Рефлексифті эссе (деңгейлік курста жазғаным)

Предпросмотр материала:

Сұхбат сұрақтары мен жауаптары бойынша рефлексивті эссе

 

Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет

 

Ұстаз. Ұлағатты сөз. Мен үшін «ұстаз» деген сөз қасиетті, қадірлі болғандықтан, осы мамандықтың иесі болуды қаладым. Бірақ, ол тарихтағы ең ұлы істің бірі екенін білмедім. Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен, күрделі де қызықты екен. Ол өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер ететінін кейін түсіндім. Сөйтіп басқаларды үйрете жүріп, өзімнің де үйреніп келе жатқаныма он жеті жыл болып қалды. Мұғалімдік қызметімді ауыл мектебінен бастадым. Қазіргі кезде Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейінде орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп жүрмін. Аталған оқу орнындағы жұмыс өтіліме сегізінші жыл. Мектеп-лицейдегі менің жұмысым белгілі бір сыныптарға ғана негізделген.

Кәсіби құндылықтарымның бастысы – мектеп ережесі мен нормаларын сақтау, оқушыларға деген сүйіспеншілігім. Сондай-ақ, білім берудегі әдіс-тәсілдерімді тиімді пайдалану, алдыма қойған мақсатыма жетуді басты маңыздылық деп есептеймін. Сабақ беруден басқа жас мұғалімдерге тәлімгер ретінде көмектесемін. Іс қағаздарды мемлекеттік тілде  жүргізуге өз үлесімді қосып жүрмін. Оқушылардың білімін сырттай бағалауда жақсы көрсеткіштерге жету үшін бар күш-жігерімді салып жүрмін. Ұлы ұстазымыз Ахмет Байтұрсынов: «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп айтқандай, жай ғана мұғалім емес, білікті де, білімді ұстаз болуға еңбек етудемін. Мысалы: әр оқушының құндылықтарын ескере отырып, жеке жұмыс жүргізу, тілге деген қызығушылықтарын ояту үшін әр түрлі іс-шаралар жүргізу, оқушылардың ата-аналарымен жүйелі түрде байланыс жасау, т.б. Неліктен? Не береді? Болжап едім, олай шықпады. Неге шықпады? Деген сөздерді қосу керек.

Біздің мектеп-лицейінің даму басымдықтарына мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, оқушыларға этнотолеранттық  тәрбие беру, жаңа технологияларды қолдана отырып мектептің білім деңгейін көтеру кіреді. Осы басымдықтарды алға жылжыту үшін жоғарыда аталған жұмыстар мен қоса ұлтаралық қарым-қатынасты жақсарта отырып, өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретуге көмектесу, ол – менің парызым, борышым.

Сабақ беру барысында жаңа технологиялардың пайдалану әдістерін одан әрі дамытуым қажет.  Ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын болады демекші, талпыныс жасау, үйрену – басты қағидам. Ол үшін өз әріптестерім мен тәжірибелі ұстаздардан кеңес алып, олардың пікірлеріне көп көңіл бөлуді өзіме міндеттеймін. Жалпы, жеке адам тұрғыда немесе мұғалім ретінде адамдармен жылы қарым-қатынас жасауға үйрену, коммуникативтік дағдыны қалыптастыру керек.

Мұғалім өзі ақыл, үлкен ұстамдылық, мейірімділік, адамгершілік көзқарас сияқты құндылықтарды меңгерсе және еңбектен қуаныш таба білетін қабілеті болса ғана өз иесінің маманы бола алады.

Краткое описание материала

Рефлексифті эссе (деңгейлік курста жазғаным)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Тургаева Боранкуль Аскаровна

қазақ тілі мен әдебиеті

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 33598
  • Подписчики: 5
  • Всего материалов: 16
  • 33598
    просмотров
  • 16
    материалов
  • 5
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Тургаева Боранкуль Аскаровна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~240

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: