Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Рефлексивтік эссе "Жаңа ғасыр талабы"

Рефлексивтік эссе "Жаңа ғасыр талабы"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Жаңа ғасырдың жаңаша талаптары - қоғамның қажеттілігі мен мүддесі.


Физика және информатика пәнінің мұғалімі - Мамаева А.С.

Больше-Чураков орта мектебі,

Алтынсарин ауданы,

Обаған ауылы


Кез келген өзгеріс қажеттілігіне байланысты туындайтыны белгілі. Өзгеріс дегеніміз не? Қалыптасқан жүйені түзету, өзгерту.

Білім берудегі өзгерістер мемлекеттің дамуындағы қажеттіліктерге сәйкес туындауы да орынды. Жаңартудың көзі ретінде мемлекеттің даму барысындағы әлеуметтік сұраныс, адам туралы ғылыми кешендердің жетістіктеріне, озық педагогикалық тәжірибе, әкімшілік пен педагогтардың шығармашылығы немесе тәжірибелік алаң нәтижелері, сонымен қатар шетел тәжірибелері де болуы мүмкін.

Білім беру жүйесіндегі инновация, яғни жаңарту: мақсат, мазмұн, әдіс және технологиялар, басқарудың түріне және оның жүйесіне, педагог қызметіне және оқыту-таным үрдісіне, білім деңгейін бағалау мен бақылауға, оқыту-әдістемелік қамтамасыз етуге, оқу жоспары мен бағдарламасына енгізілетін өзгерістермен тікелей байланысты.

Қазіргі таңда заманауи талаптарға сай жеке, бәсекеге қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған білім ерекше орын алып отыр. Оның негізі - заманауи білімнің даму тенденциялары: білім алудың әр деңгейі үздіксіз оқу жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналуы, дәстүрлі когнитивті бағыттағы білімді өзгертіп, оқушылардың зияткерлік қызметін кеңейтетін ақпараттық технологиялардың кеңінен енгізілуі, білімді ұйымдастырудың өздік және өз білімін толықтыруды дамытуға көшуі, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың өзгеруі. Бұл тенденциялар дамыған елдердің заманауи білім беру күйін сипаттайды, сонымен қатар үшінші мыңжылдықтағы білім беру саласындағы өзгертулердің принциптерінің шарты болып табылады. Тек жүйелі білім үрдісі ғана оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасайды.

Қоршаған әлем өте жылдам қарқынмен өзгеруде, ал білім алу мен зерделеу тәсілдері, оқыту мен оқушылардың қабілеттерін дамыту түрлері, әдіс-тәсілдері мен технологиялары оқу үдерісіне баяу енуде. Қазіргі үшінші мыңжылдық қоғамына өзінің іс-әрекетіне өзі басшылық жасап, шұғыл, әрі дұрыс, нәтижелі шешім қабылдай алатын жеке тұлға қажеттігі туындауда. Осындай талаптарға сай тұлғалар оқытудың жаңа технологияларын қолданудағы жаңа әдіс-тәсілдер нәтижесінде қалыптасатынын соңғы жылдардағы тәжірибелер көрсетіп отыр. Оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, түсіністік, сыйластыққа негізделу, оқушының ізденушілігін дамыту - қазіргі оқыту жүйесінің бағыт алатын өзекті мәселелері. Жаңа инновациялық педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды, әр түрлі жағдайларда нақты шешімдер қабылдай білуге, өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге үйретуді мақсат етеді. Осы педагогикалық ұстанымдар мен көзқарастар – білім беру жүйесін жаңартудың негізгі көзі.

Білім беруді жаңартуда модульдік оқыту технологиясы, саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы, дамыта оқыту, сатылай кешенді талдау төл технологиясы, сыни тұрғыда ойлауға үйрету стратегиялары, ұжымдық оқыту әдістері және т.б. өз нәтижелерін беруде. Оқыту технологияларының ең басты ерекшеліктері - өзіндік ой-пікірі бар жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталуында және жаңа материалдарды оқушының өз бетімен іздену арқылы меңгеруі. Оқытудың жаңа технологиялары тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жағдайларда нақты шешімдер қабылдай білуге, өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге, өзінің іс-әрекетін бағалай білуге үйретеді.

Бұрынғы білім беру жүйесі оқушының оқулықтағы білімді меңгеруіне ғана ден қойды, ол білімді оқушы тәжірибе жүзінде қолдана алмады. Қазіргі өзгермелі заман талабына сай оқушы алған білімін түрлендіріп қажеттілігіне қарай тәжірибеде қолдана алуының қажеттілігі ерекше болып отыр. Шетелдің озық тәжірибесі болып саналатын, Б.Блумның «толық меңгеру теориясы» осы маңызды көкейкесті мәселені шешуге жол ашатындығы айқындалды. Оқушы сабақта тыңдады, ойлады, еске сақтады, түсіндірді, көрсетеді, жазады, айтады. Алайда алған білімін пайдалана отырып, мәселені шешу, салыстыру, іздендіру, талқылау, бағалау, өз ойын айту сияқты әрекеттер, тек жекелеген ұстаздардың тәжірибесінде ғана жүзеге асырылып отырады. Уақытпен шектелген оқу үрдісі барысында оқу материалын әртүрлі білім деңгейлі оқушының меңгеруіне, анықталған құзіреттіліктер қалыптасуына қол жеткізу – бүгінгі білім беруді жаңартудың тиімді жолы болмақ.

Осындай көкейкесті мәселелерді шешу үшін жаңа технологияларды қолдану барысында жаңа әдістер қолданудың маңызы зор. Әдістерді тиімді қолдану мектептің даму жоспарынан басталатыны сөзсіз. Сонымен қатар, әр мұғалім өзін тек білім стандарттарын орындаушы ғана емес, оны сапалы, әрі тиімді орындау үшін жұмысын ұйымдастыруда зерттеуші болу қажеттілігі айқын, яғни әр жаңа әдіс-тәсілмен қолданылған жаңа технологияның, әр оқушының білім сапасына әсері жан-жақты зерттеліп, бақыланып, қадағаланып отыруы тиіс.

А.Г.Маслоудың зерттеулері барысындағы оқыту әдістерінің тиімділігі, таным пирамидасы бойынша: лекция – 5%, оқу -10%, дыбыс-бейне -20%, көрнекілік – 30%, топтық жұмыс - 50%, тәжірибені пайдалану – 70%, өз белсенділігі 90% білім сапасын құрайтындығы белгілі. Бұл жерде: «Естігенімді – ұнатамын, көргенімді – еске сақтаймын, өзім істегенімді – меңгеремін»,- деген Конфуциидің сөзі де осыны меңзейді. Білім беруді жаңартудың негізгі талабы да осы мәселелерді жүзеге асыруда болып отыр. Бүгінгі оқытудың жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан, мемлекет саясатынан туындаған мәселе екені анық.

Техникалық даму және өндірісті жетілдіру үшін жоғары білікті, кәсіби құзіретті, коммуникативті, белсенділігі жоғары, жаңашыл, компьютерлік бағдарламаларды меңгерген мамандар қажет. Сондықтан болашақ мамандық иелеріне оқу-тәрбие үрдісі барысында осы құзіреттіліктерді дамытатын дағдыларды қалыптастырудың маңызы зор.

12 жылдық білім беруге көшу барысында нәтижеге бағытталған білім беру арқылы оқушылардың жаңа өмір сүруіне қажетті мәселелерді шешуіне, ақпараттық, коммуникативтік т.б. құзыреттіліктерін дер кезінде игерту үшін жаңа технологияларды тиімді қолдану маңызды. Сондықтан, бүгінгі таңда педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүйесін жаңарту елімізде білім сапасын арттырудың және оны халықаралық білім кеңістігіне кіріктірудің басты шарты ретінде, педагогтардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру қажет болып отыр.

Жаңашыл іс-әрекеттің кезеңдері:

  • жаңа өзгерулердің қажеттілігінің тууы;

  • қажетті инновацияны іздеу;

  • алдағы барлық өзгерістерді анықтау;

  • инновацияны қолданып, нәтижесін бақылау;

  • инновацияны қолдану және енгізу.

Үшінші мыңжылдық табалдырығындағы Қазақстанның білім беру жүйесі қажетті инновацияны шетел және отандық озық тәжірибелер негізіндегі деңгейлік бағдарламаны ұсынуда. Қазіргі таңда Республикамыздың алдыңғы қатарлы педагогтары Назарбаев Зияткерлік Мектебі мен Кембридж университеті ұсынған деңгейлік бағдарлама арқылы өз кәсіби шеберліктерін жетілдіруде. Бірқатар педагогтар осы бағдарлама бойынша білімдерін жетілдіріп, жаңашыл іс-әрекеттің келесі кезеңі - болашаққа қажетті өзгерістерді анықтау үстінде. Деңгейлік бағдарламадағы негізгі деп танылған 7 түйінді идеяларды оқыту үрдісінде қолдану арқылы, оның тиімділігіне көз жеткізудеміз.

«Мұғалім күнделікті оқыса, үйренсе ғана мұғалім. Ал оқымаса, үйренбесе ол сол күннен бастап мұғалімдіктен қалады» деп атақты педагог К.Д.Ушинский айтқандай жаңа форматты, қазіргі заман талабына сай кез келген педагог өз кәсіби білімін жетілдіруден шаршамайды.

Кез келген пәннің жетістігінің негізі - пәнге деген қызығушылық. Деңгейлік бағдарлама осы қызығушылықты оятуды үйретеді. Әр педагогтың заманауи құрылымды сабағы барысындағы қолданған инновациялық технология болсын, әдіс-тәсілі болсын, барлық сабақ үстіндегі өз іс-әрекетіне, оқушының іс-әрекетіне рефлексия жасауды үйренді. Зерттеуді үйретті, көптеген сұрақтарға жауап берді, көкейкесті мәселені шешуге жол ашты. Білім сапасын арттыру үшін әр сабақ ынтымақтастықта топтасқан жұмысты қамтамасыз ететін тренингтерден басталады. Сабақ жоспарын құруда әр оқушының тұлға екендігі ескеріліп, әр оқушы өзінің мүмкіндігін көрсете алатындай тапсырмалар беріліп, жағдай жасалады. Маслоу прирамидасы негізіндегі тұжырымды тиімді пайдалану үшін оқу үрдісінде сын тұрғысында ойлау кеңінен етек алды. Құрамы өзгеріп отыратын топтарда, жұптарда жұмыс істеу білім деңгейі әртүрлі оқушылардың оқу материалын толық немесе жартылай меңгеруіне мүмкіндік тудыруда. Бағалау үрдісінің формальдығы жойылды. Баға енді оқу үшін және оқыту үшін болып өзгерді. Бағалаудың мұндай түрі бағалардың әділ, әрі нақты болатындығын көрсетті.

Кез-келген мұғалім өз жұмысының нәтижесін дарынды, талантты оқушылар арқасында көре алатын болса, осы жеті модульде де дарынды, талантты оқушылармен жұмыс та тыс қалмаған. Бағдарламамен таныс емес бірқатар мұғалім қауым дарындылық пен талант туа бітетін қасиет деп шешсе, бағдарламамен таныса отырып, ол қасиеттерді жүре келе де дамытуға болатындығын көреміз.

Жаңа әдістерді пайдаланып диалог және оқу үшін оқыту арқылы оқыту, оқушының когнитивтік дамуы негізінде білім алу қабілеттерін қалыптастыру үшін сын тұрғысында ойлауды қолдану, оқушының оқыту үрдісіне деген ішкі уәжін жоғарылату үшін оқу және оқыту үшін бағалау, жас ерекшеліктеріне сәйкесті балалардың метатаным деңгейін дамыту, талантты және дарынды оқушыларды оқыту үшін оқуды дифференциялау, ақпаратты алу, беру, сақтау және өңдеу үшін АКТ-ны қолданудың маңызы еркше және деңгейлік бағдарламаның оқу жүйесінің әр мәселесін кеңінен қамтитындығын айқын.

Қорыта айтқанда қандай модульді алып қарасақ та, олардың әр қайсының білім беру үшін өте пайдалы екенін өз іс-тәжірибемде қолдана отырып, көз жеткіздім. Әр модуль бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып, әр сабақты тиімді де тартымды болып өтуіне жағдай туғызады. Бұл модульдерді бір-бірінен жекелеп алып, тек қана бір модуль бойынша сабақ өткізу мүмкін емес екенін байқауға болады. Осындай жаңа әдістер арқылы берілген сабақтарда жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, сыни ойлай алатын оқушылар қалыптасып, жетіледі. Сондай-ақ жеті моульді қолдана отырып, үйретілген әрбір сабақ тиімді болмақ.

Қоғамда туған қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жаңа заман талабына сай, басты принципі - үздіксіз білім болатын және үақытпен «бірге жүретін» емес, уақыт пен заман талабынынң алдында жүретін педагогтың орны ерекше.




Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-134399

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>