Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Рефлексивный отчет о проведенных уроков по английскому языку
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Рефлексивный отчет о проведенных уроков по английскому языку

библиотека
материалов

Сабақтар тізбегінің әр сабағы бойынша рефлективті есеп

(07.12.15.)

Орта мерзімді жоспарды құрғаннан кейін, сабаққа қажетті материалдарды жинағаннан кейін жоспар бойынша сабақ беруге кірістім. Сәуірдің он бесінде жоспарланған бірінші сабағым «Орталық Азияда болдың ба?» деп аталады. Сабақты әдеттегідей амандасудан, оқушылардың бір-біріне жақсы тілек тілеуден, оқушылардың назарын сабаққа аударудан және топтасып сабақ өткізетінімді айтып, топта жұмыс жасаудың бұрын айтылмаған (курста үйренген) ережесімен таныстырудан бастадым.

Сабағымның мақсаты: Оқушылардың білімдерін арттыру, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Топта жұмыс істету арқылы өзін еркін ұстауға, ойын ашық айта алуға, достық қарым-қатынастарын нығайтуға баулу. Сөздік қорларын молайту. Белгілі бір тақырып жайлы айту, мазмұндай білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабағымды ойсергектен бастадым. Ойсергекттің мақсаты оқушылардың арасындағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар шеңберге тұрды, содан соң оқушылар бір-бірінің қолдарынан ұстап, сағат бағыты бойынша бір-біріне жақсы тілектер айтты. Олар ағылшын тілінде «I want to wish you health, happiness and success», «I wish you to have a good mark today» деген жақсы тілектерді айтты.

Топқа бөлуді мен тақырыпқа байланыстырып 4 мемлекеттің туларын бірнеше қиындыларға бөліп, сол қиындыларды оқушылар парта үстінен алды да сол қиындыларды құрастырды. Кімге қандай елдің қиындысы келді, сол оқушы сол топқа топтасты. Топта жұмыс істеу ережесін тақтаға оқушылардың өздерінен сұрай отырып, ортақ ереже жазып шықтық, соңында дауысқа салып, қабылдадық. Кейін толықтырулар енгізуге болады деп шештік.

Бірінші тапсырмаға байланысты 1-жаттығуды бердім. Осы тапсырмада мен СТО модулін қолдандым. Өлеңді оқу және аудару. Оқушылар тақпақты өздігінен оқыды, аударды. Содан кейін карточка мен жұмыс орындады. Әр топқа әртүрлі тапсырма берілді. Қарамен белгіленген сөздің орына мағынасына сай келетін сөздер қойды. Әр топ мүшесіне карточка таратылады, әр оқушы тапсырманы жеке орындады. Меруерт, Айғаным, Лаура деген оқушылар белсенді қатысып тапсырманы бірінші болып аяқтады. Қалған оқушылар болғаннан кейін, мен олардың жауаптарын тексеру үшін әр оқушының жауабын оқытқыздым.

Екінші тапсырма да оқушыларға постер берілді. Постер 3 бөлімнен тұрады. Оқушылар постердің бірінші бөлімін толтырды. Постер БББ стратегисы бойынша құрылған. Оқушылар постерді толтырды, (оқыту үшін бағалау – 3 модуль) қолдандым.

Үшінші тапсырма мәтінмен жұмыс болды «ДЖИКСО» стратегиясы бойынша. Оқушыларға 4 мемлекет туралы қызықты материалдарды А3 форматты қағазда үлестірдім. Алдымен, жеке-жеке оқуға (жеке жұмыс түрі) 2 минут уақыт бердім. Жеке оқып болған соң, мәтін мазмұны бойынша жұпта (жұпта жұмыс) әрқайсысы 2 минуттан бір-біріне әңгімелейді. Жұпта әңгімелеп болған соң, топтық талқылауға (топтық жұмыс) 6 минут уақыт бердім. Топтық жұмыс біткен соң, оқушылар алдын ала берілген бағалау критерийлері мен дескрипторлары бойынша бір-бірін ауызша бағалады.

Сабақ бойынша рефлексия. Сабағым жаңа оқу курсынан келгеннен кейін бұрынғы сабақтан өзгешелеу болды. Себебі жеке, жұпта, топта сатылай жұмыс жасап бұрын көрмегенбіз. Екіншіден, бір-бірімізді бұрын тек критерийлерсіз ауызша бағаласақ, бұл сабақта арнайы ұпайлары бар критерийлер мен бағалау парақтарымен бағаладық. Бұл сабағымның сәттірек шыққан екі жұмысы деп есептеймін. Десе де сабағым кемшіліксіз болған жоқ. Топқа бөлгенде де, жұпта, топта жұмыс жасағанда да таймменеджмент сақтау қиын болды. Оқушылардың топта ауызша әңгімелеуі де қиындық тудырды. Оқушылар ашылып сөйлей алмады, ойларын еркін жеткізе алмады. Оқушылар арасында постермен жұмыс жасаған кезде де ортақ мәмілеге келе алмай, кедергілер туындады. Ал бағалау кезінде де бір-бірін бағалаған кезде іштей келіспеушіліктер болды. Себебі дескрипторларымның шикі жақтары барын байқадым. Оны әлі де толықтыру, қайта қарау керектігін түсіндім.

Енді осы қиындықтарды жеңудің жолдарына тоқталайын.

  • критерийлер мен дескрипторларды қайта қарау керек;

  • топқа бөлу жұмыстарын түрлендіріп, жиі жасап тұру қажет;

  • топта жұмыс істеуге көбірек жұмылдыруым керек;

  • Топ, ұжым алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру үшін «авторлық орындық» тәсілін өткізуім керек;





Сабақтар тізбегінің әр сабағы бойынша рефлективті есеп

2-сабақ бойынша рефлективті есеп (09.12.15.)

«Орталық Азияның мәдениеті» атты екінші сабағымды 17 сәуірде өткіздім, сабақты амандасудан және мұғалім мен оқушының арасындағы диалогтан бастадым. Сынып сөздер бойынша үш топқа бөлінді. Үш топқа бөлінген сөздері бар карточка таратып бердім. 1) Food 2) Drinks 3) Clothes (көшбасшылық – 7 модуль) Сабағым Орталық Азияның мәдениеті туралы өтті. Бұл сабаққа мен мынандай мақсаттарды қойдым: оқушылар Орталық Азия мемелекеттерінің ұлттық тағамдары, киімдері, көрнекі жерлері жайлы мәлімет алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды, өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді. Коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі. Бойларында патриоттық сезім қалыптасады.

Оқушылар интерактивтік тақтадағы жаңа сөздермен жұмыс жасады. Сөздерді сөздікке жазып, дауыстап оқыды. Бірінші сабақта жасаған ортақ топтық жұмыстың ережесін А2 плакатына жазып, іліп қойдым. Толықтырылған бағалау критерийлері мен дескриптерлерін ұсындым. Бұл бағалаудың өзгешелігі әр топтан бір оқушы баға береді. Мысалы, 1-топ – 2-топқа, 2-топ – 3-топқа, 3-топ – 1-топқа сабақ соңында баға қояды. (оқыту үшін бағалау – 3 модуль) 1-тапсырма: мәтінге байланысты аудио мәтін тыңдаттым. Оқушылар қайта тыңдауға өтініш берген соң тағы тыңдадық. Оқушылар не түсінгенін дәптерлеріне жазды. (тыңдау, жазу дағдылары қалыптасады) Соңында не түсінгендерін дәптерлерінің көмегімен мазмұндап әр топтан үш оқушы айтып берді.

D:\17.04.13\фото\SAM_3482.JPGD:\17.04.13\фото\SAM_3480.JPG









Тапсырмадан соң сергіту сәтін өткіздім. Оқушылардың көңіл-күйін көтеріп және сабаққа деген қызығушылығын арттыруға тырыстым.

2-тапсырмада әр топқа өздеріне тиесілі елдер бойынша топта жұмыс істеу тапсырылды. Негізгі мақсат плакатқа сол елдің мәдениеті мен салт-дәстүрін жарнамалау. 1-топ: Қазақстан, 2-топ: Өзбекстан, 3-топ: Қытай мемлекеті. 1-ші тапсырмадағы мәтінді де пайдалануға болатындығы ескертілді. Осы кезде ғаламтор пайдалануға рұқсат етілді. Оқушылар ғаламторды еркін пайдалана алатынын көрсетті. Керекті ақпараттарды алып, жинақтап, плакатқа түсіру жұмысы жүрілді. Әр топтан 3 спикер шығып сөйлейді. Сөйлейтін оқушылар топта анықталып, әр топ мүшелері олардың не айту керектігін ақылдаса бастады. Топтық жұмыс аяқталған соң, оқушылар тақта алдында өз жобаларын қорғады. Қорғау аяқталған соң, топтар арасында бағалау процессі болды.

Өткізген сабағымды қорытатын болсам, алғашқы сабағыммен салыстырғанда алға басушылық байқадым. Оқушыларым өткен сабақтағыдай емес, топта жұмыс жасауға бейімделе бастағаны байқалады. Себебі, әр топтан жобаны қорғауға шығатын 3 спикер кезінде сол балалардың сөз саптауына, ойларын жеткізуіне топ болып жұмылып көмектесті. Оқушылар ғаламтордан ақпарат жинауы, оны қағазға түсіріп, суреттерге айналдыруы қуантты. Әрі ортақ шешімге тез келіп отырды. Бағалау кезінде де өткендегідей келіспеушіліктер көп болған жоқ. Топ болып бағалағаннан бір оқушының екінші бір топты бағалағаны тиімді деп шештім. Оқушылар түсіністікпен қарады. Мен бағалау соңында өз көзқарасымды айтып, коментарий жасадым.

Сабағымның сәтсіз жерлері: Бағалау критерийлерін әлі де толықтыру керек. Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі мұғаліммен тәжірибе алмасуым керек деп шештім. Оқушыларымның әлі де сөздік қорларын көбейту жұмыстарын жүргізу керектігін түсіндім. Себебі ауызша қорғау кезінде тілдік байлықтары мен қорлары жетіспей, тұрып қалатыны жиі байқалды. Яғни, аудио мәтінмен жұмыс, сөздер жаттау, ағылшынша ән жаттау жұмыстарын жүргізуім керек.

Сәтті жерлері: оқушылар топтық жұмысты жақсы орындады, өйткені олар топ ережесін сақтап, бір-біріне көмектесіп, бір-бірлерін тындып, тапсырмалар орындау барысында өздерінің идеялары мен бөлісіп отырды. Келесі сабағымды жақсырақ өткізу үшін критериге көбірек көңіл бөлем, ауызша тапсырмаларды көбірек беруге тырысам. Сөздерді, тақпақты көбірек беріп, жаттауға талап етемін.



Сабақтар тізбегінің әр сабағы бойынша рефлективті есеп

3-сабақ бойынша рефлективті есеп (14.12.15.)

Үшінші сабағым «Lakes, rivers and mountains in Central Asia?» сәуірдің жиырма екісінде өткіздім. Бұл сабақты да ағылшын тілінде амандасудан және оқушы мен мұғалім арасындағы диалогтан бастадым. Диалогты мен кезекші оқушыдан бастадым. Who is on duty today? What was your home task for today? Who is absent today? What date is it today? деген сұрақтар қойдым. Тамирис деген оқушы тұрып: I am on duty today. The home task was Ex:10, p147. All are present today. The 22nd of Аpril деп сұрақтарға жауап берді. Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде: «диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын» атап көрсетті. (Нұсқаулық, 39-бет). Келесіде мен сыныпты үш топқа бөлдім. Топқа бөлуді үш түрлі конфеттерді үлестірумен жүзеге асырдым, яғни конфет саны оқушы санымен бірдей. Оқушыларға конфетті шашу ретінде шаштым. Олар тез талап алды. Олар оның топқа бөлу үшін істегенімді білген жоқ. Сосын конфеттерінің сыртқы орамасының түсіне қарай 3 топқа бөлінді.

Бірінші тапсырманы ой шақыру үшін экологиялық тақырыпқа байланысты сюжетті тамашалаумен бастадым. Оқушылар бүгінгі тақырыбымыздың Орталық азиядағы табиғатқа: өзен, көл, тауға қатысты екенін аңғарды. Сюжетті тамашалап болған соң, әр топтан мен лақтырған допты қағып алған екі оқушыдан әңгімелеп берді. Сюжетте кездескен тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді арнайы кестеге толтырып, аударма жасады. Көбіне өзен, көл, тауларды бейнелейтін сын есімдерді жазды. Мысалға алсақ оқушылар өзендерді, көлдерді бейнелегенде long, deep, wide, beautiful, clean, large деген ағылшын тіліндегі сын есімдерді қолданды. Осы жаңадан үйренген сын есімдерін сынып ішіндегі заттарға қолданып көрді. Мұнда да доп лақтыру арқылы бірнеше оқушы мысалдар келтіріп сөйледі.

Екінші тапсырма оқушыларға деңгейлік тапсырма берілді. Тақтада сұрақтардың екі түрі тұрады. Жеңіл сұрақтар және күрделі сұрақтар. Оқушылар сұрақтардың ішінен өзінің деңгейлеріне байланысты сұрақтарды таңдады және оған жауап береді. Жеңіл сұрақтар «иә, жоқ» деген жауапты талап етті, ал күрделі сұрақтар сыни тұрғыдан ойландыратындай құрылған. Бұл тапсырмада мен оқушылардың деңгейлерін байқадым. Өйткені деңгейі төмен оқушылар жеңіл сұрақтарды таңдады.Әйтсе де орта деңгейлі оқушылар да топтың көмегімен күрделі сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Үшінші тапсырма миға шабуыл болды. (Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер - 1 модуль).

Оқушыларға көл, өзен, таулар туралы мәтін берілді. Олар топтың ішінде алдымен 2 минут жеке, сосын жұпта бір-біріне 2 минуттан әңгімеледі. Сосын топта ойларын плакатқа түсірді. Онда суреттер салып, стикерлерге тақырыпқа сай өз ойларын жазып безендірді. Жобалары дайын болған соң, әр топтан өткен жолғы сабақта шықпаған 3 оқушыдан спикерлер шығып жұмыстарын қорғады. Бұл кезде бағалау парағын мен өзім жүргізіп отырдым. Бірақ жұмыс барысында оқушыларға бағалау критерийлері мен дескрипторларын алдын ала таратқан болатынмын. Оқушыларым тақырыптан, талаптан ауытқымай таймменеджментті сақтай отырып, жобаларын сәтті қорғап шықты.

Сабақ соңында үй тапсырмасын бергеннен кейін кері байланыс жасадым. Кері байланысты оқушыларға түрлі-түсті А5 парақшаларын тараттым. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін соған жазып әрі түрлі бейнелер (қайық, ұшақ, гүл, бас киім) жасап, саған сый ретінде тарту етті. Мен ішінен бірнешеуін алып, даустап оқыдым. Әрі алғысымды да мақтауымды да білдірдім.

Сабағыма талдау жасайтын болсам, расында да сабағымда жаңашылдықтар мен өзгешеліктер болғанын өзім де оқушыларым да байқай бастады. Әсіресе топқа бөлу тәсілім сәтті шықты деп ойлаймын. Осы орайда конфеттердің жақсы рөл атқарғанын көрдім. Екінші, жауап беретін кезде оқушыларға доп лақтырып сұрағаным да қызығушылық туғызды. Оқушыларымның да өткен сабақтардағыдай емес, уақыт үнемдеуі де, топтаса жұмыс жасауы да бір ізге түсіп, жақсара бастағанын да аңғаруға болады. Келесі жолғы сабағымда мәтінге байланысты оқылым тест әзірлеуді ұйғардым. Себебі оқушылар 2-ші тапсырманы орындаған кезде сұрақ-жауаптарға әлі дайын емес екенін аңғардым. Сондықтан, мәтін және тест әзірлеу қажеттігін түсіндім әрі мәтін және тест жұмысы оқушының оқылым дағдыларын қалыптастырып, оқудан алған білімдерінің дәрежесін анықтауға көмектеседі.



Сабақтар тізбегінің әр сабағы бойынша рефлективті есеп

4-сабақ бойынша рефлективті есеп (23.12.15.)


Соңғы сабағымды алдағы тақырыптарды қорытындылау мақсатында өткіздім. Тақырыбым «Орталық Азия мемлекеттерінен өткенді қайталау» деп аталады. Бүгін сабағымды өзгеше бастадым. Себебі сабағым сабақ кестесі бойынша 5-ші сабақ болғандықтан, оқушыларымның шаршағандарын ескеріп, бірден сергіту сәтінен бастадым. Сергіту сәті «Құлақ, мұрын, бас» деп аталады. Ережесі мен ағылшын тілінде оң қолыммен құлағымды бірнеше рет «құлақ, құлақ, құлақ» деп сипап тұрып, «мұрын» деп айтып, бірақ «шашымды» ұстаймын. Оқушылар шатаспай мұрын емес, шашты ұстаулары керек. Солай бірнеше рет қайталадым. Тыңдау, есте сақтау қабілеттері үшін таптырмайтын тәсіл.

Топқа бөлу тәсілім оқушылардың туылған айларына байланысты (көктем, жаз, күз, қыс) болды. Оқушыларды 1-топ: «Жаз», 2-топ: «Қыс», «Күз бен көктем» деген топтарға бөліп, ат қойдық. Топқа бөлген соң, ой шақыру жұмысын жасадым. Ой шақыру тапсырмасы логикалық ойынға құрылды.

Бірінші тапсырма: ойларын жинақтап қорытып алу үшін мәтін арқылы тест дайындадым. Олар Орталық Азия туралы мәтінді оқып, 5 сұрақтан тұратын тест сұрақтарына жауап берді. Мәтін сұрақтары ақпараттық, танымдық білу, түсіну, қолдану, анализ бөлімдері негізінде жасалды. Бес сұрақ – 10 ұпай болып есептелінді. Соңында жауап парақтары жинап алынды.

Екінші тапсырма: Орталық Азияға байланысты аудио мәтін тыңдалып, мәтін мазмұны бойынша 5 сұраққа жауап берді. Аудио–мәтін сұрақтары да білу, түсіну, қолдану деңгейлері бойынша құрылды. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан берілді. Жауаптары жинап алынды.

Үшінші тапсырма: Әр топ бірлесе отырып, тақырыпқа байланысты сөздер қиындысынан сөйлемдер құрастырды. Қай топ көп құрастырса, сол топтың барлық мүшесіне ортақ ұпайға айналдырып 10 ұпайдан берілді. Оқушылар құрастырған сөйлемдерін оқып, қазақшаға аударып берді.

Төртінші тапсырма: Әр топ Орталық Азияның өзі қалаған тақырыбы бойынша шағын эссе жазды. Эссе жазар алдында эссені бағалауға арналған критерийлер мен дескрипторлар ұсынылды. Оқушылар сол критерийлерге қарай отырып жазып шықты. Эссе жұмысы 18 ұпаймен бағаланды. Сонда барлығы 48 ұпай болады. Соңында осы 4 тапсырмадан жинаған ұпайларын қосып, төмендегі шкала бойынша бағаладым. 43-45 ұпай – 5 (бес), 38-42 ұпай – 4 (төрт), 30-37 ұпай жинағандар – 3 (үш) деген баға алды.

Сабақ соңында оқушылар осы 4 тапсырма туралы ойларын, түрлі пікірлерін, тапсырманың жеңіл, күрделі екені туралы ойларын стикерлерге жазып, тақтаға жапсырып кетті.

Енді осы сабақты қорытындылай кетсем, оқушылар бір тарау бойынша тізбектелген 4 тақырып өтті. Сол 4 тақырыптан алған білімдерін тексеру мақсатында осы тапсырмаларды дайындадым. Бұл тапсырмалар оқушылардың айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын тексеруге, әрі қорытынды жасауға арналған. Тапсырмаларым біршама сәтті шықты деп ойлаймын. Себебі осыған ұқсас тапсырмаларды бұған дейінгі сабақтарда орындаған болатынбыз. Сондықтан тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тарапынан түсінбеушілікке байлаынсты сұрақтар болған жоқ. Жалпы жұмыстарымда кедергілер болды. Атап айтсам, мәтін арқылы және аудио мәтінге байланысты тест сұрақтарын дайындағанда қиналдым. Себебі кейбір сұрақтарымның жауаптары бір-біріне ұқсас немесе тақырыптан ауытқып кетіп, бір жүйеге келе алмай, көп уақыт жоғалттым. Келесі бір кедергі келтірген нәрсе, бағалау критерийлерін жасау. Бұған дейінгі сабақтарымда жасап көрген критерийлерім мен дескрипторларымды толықтырып қайта жасап шықтым. Сонда сөздерім тым күрделеніп, кейде оқушылар түсіне ме деген сұрақтар туындап қалып жатты.

Осы кедергілерді жою үшін маған әлі де көп оқу, іздену керектігін түсіндім. Алдағы уақытта қаламыздағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен тығыз байланыс орнатсам ба деген тілегім, ойым бар.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров276
Номер материала ДВ-344981
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх