Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыРефлексия на тему "Кері байланыс"

Рефлексия на тему "Кері байланыс"

Скачать материал

  Рефлексия және даму       

Білім мазмұнын жаңарту  барысындағы Мектептегі  мұғалім көшбасшылығы Бағдарламасы бойынша оқуға келгенімде көптеген мәселелерді түсінбегенім рас. «Қайда келдім? Не үшін келдім? Не істеймін? деген сұрақтар көкейімде тұрды да қойды.  Кейін мектептегі тәжірибе кезінде бірден сабақты бастап кеткен біртүрлі көрініп, басындағы сол «біртүрлі»  деп ойлаған жұмыстарды ( шаттық шеңбері,ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру,топтастыру, постер қорғау, ыстық орындық, сергіту сәті , проблемалық тапсырмалар) жасата келе кешегі  дәстүрлі білім бойынша белгілі бір қалыптан шықпайтын оқушы мен мұғалімдер  жеті модульдің ықпалдастығының нәтижесінде  әжептәуір сындарлы ойлауға, үйрете жүріп үйренуге  бағыт алғанын түсіндім. 

Тізбектелген бірінші сабағымда оқушыларға бұл сабақ күтпеген жағдай туғызғаны анық. Оқушылар  алғашқы сабақта  өзгеріске бірден еніп кете алмағанын байқадым. Топқа бөлу, ынтымақтастық атмосферасын құру, топтың ережесін шығару сияқты ұйымдастыру жұмыстарында  сәл алаңдаушылық байқалды. Оқушылар келесі сабақтарда бірте-бірте бұл үдеріске үйрене бастады. Ынтымақтастық атмосферасында «Көршіге», «Ең жақсы тілек», «Біз қандаймыз?»  сратегияларын жүзеге асыру барысында оқушылардың  бір –біріне деген қарым –қатынасы нығая түсті. Сөздік қоры  мен тіл мәдениеті қалыптаса бастады. Әсіресе, «Біз қандаймыз?» шаттық шеңбері  сәтті болды.  Оқушылардың «батырмыз, батылмыз,білімдіміз,» деген сөздері олардың «Болмасаң да ұқсап бақ,бір ғалымды көрсеңіз»-деп ұлы Абай ақынымыз айтқандай және Бандураның «өзіндік тиімділігі» яғни «олардың қолынан келген менің де қолымнан келеді» деген  өз-өзіне деген сенімділігі, өзін-өзі сыйлау мотивациясы қалыптасты.  Тізбектелген сабақтар барысында Топқа бөлу, топтың ережесін шығарған кезде  мынадай қиындықтарға тап болдым.  Бірінші сабақта суреттер  арқылы  топқа  бөлдім Оқушылар осы кезде біраз уақытты алып қайда отырарын білмей тұрып қалды. Себебі мен топқа бөлінген үстелдердің ортасына әр топтың суреттерін көрсетіп қоюым керек еді. Келесі сабақта топқа бөлуді қайта пысықтауым керек деп шештім. Топқа бөлуде ең ұтымды болғаны – тәтті кәмпиттер арқылы топқа бөлу болды  Өткен сабақтағы қателіктерді ескеріп, әр топтың парталарына 4 түрлі кәмпиттердің суреттерін жапсырып қойдым.  Оқушылар  сол суретке қарап, жылдам 4-топқа бөлінді. Сонымен қатар, топтың ережесін шығаруда оқушылар белсенділік танытты, суреттерге қарап сыни ойлау дағдысы қалыптасты. Өйткені мен дайын ережелерді айтып бермей, өздеріне суретке қарап, топта бірлесіп, талқылап ереже  шығаруға жұмылдырдым. Демек «оқу пирамидасындағы» аудио-визуалды қабылдау, талқылау сатыларын ескеру нәтижесінде оқушылардың алынған ақпаратты есте сақтау қабілеттерін арттырдым. Тізбектелген сабақтар барысында мен көбінесе  суреттерді пайдалану арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамытып отырдым.  Суреттерді пайдаланудың ең тиімді болған тұсы – жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру. Осы сәтте «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулі ықпалдастыра отырып,  «Қос сөздер» тақырыбында  қос аттың арбаға жегілген суреті, «Тіркесті сөздерде»  трактор техникасы мен телешкасы суреттерін  көрсету арқылы  оқушылардың ұқсастық бойынша пайымдау  дағдысын қалыптастырдым. Тізбектелген сабақтардың  ортасында(негізгі бөлім)  үй тапсырмасын  «миға шабуыл», «Қыдырымпаз сұрақтар» доп лақтыру ойыны, «Цифрлы сұрау»,»Кубизм» стратегиялары  арқылы пысықтадым. Осы стратегиялардың ішінде «Қыдырымпаз сұрақтар» әдісі сәтті шықты. Себебі, бұл әдісте оқушылар бір-біріне қоятын сұрақтарын үйде дайындап келген. Негізінде осы тәсілді үнемі үй тапсырмасын пысықтауға қолданса  оқушылар бір-біріне сұрақ қоюдың тәсілдерін біртіндеп меңгере бастайды әрі сұрақтар ашық түрінде беріледі. Оқушылардың бір-біріне сұрақ қою барысында өзім сұрақтардың мазмұндылығын байқап отырдым. Олар көбінесе жоғары деңгейлі сұрақтар қойып отырды. Мысалы, Біріккен сөздер дегенімз не?  Неліктен біз біріккен сөздер дейміз?  «Аппақ» сөзі біріккен сөзге жата ма,әлде қос сөзге жата ма?

Бұрын дәстүрлі сабақта көбінесе  үй тапсырмасына сұрақтарды өзім қоятынмын, оның үстіне оқулықта берілген дайын сұрақтарды оқытып бір-біріне қоятын. Бұл әрине, оқушының өздігінен ізденіп тиісті шешім қабылдауына кері әсерін тигізіп,оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік болмайтын. Мен өзім де мүмкіндігінше сабақ барысында сұрақ қоюдың  түрткі болу, сынақтан өткізу, және басқаға бағыттау сияқты тәсілдерді  жиі қолдандым. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына  қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Ал сәтсіз шыққан  әдіс «цифрлы сұрау» ойыны болды. Бұл әдісте оқушылар кең диалог құру үдерісіне кері әсерін тигізді. Өйткені оқушылар  «Ия» немесе «Жоқ» деген сөздермен ғана шектеліп қалғанын байқадым. Бұл стратегияны негізінен оқушылардың бір  тарау бойынша қайталауға арналған тапсырмалар ретінде беруге болатындығын  ұғындым. Тізбектелген 4-сабаққа негізінен «Блум таксономиясының»параметрлерін енгіздім. Бұл әдістің сәтті шыққан тұстары да болды, сәттсіз тұстары да  болды. Ұтымды болған жері Блумның білу, түсіну,қолдану,талдау, жинақтау, бағалау сатылары бойынша бағалау парақшаларын әр оқушыға беріп отырдым. Олар осы сатыларда өздерін қаншалықты көрсете алғанын өз-өздері бағалап отырды яғни өзін-өзі бағалауды іске асырды. Тиімсіз болғаны – тапсырмаларды күрделі болған соң уақытты  үнемдей алмадық. Осы сәтте менің есіме белгілі физик Блез Паскалдың «Правиция тұрғындарына хат» шығармасы  түсті. «Хатты қысқа жазуға уақытым болмағандықтан ұзыннан –ұзақ жазуыма тура келді» деген себебін енді түсінгендей болдым. Мен оқушылардың жас ерекшелік тұрғысынан сыни ойлау тапсырмаларын күрделендіріп жібергеннің әсерінен көп уақыт жоғалттым. Чиксентмихайдың «өзіндік мақсат» теориясын блум таксономиясымен ықпалдастырып, оқушылардың жас еркешілік тұрғысынан алаңдаушылық,селқостық, зерігудің алдын алу керек деп шештім.  Семантикалық карта мен перфокартамен жұмыс түрлері оқушылардың топпен біріге, жұмыла талқылауға,бір-бірімен пікірлесуге және талдауға,бір-біріне үйрете жүріп өзі де үйренуге көп септігін тигізді. Құрымдалған жоспар бойынша Постер жасауды «Сөзжасам» тарауын қорытындылау мақсатында 4-ші сабаққа жоспарлағаным өте сәтті  болды. Өйткені 4-топқа 4-тақырып бойынша не  түсінгендерін  жинақтады. Меніңше, постер жасауды қорытынды сабақтарда жүзеге асырсақ  тиімді болатындығына әбден көзім жетті.Сабақтарда  АКТ-ны басқа модульдермен ықпалдастырғаныммен  біраз техникалық кедергілер болды. Ең басты кедергі біздің мектептің АКТ жағынан материалдық базасы жеткіліксіз.Яғни проектор, интербелсенді тақта осы күнге дейін жоқ. Мұны айтуға да ұялады екенсің. Бірақ, тығырықтан шығудың жолын қарастырдым. Смарт мақсатпен жасалған жоспарды негізге ала отырып,оқушыны сабаққа  деген қызығушылығын арттырудың ең оңтайлы тәсілі  - Ақпараттық –коммуникациялық технологияларлы ұтымды пайдалану болып табылады. АКТ пайдалануда мынадай нәижеге кол жеткіздім:

-         Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арта түсті;

-         Уақытты үнемдеуде  көп септігін тигізді;

-         Көрсетілімдер арқылы  оқушылардың сыни ойлауына түрткі болды;

Коучинг туралы рефлексиялық есеп

       Мектептегі іс-тәжірибе кезінде екі коучинг сабақ өткіздім. Коучинг сабақтарды өткізудегі мақсатым  мектеп мұғалімдерімен  курста алған біліміммен бөлісу, ұстаздардың бойында аз ғана болса да жаңа әдіс-тәсілдер туралы түсінік қалыптастыру, коучингтен  алған  әдіс тәсілдерді өз сабақтартында тиімді қолдануға ықпал ету болатын.Менің коучингті өткізу тәжірибемдегі қолданынылған әдіс –тәсілдер бір қарағанда , болмашы болып көрінуі мүмкін , бірақ  мектеп ішінде жағымды өзгерістерге ықпал ететін  қуатты қозғаушы күш бола алдым деп есептеймін. Себебі мен тәжірибелік кезеңде мектепке келгеннен бастап, мұғалімдер «Коучингті қашан өтесің?», «Білім саласында қандай әдіс-тәсілдер, өзгерістер мен жаңалықтар бар екен?» деген сияқты  сұрақтар қойғандарынан олардың қызығушылықтарына  өзім қатты қуандым. «Тепе –теңдік»шеңбері арқылы жүргізген сауалнаманы негізге ала отырып  және мұғалімдердің сұраныстарын  ескере отырып «Критериалды бағалау – сапалы білім негізі», «Талантты және дарынды балаларды біз қалай анықтаймыз?»  деген тақырыптар бойынша коучинг өткіздім. Бағалауға қатысты алғашқы коучингім  жоспарланған уақытында  өтілді. Бірақ коучинг барысында жарықтың кенеттен сөніп қалуы сәл кедергі келтірді. Еш абыржымастан ситуациядан оңай шыға алдым. Тренеріміз АКТ –ны қолдану барысында осындай жағдайлардың болатыны табиғи заңдылығын ескерте отырып, проблеманың бірнеше жолын алдын- ала ойластыру керектігін айтқан болатын. Яғни сындарлы оқытудың өзі – проблеманы шешу жолында бірнеше баламалы идеяны қарастыру емес пе!?  Осы  айтылғандарды қандай іс-шара болсын жоспарлаған кезде  ескеріп отырдым. Мектебімізде  оқытудың қосымша құралдары яғни АКТ –ның жеткіліксіздігі де біраз қиындықтар келтірді. Атап айтқанда проектр, арнайы топтық сабақтарды өткізу кезінде  кабинетінің тарлығы,  коучинг өткізуге ыңғайластырылмағаны  қиындық келтірді. Қазір «Алма піс- аузыма келіп түс» деген заман емес, ешкімге жалтақтамай, өзімнің алға қойған мақсатыма жету үшін бұл қиындықтарды да еңсеріп шықтым. «Көз- қорқақ, қол – батыр» дегендей «қалай істеймін?» деген проблеманы  да  алға қарай ұмтылыстың арқасында, қажырлы еңбектің арқасында  еңсере білдім. Коучингте «Бағалау дегенімізді қалай түсінесіз?» , «Бағалаудың оқу үдерісінде қандай маңыздылығы бар?» деген сұрақтар  бергенде мұғалімдер өз ойларын айтып, белсенді қатысып отырды. Ең бастысы ұстаздарға критериалды бағалау  ұнады. Бағалаудың бұл түрі мұғалім, оқушы, ата-ана үшін де тиімділік көрсететінін мұғалімдер кері байланыс барысында жазып көрсетті.Мұғалімдердің  критериалды бағалаудың маңыздылығын айқындату үшін киелі қарлығаштың суретін  салғыза отырып өздеріне және өзара, соңынан критерий арқылы бағалаттым. Яғни «Маған айтсаң – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде қалады, өзіме істетсең – сонда мен үйреніп аламын» деген Конфуций сөзін басшылыққа ала отырып, мұғалімдердің өздеріне  осы тапсырмаларды жасаттым және бағалаттым. «Өз пәндеріңіз бойынша кез-келген тапсырмаларға қалай критерий қояр едіңіз?»  деген тапсырма бергенде әріптестер өзара бірлесіп   тапсырмаға критерий қоя отырып, топтық жұмыс арқылы талқылады.Кері байланыста  әріптестерім  бірі Оқу бағалау және оқытуды бағалау модулі бойынша  тағы да коучинг өтілсе деген ұсыныстар маған үлкен ой тастады. Бірақ та уақыттың шектеулі болуына байланысты біз бұл ұсынысты келесі коучингтерде ескеретін боламыз деген оймен қорытындыладым. Жалпы коучинг жақсы дәрежеде өтті деген тоқтамға келдім. Өйткені ұстаздардың коучинг барысында қызығушылығы жоғары болды. Берілген тапсырмаларды ықыласпен орындап, белсенділік тантты. Осы коучингте жеткен жетістіктерім:

-          Жағымды психологиялық орта қалыптастыра алдым;

-          Коучинг барысында мұғалімдер топтық жұмысты жандандырып, үдеріске белсене  қатысып отырды;

-          Қатысушылар  ойын ашық жеткізіп, әңгіме –дебат жүргізе білді;

-          Критериалды бағалаудың  маңыздылығын, өзектілігін  бүгінгі оқыту үдерісіне өте қажет екенін тапсырмаларды орындау барысында  көздері жетті.

-          Коучинге қатыса алмай қалған мұғалімдер соңынан келіп осындай коучинг сабақтарды көбірек өтуімді сұранды.

 

 

 

Коучингті өткізу барысындағы кедергілер:

-           коучинг барысында жарық сөніп қалды;

-           қатысушы ұстаздардың сабақтары коучингке сәйкес келіп, мектеп әкімшілігі тарапынан келіспеушілік туындады;

-          Оқытудағы қосымша құралдардың жетіспеуінен  бейнетаспаға түсіру мүмкіндігі болмады.

 

 

      Тәлім алушым Меруерт Амангелдиевамен бірге тәлімгерлік жоспар бойынша 8-рет кәсіби кездесу өткіздік. Аптасына 2-реттен әріптес ретінде кездестік, сұхбаттастық, пікірлестік. Дәстүрлі сабақтарына еніп, сабақ үдерісіне қандай өзгерістер енгізу керек, Бағдарламаның жеті модулін қалай ықпалдастыру керек, қандай әдіс-тәсілдер тиімді қолдануға болады деген сияқты мәселелер бойынша пікірлестік.Тәлім алушыма мен сабақ барысында сабақты жоспарлауды түсіндіре отырып, проектор  арқылы өткізу үшін біршеше әдіс-тәсілдерді ұсындым. Атап айтқанда, слайд жасау, слайттарды анимациялау,ҚМЖ жоспарын электронды нұсқада жазу жалпы алғанда тәлім алушының ең бірінші компьютерлік сауаттылығының артуына ықпал еттім. Себебі үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім орналсқан. Егер жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын  тиімді ықпалдастырса онда оқыту үдерісіне оқушының дамуына, сыни тұрғыдан ойлауына көптеген септігін тигізері анық. Менің көздеген мақсатым да осы еді. Тәлім алушым осы уақытқа дейін компьютермен жұмыс істеу дағдысы онша қалыптаспағанын  кәсіби сұхбат кезінде байқаған едім. Оған АКТ меңгерту мақсатында қосымша тапсырмалар беріп отырдым. Тәлім алушы сенімсіздік танытып, тапсырмаларды қиынсынды. «Менің қолымнан келер ме екен?» деген күдік пен қорқыныш болды алғашында. Мен оған тәлімгерлік  ету барысында үнемі қолдап, идеясымен бөлісіп, әрдайым қолдау көрсетіп отырдым. «Сен әлі жассың,мен саған сенемін , сен бұл өзгерісті тез қабылдайсың»- деген сөздермен оның алға қарай жылжуына ықпал жасадым.

Нәтижесінде тәлім алушым тәжірбиелік айдың соңғы апталарында әжептәуір  өзгерді. Өз сабақтарына презинтация, слайд жасай алатын болды. КМЖ –ны да электронды нұсқада жаза алатын болды.  Тәлім алушының сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдермен қатар, бағалаудың түрлерін тиімді қолдануын, сабақ соңында кері байланыс алуын қадағалап отырдым. Алғашқы өткізген сабағында «Қыдырымпаз сұрақтар» айдарымен доп лақтыру ойынын өткізді. Онда оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып жауап беріп жатты. Бірақ, сәтті өтті деп айта алмаймын. Оқушылар допты қағып ала алмай , жерге түсіріп алып біраз уақытты жоғалтты. Тәлім алушы оқушылардың жас ерекшелігін ескермегені байқалды. Бұл ойын негізінде 5-6-сынып оқушыларына сай қолдануға болатындығын айтып өттім сабақты талдау барысында. Сонымен қатар, топ басшысына берілген бағалау парағын ұмыт қалдырды, топтық тұжырымдама жасау сәтінде бір-екі оқушы мүлдем топтық жұмысқа араласпай отырды. Әрбір сабағынан кейін тәлім алушыммен бірге сабақты талқыладық. Сұхбат барысында кеткен кемшіліктер мен жетістіктеріне тоқталып отырдым. Келесі сабақты жақсартуға, табысты өткізуге калай қол жеткізуге болатындығын сұрай отырып, оның пікірімен санасып отырдым.Сол кезде ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, өз бетінше ізденуді үйрене бастады. «Келесі сабақта  былай жасасақ бола ма?» деген сияқты ұсыныс-пікірлер білдіре бастады. Бұл үдерістен мұғалімнің ойы өзгере бастағанын байқадым.Меруерттің сабақты жоспарлау, ұйымдастыру шеберлігі, келесі сабақтарыныда көріне бастады. Дегенмен, сабақ барысында тәлім алушым жабық сұрақтарды көп қолданды. Тәлім алушым алғашқы сабақтарында жоспарда қамтылған тапсырмаларды қамтып үлгере алмай қалам-ау деген ойменен сабақ барысында асығысқық  танытып жүрді. Бірте-бірте топтық сабақтарға оқушылар да мұғалімде үйрене бастады ма, жоспарда қамтылған тапсырмалар өз орнымен дұрыс өтілді. Мен сабақтарды талдау барысында «Сабағыңызға қатыстырғаныңызға рахмет. Сіздің пікіріңізше сабақ жақсы өтті ме? Мақсатыңызға жеттіңіз бе? Сізге тақырыпты оқушыларға меңгертуде қандай әдіс-тәсілдер көбірек көмектесті. Жасаған жоспарыңыз  сізге қаншалықты көмегін тигізді?» деген сұрақтар коя отырып, өзінің жіберген қателіктерін ой елегіген өткізуге мүмкіндік беріп отырдым. Сұхбат барысында тәлім алушыма оқушыларға мүмкіндігінше ашық сұрақтар койып отыруға кеңес бердім.  Тәлім алушым зерттеу нәтижесінде байқағаным сабақты бұрынғыдай  өзі  түсіндірмей, оқушылардың өздері түсіну үшін жағдай жасау керектігін ұғынды. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойланып жауап беруі үшін түрткі сұрақтардың маңыздылығын түсінді.

Тәжірибелік кезеңде тәлім алушыммен күннен –күнге жақын араласып, дос болып кеттік. Ол алғашында менен қатты сескенетін.Уақыт өте келе, кәсіби достығымыздың арқасында ол мені  сыншыл дос ретінде қабылдады. Осы себепті де болар біздің кәсіби қарым-қатынасымыз нығая түсті. Тәлім алушымның заманауи мұғалім болуына, оның кәсіби құзіреттілігінің дамуына дұрыс бағыт бере алдым деп ойлаймын. Бір айдың ішінде  оның ойын түбегейлі өзгертім деп мақтанбай ақ қояйын.Бірақ  оның «өзгеруім керек» деген шешім шығаруына көп ықпал жасағанымның өзі мен үшін үлкен жетістік.

Алдағы уақытта оқушылардың сыни ойлап дұрыс шешім қабылдай алуына , проблеманы шешу жолында бірнеше баламалы идея қалыптастыруға, дәлелді қорытынды шығаруды мақсат ете отырып, белсенді әрі тиімді әдіс-тәсілдерді сабақтарыма енгіземін. Болашақта сыни пікір –көзқарастары  жүйелі дамыған,сандық технологияларда құзырлылық танытатын , алған білімін келешек өміріне жарата алатын  басекеге қабілетті тұлғаларды дайындап шығарамын. Диалогтік оқыту арқылы  келешекте оқушылардың сұрақ кою дағдыларын дамытамын.Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау мен жас ерекшеліктер модулін ықпалдастыра отырып,оқушы үнін жандандыруды қолға аламын.

     

 

 

 

      

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рефлексия на тему "Кері байланыс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 304 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.09.2016 2316
    • DOCX 32.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахмет Нурхат Бижанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахмет Нурхат Бижанович
    Ахмет Нурхат Бижанович
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 14045
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 121 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс профессиональной переподготовки

Итальянский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель итальянского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 124 человека

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 631 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 185 человек