Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Рефлексивный отчет по коучингу "Сұрақтың түрлері"

Рефлексивный отчет по коучингу "Сұрақтың түрлері"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Аманбаева Айжан Шакировна 2-деңгей Тараз қаласы, №24 гимназия

«Мұғалімге сұрақ қоюға көмектесу» тақырыбындағы коучинг бойынша рефлексивтік есеп

2014 жылы 22 тамызда Тараз қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген тамыздық кеңестің секциялық отырысында «Мұғалімге сұрақ қоюға көмектесу» тақырыбында коучинг өткіздім.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының мазмұны «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай дайындайды?» деген мәселені шешуге бағытталған. Білім беруде қолданатын замануи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық. 4 бет). Расында да, біздің оқушыларымыз әлем деңгейдегі халықаралық түрлі сайыстарда жүлделі орындарға ие бола алмай жүргені, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана алмайтындығында. Сондықтан біздің 7 модуль кіріктірілген сабақтарымыз осы проблеманы шешуде ең бірінші сатысы болып табылады.Екінші сатысы, меніңше, дұрыс ойлану, ойын жеткізе алу, ол үшін еркін қарым - қатынас орнату арқылы дағдыларын қалыптастыру. Бұл ретте екінші және бірінші мәселені шешуде диалогтік оқыту маңызды орын алады.

Выготскийдің оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті.

Ендеше мен алдымен мұғалімдерді ашық сұрақ қоюға, оаған жауап ретінде өз ойларын білдіруге, өз идеяларын дәлелдеуге, ашық сұрақтарды құрастыра білуіне үйрету керек деп есептедім.

Оқытудағы жаңа тәсілдегі сыныптағы диалогтік әңгімені дамытуда «Оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүре отырып, осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды» деп тұжырымдайды Александер (2004) (МАН, 104-бет). Коучингке қатысушы мұғалімдердің арасында диалог орнату арқылы, тапсырмалар орындату арқылы мақсатқа жетуді көздедім. Себебі, диалогтік әңгімеде мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар, оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.

Коучингті сәлемдесуден, сергіту сәтінен бастап, топқа бөлдім. Топқа бөлу кезінде бірқатар кедергілер болды. Атап айтсам, коучингке қатысушы мұғалімдер әр мектептен келген, сонымен қоса тәжірибелі мұғалімдер болғандықтан, топқа бөлінгісі келмей, бір орыннан тұрғысы келмейтіндер де болды. Әрине мен бұған қобалжыған жоқпын, бірақ өздері де оқушылармен жұмыс жасайды, алдарына осындай тәртіпке бағынғысы келмейтін оқушы келсе, қандай әрекет жасар еді деген ойға келдім. Өздерінің тәжірибесінің молдығына сүйенген мұғалімдер мені жас деп есептеп, аздап «менсінбеушіліктерін» де танытқандай болды. Мұғалімдердің өзін-өзі бұлай ұстауы сыныптағы атмосфераның жайсыз болуына өз септігін тигізері сөзсіз.

«Бүгінгі коучингтен сіз не күтесіз?», «Коучингке қандай мақсатпен келдіңіз?» деген сұрақтар қоя отырып, мұғалімдердің пікірін білгім келді. Арасында мұғалімдер: «Үлкен бір жаңашылдық», «Көп нәрсе үйренемін» деп есептеймін дегендер болса, қандай мақсатпен келгеніне «Жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену үшін», «Коучингтің жүргізілу әдістемесімен танысу үшін» деп жауап берді.

Тақырыпқа болжау жасалғаннан соң, коучингтің тақырыбы мен мақсатын айтып өттім. «Мұғалім қандай болу керек? Мұғалім оқушылармен диалогқа түсу үшін қандай сұрақтар дайындауы керек? Сұрақ деңгейі қандай болу керек? Біз сұрақ қоя білеміз бе? Сұрақты дұрыс қоя білу үшін нені меңгеру қажет?» деген сұрақтарға «Мұғалім жаңашыл, креативті, білімді болуы керек», «Мұғалім сұрақтың кез келген түрін қолдана алуы керек», «Сұрақтың деңгейі оқушының білім және ойлау деңгейіне сай болуы керек», «Қазіргі таңда сұрақ қоя алатын да, қоя алмайтын да мұғалімдер де бар», «Мұғалім де, оқушылар да сұрақты дұрыс қоя білуі үшін көп ізденуі керек» деген жауаптар берді.


Сұрақтың түрлері туралы түсіндіріп, таратпа материалды беріп, топ ішінде талқылауды ұсындым. «Сабақ үдерісіндегі сұрақтар қандай болуы керек?» деген тақырыпта ой бөлісті. Флипчартқа сұрақтардың нақты, дәл, түсінікті, ойландыратын болуы керектігі жайлы жазды. Әр топ өздерінің пікірлерін ортаға салды.

Балалар зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын ортада оқу жетіле бермек. Оқушылар бұндай ортада жұмыс істегенде әңгімелеріне қарай олардың ой-пайымдары да айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен одан әрі дамытылуы мүмкін. Соған қарамастан, бұндай әңгіме жүргізу дағдылары оқушыларға жайдан жай келе салмайды, балалар бірлескен әңгіменің мәнін үғынып, қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.

Мұғалімдердің сұрақтың түрлері туралы алған білімдерін бекіту мақсатында «Мақтаншақ қыз» мултьфильмін көріп, мультфильм мазмұны бойынша тапсырма орындауды ұсындым. Мұғалімдер топ ішінде не түсінгенін талқылады, осы сюжет бойынша әр топ бірнеше сұрақ құрады, берілген кесте бойынша жіңішке және жуан сұрақтар құрастырды.

Мұғалімдердің көпшілігі бұл тапсырманы сәтті орындады. Белгіленген конструкцияға сәйкес жуан және жіңішке сұрақтарды құрастыра отырып, мұғалімдер ашық сұрақтардың қандай болуы керектігін меңгерді деп ойлаймын. Бір өкініштісі, біраз топтың мүшелері құрастырған сұрақ үлгілерін өздерімен бірге алып кеткен. Коучинг аяқталған соң маған өткізудің орнына, өзіне қажетті санағандықтан ба, алып кетіпті. Мұнысын әрине мен дұрыс түсіндім. Себебі, коучингтегі алған мәлімет ұмытып қалуы, ал жасаған жұмыс қағаздарын алып кетсе, өзіне бір пайдасы тиер.

Коучингті жоспарлау барысында «Сұрақ қоя білу – мұғалім шеберлігі» тақырыбында шағын эссе жаздыртамын деп ойлағанмын, бірақ уақыттың шектеулі болуына орай, бұл тапсырманы орындауға мүмкіндік болмады. Уақытты қадағалап отыруға белгіленген мұғалім «уақытты ұстанайық, уақыттан асып кетті» деп мазамды ала бергендіктен, бұл тапсырманы алып тастауыма тура келді.

Коучингті қорытындылау мақсатында «Сіздің сабағыңызда сұрақтың қай түрі орын алады? Сіз сабақ сұрағанда сұрақтың қай түрін жиі қолданасыз? Оқушыларыңыз ашық сұрақ құрастыра ала ма?

Сұрақты дұрыс қою тиімділігі туралы не айтасыз? ҰБТ-ға дайындау жағдайында жабық сұрақтарға сүйенуге мәжбүр боламыз. Жабық сұрақтар оқушының ойлау қабілетін дамытпайтын болса, онда ҰБТ-ға біз қалайша дайындағанымыз дұрыс?» деген сұрақтарды қойдым. Әр топтан белсенді қатысушы осы сұрақтарға жауап берді.

21-мектептің мұғалімі: «Менің сабағымда жоғары дәрежелі және төмен дәрежелі сұрақтар да орын алады. Мен сабақ сұрағанымда сұрақтың «БЖКӘ» үлгісін көбірек пайдаланамын. Оқушыларым ашық сұрақтарды өз бетінше құрастыра алмайды. Бірақ жауап беруге тырысады. Егер біз сұрақты дұрыс қоя білсек, оқушыларымыздың білімін арттыра алатын едік. Әрине, ҰБТ-ға дайындық кезінде жабық сұрақтарға жүгінуімізге тура келеді. Бірақ оқушы дұрыс жауапты табу мақсатында ойланып, сараптайды емес пе? Сондықтан да менің ойымша, осындай коучингтер өткізу арқылы мұғалімдерге ой салып, жаңа форматты оқытуға көшетін болсақ, жұмысымыз нәтижелі болады деп ойлаймын», - деп өз ойын білдірді.

Кері байланыс ретінде мұғалімдер «Шығу парағын» толтырды. Бұл рефлексияны талдау кезінде байқағаным, кей мұғалімдер «қатысушы мұғалімдер белсендірек қатысса» деп ұсыныс білдіріпті. Бұдан шығатын қорытынды, мұғалімдер бұрынғы форматтан шыға алмай жүр. Еркіндік стилі оларға жат. Емін-еркін жұмыс істеуге қымсынады. Тапсырма орындау кезінде жасқаншақтық басым болды. Сол себептен осындай коучингтер көбірек ұйымдастырылса, осындай кем-кетіктерді түзетуге мүмкіндік ашылар еді деп ойлаймын.

Жалпы коучинг бойынша айтатын болсам, қойылған мақсатыма жете білдім. Бірақ эссе жазуға уақыт жетіспеді.Келесі жолы коучинг өткізерде уақытты тиімді пайдалануды ойластырамын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей. Екінші басылым. (2012) Астана “Назарбаев зияткерлік мектебі”ДББҰ

2. www.cpm.kz

3. Мұғалімге арналған үлестірмелі материалдар. Екінші деңгей. Екінші басылым. (2012) Астана “Назарбаев зияткерлік мектебі”ДББҰ

4.А.Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері.Алматы-2013.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДA-009588
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>