Инфоурок Другое Другие методич. материалыРефлексивный отчет по пройденному уроку на тему "Біздің мұғалім"

Рефлексивный отчет по пройденному уроку на тему "Біздің мұғалім"

Скачать материал

№24 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Аманбаева Айжан Шакировнаның

2014-2015 оқу жылы 5  «Б» сыныбындағы

«Біздің мұғалім» тақырыбында өткізілген сабақ бойынша

рефлексивті есебі

Жаңа білім бірінші орынға оқушының білімін,білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қойып отыр.Міне,осындай қарқынды өзгеріп жатқан заманда білім беруде қалай оқыту керектігін үйрену мәселесі алдыға шығып отыр.Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.

Екінші деңгей бағдарламасының жеті модулін, негізгі идеяларын басшылыққа алып сабақ үдерісіне өзгеріс енгізсек, біріншіден, баланың білімді өз бетінше қабылдай алуына,екіншіден,нәтижелі,сапалы оқуына,үшіншіден өзін –өзі бағалай алуына, төртіншіден, топпен, ұжыммен жұмыс жасауына, бесіншіден, сандық ақпараттық, коммуникативтік құралдарды пайдалануына, алтыншыдан көшбасшылық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік жасалады деп есептеймін. Міне, осы мақсатқа қол жеткізу үшін әр сабағымды мазмұнды етіп өтуге тырысамын. Қызығушылықты арттырудың бір жолы – топтық жұмыс. Әр сабағымда топқа бөліп отырған себебім: баланың әрдайым бір топта отырмай, басқа балалармен де қарым – қатынасын жетілдіру,олармен ынтымақтастықта жұмыс істеуіне мүмкіндік беру еді. Бұл ойым соңғы сабақтарда жүзеге асты.Алғашқы 1,2 сабақтарда балалар өз тобындағы кей балаларды онша елемей,ұйымдаспай отырған болатын. Ал кейінгі сабақтарда балалар топқа бөлінсе де, бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста болып, бірігіп жұмыс істеді. «Біздің мұғалім» тақырыбында өткізген сабағымда топқа бөлуді оқушылардың өздеріне табыстадым. Оқушылар алдына ала ертең сабақта кім топқа бөлетінін біліп отырды. Қимағаздарға сөздер жазып кеп, сол сөздерге байланысты топқа бөлінді. Жауапкершілікті оқушылардың өздеріне жүктеген кезде оқушылар, біріншіден, өзіне деген сенімді сезсе, екіншіден, қызығушылығы арта түседі.

            Оқушылар үй тапсырмасын айтқан кезде бір-бірін мұқият тыңдайды. Өйткені бағалау кезінде бағалаған оқушыдан не себепті ондай баға қойғанын сұрайтын болдым. Тыңдап отырған оқушы өзінің бағасының түсініктемесін бере алатын дәрежеде болуы керек. Алғашында «айтқан сөздерін шатастырды, сөйлемді толық айтпады» деген сияқты пікірлерін айтатын болса, қазір нақты қай дыбысты дұрыс айтпағанын, қай сөйлемде қате жібергенін айта алатын болды.

            Қазақ тілі сабағында сөздікпен жұмыс жасау міндетті кезең болып саналады, сол себепті сөздікпен жұмыс «Қарлы кесек» әдісі бойынша жүргізілді. Өткен тақырыптағы сөздерді қайталап, сонымен қоса сөздердің түбірі мен жұрнағын, жалғауын ажыратып үйрендік. Оқушылар сөздерге сұрақ қойып, қай сөз табына жататынын да анықтап үйренді. Мұндай әрекеттер 5-сынып оқушысының жас ерекшелігіне тән құбылыс болып саналады.

            Оқушылардың топ ішіндегі әрекеттестігін арттырып, сабаққа деген ынтасын одан әрі арттыру үшін «Миға шабуыл» әдісі қолданылып, әр түрлі сұрақтар қойылды. Балалар жарыса жауап берді, бұл жерде оқушылардың белсенді жауап бергені бағаланса, сондай-ақ дұрыс жауаптар да бағаланды. Өйткені кей балалар, мәселен, Миша, М.Диана, Никита сияқты оқушылар тез жауап беруді мақсат етіп, дұрыс болсын, бұрыс болсын, әйтеуір жауап бере салады. Ал Маргарита, София, Малика, Сұлтан сауатты жауап беруге тырысады. Артур, Кирилл, Даниил, Ибрагим сияқты оқушыларым өзің сұрамасаң, өз бетінше жауап беруге құштарлықтары жоқ. Оқушылардың осындай қабілеттерін ескере отырып, әр сабақта әр түрлі топта жұмыс жасауына басты назар аудардым.

            Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды (МАН,100). «Біздің мұғалім» тақырыбындағы мәтінмен жұмыс кезінде «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі қолданылып, топ ішінде жұмыс жасаған кезде оқушылардың арасында зерттеушілік әңгіме жүргенін байқадым. Оқушылар топтасып, мәтінді бірге оқып, аударды, пікірлесті, бір-бірінің пікіріне қосылмаған сәттер де болды. Топ ішінде өзара мәтіннің мазмұнын айтып берді. Әңгіменің негізінде үлестірме материалды, суреттерді пайдаланып постер жасады. Бұл жолы постер жасау кезінде  Даниил уақытты бірден белгілеп, басқаларына қандай тапсырма орындау керектігін түсіндіріп жатты, ал  Сұлтан әңгіме құрауға кірісіп кетсе, Артур, София, Маргарита, Ибрагимдер постер жасап, оны сәндеп жатыр. Уақыт аяқталды деп белгі берілгенде, оқушылар бірден жұмыс құралдарын жинап, қорғау сәтіне шықты. Жұмысты қорғаған кезде кезек-кезекпен постерлерін қорғады, басқа топ мүшелері тыңдап отырды, соңынан өз критерийлеріне сай бағалады. 1-топ: рәсімделуі, қорғалуы, идеясы, өзін-өзі бағалауы деп критерий құрса, 2-топ: рәсімделуі, сөйлем құрылысы, қорғауы, топ мүшелерінің белсенділігі, қатысуы деп критерийлер құрапты, ал 3-топ: постердің сәнділуі, түстердің үйлесімі, қорғау шеберлігі, сөйлем құрауы деп критерийлерін ұсынды. Үш топтың мүшелері де осы критерийлермен келісіп, қойылған бағалармен де дауласпады.

            Ой толғаныс сатысында «Үздік әңгіме» ойынын өткіздім. Тірек сызба берілді. Сол сызбаны пайдаланып өз мұғалімі туралы әңгіме құрады. Бірінші топтан Руфия өзінің дайындаған үздік әңгімесін оқыды: «Мен №24 гимназияда оқимын. Менің мектебімде көп ұстаздар бар. Менің сүйікті мұғалімім – менің сынып жетекшім. Оның аты-жөні – Айжан Шакировна. Мұғалімімнің мінезі мейірімді, ашық, бойы орташа, көзі мен шашы қара, киімі өзіне жарасымды. Мен сынып жетекшімді құрметтеймін және жақсы көремін». Екінші топтан Катя, үшінші топтан Лиза өзінің дайындаған әңгімесін оқыды. Үздік әңгімелер смайликтер бойынша бағаланды.

            Дарынды және талантты балалардың қабілетін шыңдау үшін әр сабақта қосымша тапсырма дайындаймын. Бүгінгі сабағымдағы грамматикалық тапсырма  осындай тапсырма болып табылады. Оқушылар берілген сөздердің ішінен өзі қалаған сөзді алып, септік жалғауларына қоюды орындаса, мәтіннен етістіктерді тауып, оларды жіктік жалғауында пайдалану сияқты  күрделірек тапсырманы орындау тек дарынды баланың ғана қолынан келетін тапсырма болды. Десек те, әр топтан кем дегенде 2 оқушы күрделі тапсырманы орындауға шамасы жетті. Мысалы, Сұлтан, Малика, Артур, Руфия сияқты оқушылар бұл тапсырманы жақсы орындай алды.

            Сабақты бекіту кезеңінде «Кім жылдам?» ойыны өткізілді. Бұл ойын оқушылардың белсенділігін арттыра түсті. Әр дұрыс жауапқа смайлик беріліп отырды. Сабақ барысында 10 смайлик жинаған бала, «5» бағасын алатын болды. 8 смайлик жинаса – «4», 3-5 смайлик жинаса – «3», 1-2 смайликке – «2» бағасы қойылатынын сабақ басында ескерттім.

            Сабақ соңында оқушылар өздерінің сабақ бойынша алған екі жағымды сәтін, бір ұсынысын стикерлерге жазып, ағашқа ілді. Алуа: «Сабақ барысында топпен жұмыс істеу ұнады. Постер жасау сәті ұнады. Осындай сабақтар үнемі өткізіліп тұрса екен», - деп өз рефлексиясын жазыпты. Миша: «Маған қазақ тілі сабағын оқу күннен- күнге жеңіл болып келеді. Мен өзімді-өзім, достарымды бағалаймын. Қазақ тілін жақсы меңгеру - мақсатым»,- деп жазыпты. Артур: «Менің қазақ тілін оқуға деген ынтам артты. Сабақта топпен жұмыс жасау ұнайды. Грамматикалық тапсырмалар көбірек болса екен»,-деп жазыпты.

  Қорыта келгенде, курстан алған білімімді тәжірибеде қолдану арқылы оқушыларға тек теориялық білім меңгертіп қана қоймай, алған білімдерін өмірде қолдана алуға бағыт-бағдар бере алдым деп ойлаймын. Балалар өз ойларын еркін айтуға, тақырыпқа байланысты пікір айтуға, көзқарастарын жеткізуге дағдыланып қалды. Топпен жұмыс жасауға, бір-бірін тыңдауға, құрметтеуге, көмек қолын созуға үйренді.

 

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша мәтін мазмұнын талқылау сәті

Постер жасап жатыр

Жасаған жұмыстарын қорғау сәті

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рефлексивный отчет по пройденному уроку на тему "Біздің мұғалім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.08.2015 966
    • DOCX 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманбаева Айжан Шакировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аманбаева Айжан Шакировна
    Аманбаева Айжан Шакировна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20476
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе