Инфоурок Другое Другие методич. материалыРеспубликалық біріңғай «Жас Ұлан» « Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының "Мемлекеттік тіл- менің тілім" атты салтанатты қабылдауы

Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» « Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының "Мемлекеттік тіл- менің тілім" атты салтанатты қабылдауы

Скачать материал

№169  мектеп-лицейінде өткізілетін «Жас Ұлан»   «Жас Қыран» Республикалық  біріңғай жастар мен жасөспірімдердің ұйымына қабылдау және өзін-өзі басқару ұйымы бойынша мектептің ұланбасы сайлауының салтанатты жиынының

С Ц Е Н А Р И Й І

Өтетін орны: №169 мектеп-лицейінің АКТ залы
          Басталуы : сағат  12.00

Безендіру: АКТ залы ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді.
Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.

Жүргізушілер:

1-жүргізіуші:_Чакмак Нурбек

2-жүргізіуші:   Ережепова Алтынай

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!Біз бүгін салауатты өмір салтын ұстанатын, өзгерістерде қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші:

Сап түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының гимні орындалсын!

Әнұран:

1-жүргізуші:

Қазақстан туған Отан,алтын бақ

Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап

Қазақстан көпті көрген қария

Қазақстан мейірбанды жерім қымбат

Тауымыз бар тәңір татқан шынымен

Ұл қызы бар даламыз бар кенінен

Алдарына басымды иіп өр халқым

2-жүргізуші:

Биылғы жылы  алып шахар Алматы қаласына  -1000 «Тәуелсіздігіміздің -25 жылдығы»  

1-жүргізуші

Тәуелсіздік –бабалардың ұраны

Бұл уақытта бойға таққан тұмары

Жастарымыз өмір сүріп жаңаша

Нұрын шашты Тәуелсіз күн шуағы

2–жүргізуші

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату –тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

1–жүргізуші    

 «Мәңгілік ел, тәуелсіз  Қазақстан жасасын»

 (ЕРЕКШЕ ДАУЫСПЕН ОҚЫ)                                     

2–жүргізуші    

баршанызды осы айтулы мерекелерінізбен құттықтай отырып

 «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты салтанатты жиынымызды бастауға рұқсат етініздер.

Өнерпаздар жарысып сан - салалы,                                                                              Жиын десе, той десе жан салады.                                                                             Салтанатты жиынның  құрметіне,                                                                     Әуелеген әсем ән жолданады –дей келе әсем әнеге кезек берейік Мектебіміздің әнші ұлдары Байсерке Бақдаулет-Байсерке Шерханның орындауында «Алға-Қазақстан» әнін қарсалыңыздар

1-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын қонақтары:

1.Мектеп-лицейінің директоры- Бекенова Гүлжан Мырзалықызы

2. Мектеп-лицейінің директорының оқу ісі жөніңдегі орынбасарлары: Искакова Динара, Наркулова Сайера

3. Мектеп-лицейінің директорының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасарлары- Исимова Жанылсын, Тоқтарқызы Дариға

4.Мектеп инспекторы: Жеңіс Арайлым

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен 2011 жылы 6 шілдеде Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қауымның бірлестігі құрылды.

1- жүргізуші:

Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау және өзін-өзі басқару ұйымы бойынша мектеп «Ұланбасын»  сайлау рәсімінде куә болып отырсыздар  Оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:

«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:

Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

1- жүргізуші:

Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

2-жүргізуші:

Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.

1-жүргізуші:

Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

2-жүргізуші:

Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

1-жүргізуші:

Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал.

Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.

2-жүргізуші:

Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші

1- жүргізуші:

Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

2- жүргізуші:

Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

1- жүргізуші:

Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.

2-жүргізуші: Бүгінгі таңда аудандық, облыстық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген «Жас Ұлан» балалар ұйымының белсенділерін ортаға шақырамыз!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)

Білімді -көкіректе нұр деп түсін,

Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.

Аталған мақсат талап ережені,

Орындауға бәрің де міндеттісің!

2-жүргізуші:

      Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
1-жүргізуші:  Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
2-жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа. Дей келе мектебіміздің әнші қыздары Боранбаева Аяулым Жұмабекова  Алтынайдың орындауында «Алматының Алмасы» әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
« Ұланбасы» мектебіміздің тірегі. (2 жүргізуші бірге)
 дей келе    « Ұланбасы» анықтау үшін  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Исимова Жаңылсын және Тоқтарқызы Дариға сөз кезегін береміз.

Ұланбасы:__Амангелдиев Азамат_

 

 (Ұланбасы» сөз кезегі беріледі»)

 

Қабылданған Жас Ұландықдар мен мектеп Ұланбасының,жас ұлан ұйымының белсенді мүшелерінің  құрметіне әсем әнеге кезек берейік.

............................................................................................................

 

2-жүргізуші:

          Жасұлан-жігерлі де жайдарлы ұйым,

          Төл  мерекең жыл сайын тойланды ұйым!

          Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға,

Жасұлан –жалынды ұйым, айбынды ұйым

1-жүргізуші: Құрметті «Жас ұлан» ұйымының мүшелері! «Жас Ұлан» ұйымына қабылдаңғандарыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматы болуға тілектеспіз. Мектебіміздің «Жас Ұлан»   «Жас Қыран» Республикалық  біріңғай жастар мен жасөспірімдердің ұйымына қабылдау және өзін-өзі басқару ұйымы бойынша мектептің ұланбасы сайлауының рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» « Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының "Мемлекеттік тіл- менің тілім" атты салтанатты қабылдауы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 515 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.11.2016 929
    • DOCX 25 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Камбарова Жадыра Рахымбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Камбарова Жадыра Рахымбаевна
    Камбарова Жадыра Рахымбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 62658
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой