Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Конспекты / Рефлексивтік есеп "Оқушылармен өткізілген сабақтар туралы"

Рефлексивтік есеп "Оқушылармен өткізілген сабақтар туралы"

  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

            

Оқушылармен өткізілген сабақтар туралы рефлексивтік есеп

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізу үшін, мұғалім өзі өзгеру керек. Дәстүрлі қалыптан шығып , жаңа тәсілдерді меңгеріп , жаңаша сабақ өткізуіміз керек. Кәзіргі таңда мектепте оқушыларға бұрынғы дәстүрлі оқытудан  кәзіргі заман талабына сай енгізіліп отырған Кембридж университетінің оқыту бағдарламасы тиімді екендігі дәлелденіп отыр. Үш айлық курстан соң мектептегі бұрынғы дәстүрлі оқытудағы  көзқарасың өзгеріп жаңаша ойлау , яғни бағдарламадағы 7 модульмен жұмыс жасау тиімді болды. Алғашқы бір-екі сабақтарда қиындықтар болды.  Дәстүрлі  оқытуда  сабақ көбінесе бір сарында өтіледі. Мұғалім сабақты айтады, оқушылар тындап отырады. Мектептегі тәжірибе жұмыс кезінде тізбектелген төрт сабақты өткізгенде оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолданғанда басында қиынырақ болғанымен соңында топ ережесімен таңыса келе қалай жұмыс жасауды оқушылар өздері жақсы біліп алды. Бұрынғы стереотиптерді бұзып, жаңа біліммен , жаңа идеямен толықтырдық. Осы білімдерді өз сабағымызда күнделікті кеңінен қолдана бастадық. Оған, әрине, бірінші кезекте оқушы қуанды. Балаларға мұғалімнің түсіндіруші, сұраушы адам емес , бағыттаушы, ізденгіш, жаңашыл, психолог мұғалім болғаны өте ұнайды екен. Оқушылар тарапынан  « барлық мұғалімдер сабақты осылай өтсе екен » деген тілектер де айтылып қалып жаты.         Бағдарламаның жетелеуші факторларын игере отырып , тізбектелген сабақтар топтамасына негізгі қағидаттарды енгізуге тырыстым. Әр модульдің элементтерін сабақтарыма қарай ұтымды , орайлы пайдалануға тырыстым. Сабақтарымда оқу мен оқытудағы пәндік білімнің тиімділігін арттыру үшін түрлі жаңа тәсілдерді жүзеге асыруға бағыттадым. Оқыту барысына жаңа талаптар қоя отырып , Бағдарламаның негізгі мақсаты :  « педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп, жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу ;  әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсету; мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлық танытатын белсенді азамат ,  болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету» болып табылады (Бағдарлама, 5-6 бет). демекші осы мақсаттарды үнемі жадымызда ұстап, соған қарай әрекет еттік. Өзінің сабағын тәжірибе алаңына айналдыру кезінде табысқа жеткізетін жеті модульді мұғалім өзінің жеке шеберлігіне қарай ұйымдастырады. Ұтқыр ұйымдастырылған, әдіс-тәсілдерге қанық тізбектелген сабақтар топтамасында әр модуль өз тиімділігін дәлелдейді. Тәжірибе кезінде мен , біріншіден, жаңа тәсілдердің сапалы оқыту үшін қолданылуын назарда ұстадым. Алғашында уақыт жетпей ,  жоспарлағанымды толық  үлгере алмай , қобалжыған кездерім де болды. Оның себебі, менің ойымша, мен де оқушыларым да бейімделу кезеңін бастан өткеріп жатқандықтан. Тәжірибеміздің аздығынан.Қандай нәрсе болмасын адам оған бірінші үйренуі қажет, бойына сіңіруі керек. Менің сабақ беретін сыныптарым өзбек сыныптары болғанымен оқушылар да бейімделіп, қазақ тілі сабағына бұрынғыдай емес , қызығушылықпен , тіпті асыға келетін болды.

Табысты қолданған модульдерімнің бірі – сыни тұрғыдан ойлау. «Ойлау туралы ойлау» нысаны оқушыларға оқыту барысына тікелей өзі жауапты екенін сездіріп, білімнің әркімнің өзі үшін керектігін түсініп жатты. Сыни тұрғыдан ойлаудың түрлі стратегияларын тізбектелген сабақтар топтамасының барлығына енгіздім. Солардың кейбіріне тоқталып кетсем, «жигсо» стратегиясын қолданғанымда сыныптағы ынтымақтастық атмосферасы өте жақсы сипатта болды. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын сыни тұрғыдан қарап, бағалау жасады. Немесе, «екі жұлдыз, бір тілек» атты стратегия оқушыларға бір-бірімен достық қатынаста болудың маңыздылығын ұғындырғандай болды. Оқушыларға ,  бір-бірінің жауаптарын тиянақты тыңдамаса, сараптама жасай алмайтындықтарын түсіндірілді. Диалогты ұйымдастыру кезінде мұғалім тарапынан сұрақтар айқын, нақты, терең, байланысты, әділ (Доктор К. Алгер) болу керек деп пайымдалған. Менің тарапымнан осы көрсеткіштер сақталып отырғандықтан оқушы жауаптары дұрыс, нақты болды. Тапсырма ойластырған кезде жеңілден ауырға қарай жүрген өз нәтижесін берді. Соңында , ғаламтордан тапсырмалар алып орындадық



D:\рабочий стол\есико сур\20141008_113953.jpgD:\рабочий стол\есико сур\20141009_101742.jpgD:\рабочий стол\есико сур\20141009_103627.jpg

         Оқыту мен оқудағы талантты және дарынды балаларды анықтау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу модульдері оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулімен тығыз байланысты екенін нақты сездім. Тек қана түрлі әдістер арқылы, қызықты да қиын тапсырмалар орындау барысында оқушылардың таланттылығын анықтаймыз, дарындылығын даралаймыз және жас ерекшеліктеріне сай оқыта аламыз. Осы қағидаттарды бұлжытпай сақтаған кезде ғана аталған оқушылар үлкен табыстарға жете алады екен. Бірақ, менің байқағаным, бір сыныпта отырған жас шамасы әртүрлі оқушылар арасында атап айтатындай айырмашылықтар болмайды екен. Олардың ойлауы да, өзіндік пікірін дәлелдеуі де бір деңгейде болып шықты. Тапсырма беруде «оңайдан қиынға» деген ұстанымды ұстанған жөн. Демек, оқушыға тапсырманы береміз, қаншалықты орындағанын көргеннен кейін ғана тапсырманы қиындатамыз. Тапсырма олардың деңгейін көрсете алатындай және мазмұны оқушыға түсінікті және ынталандыратын болу керек екен. Бұрын жақсы оқып келген балалар өздеріне одан да жоғары талап қойылғанда, әлі де оқу керектігін түсінді. Бағалау шкаласының көтерілгенін сезініп, соған сай болуға еңбектенді. «Үнсіз» оқушыларым өздерінің жеткен жетістіктеріне қуана отырып, жақсы оқитын оқушылар қатарына қосылу мүмкіндігі бар екенін сезінді. Мансур деген оқушым, өзінің қолынан әлі де көп нәрсе келетініне көзі жетті, сондай-ақ, ол холерик болғандықтан, тыныш отыра алмайтын бала топтық ереже сай тәртіпке бағынып, сөзге тоқтап үйренді. Өздерінің бойындағы бұл өзгерістер балаларға стимул, одан да жақсы жетістіктерге жету үшін мотивация болды. 

               Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жоғарыда аталған екі модульмен тығыз байланысты, өйткені, дарынды және талантты балаларды анықтауда да, оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқытуда да біз көбінесе сабағымызға жаңа тәсілдерді енгіземіз. «Сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын анықтайтын негізгі факторлар мыналар: балалардың оқу үдерісін түсіну; нені оқу керектігін түсіну; оқу үдерісін қалай құрылымдау қажет екендігі туралы ұғымның қалыптасуы; оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі» сияқты көрсеткіштерді игеру үшін осы жаңа тәсілдердің мүмкіндігі зор. Оқыту мен оқудағы түрлі  тәсілдерді пайдалану арқылы белгілеген мақсатқа жетеміз, оқушылардың білімдерін бақылай аламыз. Мысалы, техникалық диктант, мәтінмен жұмыс, дискуссиялық карта, постермен жұмыс деген тәсілдер топпен игеру кезінде оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын құруға, білімдерін саралауға, өз-өздерін бағалауға көмегін тигізетін болып шықты. Оқушыда сөйлеу мәдениеті, аудитория алдында өзін еркін сезіну, өзіндік пікірін дәлелдеуге, топ шешімімен санасуға жаңа оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің тиімділігі мол екеніне мектептегі тәжірибе кезінде толығымен көзім жетті.  

          Оқушы ақпаратты іздеуші, жазып алушы ретінде белсенді қызмет атқарады. «Оқыту мен оқуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану». АКТ  оқушыларға ғылыми ұғымдарды  түсіндіруді  және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін  маңызды құрал болып отыр. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 61 бет). Осыған байланысты Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан, ақпараттық-коммуникациялық технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Интерактивті тақтаны қолдана отырып оқушыларға тақырыпқа байланысты қол жетімді, видео, суреттерді көрсетуге тырыстым.  Бұндай деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар.  АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырып, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға,  көмектесті. Электронды оқулықтар мен тесттерді , интернетті  өз кезегінде пайдалана алады.

         Формативтік бағалау әр сабақта өз ретімен жүріп отырды, ал суммативтік бағалауды жүзеге асыру үшін балалардың өзін-өзі және сыныптастарын әділ әрі шынайы бағалау қабілеттерін дамыту қажет болды. Бірінші «бетпе-бет» кезеңінде қосымша алған үлестірмелердегі дискриптор құру ережесі өз сабағымыздың тақырыбына сай критерийлер арқылы дұрыс дискрипторлар жасауымызға көмек болды. Өздерін-өздері немесе сыныптастарын бағалап жүрмеген оқушылар үшін бұл өзгеріс болды. Сондай-ақ формативті және суммативті бағалау жүйесі де оқушылар үшін бағалау жүйесіндегі өзгеріс болды. Сол себепті мен қашықтықтан оқыту кезінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» атты модульді қалай оқып үйренгенімді еске түсіріп іске асырдым. Сабақта оқушылардың өздері бір-бірін немесе өзін-өзі бағалауына мүмкіндік бердім. Сол себепті критериалды бағалау әдісін қолдандым. Бағалау критерилері; Өз ойын дұрыс жеткізе білуі, топпен жұмыс жасай білуі,  кескін картамен жұмыс істей білуі. Топ басшысылары Т Ш , С Н , С Наз , С Е  топқа бағалау жүргізіп , өзін – өзі , бір- бірін бағалап, бағалау парақшасы арқылы бағалады,   алдын ала берілген бағалау парақшасына балдық жүйемен топ мүшелерінің жинаған ұпайына сәйкес бағалап шықты. Бағалау кезінде менің бір қатты көңіл бөлгенім күнделікті өткізіп жүрген  дәстүрлі сабақтан салыстырғанда оқушыларымның бағасы жоғары көрсеткіш көрсетті. Критериалды бағалау әділ болғандықтан оқушылар бағалауға риза болып, жақсы баға алу үшін топтық жұмыста белсенділік таныту керектігін ұғынды.

D:\рабочий стол\есико сур\20141009_110939.jpgD:\рабочий стол\есико сур\20141009_113204.jpgМектептегі әріптестерім жаңа тәсілге үлкен қызығушылық танытты. Оған себеп , менің өткізген сабақтарым , онда қолданған әдіс – тәсілдерім. Оқушылар тарапынан да зор ынта , қызығу байқалды. Басқа сабақтарда сабақты жаңа тәсілмен өткізді сұраған. Бұл оқушылар тарапынан белсенділік, қызығушылық туғанын көрсетеді.

 Тағы бір айта кететін нәрсе оқушылар арасында қалыптасқан ынтымақтастық атмосферасының оқыту барысына тиімді әсер етуі. Тапсырманы топтық талқыға салып, топ болып орындаған оқушылар жауап бергенде топтың атынан шығып, « біз » деп көпшілдікке үйренгені, болашақта өз өмірлеріне де тигізер  пайдасы мол болмақшы. Өз топтарын алға сүйреп , жақсы оқитын балалар топтағы «әлсіз» оқушыларды алға тартты, ынталандырды. Бір-біріне деген жанашырлықтары, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды. Еліміздің ертеңі болатын бұл оқушылар, қазірден бастап болашақтың тізгіні өз қолдарында болатынын жауапкершілікпен сезіне білді. Сондықтан да, қазіргі таңда олардың негізгі мақсаты: сапалы білім алу , тұлғалық қасиеттерін дамыту. Демек, осындай шығармашыл, талапшыл, іздемпаз, сыни көзқарасы қалыптасқан жеке тұлғаны дайындауда біздің, курстан өткен мұғалімдердің, рөлі ерекше. Жеті модульді қолданғанда туындаған көптеген идеяларымды жүзеге асыруда өзімнің де белсенділігім артып, көшбасшылық дербестігім дамыды. 

 





Автор
Дата добавления 18.12.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров238
Номер материала ДВ-269905
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх