Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Рефлексивтік есеп "Критериалды бағалау-сапалы білім өлшемі"

Рефлексивтік есеп "Критериалды бағалау-сапалы білім өлшемі"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Қарағанды облысы

Қаражал қаласы

7 ЖББОМ

қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі

Карибаева Ж.С.

« Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемі» (Оқуды бағалау. Оқыту үшін бағалау модулі) тақырыбындағы коучингтің рефлексивтік есебі.

(18 желтоқсан 2015 ж. )


Оқыту мен оқудың озық тәсілдерін меңгермей оқушыға сапалы білім беру мүмкін еместігі дәлелденуде.Үйренсем, білсем, қолдансам деген мақсат тек оқушыда ғана емес, ұстаздарда да болу керек. Ұдайы оқу болмаса жан-жақты, сапалы маман болу мүмкін емес.Табыстың жоғары деңгейіне ойлау арқылы жетуге болады. Біздегі оқыту ойланудан гөрі механикалық жаттауға,  өзіндік пайымдалмаған     дайын жауаптар берумен шектеледі. Бұл бағыттан өзгеру үшін мұғалімдерден үздіксіз оқуын жалғастыруы талап етілуде.Оқушыдан да жауап беру барысында  ойлануды, пайымдауды күту керек.Неге үйретсек, нені талап етсек соны көре білуге дағдылану қажет деп ойлаймын. Мұғалімдермен жүргізілген коучингті 18 желтоқсанда 2015 ж.«Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемі» тақырыбында өткіздім.

Педагогикалық әрекеттердің негізгі қағидасы –оқушылардың дамуына мүмкіндік беру. Баланың оқуы және дамуы әрдайым өзгеру үдерісінде жүреді. Оқушының оқу дербестігінe, жігерлігінe және жауапкершілігіне қол жеткізу үшін баланың өзінің және өз сыныптастарының әрекетін бағалау және бақылау қажет, оқу барысында пайда болған қиыншылықтардың себебін айқындау және жою икемділігіне ие болу маңызды болып саналады.Бұл икемділікті, Формативті бағалауды, күнделікті тәжірибеде қалыптастырып жүйелі түрде қолдану біздің міндетіміз екенін өз әріптестеріме жеткізгім келді.

Менің коучинг сабағыма бастауыш сынып,қазақ тілі,тарих пәні, шет тілі мұғалімдері қатысты. Әр топта тәжірибелі мұғалім мен жас мамандар бірге болды.Олардың ішінде жоғары санатты, бірінші санатты мұғалімдер және жас мамандар болды. Әрбір ұстаздың пікірін тыңдау барысында ауқымды тақырып «Бағалау және оның түрлері»-не тоқталып, мәселелі жағдайды бірге шешкім келді. Әріптестерімнің пікірінше бұл мәселе «Бағалау және оның түрлері» болып табылды.Себебі ҰБТ,ОЖСБ,тоқсандық бағалауда бағаның сәйкессіздігі мектептің өзекті проблемасы болып табылады.Әсіресеі жас мамандарға тәжірибе жинақтау үшін көмек беру мақсатында осы тақырыпты таңдадым.

Коучинг сабағымды өткізу үшін алдыма мақсат қойдым: Бағалау түрлері

бойынша(формативті,сумативті) білімдерін кеңейту;өзін-өзі бағалау,өзара бағалау тәсілдерінің маңыздылығын көрсету, бағалау критерийлерін дұрыс анықтау ;жаңаша жұмыс істеуге шақыру; оқу мен оқытуда бағалаудың әртүрлі формалары мен әдістерін қолданудың маңыздылығын және объективті бағалау үшін бағалау критерийн жасаудың қажеттілігін түсіну, әрі жасай білуге үйрету. Оның  нәтижесінде: күнделікті өздері қолданатын бағалаудың қаншалықты дұрыс екендігін саралай отырып, бағалауға негізделген критерий жасауды үйренеді, әрі болашақта сабақта қолдануға бейімделеді.Тапсырмаларды орындау барысында бағалау түрлерін, бағалау критерийлерін, өзін- өзі бағалау және өзара бағалау әдістемесін түсінеді.


Коучинг сабағымды жағымды психологиялық  ахуалды  қалыптастыру мақсатында « Мен саған сенемін» тренингін өткіздім. Мұғалімдер екі-екіден  бірлесіп, бір-біріне « Мен саған сенемін, себебі сен ..................» жақсы жақтарын айтып, көңілін көтереді.

Мұғалімдерді 1-ден 3-ке дейін санау арқылы үш топқа бөлдім, коучингтің мақсатымен таныстырдым. Өткен коучингтерден топта жұмыс жасау ережесін еске түсірдік.

1-бөлім бойынша топ мүшелеріне жеке жұмыс тапсырылды.Әр мұғалімге ермексаз беріліп,ермексаздан қалам жасау тапсырылды.Тапсырманы орындағаннан кейін әр мұғалімнің жұмысына сумативтік бағалау жасалды.Мұғалімдер өз алған бағалары бойынша пікірлерін айтты.

hello_html_7f47cbc7.jpg

2-бөлім бойынша тапсырма А4 форматына қыздың суретін толығынан салу болды.Суретті салып болғанна соң өз жұмыстарын бағалады,яғни өзін-өзі бағалау.Одан кейін бір-бірінің жұмыстарын бағалады,өзара бағалау.Ең соңында критерий таратылып,сол арқылы бағалады,яғни критериалды бағалау. Осы критерийлерді және дескрипторларды қолдана отырып өздеріне қайта әділ баға қоюды сұрадым.Нәтиже әлдеқайда басқа болып шықты. Өйткені тапсырма берілген кезде мұғалім тарапынан критерий қойылмайды, немесе нақты айтылмайды,  кейде оны кейінге қалдырады. Сабақтың н/е тапсырманың мақсаты анық қойылу керек. Мақсатты анық қойылса сонда ғана оқушы өзін-өзі бағалай алады деп тапсырмаға қорытынды жасап, бағалаудың негізгі мақсатын анықтау туралы және критериалды бағалауда дискриптор құру туралы  теориялық мәлімет бердім.Мағынаны ашу мақсатында жүргізілген түсіндірілімді әріптестерім тыңдады,бақылады.Керегін өздеріне түртіп алып отырды, сұрақтар қойды



Қағаздың жартысына орналасса

Қағаздың 3/1 бөлігіне орналасса -1ұ


Түстері бойынша

4 және одан көп түспен боялса -3ұ

2-3 түс боялса – 2ұ

1 түспен боялса-1ұ


Дене мүшесінің саны

5 мүшеден көп болса -3ұ

3-4 мүшеден тұрса-2ұ

1-2 мүшеден тұрса-1ұ


Одан кейін мұғалімдерге сұрақтар қойылып,пікір алмасу болды.

Бағалаудың қандай түрлері қолданды?

Бағалау түрлерінде айырмашылық болды ма?

Неліктен бұндай айрмашылық болды?

Сүздер үшін бағалаудың қай түрін қойған жеңіл

( оңай) болды деп ойлайсыздар?

Неліктен?

Сіз бағалаудың қай түрімен қанағаттандыныз?

Неліктен?

hello_html_m3d9bc957.jpghello_html_10f15a14.jpg



3-бөлім бойынша әр топқа бірдей үйдің суреті таратылды.Тапсырма:осы сурет бойынша бағалау критерийлерін шығару.Содан кейін шығарған критерийлері бойынша үйді бағалады,сұрақтар бойынша пікір алмасты.

Айтыңыздаршы, критерий шығару оңай ма?

Критерийлерді анықтау барысында,қандай қиындықтар кездесті?

Оқушының аңсаған бағасына жету үшін критерийлер көмегін тигізеді ме?

Қалай ойлайсыздар, баға және критерий бағалаудың қай түріне жатады ?

Мұғалімдер критерий шығару оқушылар үшін қиынға соғатынын айтып,оларға дайын критерий,дискриптор берілу керектігін айтып өтті.



Оқыту үшін бағалау үдерісі туралы мұғалімдерге кері байланысты «ББҮ» тәсілін қолдандым. Қатысушылар коучингтен  алған әсерлері мен ұсыныстарын  жазып, тілек білдірді.

 Оқыту үшін бағалау идеясына қатысты кездесетін мәселелер туралы  ойлануға мүмкіндік бердім. Мұғалімдер  критериалды   оқытудың мұғалім үшін, оқушы үшін және ата-ана үшін өте маңызды екенін шештік. Оқушы берілген бағалау критерийлерін түсінеді, жұмысын бағалай біледі. Ал ата-ана өз баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалай алады .

 

Сөзімнің соңын мына сөзімен аяқтадым: «Мұғалім шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар».

«Баға  бұл тәрбие берудің ең бір нәзік құралы.  Баға аз болсын, бірақ оның  әрбірі салмақты, маңызды болсын»  (В. Сухомлинский.)

 

Бағалаудың түрлі  тәсілдерін сабақта қолданамыз, бағалау туралы көп ойланамыз, талдаймыз, кейде қиындықтар болады. Бірақ мен өз тәжірибемнен мынадай нәрселеге көз жеткіздім:

·        оқушыларға әр кезде жұмыстың мақсатын және критерияларын айтып отыру, немесе естеріне салу;

·        өзін-өзі бағалауға уақытты жоспарлау;

·         оқушылардың мақсатқа жету жолдарын нақты көру үшін сабақтаң мақсатын, бағалау критерийлерін тақтаға немесе стендтерге көрсетіп қою тиіс!!!




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-030285

Похожие материалы