Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Рефлексивный отчет на тему "Қалай оқу керектігін үйрену"

Рефлексивный отчет на тему "Қалай оқу керектігін үйрену"

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

ХХ ғасырда әлем елдерінде болып жатқан экономикалық өзгерістер қарқынды әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажетілігіне әкелді. Білім беру саласындағы өзгеріс негізі оқушылар үшін білім мен дағдылардың теңдей дәрежеде екендігі, бағдарлама ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, білімдерін өмірде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Мектептеі коучинг сабағымды «Қалай оқу керектігін үйрену» тақырыбында өткіздім.

«Қалай оқу керектігін үйрену» тарауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. МАН,68-бет. Оқыту мен оқудың осы аспектісіне көңіл аударған себебім, бұл модуль өзімнің де мектебімнің де мәнмәтінінде маңызды орын алады. Әріптестерім бұл модульдің жекелеген стратегияларын меңгергенімен, сабақта оқушылардың метатануының мониторингі мен талдауын жетілдіру жағы жеткіліксіздеу екені белгілі болатын.

Коучингке 10 әріптесім қатысты

Коучингтің мақсаты: Оқу үдерісінің тиімділігін айқындап, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерту. Бұл сабақтан күтілетін нәтиже: Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін анықтайтын факторлар жайлы түсінеді. Оқу пирамидасы бойынша оқушылардың алған ақпараттың сақтау пайызын анықтайды.

Коучинг сабағымды мұғалімдерді психологиялық ахуал қалыптастыру және ынтымақтастық орнату үшін қасындағы мұғалімнің бойындағы кемшілігін комплимент түрінде жеткізуді ұсындым. Мұғалімдер бір-біріне қайталанбайтын қасиеттерін керемет айтып, көңіл-күйлері көтерілді. «Болжау стратегиясы» бойынша топқа бөлдім. Кіріспе ретінде «миға шабуыл» әдісін пайдаланып мұғалімдерге «Бұл қандай мұғалім?» бейнежазбаны көрсеттім. Сол бойынша өз ойларын айтуын сұрадым. Мұғалімдер : «Бейнежазбада көргеніміздей өмірде өз мүмкіншіліктерін пайдалана алмайтын әріптестеріміз әліде ортамызда бар екенін айта келіп, ұстаздар мектептің жүрегі екенін естен шығармауымыз керек екенін айтты. 45 жыл ұстаздық етсек те 45 минутқа дайын болуымыз керек деп өз ойларын қорытындылады.

C:\Users\Улдамет\Desktop\Коучинг\қантар,ақпан\коучинг жоспар қаңтар\20150126_124153.jpgC:\Users\Улдамет\Desktop\Коучинг\қантар,ақпан\коучинг жоспар қаңтар\20150126_124143.jpg

Негізгі бөлімді «Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін анықтайтын негізгі факторлар жайлы меңгерту» презентациядан бастадым. Көріп болған соң мұғалімдерден қандай ой түйгендерін сұрадым. Слайдтар көрсету арқылы теориялық мағлұмат беріп, ашық, жоғарғы дәрежелі сұрақтар арқылы қалай оқу керектігін түсіндірдім. Сонымен бірге мұғалімдердің осы жайында білетіндерімен, тәжірибеде қолданған стратегиялары туралы ойларымен бөлісіп отыруларын сұрадым. Кері байланыс орнату арқылы өз білгендерімді әріптестерімнің білімдерімен толықтыру арқылы негізгі бөлімді мазмұнды етіп өткізуге қол жеткіздім.

Келесі кезеңде «Детальдарды қосу» әдісі бойынша оқу пирамидасымен жұмысты орындаттым. Бұндай тапсырмалар беру арқылы оқушылардың көру, ойлау қабілеттері дамитынын айтып өттім.

Келесі кезекте мен мұғалімдерге «Топтық тергеу» әдісі бойынша «Жетпіс бес қабат» әңгімесі бойынша жұмыс жүргіздім. 1-топ: «Баяндау» кейіпкерлерге мінездеме берсе, 2-топ: «Сұрақтар» дайындады. Оқиғаны өмірмен байланыстыра отырып, суреттеп берді. Сабақта осылай сатылай тапсырмаларды жоспарлайтын болсақ, оқушылардың ойлау және танымдық қасиеттері дамитынын, пәнге деген қызушылығы артатынын түсіндірдім. Негізі бұл тәсілдердің тиімділігі, оқушылардың зерттеушілік және ойлау қабілеттерін дамыту, маңызды ақпаратқа назар аударуға дағдыландыру. Екі топ бір-бірін «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалады.

Келесі коучингтің тақырыбын «Топтық жұмыс-тиімді оқытудың кепілі» деп алдым. Коучингтің мақсаты: Оқу үдерісінің әрбір кезеңінде оқушының өзара оқыту деңгейін арттыруда, оқыту сапасын жақсарту мақсатында топтық жұмыс жүргізудің маңыздылығын ұғындыру.

Күтілетін нәтиже: Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін топтық жұмысты ұйымдастыра біледі. Мұғалімдер оқытудағы топтық жұмыс түрлерімен танысады, оқытудың сапасын арттыру мақсатында өз іс-тәжірибелерінде қолданады. Әріптестерімді геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлдім. Таңдаған фигураларына байланысты әрбір адамның мінезін сипаттап бердім. Топ мүшелерімен бірлесе отырып, топ ережесін құрып алдық. Сергіту сәті «Нұрға бөлену» әдемі әуенмен бірге эссе тыңдады. Осыдан кейін «Миға шабуыл» ретінде бейнежазба көрсеттім. Мұнда нені байқадыңыздар? деп әріптестерімнің пікірін тыңдай келе өткелі отырған коучингіміздің тақырыбын ашып алдым.

Негізгі бөлімде тақырыпты ашатын мәнмәтін бердім. 1-топ:Тиімді оқыту туралы. 2-топ:Ынтымақтастық оқыту. 3-топ: Табысты оқыту мен табысты мұғалім туралы тапсырмалар бердім. Топпен талқылап , постер қорғады. Осыдан кейін «Галерея» әдісін берудегі себебім, суреттерге қарап, топпен бірлесе отырып, эссе жаздырту болатын.Бес саусақ суретіне қарап,2-топ мүшелері былай деп эссе жазыпты.« Адам-ұлы тұлға. Қандайда бір әрекет жасау үшін қолдың әрекетінсіз ешнәрсе жасай алмайды. Ана аялы алақанымен ,яғни бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен Әлемді тербетеді. Бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарады демекші қолдың суретінен шаңырақтың бейнесін көруге болады.Жас ерекшелігіне, ұлтына қарамай бәріміз елімізде бір мүдде,бір болашақ,бір мақсатты қолдаймыз» деп өз ойларын жеткізді. Әріптестер алдымен жеке-жеке пікірлерін жазып, сосын топпен талқылап ортақ пікірге келгендері мені қуантты .Келесі тапсырманы «Домино» әдісі арқылы орындаттым. Мұғалімнің үш көмекшісін табысты мұғалімге тән белгілер арқылы сәйкестендірді. БАС-Кәсіби түсінік, ҚОЛ-Оқытудың тәжірибелік дағдылары, ЖҮРЕК-Кәсіби-адамгершілік тұтастық деп сәйкестендірді. Рефлексия кезінде «Сіз топқа қалай бөлер едіңіз?» деп ой тастағанымда өз ойларын ортаға салды. Коучинг соңында «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы кері байланыс алдым.

C:\Users\Улдамет\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMAG0703.jpgF:\Ұлдамет апай коучинг 18.03.2015ж\DSC03021.JPG

«Аяқталмаған сөйлем» арқылы кері байланысты Зәуре апай былай жазыпты:

Мен ...топтық жұмыстың тиімділігін....... білдім.

Мен үшін топта жұмыс жасау ........ қызық болды.

Мен үшін ....эссе жазу...... қиын болды.

Мен .«.Галерея»,«..Домино»,«Басбармақ».......... тапсырмалар орындадым.

Мені Апайдың ұстамдылығы мен сабырлылығы........... таң қалдырды.

Осы өткен коучинг сабағымды аймақтық оқу-әдістемелік семинарға ұсынды. «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру бойынша кәсіби қоіамдастықта тәжірибе алмасу» тақырыбындағы семинарда тәлім алушым «Тіс құрылысы» атты ашық сабақ берді.Сабағында «Миға шабуыл»,«Домино»,«Галерея» әдістерін тиімді пайдалана білді. Ашық сабағы жоғары деңгейде өтілгені үшін тамыз кеңесіне ұсынылды.

Наурыз айының 31-жұлдызында мектепаралық А.Ташенов атындағы ЖОМ тәжірибе алмасу мақсатында «Оқытудағы жаңа-әдіс тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында коучинг сабақ өттім.

Коучингтің сәтті шыққан жақтарына тоқталсам «Үш зат» әдісі кезінде мұғалімдер өз ойларын ортаға салды.Үтік,экран,феньді көргенде алғашқыда тосылып қалды.А.есімді әріптесіміз «білім көрсеткішін көрсету үшін,тігісін үтіктеп,білім сапасын көтеріп мектебіміздің көрсеткішін көрсете аламыз» деп ұшқыр ойлы екенін көрсете білді.

Сәтсіз шыққан сәті «Радио» әдісінде 3 мұғалім, 1 дикторды ортаға шығару қиынға соқты.Себебі қандай сұрақ қояды, тосылып қалсам ыңғайсыз болады деген пікір басымдау болды. Кейіннен сұрақтар мектеп аясында болғандықтан пікірлерін ортаға салды.Сабақтың соңында кері байланысты «Плюс, минус, қызық» парағы бойынша алдым.

Сәуір айында «Lesson study әдісінің тиімділігі» тақырыбында коучинг өттім.

Мақсаты:Қатысушыларға Lesson study-дің пайда болуы, таралу аймағы,тәжірибені жақсарту мен жетілдірудегі маңызы туралы тиянақты түсінік беру.Бұл әдістің тиімділігін түсіндіріп,қолданысқа енгізуге алғашқы қадам жасау.

Күтілетін нәтиже:Қатысушы мүғалімдер Lesson study-дің шығу көзі,оның таралу аймағы,мақсаты,өткізу ерекшелігі,тәжірибені жақсарту мен жетілдірудегі маңызы туралы ақпарат алады.

Коучингтің сәтті шыққан сәті топпен жұмыс жасғандары еді.«Кешкі көйлек үлгісін жасау» ұсынылған болатын.Екі топ бір-бірінің жұмыстарын бағалай отырып,оны жетілдіріп,қайта кешкі көйлек үлгісін жоғары деңгейде жасап шықты.Мұғалімдердің бірлесіп топпен жасаған жұмыстары маған ұнады.Осыдан кейін қазақ тілі пән мұғалімі П.А апайымыз 7«Ә» сыныбына зерттеу сабағын өткізу туралы ұсыныс айтты.Осы ұсынысты ескере отырып,нысанаға үш оқушыны алу керектігін айта келіп,сабақты келесі айда бастайтынын айтты. Сәуір айының 28-ші жұлдызында «Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгеріс» тақырыбындағы мектепішілік семинарда тәлім алушым А.Г сабақ өтті. Биология пәні бойынша «Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы» тақырыбында өткен сабағы жоғары деңгейде өтілді.

Оқу процесіне келер болсам, осы оқу жылында оқушылардың білім сапасын 6 пайызға көтердім.

осф

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров201
Номер материала ДВ-344459
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх