Инфоурок Биология Другие методич. материалыРефлективті есеп "майлар, көмірсулар"

Рефлективті есеп "майлар, көмірсулар"

Скачать материал

Рефлективті есеп

«Көмірсулар, майлар, нәруыздар»

Бұл сабақтың ұйымдастыру кезеңін сыныптағы психологиялық ахуалды реттеумен бастадым. Оқушыларға олардың беретін жауаптарының дұрыс болатынын, өз ойларын бүкпей ашық айтуды ұсындым. Сыныпты өсімдік  түрлерін таңдау арқылы екі топқа бөлдім. Өсімдік түрлерін ұсынған себебім, оқушылар сабақ соңында өздері таңдаған өсімдіктерден көмірсу, май немес нәруыз алынатынын түсіндіру.

Жаңа сабақты бастамас   бұрын «Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексердім. Мұнда оқушыларға доп лақтыру арқылы өзім сұрақ қоям. Ұстап алған оқушы жауап береді, ары қарай оқушылар өздері жалғастырады.

Сабақтың қызығушылықты ояту кезінде «Миға шабуыл» әдісін қолдандым. Бұл жерде оқушылар менің қойған сұрақтарыма жауап берді. Сұрақ-жауап тәсілі бойынша олардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытамын, әрі жаңа сабаққа деген ынталарын оятамын. Сұрақтар  оқуышлардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту барысында Александердің тәжірибесінде зерттеген диалогының бес түрінің бірі талқылауды жүзеге асырды. Оқушылар диолог арқылы сұрақты дұрыс, нақты қойып үйренеді және сұраққа ғылыми тілде жауап беруге жаттығады.

Одан кейін «М-М-М» кестесін толтырды.

 

Мен нені білемін

Мен нені білгім келеді

Мен нені білдім

 

 

 

Бұл әдіс оқушылардың мәтінмен таныспай тұрып, не білетіндерін еске түсіру, мәтінмен танысу барысында немесе оқығанда нені білгенін, сабақ соңында қорытынды, бағандардың мазмұнын салыстыру үшін қолданылады.

Одан оқушылар «ЖИГСО» әдісі арқылы бір-біріне жаңа сабақты меңгертеді. Ынтымақтастыққа жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

«Лездеме» тәсілі кезінде тақтаға 1 оқушы шығып, конветтегі бір кілт сөзді алып атын атамай түсіндіреді. Қалған оқушылар ол сөзді табады. Сөзді тапқан оқушы конветтен сөзді алып ары қарай жалғастырады. Оқушылар сол сөздердің анықтамасын дәптерлеріне жазып, жауап бере отырып, Карл Роджерстің «мен» тұжырымдамасының жетістікке жету және түсіну сезімін жүзеге асырды. Бұл әдіс арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға болады.

Рефлексия кезеңін оқушыларға «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы аяқтадым. Флейвеллдің (1976) метатануының үш өлшемінің бірі оқушы  білім алу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын түсінеді деген қағаидасын орындай отыра, оқушылар өздерінің алған әсерлерін стикерлерге жазып, жапсырды. Бұл әдіс оқушылардың сабақтан алғандарына тағы бір мәрте есеп беру үшін керек. Осы арқылы оқушының не білгенін, нені білгісі келетінін білу үшін ұстазға көмек және мұғалімдер келесі сабақта жіберген қателерін қайталамауға, немесе келесі сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Сабақты бағалауды оқушылар өздері жүргізді. Алдын-ала әр топ өздеріне консультант тағайындай келе, Выготскийдің айтуы бойынша(ЖАДА)  оқушылар нақты мақсаттарды көздеп, қарым-қатынас нәтижесінде ойлау мен сөйлеу дағдыларын дамытты. Сол консультанттар өздеріне сыни тұрғыда баға беріп, сабақтың қорытындысын шығарды.  Мұндай бағалау оқушылардың шынайы білімін білуге, бір-бірінің пікірімен санасуға, шыншылдыққа, адалдыққа тәрбиелейді.

Бұл сабақтан түйгенім: Оқушыларды бір-біріне бағалату арқылы сыныптағы ұйымшылдықты, сыйласымдықты, өзгенің пікірімен санасуды қалыптастыруға болады.

 

Рефлективті есеп

«Жүйке жүйесінің білімдері»

Бұл сабақтың ұйымдастыру кезеңін сыныптағы психологиялық ахуалды реттеумен бастадым. Сыныпты асықтың түрлерін таңдату  арқылы екі топқа бөлдім. Асықты алған себебім, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу.

Үй тапсырмасын «Кім жылдам» әдісі бойынша сұрақ-жауап ретінде тексердім. Одан кейін биологиялық диктантты орындады.

Жаңа сабақты «Ой шақыру» әдісі бойынша сұрақтар қоюдан бастадым. Бұл жерде оқушылардың бұрын білетіндерін өмірмен байланыстыра алу қабілеті сыналды.

Мағынаны ашу кезеңінде оқушылар шағын үш топқа бөлінді:

1.     «Сілтеме табушылар»-Жұлынның қызметі мен құрылысы туралы мәтіннен жаңа ұғымдарды тауып, түсіндіреді

2.     «Баяндаушы топ»-Жұлынның қызметі туралы флипчартпен қорғады

3.     «Ізденуші топ»- Жұлынның құрылысы туралы қосымша ақпараттар берді.

Бұл тапсырманы Мерсердің (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады деген тұжырымын  оқушылар топ арасында үш шағын топқа бөлініп жұмыс істеу арқылы жүзеге асырды.

Одан кейін тақтада ұжымдасып кесте толтырды. Ұжымдық тапсырмадан кейін оқушылар жеке жұмыс істеді. Осы тапсырма арқылы оқушылар Шанк пен Циммеранның (1994) өз бетінше жұмыс істеу метатанымын жүзеге асырды.

Сабақтың ой толғаныс кезеңінде талантты оқушылар  Джон Дью мен Дональд Шонның рефлективті білім берудің мәнмәтінінде мәселелерді мойындап, бұл мәселелерді шешудің тиімді құралдарын іздеу дағдыларын жүзеге асыра отырып, постер қорғады.

Сабақтың рефлексия бөлімінде оқушылар «сабақтың маған әсер еткен тұсы, оған менің көзқарасым» деген стикер толтырды. Бұл әдіс оқушылардың сабақтан алғандарына тағы бір мәрте есеп беру үшін керек. Осы арқылы оқушының не білгенін, нені білгісі келетінін білу үшін ұстазға көмек және мұғалімдер келесі сабақта жіберген қателерін қайталамауға, немесе келесі сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Сабақ соңында екі топ бір-бірін табыс өлшемдері арқылы бағалады.

Алдыңғы сабаққа қарағанда оқушылар өздеріне  сыни тұрғыда бағаның шынайы, әділ беріліп жатқанына үйрене бастаған сияқты. Өздерінің кемшіліктеріне өздері мойынсұнып, оны болдырмауға тырысып жатыр.

Бұдан кейін оларға алған бағаларына сай тәттілер тараттым. Олар алған тәттілеріне сипаттама бере кетті. Мұндағы мақсатым кез келген оқушы еңбегіне қарай бағаланатынын және де әркім ең тәтті, әрі жұмсақ кәмпитті өз еңбектерімен таба алатындарын көрсеткім келді. Мақсатым оқушыларды өз бетімен ізденуге, табысқа жету үшін ізденпаз болуға жетелеу.

Бұл сабақтан түйгенім: Оқушыларды бір-біріне бағалату арқылы сыныптағы ұйымшылдықты, сыйласымдықты, өзгенің пікірімен санасуды қалыптастыруға болады.

 

 

 

 

 

 

Рефлективті есеп

«Зат алмасу, энергия алу типтері»

Бұл сабақтың ұйымдастыру кезеңін сыныптағы психологиялық ахуалды реттеумен бастадым. Сыныпты «Кел, жұптасайық» әдісі бойынша тақырыпқа сай суреттердің екінші жартысын табу арқылы, екі топқа бөлдім. Бұл суреттерді алу себебім, сабақ соңында оқушылар осы суреттерді бүгінгі тақырыппен байланыстырып түсіндіреді.

Қызығушылықты ояту кезінде оқушыларға визуалды тапсырмалар, әр түрлі суреттер таратты. Сол суреттерді талқылау отырып, оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері ашады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың ойлау, салыстыру, тұжырымдау қабілеттері арттады.

Мағынаны ашу кезеңінде оқушылар өздерінің зат алмасу, энергия алу тақырыбы бойынша не білетіндерін жазып, қорғап шықты. Мұндай кластермен жұмыстар оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, ойындағысын жинақтап, дұрыс жеткізе білуге жетелейді деп санаймын.

Оқушылар одан кейін Венн диаграммасын толтырды. Сыни тұрғыдан ойлаудың  бір әдісі - Венн диаграммасын қолдану оқушылардың ойлау, салыстыру қабілеттерін дамытады.

«Кубизм» әдісі бойынша сабақатан түсінгендерін сұрадым. Мерсердің (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады деген тұжырымын  оқушылар топ арасында үш шағын топқа бөлініп жұмыс істеу арқылы жүзеге асырды. Әр топқа кубиктің қай жағын орындату керектігін білу үшін, мен оларға кубикті айналдыруды ұсындым. Әр топтан бір оқушы шығып, кубикті айналдырды, кубикте қай сан шықса, оқушылар сол тапсырманы орындады. 

Сабақта кубиктің макетін қолданған себебім, оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыру мақсатым еді.

Сабақтың ой қозғау бөлімінде  «Су» тақырыбына синквейн құрастыру әдісін қолдандым.

Синквейн жазу ережесі:

1-бір сөз, зат есім

2-екі сөз, сын есім

3-үш сөз, етістік

4-төрт сөз, мағынасына байланысты

5-бірінші сөздің синонимі

Осы тапсырма арқылы оқушылар Шанк пен Циммеранның (1994) өз бетінше жұмыс істеу метатанымын жүзеге асырды. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі. Бұл әдісті жиі қолдану арқылы оқушының әдебиетке, жазушылыққа деген қабілеттерін ашуға болады деп есептеймін.

Рефлекция бөлімінде «жедел хат» әдісін қолдандым. Оқушылар бүгінгі сабақтан алғандарын жедел хат арқылы бір-біріне жазады, білгендерімен бөліседі, сабақты қорытындылайды. Осы әдіс арқылы оқушының тез ойлану, жауапты нақты, қысқа қайыру, алған білімін талдай білуге жетелейміз.

Бағалауда оқушылар бір-бірін бағалады. Бұндай бағалаулар оқушыларды пікір айтуға, өзгенің пікірімен яғни бағалауымен келісуге жетелейді.

Бұл сабақтан түйгенім: Сыни тұрғыдан ойлау модулінің әдіс-тәсілдерін қолдану, оқушыны еркіндікке, өз ойларын анық жеткізуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өзгелердің пікірімен санасып, өздеріне әділ баға бере білуге жетелейді.

 

 

Рефлективті есеп

«Зат алмасу, энергия алу типтері»

 

Бұл сабақтың ұйымдастыру кезеңін сыныптағы психологиялық ахуалды реттеумен бастадым. Сыныпты «Тәтті кәмпит» әдісі бойынша  екі топқа бөлдім. Бұл  тәттілерді алу себебім, оқушылардың сабаққа деген зейінін арттыру.

Қызығушылықты ояту кезінде оқушыларға визуалды тапсырмалар, әр түрлі суреттер таратты. Сол суреттерді талқылау отырып, оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері ашады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың ойлау, салыстыру, тұжырымдау қабілеттері арттады.

Мағынаны ашу кезеңінде оқушылар өздерінің зат алмасу, энергия алу тақырыбы бойынша не білетіндерін жазып, қорғап шықты. Мұндай кластермен жұмыстар оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, ойындағысын жинақтап, дұрыс жеткізе білуге жетелейді деп санаймын.

Ой толғаныс кезеңінде оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша АКТ пайдаланып ізденіс жұмыстарын қорғады. Оқушылар Фирманның (1998)  ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерінің бірі ақпараттарды біліп қана қоймай, оны пайдалана алатынын жүзеге асырды. Мұндай жұмыстар оқушылардың ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, сондай-ақ олардың болашақ мамандықты таңдауына жол сілтейді.

       Оқушылар одан кейін Венн диаграммасын толтырды. Сыни тұрғыдан ойлаудың  бір әдісі - Венн диаграммасын қолдану оқушылардың ойлау, салыстыру қабілеттерін дамытады.

Рефлекция бөлімінде «Шығу парағы» стратегиясын қолдандым. Оқушылар мұнда сабақтан алған білімдерін қысқша жаза отырып, сабақты қорытындылайды.

Бағалауды топта оқушылар өздері сайлаған консультант арқылы жүргізді. Оқушыларды бағалаушы ретінде қою арқылы оқушыларды өздеріне сыни тұрғыдан баға бере білуге дағдыландырамыз.

Бұл сабақтан түйгенім: Сабақты түрлендіріп, АКТ-ны қолданып өткізу арқылы, оқушының жан-жақты дамуына, терең білім алуына негіз боламыз. АКТ-ны жиі пайдалану арқылы оқушының қызығушылығын, бір нәрсені білуге деген ынтасын, шығармашылық, ізденушілікпен жұмысты өз бетімен орындау қабілеттерін дамытамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлективті есеп

«Жүректің жұмысы»

 

Бұл сабақтың ұйымдастыру кезеңін сыныптағы психологиялық ахуалды реттеумен бастадым. Сыныпты «Кел, жұптасайық» әдісі бойынша тақырыпқа сай суреттердің екінші жартысын табу арқылы, екі топқа бөлдім. Бұл суреттерді алу себебім, сабақ соңында оқушылар осы суреттерді бүгінгі тақырыппен байланыстырып түсіндіреді.

Үй тапсырмасын «Кім жылдам» ойынын қолдана отырып,  сұрақ-жауап арқылы сұрадым. Сұрақ-жауап тәсілі бойынша олардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытамын, әрі жаңа сабаққа деген ынталарын оятамын. Сұрақтар  оқуышлардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту барысында Александердің тәжірибесінде зерттеген диалогының бес түрінің бірі талқылауды жүзеге асырды. Оқушылар диолог арқылы сұрақты дұрыс, нақты қойып үйренеді және сұраққа ғылыми тілде жауап беруге жаттығады.

Одан кейін дәптерге кесте толтырды.

Қызығушылықты ояту кезеңінде «Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып, сұрақтарды өмірмен байланыстыра қойдым. Оқушылар ойланып жауап беру арқылы Александердің тәжірибесінде зерттеген диалогының бес түрінің бірі талқылауды жүзеге асырды.

Мағынаны ашу кезеңінде оқушылар кластер қорғады. Кластермен жұмыстар оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, ойындағысын жинақтап, дұрыс жеткізе білуге жетелейді деп санаймын.

Үлестірме қағаздардағы тапсырмаларды топпен орындады. Мұндай топтық жұмыстар оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа жұмылдырады.

«Сәйкестік тестісін» оқушылар жұпта орындады. Жұптық жұмыстар оқушылардың бір-біріне деген сенімдерін арттырумен қатар Фирманның (1998)  ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерінің бірі ақпараттарды біліп қана қоймай, оны пайдалана алатынын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ой қозғау кезеңінде оқушылар Венн диаграммасын толтырып, қорғады. Венн диаграммасын қолдану оқушылардың ойлау, салыстыру қабілеттерін дамытады.

Рефлекция кезеңінде «Жүректен-жүрекке» әдісін қолдандым. Оқушылар қолдарына берілген кішкене жүрекшелерге бір-біріне деген тілектерін жазып, одан үлкен жүрек шығарады. Мұндағы мақсатым оқушыларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке жетелеу.

Бағалауды оқушылар өзін-өзі бағалаумен аяқтады. Оқушыларға өзін-өзіне бағалату өзінің шынайы білімін білуге, бір-бірінің пікірімен санасуға, шыншылдыққа, адалдыққа тәрбиелейді.

 Бұл сабақтан түйгенім: Оқушыларға жеке жұмыс, жұптық тапсырмаларды беру арқылы оларды ізденуге, Выготскийдің айтуы бойынша (ЖАДА)  оқушылар нақты мақсаттарды көздеп, қарым-қатынас нәтижесінде ойлау мен сөйлеу дағдыларын дамытамыз.

 

 

 

 

 

 

 

Рефлективті есеп

«Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері»

 

Бұл сабақтың ұйымдастыру кезеңін сыныптағы психологиялық ахуалды реттеумен бастадым. Сыныпты «Кел, жұптасайық» әдісі бойынша тақырыпқа сай суреттердің екінші жартысын табу арқылы, екі топқа бөлдім. Бұл суреттерді алу себебім, сабақ соңында оқушылар осы суреттерді бүгінгі тақырыппен байланыстырып түсіндіреді.

Қызығушылықты ояту кезінде оқушыларға визуалды тапсырмалар, әр түрлі суреттер таратты. Сол суреттерді талқылау отырып, оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері ашады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың ойлау, салыстыру, тұжырымдау қабілеттері арттады.

Мағынаны ашу кезеңінде  инсерт әдісін қолдандым.

Y-маған белгілі

+-білемін

-естігенім бар

?-мен үшін жаңа

Бұл жерде оқушылар оқулықпен жұмыс істей отырып, өздерінің белгілеулеріне сәйкес белгілерді қойып отырады. Оқушыларға бірден оқи отырып, талдау жасауға мүмкіндік береді.  Осы тәсіл аналитикалық ойды дамытады, материалды түсінгенін қадағалаудың құралы болып табылады.

Одан кейін оқушылар «Тіршілік үшін күрес» тақырыбына ассоциация құрып, қорғады. Мұндай топтық жұмыстар оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа жұмылдырады.

Ой қозғау кезеңінде оқушылар кесте толтыра отырып, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту барысында Александердің тәжірибесінде зерттеген диалогының бес түрінің бірі талқылауды жүзеге асырды.

Ары қарай Венн диаграммасын толтырып, қорғады. Венн диаграммасын қолдану оқушылардың ойлау, салыстыру қабілеттерін дамытады.

Рефлекция кезеңінде «Сиқырлы таяқша» стратегиясын қолдандым. Бұл жерде оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін бір сөйлеммен қорытындылау қажет. Осы әдіс арқылы оқушының тез ойлану, жауапты нақты, қысқа қайыру, алған білімін талдай білуге жетелейміз.

Бағалауды критерийлер арқылы оқушылар өздері сайлаған консультанттар жүргізді. Оқушыларды бағалаушы ретінде қою арқылы оқушыларды өздеріне сыни тұрғыдан баға бере білуге дағдыландырамыз.

Бұл сабақтан түйгенім:  Сыни тұрғыдан ойлау әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушыларды шынай сөйлеуге, тұжырымдарын нақты қысқа қайыруға, өзгенің сенімін ақтауға,  алған білімін талдай білуге жетелейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлективті есеп

«Өзгергіштік және оның түрлері»

 

Бұл сабақтың ұйымдастыру кезеңін сыныптағы психологиялық ахуалды реттеумен бастадым. Сыныпты «Кел, жұптасайық» әдісі бойынша тақырыпқа сай суреттердің екінші жартысын табу арқылы, екі топқа бөлдім. Бұл суреттерді алу себебім, сабақ соңында оқушылар осы суреттерді бүгінгі тақырыппен байланыстырып түсіндіреді.

Қызығушылықты ояту кезінде оқушыларға визуалды тапсырмалар, әр түрлі суреттер таратты. Сол суреттерді талқылау отырып, оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері ашады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың ойлау, салыстыру, тұжырымдау қабілеттері арттады.

Мағынаны ашу кезеңінде  инсерт әдісін қолдандым.

Y-маған белгілі

+-білемін

-естігенім бар

?-мен үшін жаңа

Бұл жерде оқушылар оқулықпен жұмыс істей отырып, өздерінің белгілеулеріне сәйкес белгілерді қойып отырады. Оқушыларға бірден оқи отырып, талдау жасауға мүмкіндік береді.  Осы тәсіл аналитикалық ойды дамытады, материалды түсінгенін қадағалаудың құралы болып табылады.

Одан кейін оқушылар «өзгергіштік» тақырыбына ассоциация құрып, қорғады. Мұндай топтық жұмыстар оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа жұмылдырады.

Ой қозғау кезеңінде оқушылар кесте толтыра отырып, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту барысында Александердің тәжірибесінде зерттеген диалогының бес түрінің бірі талқылауды жүзеге асырды.

Ары қарай Венн диаграммасын толтырып, қорғады. Венн диаграммасын қолдану оқушылардың ойлау, салыстыру қабілеттерін дамытады.

Рефлекция кезеңінде «Сиқырлы таяқша» стратегиясын қолдандым. Бұл жерде оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін бір сөйлеммен қорытындылау қажет. Осы әдіс арқылы оқушының тез ойлану, жауапты нақты, қысқа қайыру, алған білімін талдай білуге жетелейміз.

Бағалауды критерийлер арқылы оқушылар өздері сайлаған консультанттар жүргізді. Оқушыларды бағалаушы ретінде қою арқылы оқушыларды өздеріне сыни тұрғыдан баға бере білуге дағдыландырамыз.

Бұл сабақтан түйгенім:  Сыни тұрғыдан ойлаудың бір әдісі визуальды тапсырмаларды беру арқылы оқушылардың елестету, салыстыру және талдау қабілеттерін дамыту арқылы оқыту. Визуальды тапсырмаларды бере отырып, оқушылардың  Карл Роджерстің «мен» тұжырымдамасының жетістікке жету және түсіну сезімін жүзеге асырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлективті есеп

«Ұрықтың дамуы»

 

Бұл сабақтың ұйымдастыру кезеңін сыныптағы психологиялық ахуалды реттеумен бастадым. Сыныпты «Кел, жұптасайық» әдісі бойынша тақырыпқа сай суреттердің екінші жартысын табу арқылы, екі топқа бөлдім. Бұл суреттерді алу себебім, сабақ соңында оқушылар осы суреттерді бүгінгі тақырыппен байланыстырып түсіндіреді.

Қызығушылықты ояту кезеңінде «Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып, сұрақтарды өмірмен байланыстыра қойдым. Оқушылар ойланып жауап беру арқылы Александердің тәжірибесінде зерттеген диалогының бес түрінің бірі талқылауды жүзеге асырды.

Мағынаны ашу кезеңінде оқушылар кластер қорғады. Кластермен жұмыстар оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, ойындағысын жинақтап, дұрыс жеткізе білуге жетелейді деп санаймын.

 «Сәйкестік тестісін» оқушылар жұпта орындады. Жұптық жұмыстар оқушылардың бір-біріне деген сенімдерін арттырумен қатар Фирманның (1998)  ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерінің бірі ақпараттарды біліп қана қоймай, оны пайдалана алатынын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ары қарай биологиялық диктантты дәптерде орындады. «Суреттер сыр шертеді» кезеңінде оқушылар тақтадағы суреттерді талдай отырып, Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесудің үш түрінің бірі зерттеушілік әңгімені жүзеге асырды.

Ой қозғау кезеңінде оқушылар слайдтардың түстеріне орай тапсырмаларды орындайды, сұрақ қою арқылы оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдеріне оралу, ойға салу, дұрыстығын қабылдау, толығырақ жауап беруге итермелей отырып, Мерсердің (1995) сұрақ қоюдың үш түрінің бірі түрткі болуды қолдандым.

Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі.

Рефлекция кезеңінде «Жүректен-жүрекке» әдісін қолдандым. Оқушылар қолдарына берілген кішкене жүрекшелерге бір-біріне деген тілектерін жазып, одан үлкен жүрек шығарады. Мұндағы мақсатым оқушыларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке жетелеу.

Оқушыларды формативті бағалау арқылы бағаладым.

Бұл сабақтан түйгенім:  Сабақта шығармашылық тапсырмаларды қолдану оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға көп септігін тигізетініне көз жеткіздім. Әр топ жеңіске жету үшін ұмтылады, сол топты өрге сүйрер-көшбасшы оқушыларды осындай сабақтар арқылы анықтауға болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлективті есеп

«Экологияға кіріспе»

Бұл сабақтың ұйымдастыру кезеңін сыныптағы психологиялық ахуалды реттеумен бастадым. Сыныпты  тақырыпқа сай суреттер арқылы, екі топқа бөлдім. Бұл суреттерді алу себебім, сабақ соңында оқушылар осы суреттерді бүгінгі тақырыппен байланыстырып түсіндіреді.

Қызығушылықты ояту кезеңінде «Сұрақты ұстап ал» әдісін қолдандым. Оқушылар интербелсенді тақта арқылы берілген жауаптарға сұрақтар қояды. Мұндай әдіс оқушылардың тез ойлануын, білетіндерінен жылдам қорытынды жасауға үйренеді. Джон Дью мен Дональд Шонның рефлективті білім берудің мәнмәтінінде мәселелерді мойындап, бұл мәселелерді шешудің тиімді құралдарын іздеу дағдыларын жүзеге асырады.

Мағынаны ашу кезеңінде  инсерт әдісін қолдандым.

Y-маған белгілі

+-білемін

-естігенім бар

?-мен үшін жаңа

Бұл жерде оқушылар оқулықпен жұмыс істей отырып, өздерінің белгілеулеріне сәйкес белгілерді қойып отырады. Оқушыларға бірден оқи отырып, талдау жасауға мүмкіндік береді.  Осы тәсіл аналитикалық ойды дамытады, материалды түсінгенін қадағалаудың құралы болып табылады.

Одан кейін 1-топ «Қазақстандағы экологиялық жағдайлар», 2-топ «Әлемдегі экологиялық жағдайлар» деген тақырыпты қорғау мақсатында постермен жұмыс жасады. Осы тақырып бойынша презентация жасап, қорғады. Мұндай топтық жұмыстар оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа жұмылдыра отырып, Выготскийдің айтуы бойынша (ЖАДА)  оқушылар нақты мақсаттарды көздеп, қарым-қатынас нәтижесінде ойлау мен сөйлеу дағдыларын дамытты.

Ой қорыту кезеңінде «Ыстық орындық» әдісін қолдандым. Мұнда тақтаға 1 оқушы шығып, орындыққа отырады, қалған оқушылар сұрақ қояды. Орындытағы оқушыда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса күйіп кетемін деген қауіп болады. Мұндай әдістер оқушыларды жеңілмеуге, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге деген сенімдерін қалыптастырады. Карл Роджерстің «мен» тұжырымдамасының жетістікке жету және түсіну сезімін жүзеге асырады.

Рефлекция кезеңінде «Бас бармақ» әдісін қолдандым. Мұнда оқушылар сабақтан алған әсерлерін басбармақтарын көрсету арқылы білдіреді. Егер басбармақ жоғары қараса сабақты түсінгені, көлденең қараса жетік меңгермегені, төмен қараса түсінбегендерін білдіреді. Мұндай әдістер оқушыларды өздері баға беруге, ойын ашық жеткізуге жетелейді.

Бағалауды критерийлер арқылы жұлдызшалар беру арқылы бағаладым.

Сабақтың кері байланыс кезеңінде оқушылар өздері түсінбеген сұрақтарын жазып қорапқа салды. Флейвеллдің (1976) метатануының үш өлшемінің бірі оқушы  білім алу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын түсінеді деген қағаидасын жүзеге асырды.

Бұл сабақтан түйгенім:  Сыни тұрғыдан ойлау модулінің әдіс-тәсілдерін қолдану, оқушыны еркіндікке, өз ойларын анық жеткізуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өзгелердің пікірімен санасып, өздеріне әділ баға бере білуге жетелейді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рефлективті есеп "майлар, көмірсулар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2015 1070
    • DOCX 90 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дукейхан Еркежан Дукейхан. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дукейхан Еркежан Дукейхан
    Дукейхан Еркежан Дукейхан
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13575
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 513 человек

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе