыш Холомхас Дурбетбаевна
    Хапыш Холомхас Дурбетбаевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13317
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Дистанционное обучение иностранным языкам как современный формат преподавания

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 263 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (английский язык)

Учитель английского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков: английский, немецкий, французский

Учитель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек