Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыРефлексивный отчет урока по казахскому языку "Менің дәптерлерім" (2класс)

рефлексивный отчет урока по казахскому языку "Менің дәптерлерім" (2класс)

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ сабакты талдау.doc

 

        Сaбaқтың pефлекcивтік еcебі

     

Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық. Осы бағдарлама аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылатын болады.

 Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жатыр. Аталған тақырып оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай қажеттіліктерін қанағаттан Оқытуға бағытталған сабақ сәтті екенін қалай білуге болады? Сабақтың көп бөлігі көбінесе мұғалімнің ауызша хабарламасы мен тапсырмаларға жұмсалады, ал оларды орындау барысында жетекші рөлді оқушылар емес, мұғалім атқарады. Оқушылардың көбі әрекетсіз отырады немесе тәртіп ережелерін бұзып, сабақтың қалыпты өтуіне кедергі жасайды. Мен айқын және ақталған мақсаттар негізінде сабақты жоспарлауды қалаймын, ал мұғалімдер оқушыларға қызықсыз тапсырмаларды тек олар алдын-ала жоспарланған деп орындатса, шынайы оқыту тоқтатылады. Керемет  сабақтарда әдетте оқушылардың барлығы бүкіл уақыт аралығында белсенді жұмыс істейді. Бұл оқу бағдарламасын «қамтудың» оңтайлы жолы болар еді, бірақ бұл жағдайда, оқушылардың көбі өздеріне ештеңе алмас еді. Әрбір оқушы үдеріске, сондай-ақ оқытуға тартылып отырды.Қай кезде болмасын оқушылардан сабақта не ұнамады деп сұрағанда, олар мұғалімдердің «көп сөйлейтіндігіне» шағымданады. Мұғалімдер, өз кезегінде, өздерінің қажеттіліктен артық сөйлемейтіндіктері жайлы айтады. Мәселе мұғалімдер өздерінің қанша сөйлейтіндігі туралы ойланбайтындығында.

      Күнтізбелік жоспарға сәйкес, оқу-еңбек  аясы бойынша : «Менің дәптерлерім» атты тақырып өткізілді. Сабақтың мақсаты: ауызекі сөйлеу, жазу үлгілерін жетілдіру; салыстыруға, талдауға, сәйкестіруге үйрету; қазақ тілі пәніне қызығушылық арттыру.

       2В сыныбының 1-тобында 13 оқушы оқиды.  Бақылауға алынған оқушыларым: Карина -«5» оқиды. Сабаққа үнемі дайындалып келеді. Тәртібі үлгілі. Софья - «4» пен «5» оқиды. Сабақта көңіл-күйіне байланысты жауап береді. Мінезі- тез  ашуланшақ, сондықтан сыныптағы оқушылар онымен қарым-қатынасқа түсе бермейді. Кирилл-білім деңгейі төмен оқушы. Іс-әрекеті бір қалыпты, мінезі салмақты.

      Сабақта психологиялық ахуал туғызу мақсатында, оқушылар  орыс тілінде оқитын сынып болғандықтан, сабақ барысында балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы көңіл-күйді  өлең жолдарымен тіледі. Басқа тілдік атмосфераға кіру мақсатымен  сабақтың ұйымдастыру кезеңіңде оқушылар бір-біріне тілек айтты, сабақ барысында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырылды.

         Ғылыми зерртеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен  қатар олардың білім деңгейінің  өсуіне үлес қосады деген.

        Білім кезеңінде миға шабуыл жүрді, қойылған мақсат: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, сабақта белсенділік таныта білу. Оқушылар ойдағыдай сурет қиықтарын бірлестіріп, топқа бөлінді. Алғашында отырған сыныптасының қасыннан қайтқысы келмеді. Оқушылардың назарын моноблокқа аудардым. Балаларға сабақ тақырыбын ашу мақсатымен сұрақтар қойдым: - Жинастырылған суреттерде не бейнеленген? Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырып қандай? (суреттерде оқу-құралдары бейнеленген). Бұл жерде АКТ, яғни моноблок - көрнекі –құрал ретінде қолданды: ой қозғау - моноблокта әрбір топтың жинаған суреттері бейнеленді, азық-түлік дүкеніне байланысты суреттер берілген/тапсырма: суреттер бойынша қандай ассоциация туындайды?-сұрағына жауап беру. Мақсат:оқушылардың тыңдау,есте сақтау,ойлау қабілеттерін арттыру. Оқушылар болжамдарын айтты, нәтижесінде өздігінен сабақ тақырыбына шықты, оның мақсаты мен міндеттері белгіледі, қандай сұрақтарға жауап алғысы келетіндері туралы анықтады.

 http://newsprom.ru/i/n/780/171780/tn_171780_124cbdeb2a65.jpg                http://doshkilniatko.net/wp-content/uploads/2012/08/kantselyarskie-prinadlezhnosti.jpg                           http://happyhpeppi.ru/uploads/posts/2013-09/1378972673_kanctovary.jpg

                       Түсіну кезеңінде «Менің дәптерлерім» атты мәтін бойынша тапсырмалар берілді. Оқушыларға көмекке жұмыс алгоритмі берілді. Мақсат: өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету. «Менің дәптерлерім» атты мәтін бойынша,  белгілі сөйлемдерді , оқушылар топ ішінде,  бірлесе отырып, оқып, өздері жаңа сөздерді тауып, аударды. Жигсо әдіс- тәсілі бойынша әрбір топтың оқушысы келесі топқа өз сөйлемдерінің аудармасын, яғни орыс тіліндегі баламасын түсіндіру керек болды.

                           

                                 

           Қайта өз жанұя топтарына оралып, флипчартты шығаруға кірісті. Байқағаным, Саша өз тарапынан қазақша-орысша  сөздігін  алып, керекті сөздердің аудармасын табуға қызу кірісті. Бірақ, басқа топ мүшелерімен бөліскісі келмеді.  Белгіленген уақытта тапсырманы толық орындамай қалған топ мүшелері біраз өкініп қалды. «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» бойынша топтардың жұмыстарын бағалауды ұсындым. Мені таңқалдырған жағдай: оқушылардың бір-бірінің жұмыстарын бағалаудағы көзқарастары сыни тұрғыдан ойлау болғандығы. Катя мен Сашадан әділ,шынайы бағалауды күтпеген едім. Оларды толықтыруға нашар оқитын Кирилл ат салысты. Олар флипчартты бағалаған кезде, басқа  топ мүшелері мұқият тыңдап отырғаны мені тағы да таңқалдырды. Себебі,  осы оқушылардан бұл жерде осындай бағалауды, белсенділікті күтпеген едім.Бұл мені өте қуантты, себебі оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты, қолдану және талдау кезеңінде белсенділік танытты.

                                                                       

         Оқушыларға қолпаштау көрсетуді ұсындым.

     Шыдамсыз Яна, басқаларын тыңдамай,көп жауап беруге тырысты. Оған ескерту жасадым. Сабақта топ ережесі толығымен сақталған жоқ. Оқушыларға әрбір топтың  жауабын тыңдау керегі туралы еске салдым. Байқағаным, сабақ барысында Милена басқа оқушылардың жауаптарын тыңдауда шыдамдылық танытуға тырысқанымен, орнынан айқайлай, сөйлей отырды. Үндемейтін Кирилл бұл кезде белсенділік танытқан жоқ, тек қана бақылаушы болып отырды.  Жақсы оқитын Карина өз тобында керісінше, жақсы жұмыс ұйымдастырып отырды, көшбасшылық атқарып отырды. Бірақ топта ешкімге болысқысы келмей отырды. Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету,оқудағы  жаңа тәсіддер, дарынды және талантты оқушылар модулі іске асырылды.

      Оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатымен сергіту сәті  жүргізілді. Видеодағы кейіпкерлерінің қимылын қайталап, сынып оқушылары жаттығуларды белсене орындады. Сабақта  моноблок көмегімен видео көрсеткенде, оқушыларға жаттығуларды қайталау ыңғайсыз болды, себебі моноблоктың диаметрі кішкентай болды. СТО,ОЖТ модулі  өз ықпалдасуын тапты.  

           Сабақтың жинақтау кезеңінде, өтілген тақырып бойынша,оқушыларға бір топтан бір топқа сұрақтарды қоюды ұсындым. Мақсаты: жаңа сөздерді сөздік қорына қатыстыра отырып, ойлау, есте сақтау дағдысын дамыту.  Сұрақты, мен күткендей, бірінші Саша мен Ангелина айтты. Себебі, олардың бойында дарындылық, шығармашылық қабілет    бар. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттері жақсы дамыған.

         Дарынды және талантты балаларды оқыту - олардың  есте сақтау қабілеттері өте жоғары;олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады. Олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін,бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді;
 олар ақпаратты толықтырып,олардың қайшылықтарын анықтап,мәніне тезірек жетеді; қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойынмен тапсырмаларға ұмтылады; ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттерібар; олар ерте жасынан сөйлей,оқи және жаза бастайды. (Freeman,1998) (Нұсқаулық.73-б.)

       Бағалау кезеңінде балаларға бағалау парағы таратылды. Мақсат: оқу мен оқуда бағалау критерийлеріне шығу.Оқушылар топ ішінде бір-бірін жоғары бағалады, себебі олар бағалау критерийлерін басшылыққа алған жоқ, сабақ соңында стикерлерге  «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» жазылды. Оқушылармен кері байланыс жүргізілді. Сынып оқушылары: «Екі жұлдызға» көбінесе: все классно, рисовать, сидеть в команде деп жазыпты. Ал бақылауға алынған оқушым Дима : «Екі жұлдызға»- да, да,- десе, «бір ұсынысына»: все разговаривали, было шумно ,- деп жазыпты. Шынында сабақ барысы бойы сынып ішінде шу тұрды. Бұл мүмкін сабағымның бір сәтсіздігі ме деп ойланып қалдым. Сабақ аяқталған соң, оқушылардың көбі үзіліс кезінде тағы да сергіту сәтін ұйымдастыруды қалады. Себебі, олар сергіту сәтте АКТ қолданумен бойларын жазды.   

                                   

                  Сабақты талдай отырып келесі кедергілерді анықтадым: кейбір оқушылардың әлсіз қарым-қатынастық мүмкіншілдіктерін, (бір келкі жауаптары, жауабым дұрыс болмайды деп қорқақтауы) Маша мен Костя да байқалады, төмен деңгейде жеке жұмыс жүргізілуі, бағалаудың нақты критерийларының болмауы, кейбір оқушылардың басқа оқушылармен бірлесе жұмыс атқару келмейтіндігін . Сабақта ынтымақтастық атмосферасы қалыптаса бастады. Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыссоңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.

                               

       Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген. Ынтымақтастық оқыту жағдайында білім алушылар түрлі көзқарастағы пікірлерді естіп, өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастыруды және оны қорғай білуді үйренетіндіктен, олардың алдына әлеуметтік, сондай-ақ эмоционалдық тапсырмалар қойылады. Сол арқылы, білім алушылар өздерінің ұғым-түсініктерін қалыптастырып, және де оқулықта ұсынылған түсініктерге немесе сарапшылардың пікірлеріне ғана сенуден бас тартуды үйрене бастайды. Яғни, ынтымақтастық оқыту барысында білім алушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге, өз пікірлерін айтуға және оны қорғауға мүмкіндік алады.Жұппен жұмыс істеу кезінде сыныптастарды бағалау және өзін-өзі бағалау –  бұл балалардың бір-бірінің жұмыстарына немесе өз жұмысына жай баға  қоюдан біршама өзгеше. Оқыту үдерісін жақсарту үшін бұл әрекет  балаларды өз жұмыстарының сапасына қатыстыруы және оны қалай  жақсартуды ұғынуына көмектесуі тиіс. Сыныптастарын бағалау балаларға бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша, олар бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі қолдайды. Бұл оқыту үдерісінің бағалы өлшемін ашады: қарым-қатынас жасау, талқылау, түсіндіру және бір-бірін тартысқа шақыру мүмкіндігі балаларға дербес оқу шегінен шығатын әрекетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сыныптастарын бағалау өзін-өзі бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі, ол балаларға өз прогресі үшін үлкен жауапкершілік алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді.(1762)

Сабақтағы  туындаған мәселелер:

·        Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдері жеткілікті деңгейде дамымаған;

·        Сергіту сәтінде кейбір оқушыларға мен таңдаған бейнеролик ойдағыдай көңілдерінен шықпады;

·        Жаңа әдіс-тәсілдерді сабаққа жоспарлағанда, уақыт тапшылығы болды, кейбір тапсырмалар қызықты болғанымен, тиімсіз болды, уақыт көп кетті;

 

Шешу жолдары:

·        Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін жеткілікті деңгейде дамыту;

·        Оқушыларды АКТ мүмкіншіліктерімен таныстыра отырып, іс жүзінде пайдалануға үйрету;

·        Сергіту сәтін таңдауда оқушылардың өтініштерін ескеру;

·        Компьютердің денсаулыққа келтіретін зиянын ескеру, жұмыс істеу нормаларды сақтау;

·        Жаңа әдіс-тәсілдерді қолданғанда, оның тиімділігін ескеру .

 

Оқушыда не өзгерді?

·        Топпен жұмыс жасау барысында коммуникативті қабілеттері дамыды, ынтымақтастық атмосферасы қалыптаса бастады;

·        Өзін-өзі реттеуге үйрене бастады;

·        Қазақ тілі сабағына қызығушылық артты;

·        Оқушылар сабақта белсене жұмыс істей бастады;

·        Келесі сабақ қалай өтеді деп қызығушылық артты.

 

 

Менде не өзгерді?

·        Нені білуді және нені еске сақтауды шештім ;

 

·        Мен оқушыларға ақпаратты бағалауға, таңдауға, ұйымдастыруға және сақтауға көмектестім;

·        Бақылаушы және бағыттаушы рөлін атқара бастадым

 

Келесі қадам:

·        Оқушыларды тақырып бойынша  сөйлеуге ынталандыру;

·        Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтау;

·        Білімге құштарлықты дамыту және зерттеуге ынталандыру;

·        Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал ету;

·        Оқушылардың бір-біріне үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етуі;

·        Әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек беру, іс-әрекеттерін тереңдету;

·        Оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтау.

 

Қорыта айтқанда, қазақ тілін оқытуда модуль технологиясының тиімділігі- тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін: яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, өзін-өзі өзектендіру, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын  (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуында, жаңа технологияларды қолдану оқу үдерісін жетілдіріп,тиімділігін арттырады және сабақтарды қызықты өткізуге көмектеседі.

 

 

 Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік  мектебі» ДББҰ 2012

3.Бектұрсынова Г.Қ.- Модуль технологиясын қолданудың тиімділігі. «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде» журналы.№3-2010

 

                       

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рефлексивный отчет урока по казахскому языку "Менің дәптерлерім" (2класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Данный рефлексивный (позднелат. reflexio - обращение назад; - междисциплинарное понятие с многовековой историей, обращение внимания субъекта на самого себя и на свое, в частности, на продукты собственной активности, а также какое-либо их переосмысление) отчет (отчет о событии или процессе, который не дается в простой описательной форме, но отвечает на оценочные вопросы, а также вопросы "как" и "почему") составлен по теме "Мой тетради" (Менің дәптерлері) после проведения урока казахского языка в классе с русским языком обучения.

Детальная рефлексия по одному уроку: Критический рефлексивный отчет по обучению ученика и учителя в рамках одного урока серии последовательных уроков. Информация по использованным методам сбора данных по обучению учеников.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2015 2244
    • ZIP 7.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байгабулова Анар Каримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байгабулова Анар Каримовна
    Байгабулова Анар Каримовна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 38160
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель немецкого языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания испанского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания китайского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 107 человек

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе