Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Рефлексивті есеп жеті модуль
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Рефлексивті есеп жеті модуль

библиотека
материалов

1 сабаққа рефлексивті есеп

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру бүгінгі заманның талабы. Бүгінгі күнгі мектебіміздің ең негізгі мақсаты – денсаулығы зор, білімі терең, адамгершілігі бар, туған жері мен тарихының ұлылығын құрметтей білетін жас ұрпақты тәрбиелеу. Бұл орайда адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда оқытылатын пәндердің балалардың таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына яғни, мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан халқына жолдауында болашақ мамандарға сапалы білім беруге, әлемдік білім кеңістігінен мемлекетімізге лайықты орын алуға, білім саласындағы қызметкерге тиісті жағдай жасауға айрықша мән береді, өйткені елімізді көркейтетін де, өркендететін де, әлемге танымал ететін де білікті, білімді жастар екені айтпасада түсінікті. Мұғалімдерді 12 жылдық білім беруге сапалы маман ретінде даярлауға үлкен жауапкершіл Қазіргі таңда жаңа технологияларды игеру әрбір мұғалімге қиын емес. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын кез келген сабақтарда жиі қолдануға болады. Ал, жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізсе, ол оқушының ойлау, есту, көру, ынталану, бақылау, қабылдау, іздену мен танымдық қабілеттерін ашуға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған. Оқыту үрдісінде таңдап алған әдістемелік жұмысымның тақырыбы оқытудың ұжымдық сипаты мен оқушының дербес ерекшеліктерін ұштастыру. Күтілетін нәтиже шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыра алатын тұлға даярлау. Еліміздегі өзгерістер білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан оқушылардың білімінің қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарымен сусындату басты міндеті болып отыр. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстар мынадай мақсатта болуы керек. Біріншіден, оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау. Екіншіден, білімі мен білігіне сай бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу. Үшіншіден, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту. Төртіншіден, саралап ойлау қабілетін дамыту.

Қазіргі мектепте білім беру ісіндегі басты басымдылық – оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөлі берілсе, қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, өздігінен оқуы керек. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу болмақ. Оқушының іс-әрекеттері көптеген мінез-құлық ерешеліктерімен сипатталады, жеке зияткерлі жағынан дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеу жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс жасауы бағаланады.

Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін практикалық дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Мұғалімнің барлық оқушыларға осы дағдыларды үйрету туралы шешім қабылдауы аздық етеді, себебі бұл жолда қолданылатын тәсілдердің көп болуына қарамастан, бұл мәселені шешу оңай емес. Бұған оның сыныпты басқару проблемасымен де байланысты екендігі өз ықпалын тигізіп жатады, сонымен қатар ол мұғалімнің көптеген мәселелер жөнінде қарулануын, әрі сабақ барысында жедел шешім қабылдауға дайын болуын көздейді

Мектептегі тәжірибе кезінде тізбектелген сабағымның біріншісі жаңа тарау Аңдар мен өсімдіктер тақырыбына арналады.Алғашқы сабағым болғандықтан 3 айлық курстың 1-ші айында үйренген теориямызды,практикамен байланыстыру мақсатында сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушыларды санау арқылы екі топқа бөлдім.Мектептегі тәжірибиемді бұрын 5-сыныбынан беріп келе жатқан 7 б сыныбында өткіздім.Онда сынып бөлініп оқитындықтан,сыныпта 20 оқушының жартысы басқа мұғалім,ал 10 оқушы менің тобымда сабақ беретінмін. «Қалай оқу керектігін үйрену» тарауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте

оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау

жүргізу қабілеттерін дамытады. «Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы

мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады (Flavell,

1976). Метатануға танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе танымдық

үдерістерді қарастыру үшін танымдық үдерістерді қолдану, соның ішінде қатесін танып-

білу және ойлауды бақылау деген анықтама беруге болады.(МАН-екінші деңгей)Алғашқы кезде оқушыларды топқа бөлгенімде оқушыларым бірден бөліне қоймады,кейбіреулері досының қасына,кейбіреулері досының қасына ,кейбіреулері жақсы оқитын оқушының жанына отырғысы келетінін білдіріп жатты.Топқа бөліну кезінде бұрынғы дәстүрлі сабақтарда ,әсіресе шынын айту керек ашық сабақтарда оқушылардыжарыстыру мақсатында топқа бөлетінбіз.Осы үрдіс оқушы бойында қалыптасып қалғандықтан оқушыларым топқа бөлу кезінде шамалы түсінбеушілік танытып жатты,яғни "мына оқушы нашар оқиды,мен мұның қасына отырмаймын немесе жарысқанда жеңіліп қаламыз,мен жақсы оқитын оқушының жанына отырайыншы" деген ұсыныстар оқушы тарапынан түсіп жатты. қарауда. Мен оқушыларыма сабақ барысында оқытудың түрін өзгерту,12 жылдыққа көшудің алғашқы баспалдағы Назарбаев зияткерлік мектебімен Кембридж университеті бірігіп,мұғалімдердің біліктілігінарттыру мақсатында оқу мен оқытуға жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып,сабақты қызықты етіп өткізуге бейімдейтін курсты оқып жатқанымды және осы курстан алған білімімді тәжірибе жүзінде оқушыларымен өткізгім келетінін айтып өттім.Оқушыларыма берген тапсырманы тиянақты орындап,жақсы нәтиже береді деп сенімділік білдіріп,сәттілік тілеп сабағымды бастап кеттім.Ең алғаш санау арқылы топқа бөлгеннен кейін оқушыларыма,топта топ ережесін параққа түсіруін түсіндірдім,яғни неге мен бұл тапсырманы бердім? Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу,

тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп

жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде

қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу

арқылы білім алады.МАН-екінші деңгей.Оқушылар топ ережесін құра отырып,бір-бірінің сөзін тыңдап, сабақты жақсы оқитын,топ ішінде ауызбіршіліктің болуын,мұғалімді тыңдау,берген тапсырманы орындау,сабақтан қалмау,сабаққа кешігіп келмеу,тәртіпті болу сияқты ережелерді құра отырып, оқушылардың бойынан өзін-өзі реттеу процесінің жүріп жатқанын байқадым.Бұл мен үшін ең тиімді жақсы әдіс болды.Оқушылар өздері құрған ереже аясынан шықпай,өздерін ортада топта мәдениеттілікке тәрбиелей бәлді десем болады.Ары қарай ұйымдастыру кезінде оқушылардың көңіл-күйін,ауа-райы қандай екенін сұрай отыра,шамалы болса да ағылшын тілінде сөйлетуге тырыстым.Үй тапсырмасы бөлімінде оқушылардан үйге берілген жаңа сөздерді сұрау мақсатында топ бірін-бірі сұрақ қоя отырып сұралды.Одан әрі сабағымның жаңа тақырыбын ашу мақсатында,оқушылардың фонетикалық сөйлеу дағдысын,тіл меңгерудегі қиындықты жеңу мақсатында оқушыларға интерактивті тақтадан ой ашар өлеңін оқытқыздым.Оқушыларға бірнеше рет қайталата отырып,өлең не туралы,өлеңнен не түсінді сұрақтарды қоя отырып,миға шабуыл жұмысын жүргіздім.

Жаңа сабақ тақырыбы:Аңдар мен өсімдіктер.Мақсаты.Оқушылардың ағылшын тілінде аңдар әлемімен таныстыру,аңдарды қорғау,сүіспеншіліктерін ояту,оқушыларды ағылшын тілінде оқу,сөйлеу,жазу дағдыларын қалыптастыру,топта ынтымақтаса отырыпжұмыс жасату,сыни ойлауға үйрету болды.Сабағымның желісін курста үйренген блум таксономиясы әдісімен жүргіздім.Диалогтік оқыту,жұппен,топ пен жұмыс,ассоциоция,формативті бағалау әдістерін сабағыма кірістірдім.

1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген

Блум таксономиясы (13-сурет) сыни тұрғыдан ойлауды қарастыруға болатын ой-

лау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табыла-

ды. Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық және

психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын.

Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында

педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталанды-

ру. Алайда, оқушыларды оқыту мақсаттары топтарының ішінен тек танымдық саладағы

жіктеме ғана кеңінен танылып, қолданылады.МАН-23 бет (екінші деңгей)

Блум таксономиясының алты бөлімі бойынша сабағымда:

Білу

Фактілерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы

өткен материалдардың есте сақталғанын растау:Білу бөлімінде оқушылар аңдар туралы оқушылар аңдар туралы не біледі,бұрынғы алған білімдерін қайта еске түсіреді,қайта жаңғыртады.Оқушыларға сұрақ қою барысынада диалогтік әдістің көрініс тапқанын байқадым,яғни оқушыларға бастама- әрекет-кейінгі жауап арқылы сұрақтар қоя отырып,оқушының білімін толықтыру мақсатында түрткі болу сұрақтарын,білмей қалған жағдайда қайта бағыттау сұрақтарын қойып толықтыра түстім.Оқулықта берілген 1-ші жаттығумен жұмыс жасады.Оқушылар тапсырма бойынша топта жұмыс жасайды,нәтижесін көрсетеді.

Түсіну

Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолы-

мен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету:

Аударма жасау;

Интерпретация;

Түсіну бөлімінде оқушылар мен жаңа сөздерді танысы жұмысы жүргізілді. Бихевиористикалық көзқарастарға сәйкес, балалардың тілді үйренуі – күрделі үдеріс,

ол арқылы бала үйренетін әр сөзді және сөздің әр фрагментін бастапқыда еліктеп көрсетедіжәне ересектердің жымиюы сияқты құптауы ықпал етіп жатталуы. Бірақ, балалардыңсөзді түсінуді және пайдалануды үйрену жылдамдығы – бұл түсінікке сәйкес келмейді,кез келген жағдайда олар әдеттегідей сөйлеудің мүлдем жаңа фрагменттерінің тұрақтыағынын айтады. Ағылшын тілінде балалар айтатын осы жаңа сөздер мен фразалардыңкөбі, олар өздері үшін шығарған модельдер мен қағидаларды дұрыс қолданбау болып табылады. Жаңа сөздерді бұрын мен сабақққа дайындап аудармасын тақтаға жазып беріп отыратынмын,мен осы сабақтан бастап топта хатшы сайлап алып,сөздерді топ мүшелері бөліп алып өздері аударып хатшыға жаздырып ортаға сала отырып,талқылайды.Сөздерді аудару кезінде оқушылар бойында іздену,жазу дағдысы қалыптасады.

Қолдану

Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалануҚолдану бөлімінде мәтінмен жұмыс жүргіздім.Оқушылар мәтінді топта оқиды,мәтіннің мағынасын түсінеді,талқылайды.Мәтінді екі топқа бөліп бердім.Топ ішінде хатшы,аудармашы қызметін оқушылар өздері атқарады.Топта жұптық жұмыс кезінде,хатшы мен аудармашы мәтінді аудармашы мәтінді оқу, аудару кезінде мәтіннің бірінші бөлігін екінші топ тыңдай отыра түсінеді,екінші топта да дәл осы іс-әрекет қамтылады.Бұл жұптық әдісті қолдану барысында сәтті шыққан жағы,бұрын мұғалім жаңа сөзді өзі аударып,мәтінді өзім оқып беретінмін.Бұл жолы оқушылар мұғалім қызметін өзі атқарады,мәтінді оқу аудару кезінде өз құрдастарының айтқанын түсінеді.

Талдау

Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау

және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау:

Элементтерді талдау;

Қарым-қатынасты талдау;

Ұйымдастыру қағидаттарын талдау.Талдау бөлімінде оқушылар тапсырманы орындай отырып,мәтінге талдау жасап,ассоциоция әдісі арқылы жоба ұсынып,топта талқылап мәтін не туралы,мазмұны не? қандай аң түрлері бар,қоректенетін азығы не,тіршілік ортасы қандайдеген сұрақтарға жауап бере отырып,топ жұмысын қорғайды алған меңгерген білімдерін плакат бетіне жазып қорғайды.Топтық жұмыс жасау кезінде не сәтті шықты деген сұраққа жауап беретін болсам,диалогтік әдіс жұптық,топтық әңгімелесу кезінде көрініс тапты.

Синтездеу

Жаңа үлгіде әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелеу

немесе балама шешім ұсыну:

Ерекше байланыс орнату;

Жоспар әзірлеу немесе ұсынылатын операциялар жиынтығы;

Абстарктілі қатынастардың жиынтығы негізіндегі қорытындылар.

Жаттығулар орындады.

Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды.Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен,әрине бұл рольдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін,диалог мүмкіндігі болған жағдайда,оқыту жеңіл болмақ.Мұғалімге арналған нұсқаулық- 39 бет.

Бағалау

Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау, бірқатар

критерийлердің негізінде идеяларды негіздеу және жұмыс сапасын бағалау:

Ішкі дәлелдемелер тұрғысынан жасалған қорытынды;

Сыртқы критерийлер тұрғысынан жасалған қорытынды.

Бағалау бөлімінде оқушылар бір-біріне топта,жұпта екі жұлдыз,бір ұсыныс беру арқылы бағалаттым. Оқушы өз нәтижелерін бағалай білуге үйренеді. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жетістігіне берілген мадақтау, қызығу мен қажетін көтермелеу құралына айналады. Сабақ барысында қолданып жүрген бағалау парағы екі жақты тиімділікті көрсетеді. Оқушы өз қателерін көріп жөндеуге кіріседі және болдырмауға тырысады, ал мұғалім уақытты үнемдейді және барлық баланы бағалай алады. Бағалау-термині "жақын отыру"дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес,себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылаужағдайында өзінің дербес ойлауын,түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.Мұғалімге арналған нұсқаулық-57 бет.

Сәтті шықты деп айтуға келмейді,себебі бағалауды бірінші рет қолданысқа енгізгенде оқушылар тосырқап,өз ойларын ашық айта алмауы,өздерінің және достарының кемшілігін айта алмады.Үйге оқушыларға үй тапсырмасы берілді.Сабақ өту кезінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында сандық технологиялар ақпараттық комуникациялық технологияны,сандық фотоаппаратта пайдаландым.

Сыни тұрғыдан оқыту сабақта қаншалықты табыс пен нәтижеге жол ашады?Сыни тұрғыдан оқытудың сабақта табыс пен нәтижеге ашатын жолдары көп."Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту " технологиясымен жұмыс жасау кезінде баланың танымдық белсенділігін артыруға,өз бетінше білім алуға ,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.Сабақта сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып,балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып,ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.Оқушылар сыни ойлау кезінде сұрақтарға жауап бере алмауы,тапсырманы орындау негізінде қабілеті төмен оқушының ілесе алмауы,сабағымның сәтсіз тұсы десем болады. Выготскийдің айтуы бойынша "Жақын арадағы даму аймағы "теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейін бағалаудың тиімді екенін баса айтты.Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген(2001)Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып,пәнге деген қызығушылығын кемітеді.Сол себепті әр оқушының жек қабілеттерін зерттей отырып ,олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады. Жаңа әдіс-тәсілдерді толық меңгермесемде сабағымда қолданған кезде бұрынғы сабақтардағыдай емес,топтық,жұптық жұмыс кезінде оқушылардың ұмтылысы,қызығушылық танытқаны,сәлде болса ынтасының оянғаны қуантты.Алдағы сабақта сәтсіз шыққан тұстарымды болдырмай,уақытпен санасу және сыни ойлау сұрақ тапсырмаларын көбірек беріп,оқушылардың ойын еркін айтқызуға үйрету деген жоспар қойдым.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.04.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3686
Номер материала ДБ-026785
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх