Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Рабочие программы / Құрылымдық материалдардың жіктелуі тақырыбына ашық сабақ әзірлемесі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Құрылымдық материалдардың жіктелуі тақырыбына ашық сабақ әзірлемесі

библиотека
материалов

Құрылымдық материалдардың жіктелуі.



Мақсаты:

Білімділік: Құрылымдық материалдар туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Метал түрлерімен қасиеттері жайлы және металдағы таңбаларды оқуды үйрету.

Тәрбиелік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Түсіндіру, сұрау.

Көрнекіліктер: Плакаттар, таңбалардың карточкалары, құрал түрлері.

Пәнаралық байланыс: химия.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.

Қолөнер шеберлерінің түрлерін ата. Үйші деген кім? Үй жиһаздарын ата. Токарь станогының құрылысын және жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережесін сұрау.

C:\Users\User1\Desktop\бб.jpg

1. Қашау жүзінің жұмысы.

2. Токарь станогының табаны қалай аталады?

3. Токарь станогының негізгі құралы?

4. Алдыңғы қыспақтың бөлшегін ата.

5. Алдыңғы қыспақтың бөлшегі.

6. Қыспақтар бекітілетін табан қалай аталады?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Құрылымдық материалдар - бұл машина тетіктерін, механизмнің, ғимраттарды және басқа технологиялық объектілерді дайындауға қолданылатын материалдар. Құрылымдық материалдар табиғатына қарай: металл, металл емес деп екіге бөлінеді. Металдар: қара және түсті металдар болып негізгі екі топқа бөлінеді.



C:\Users\User1\Desktop\Безымянный-1.jpg



























Технологиялық қолданылуына қарай: құйылған, пішіні өзгерген, пісірілген, қақталған деп бөлінеді.

Жұмыс жағдайына қарай: жылу ұстағыш, жылуға төзімді, тозуға төзімді және арнаулы деп бөлінеді.

Техникада 10000 нан астам металл қорытпалары қолданылады. Ондай қорытпалар алу үшін 40 тан астам химиялық элементтер пайдаланылады.

Қара металдар - бұл механизмдер, тетіктер, машиналар және басқа құрылымдар жасаудағы негізгі материалдар болып табылады. Қазіргі кезде дүниежүзінде өндірілетін барлық металдардың 94% -ын осы қара металдар құрайды. Табиғатта темір таза күйінде кездеспейді, оны қорыту арқылы алады. Қара металдың қасиетін өзгертуге әсер ететін негізгі элемент көміртек болып табылады. Қара металдар қорытпасының құрамындағы көміртектің үлесіне қарай: шойын және болат деп бөлінеді.

Шойын - темірдің көміртекпен 2,14% қорытпасы. Шойын ақ шойын және сұр шойын болып бөлінеді.

Болат - темірдің 2% көміртекпен және басқа элементтермен қорытпасы. Болатты ақ шойынды мартен, конвертер және электр пештерінде күйдіру арқылы алады.

Серпімділік қасиеттері жоғары болаттар машина және аспап жасау өндірісінде кеңінен қолданылады.

Болат химиялық құрамына қарай: көміртекті және қоспаланған деп екіге, қолданылуына қарай: құрылымдық, аспаптық және арнайы мақсатқа арналған деп үшке бөлінеді.

Көміртекті болаттың құрамында көміртек 0,7% - ға дейін болады. Қарапайым көміртекті болат Ст әрпімен және 0 - ден 6 - ға дейінгі цифрмен белгіленеді. Цифрлар өскен сайын маркада көміртектің үлесі арта түседі. Ст 0-ден Ст 2-ге дейінгі таңбалы болаттар жұмсақ және илемді болатқа жатады. Ст 3- тен Ст 6-ға дейінгі таңбалы болаттар қасиеті жағынан бірдей. Мұндай болаттардан біліктер, тісті доңғалақтар, рельстер жасалады.

Қоспаланған болаттың құрамында физикалық немесе химиялық қасиеттерді қамтамасыз ету үшін белгілі бір мөлшерде химиялық элементтер болады. Бұл элементтер қоспалаушы элементтер деп аталады. Болаттың бұл тобындағы негізгі қоспалық элементтер:



Элемент

Таңбалануы

Әсері

Никель

Н

Жемірілуге төзімділігі, беріктігі, илемділігі артады.

Хром

Х

Қаттылығы, жылуға төзімділігі және жемірілуге төзімділігі артады.

Вольфрам

В

Жоғары температурада шыдамдылығы және беріктігі бірден артады.

Кобальт

К

Беріктігі, жылуға төзімділігі артады, магниттік қасиеті артады.

Ванадий

Ф

Ұсақтүйіршікті құрылым береді, беріктігі және қаттылығы артады.

Марганец

Г

Қаттылығы, тозуға төзімділігі және соққыға тұтқырлығы артады.

Малибден

М

Жылуға төзімділігі, қаттылығы және беріктігі артады.

Кремний

С

Тоққа қарсылығы және тозуға төзімділігі артады, магниттік қасиеті жақсарады.

Енді таңбалануына келетін болсақ: Н5Ф2М4 яғни Никель 5%, Ванадий 2%, Малибден 4% деген сөз.

Аспаптық болаттың құрамында көміртек 0,7% - дан артық болады. Оларды У7 -ден У13 -ке дейін таңбалайды. Ал аса жоғары болатты А әрпін қосып таңбалайды. Құрылымдық болатқа қарағанда аспаптық болат қатты, берік және төзімді келеді. Мектеп шеберханаларында тезжонғыш және аспаптық болаттардан дайындалған құрал-саймандар қолданылады.

Мысалы:

1. Соққыға арналған қашау, нүктелегіш, балғалар У7А, У8А, У9А таңбалы болаттан дайындалады.

2. У10А, У11А таңбалы болаттан ағаш қоларалары мен егеулері жасалады.

3. У12А таңбалы болаттардан өзек және ине жасауға қолданады.

4. Үлкен қаттылықты қажет ететін, бірақ соққыға қолданылмайтын бұрғы, бұранда ойғыш, слесарлық қырғыш, слесарлық егеу, ұстара жүздері, пышақтар, хирургиялық өткір аспаптар У13А таңбалы болаттан жасалады.

Аспаптық болаттың кемшілігі - жылуға төзімділігі төмен.

Түсті металдар мен олардың қоспалары қара металдарға қарағанда аз мөлшерде қолданылады.

Алюминий-күміс түстес ақ металл, ол жеңіл, өте иілімді және оңай көнеді. Құрылымдық материал ретіндегі алюминийдің негізгі кемшілігі беріктігі төмендігі, сондықтан оны, әдетте, мыс пен магнийдің шағын мөлшерімен қорытпалайды. Қорытпа дюралюминий деп аталады.

Мыс-қызыл күлгін металл, ток өткізгіштігі жоғары, үйкеліске төзімді. Мыстың электр өткізгіш қасиеті жоғары болғандықтан қазіргі кезде электр өнеркәсібінде ерекше қолданысқа ие сондай мыс қорытпалары басқа салаларда да қолданады. Сонымен қатар түсті металдардан алюминий мен мыстан басқа мырыш, қорғасын және қалайы кеңінен қолданылады.

Мыс қорытпалары: Мыс жұмсақ металл болғандықтан, өнеркәсіпте электротехникадан басқа көбіне оның әртүрлі қорытпаларын қолданады. Мыстың мырышпен қорытпасын жез, қалған қорытпаларын қола деп атайды.

Томпак-құрамында 90%-97% мысы бар жез.

Жоғары иілімді, үйкеліске төзімді. Болатпен жақсы пісіріледі, оны биометалл болат жез дайындау үшін қолданады. Томпақ сары алтын түстес болғандықтан одан көркемдік бұйымдар, төсбелгілер жасалады.

ІV. Сабақты қорытындылау.

Оқушыларға бүгінгі сабақтан білгенін қорытындылау.

Құрылымдық материал дегеніміз не? Шойын түрлерін атаңдар.

Қоспаланған болат дегеніміз не? Болаттың қаттылығы, тозуға төзімділігі және соққыға тұтқырлығын қандай қосымша арттырады?

Металдың негізгі топтарын атаңдар.

Аспаптық болаттың басқа болаттардан кемшілігін атаңдар.

Дюралюминдерді қалай алады?

СТО әдісімен сабақты аяқтау

Не білемін

Не білмеймін

Не білгім келеді




Бағалау. Оқушылардың біліктілігін, еңбегін бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Құрылымдық материалдар туралы білгеніңді айтып бер.

V. Жұмыс орнын жинақтау.


Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты







Ашық сабақ



Тақырыбы: Құрылымдық материалдардың жіктелуі.



Өткізген: Уалиев М.С











Арқалық 2016

Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Технология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров425
Номер материала ДВ-529812
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх