Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын

библиотека
материалов

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі

Мектеп тәлімгері

Кулбатырова Айнур Маратовна


Тақырыбы: Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын

Мақсаты: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту, белсенді, ұйымшыл болуға, жаңа бастамаларды орындауға тәрбиелеу.

Фанфар!!!

1 – жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, ата – аналар және мектеп оқушылары! Баршаңызды ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, өздерінің білімімен, өнерімен, қабілетімен көзге түскен мектеп оқушыларын Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер.

2 – жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, ата – аналар және мектеп оқушылары. Еліміздің нағыз патриоттары, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін – өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы:

Мектеп оқушылары, түзеліп, тік тұрыңдар!

Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы енгізілсін.

(«Жас Ұлан» ұйымының Туы кіреді)

Әнұран орындалады

1 – жүргізуші: Салтанатты жиынға келіп отырған қонақтармен таныс болыңыздар.----------------------------------------1 – жүргізуші: 2011 жылдың 6 шілдесі күні «Елорда күніне» және Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырысымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Ұлан» деген атпен балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай ұйымын құрды.

2 – жүргізуші:

Балалар! Бүгін сіздер үшін қуанышты күн! Себебі сендер осы күнге дейін атқарып келген мейірімді істеріңіз бен қайырымды қадамдарыңызды «Жас Ұлан» ұйымында жалғастырып, тәуелсіз еліміздің болашағы үшін талай игі істер атқаратын боласыздар! Кең байтақ еліміздегі ұландар жұдырықтай жұмылып, болашақтың іргесін бірге қалайсыздар!

1 – жүргізуші:

Олай болса, «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыру үшін ортаға мектебіміздегі «Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелерін ортаға шақырамыз.

«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы:

Құрметті достар, сіздерді «Жас Ұлан» қатарына қабылдануларыңмен құттықтай отырып, «Жас Ұлан» ұйымымен қысқаша таныстырып өтейік

«Жас Ұлан» ұйымының мақсаты:

Өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық, білім мен өзін – өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына , Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

1 – оқушы:

«Жас Ұлан» ұйымының әрбір мүшесі:

Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата – анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.

3 - оқушы:

Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

Қазақ тілін еркін меңгеріп, елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт – дәстүрін жақсы білуге еңбектенетін болады.

4 – оқушы:

«Жас Ұлан» ұйымының мүшесі – Отанына адал және Отанының адал азаматы.


5 – оқушы:

«Жас Ұлан» ұйымының мүшесі – Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші.

6 – оқушы:

«Жас Ұлан» ұйымының мүшесі – батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

7 – оқушы:

«Жас Ұлан» ұйымының мүшесі – оқуда, еңбекте және спортта өжет те, қайсар.

8 – оқушы:

«Жас Ұлан» ұйымының мүшесі – шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.

«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы:

  • Жасұландықтар, бұл ұйым бізге не береді?

1 – оқушы: «Жас Ұлан» ұйымы бізді біріктіреді.

2 – оқушы: Өмірге бейімдейді.

3 – оқушы: Жақсы істерге шақырады, әлеуметтік қызметтерге араластырады.

  • Жас Ұландықтарды не біріктіреді?

1 – оқушы: Отанға, Атамекенге деген махаббат!

2 – оқушы: Өмірді жақсартуға, адамдарды бақытты етуге деген ұмтылыс.

3 – оқушы: Бір – бірімізді тыңдап, түсіне білуді және бірге жұмыс жасауды үйренуге деген құштарлық.

4 – оқушы: Білетінімізден артық білуге, қолымыздан келетін іс жасауға деген қажеттілік.

  • Жас Ұландықтарға не қымбат?

1 – оқушы: Ойларымен, қуаныш қайғыларымен адам қымбат.

2 – оқушы: Әрбір адам денсаулығы қымбат.

3 – оқушы: Туған табиғатымыз қымбат.

Ұланбасы: Азамат боп өсіңдер,

Білім қуған жасынан.

Биіктерге өрлей бер,

Қанатың талмай,

Бірге: Жас Ұлан!

(Сөз соңында оқушылар «ЖАС ҰЛАН» сөзін көрсетеді)


Ермекбаева Әсем және Нұржанова Әсемнің орындауында «Жас Ұлан» әні

2 – жүргізуші:

Білімді – көкіректе нұр деп түсін,

Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.

Аталған мақсат, талап, ережені,

Орындауға бәрің де міндеттісің!

«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы:

Құрметті Медет Жалғасұлы!

Қандыағаш қалалық № 4 орта мектебінің оқушыларын Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдауға рұқсат етесіз бе?

Мектеп директоры:

Рұқсат етемін.

«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы:

Мектеп оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымына қатарына кіруге дайынсыңдар ма?

Бәрі: Дайынбыз

1 – жүргізуші:

Құрметті қонақтар және мектебіміздің «Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданғалы отырған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук пен төсбелгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

(Әуен ойналып тұрады, келген қонақтар, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері оқушыларға галстук пен төсбелгі тағады)

«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы:

5 «В» класс оқушысы Айтуған Жансая Жәнібекқызы

«Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы мектеп оқушылары атынан ант беруге дайындал.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ

«Жас Ұлан»

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ АНТЫ


Мен 5 «В» класс оқушысы Айтуған Жансая

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебіндегі Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіргелі отырған оқушылар атынан ант беремін.



Біз, жас ұландар, Ұлы Қазақ елінің ар – намысты ұрпағымыз!

Бабалар дәстүрін құрметтеуге, Мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге;

Туған еліміз, жеріміз, Отанымызды мақтаныш етуге,

Ата – анамызды қадірлеп, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуге;

Оқуда озат, еңбекте адал болып;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты,

Отансүйгіш азаматы болуға салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

(Бір оқушы ант береді, қалғандары 3 рет «Ант етемін» деп қайталайды.)

«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы:

Ант қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы:

Жас ұландықтар, біздің ұранымыз:

Біздің ел Қазақстан,

Болашағы «Жас Ұлан»

2 – жүргізуші:

Құттықтау сөз мектеп директоры Шарипов Медет Жалғасұлына беріледі.

1 – жүргізуші:

Келесі құттықтау сөз қонақтарға беріледі.---------------------------------------------------------------------

Өмірқұлов Тілекқабылдың орындауында «Отаным Қазақстан» әні орындалады.

«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы:

Мектеп оқушылары, түзеліп, тік тұрыңдар!

Салтанатты жиыннан Қазақстан Республикасының Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы шығарылсын.

(«Жас Ұлан» ұйымының Туы шығарылады)

2 – жүргізуші: Құрметті оқушылар, «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің көк байрағын биікке көтеріп, тәуелсіздік туын әлемге танытатын ұлағатты ұландар болытындарыңа сенім мол!

1 – жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

2 – жүргізуші:

Осымен, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімін жабық деп жариялаймыз.

Қош, сау болыңыздар!

Краткое описание документа:

Мақсаты: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту, белсенді, ұйымшыл болуға, жаңа бастамаларды орындауға тәрбиелеу.Фанфар!!!1 – жүргізуші:  Қайырлы  күн  құрметті  қонақтар,  ұстаздар, ата – аналар  және мектеп оқушылары! Баршаңызды ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып,  өздерінің білімімен, өнерімен, қабілетімен көзге түскен мектеп оқушыларын  Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер.2 – жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, ата – аналар  және  мектеп  оқушылары. Еліміздің нағыз патриоттары, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін – өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін   «Жас Ұлан»  бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы:

Мектеп оқушылары,  түзеліп, тік тұрыңдар!

Салтанатты жиынға Қазақстан  Республикасының   «Жас Ұлан»  бірыңғай  балалар мен жасөспірімдер ұйымының  Туы енгізілсін.

(«Жас Ұлан» ұйымының Туы кіреді)

 

Әнұран орындалады 

Автор
Дата добавления 17.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров697
Номер материала 310699
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх