Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Құрылымдық мәліметтер 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Құрылымдық мәліметтер


Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды Паскаль тілінің құрылымымен және оның орындалу ретімен таныстыру, 2.Программа бөліктерінде міндетті түрде қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын, орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.

3.Жауапкершілікті сезіну.


І. Сабақтың барысы: Жаңа сабақ


Программалау тілінде мына ұғымдар жиі қолданылады:

Өрнек

Арифметикалық немесе логикалықамалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б мағанасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады.

Өрнек жазуда кеткен қателікті компьютер анықтай алмауы мүмкін.

Оператор

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тұрақты мағанасы бар сөйлемін оператор дейді.

Операторды жазғанда қате кетсе компьютер бірден анқытайды.

Тіл синтаксисі

Программа жазу барысында сақталуға тиісті тілдің ережелерін программалау тілінің синтаксисі дейді.

Синтаксистік қатені де компьютер бірден анқытайды.

Тілдің семантикасы

Программа жазудың мағаналық ережелерін тілдің семантикасы дейді.

Семантикалық қателерді компьютер анықтай алмауы мүмкін.


Паскаль тілінде программа жеке жолдардан тұрады. Жол бойында бірнеше оператор жазылса, олардың арасы «;» -мен ажыратылады. Бір жолдағы таңбалар саны пробелді қосқанда 256-дан аспауы тиіс.

Паскаль программасының құрылымы.

1. тақырып


program программа аты жазылады;

2. сипаттау бөлімі


Var типтері көрсетілген айнымалылар;



begin

3. операторлар бөлімі


Операторлар;



end.

var қызметші сөзі Паскалда жиі қолданылады, осы сөзден кейін программада қолданылатын барлық айнымалылар типтері көрсетіліп арасы үтірмен бөлініп, тізіліп жазылады. Бұл айнымалылар мәліметтер мен нәтижелерден және аралық шамалардын тұрады.

Мәліметтер – программа орындалуы үшін керекті айнымалылар.

Мәліметтер Паскаль тілінде READ операторының көмегімен компьютерге енгізіледі. Программа ішінен бұл операторды кездесітіріп, компьютер, «?» белгісін экранға шығарып сан (мәлімет) енгізуід күтеді.

Былай жазылады: read(x,y,z); клавиатурадан арасы пробелмен бөлінген үш сан теріп клавшін басамыз.

Readln(x) - сұрақ белгісі жаңа жолға шығып тұрады.


Нәтижелер – программа орындалып болған соң мәні анықталатын айнымалылар. Нәтижені экранға шығрау үшін Паскалда WRITE операторы қолданылады. Мыс: werite(‘natyje= ‘;x). ‘апостроф белгісінің арасындағылар экранға сол күйінде өзгеріссіз шығады да, х-тың орнына оны мәні шығады.

writeln(‘s= ‘,s) нәтиже жаңа жолға шығады.

Аралық шама – мәліметке де нәтижеге де жатпайтын, программа орындау барысында қажет болатын программалаушы енгізген айнымалылар.

Қосалқы программа – алдын ала ат қойылған программа. Ол негізгі программаның кез-келген бөлігінде атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.


ІІ.Сабақты бекіту:


Осы алған біліміміз негізінде шағын, сызықтық программа жаза аламыз.

ЕСЕП: Клавиатурадан екі бүтін сан сұрайтын және экранға олардың көбейтіндісін басып шығаратын программа жазыңыз.

Программаны есеп шығару кезеңдерін ескере отырып жазайық. Есептік математикалық моделін құрамыз:

Математикалық моделі

Паскаль программа

1. Не белгілі? Екі бүтін сан, х, у – бүтін;

2. Не істеу керек?

Екі сан тенгізу; олардың көбейтіндісін

z:=х*у; аралық шама z-ке меншіктеу.

Нәтижені экранға шығару;

Соңы.

program esep01;

var x,y,z:integer;

begin

z:=x*y;

write(‘көбейтінді = ‘,z);

end.

Дайын нұсқасын компьютерде орындап көрсетеміз.


ІІІ. Сынып жұмысы

Жоғарыдағы программаны ары қарай дамытайық:

тапсырма: №1 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар қосындысын да шығаратындай етіп,

2 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар айрымасын да шығаратындай етіп,

3 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар бөліндісін де шығаратындай етіп программаға өзгеріс енгізіңіз. Мүмкін болса компьютерде орындаңыз.


ІV. Үйге тапсырма.

1. Жоғарыдағы программаны екі санға барлық арифметикалық амалдарды қолданып, нәтижелерін экранға шығаратындай етіп өзгертіңіз.

2. §3.1, §2.2 оқу.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 17.10.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3684
Номер материала ДВ-070795
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх