Инфоурок Другое Другие методич. материалы«ҮРКЕР» ЖӘНЕ «ЕЛЕҢ - АЛАҢ» РОМАНДАРЫНЫҢ БІР – БІРІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

«ҮРКЕР» ЖӘНЕ «ЕЛЕҢ - АЛАҢ» РОМАНДАРЫНЫҢ БІР – БІРІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

Скачать материал

«ҮРКЕР» ЖӘНЕ «ЕЛЕҢ - АЛАҢ» РОМАНДАРЫНЫҢ БІР – БІРІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

 

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі

Студент: Елиубаев Каллибек

Жетекшісі: Джакаева Гульзира Баженовна

Шығарма жоспары:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

а)  Қазақ даласын отарлау

ә) «Үркер», «Елең - алаң» романдарының бас кейіпкері – Әбілқайыр хан

б) «Үркер», «Елең - алаң» романдарында қамтылған қоныстар мен елдер

в) «Үркер», «Елең - алаң» романдарында бейнеленетін орыс саяхатшылары

3.Қорытынды

“Романдардағы бүкіл оқиға дамуы, әрекеті, өмір құбылыстары – бәрі де оның негізгі қаһарманы Әбілқайырдың көзқарасымен байланысты дамиды, соның ой елегінен өте көрсетіледі. Осы тұрғыдан Әбілқайыр есімі романның екінші аты болуға да лайық”

С.Қирабаев

Әлемдік көркем - өнерге асыл қазыналар қосқан қазақ прозасында 70-80 жылдары халқымыздың өткен тарихына ден қою, ата – бабаларымыздың мұрат – мүддесін, мақсат – тілегін бейнелеуде көлемді тарихи шығармалар жззарық көрді.  І Есенберлин, Ә. Әкімжанов, М. Мағауин, С. Сматаев, Ә. Кекілбаев сияқты таланты жазушылардың кесек бітімді, тарихи романдары дүниеге келді. Соның ішінде,  Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең - алаң» романдарында халқымыздың тарихындағы ең бір тұлғалы кезеңі – Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының бастау сәті баяндалады. «Үркер» мен «Елең-алаң» — тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын кеңінен, тереңнен толғайтын кең құлашты күрделі романдар. Ал тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын, қоғам болмысын тереңнен толғайтын кең құлашты, күрделі романның  тақырыбы да, идеясы  да жан жақты болады.  Қазақстанның Ресейге қосылуы,  қазақ халқының XVIII ғасырдың басында ел тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі — сол тақырыптардың бірі болса, Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы, ел мен жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі  — сол идеялардың бірі.

Романдағы бас кейіпкер – Әбілқайыр ханның үлкен қолбасшылық қабылеті бар.  Ол туралы Қаз дауысты Қазыбек би: «- мақтамаймын Әбілқайырды! Бірақ ішінде жылт етер жарығы барын және жасырып қала алмаймын. Қол бастар айласына сенем де, бас пайдасына қызыққыш сұғанақтығын және баршаңа айғақ қылам. «Қой асығы қолайыңа жақсы сақа ғой» - дейді халқымыз. Әбілқайырдан оңтайлы басқаңды таппай отырмын. Сардарың Әбілқайыр болсын, жамағат!» - деп басшы сайлап,  1729 жылы өткен Аңырақай соғысында үш жүздің біріккен жасағын басқарып, жоңғарға күйрете соққы береді. Ресейге  бодан боп кірсек деген ой Әбілқайырға Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Итішпес көлінің маңында ойсырай жеңілген жоңғарлар аңырап жатқанда келеді. Жан жақтан қаумалаған жаудан құтылудың бір амалы – орыс зеңбірегі деп, ой толғаныстан арыла алмайды. Аңырақай шайқасынан соң «ырғалып – жырғалуға уақыт жоқ, енді кідірген сай жау сұғына түседі, қазақтың жүні жығыла түседі» дейді. Анна Иоановна патшайымға «империяңа боданыңбыз» деп ант беруге Бөгенбай батырмен барады.Алайда ант беру рәсімі жұпыны өтеді. Кіші жүзді ақшаға сатып алған патшайым ант – су ішкеніңнің ақысына кепілдікке балаңды аламын дейді. Амалы құрыған Әбілқайыр Бопайдан туған Нұралы, Ералы, Қожахмет, Айшуақ, Әділ атты ұлдарының ішінен Ералыны аттандырады. Ел – іші оны қарғамайды да, даттамайды да, мақтамайды да. Әйтсе де, өзінің көңілінің  алай – түлей екенін жазушы дәл суреттейді. «Үркер», «Елең-алаң» романдарындағы басты кейіпкер – тарихтағы дара тұлға – Әбілқайыр хан.

«Үркер», «Елең - алаң» романдарында қамтылған қоныстар мен елдер: қазақ даласы, Сібір, Хиуа, Башқұрт, Бұхара, Қарақалпақ, Жоңғар, Ресей, Қалмақ, Қытай. Қос романның басты идеясы – Ресей үкіметінің қазақ елін отарлау тарихын жан – жақты ашуы. Олар шығармада мынандай басты – басты оқиғаларды суреттеу барысында байқалады:

І Петр, Анна Иоановна, Э.Бирон, Э.Брюс, отарлау саясатын белсенді жүргізген орыстың көрнекті өкілдері: И.К.Кириллов, Э.Остерман, Н.И.Неплюев, В.Н.Татищев, А.Тевклеев т.б.сол сияқты кейіпкерлердің атқарған саяси қызметтеріне сай әрекеттері мен мақсатына жету жолындағы істерімен орайластыра, сабақтастыра ашылды. «Жанталаста», «Жаушыда», «Елім - айда» негізгі оқиға қазақтардың жоңғар басқыншыларына қарсы күресі де, Ресейдің қол астына өтуі – эпизодтық оқиға. Ал «Үркерде» керісінше, Ресейдің қол астына өту - түбегейлі тақырып, жоңғармен арадағы соғыс – өткінші оқиға. «Үркер», «Елең - алаң» - кең тынысты шығарма.Романдарда сол дәуірдің тұтас полотносы жасалған, отарлау тарихын бұған дейін кең көлемде қарпып суреттеген еңбек қазақ әдебиетінде болған жоқ, осы ауқымды шығармасында қаламгер отар елдің өкілі болғандықтан, отарлау тарихын жазуға ғана мүмкіндігі болды.

«Үркер», «Елең - алаң» романдарында бейнеленетін орыс саяхатшылары Бекович- Черкасский, И.Д.Бухгольц, Витус Беринг.

«1715 жылы орыстар Бекович – Черкасский атап кеткен Дәулеткерей Бекмурзин 1760 адаммен Астраханьға келді. Март айында қасына 6350 адам ертіп, 20 кеме, 150 түйемен Каспийдің терістік шығыс жағалауын зерттеп қайтуға Гурьевке қарай жолға шықты. Осы сапарда ол Астраханьнан шықпай жатып, бір ыңғайсыз жағдайға тап болады. Сол жылғы Кубань татарларының басшысы Сұлтан Герей 30 мың адаммен қалмақ ұлысын шабады.Үш мыңдай кісіні өлтіріп, көп дүние – малды талап әкетеді. Аюке хан үй ішімен Бекович – Черкасскийдің отрядына барып тығылып, бас сауғалайды. Хан өзінің аман қалғанын місе тұтпай, князьге Кубань барымташыларына оқ ат деп қолқа салады. Бековия – Черкасский ол тілегін орындамайды. Кабардалық бек қалмақ ханының қабағынан қар жауа қалғанын  байқағанымен, оған онша көп мән бермейді. Кейін сонысы түбіне жетіп тынды». Романда орыс саяхатшысы Бекович – Черкасский туралы осылай айтылған. И.Д.Бухгольц – сібірдің бірінші губернататоры, бірінші дәрежелі капитан, Россияға жалданып келген дат теңізшісі. Витус Беринг – атақты теңізші, саяхатшы, Беринг бұғазының аты соның құрметіне қойылған.Себебі, сол арқылы жүзіп өткен алғашқы орыс флотының теңізшісі.

Әбіш Кекілбаев – қазақ көркем әдебиетіне үлкен үлес қосып жүрген жазушылардың бірі. Оның “Аңыздың ақыры”, “Үркер”, “Елең-алаң” тарихи романдары тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Оның халық тарихын бейнелі түрде суреттеген шығармасының көкжиегі ретінде саналатын «Үркер» мен «Елең - алаң» романдары бір – бірімен сабақтасып, байланысқан.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығарманың сол кездегі саяси идеологиямен санаса жазылғандығы 1981 жылы жарық көрген романының аннотациясында ашық айтылған: «Әбіш Кекілбаевтың бұл кітабы Қазақстанның Россияға қосылуының 250 жылдығына орай жазылған... Шығарма халық тағдырының алды үмітсіздеу, белгісіз бір кезеңінде Әбілқайыр ханның орыс патшасына бодан болуға рұқсат сұрап, елші жіберіп, соның жауабын сарыла күткен күпті күйін суреттеуден басталған. ...Романда Қазақстанның Россияға қосылуының табиғи заңдылығы шынайы көрініс тапқан». Романдағы бүкіл оқиға дамуы, әрекет, өмір құбылыстары — бәрі  де оның  негізгі  қаһарманы  Әбілқайырдың көзқарасымен байланысты дамиды, соның ой-елегінен өте көрсетіледі. Осы тұрғыдан Әбілқайыр есімі романның екінші аты болуға да лайық. Әбілқайыр романда әр қырынан көрінеді. Ең алдымен, ол — хан тұқымы, сұлтан. Осы тұқымға тән билікқұмарлық, эгоистік сезімдерден де ол  құр емес. Әбіш  оның сұлтандық психологиясына да үңіле біледі. Оның көз алдына көкпен таласқан күмбез бен алдында жыртылып-айырылып тұрған қалың казақ елестеуі де осы сезімнің көріністері. Бұл — заңды да, хан тұқымының бәрінің басында болатын жай. Тұқым қуалаған хандыққа ертелі-кеш ие болатынын білетін олардың психологиясында соған тезірек жетуге құмарлық, өзімшілдік сезім басым болды. Олар қазіргі іс басындағы бауырларына қызғанышпен қарады, реті  келсе, сол орынға тезірек жетуді қарастырды. Әкесін, туысын өлтіріп, хан болғандар бұл тұқымдарда аз емес-ті. Алайда, Әбілқайыр жаратылысы бұлардан өзгешелеу. Ол ішін тырнаған эгоистік сезімдерін баса біледі, бірден көзге түсіп, билікке де ұмтылмайды. Хан тұқымына, жалпы билік басындағы адамдарға тән данғойлықтан, кеудесоқ мінезден де аулақ. Өзін қарапайым, сыпайы ұстап, халықпен ойлы, салмақты қарым-қатынас жасайды. Көп ортасында болады, сөз  тыңдауға, адам тануға ұмтылады. Әбілқайырдың бұл мінезінде хан тағына өзін іштей дайындау сезіледі. Оның осы жолдағы адамдық ізденістері, мінез-құлқын қалыптастыруы, толысуы ерекше қызықты. Романда сол кездегі ел өмірінің кең тынысымен астасып, жарқын бейнеленеді. Әбілқайырдың кедей деп кем тұтпай, Тайланды тең ұстап дос болуы — оның азаматтығын танудан туған білімділік. Тентек інісі Мамай Тайланға зорлық жасап, шұбар атын тартып  мінгенде де, ол інісін жазалап, әділдік жағында қалады. Осыны байқаған Әйтеке би: «Төренің бағы — қарашаның қайраты. Қарымдыдан құрдас жиғаның жөн екен» — депті. Әйтеке сөзі хан тағына отырғаннан кейін де Әбілқайырға сабақ боп қалғаны аңғарылады. Роман оқиғаларына естелік күйінде, лирикалық шегіністер арқылы араласатын Төле, Әйтеке, Қазыбек билер бейнелерінде де әділдік аңсаған халық ойларының, даналықтың сипаттары жинақталған. Жалпы романда қазақтың халықтық қасиеттері, ұлттық психологияға тән жақсылық пен жиренішті кемшіліктер сүйсіне, қазыла айтылады. Олардың көбі аталған халық өкілдерінің көзқарасымен сұрыпталып беріледі. Әбілқайырдың Ресейге қол артуы, оған бағынуға ант беруі жалпы қазақ мүддесіне де, оның мұсылмандық салтына да, халықтық дәстүріне де қайшы емес екенін, оған қарсы болушылардың ойы тек түсінбестік пен бәсекелестіктен туғанын көрсетуге жазушы ерекше көңіл бөледі. Бұл қарапайым халықтардың мүдделестігінен, тіл табысуынан да танылады. Зердебай қызы Торғынның Костюковпен байланысын ханның орыстарға жағыну үшін ұйымдастырған ісі деушілердің жеңілісі де Әбілқайырдың үстемдігін танытады. Романда игі істің басында тұрған Әбілқайыр ханмен бірге бірталай батырлардың жарқын образдары жасалады. Олардың ішінде Бөкенбай, Есет, Жәнібек батырлар ерекше көзге түседі. Ел қорғау, кек қайтару жорықтарында ерлігімен көзге түскен бұл батырлар нағыз халық қамқорлары ретінде суреттеледі. Ел тағдырын Әбілқайырмен бірге ойлап, оның идеясының іске асуына тілек те, білек те қоса біледі.  Сайып келгенде, романның негізгі мазмұны, идеялық нысанасы – қазақ елінің Ресеймен одақ болу, ынтымақтасу қажеттілігін дәлелдеу, мұның бірден-бір дұрыс, нағыз прогрестік жол екендігін айқындау, ашып айту. Сондықтан да еңбектің құрылысы – тығырық, елшілік, арбасу және айқас деп аталатын бөлімдері – жаңағы алға қойылған проблемаларды көркем шығарма құралы – тілі арқылы көрсетуге бағындырылған. «Үркер» — реализмі бай шығарма. Онда сол кездегі қазақ қоғамының өмірі, оның көрші елдермен тартысты тіршілігінің алуан түрлі шындығы терең суреттелген. Жазушы тарихи оқиғалар ізін сақтай отырып, сол арқылы ел тағдыры, халық өмірінің кешегісі, бүгінгісі, ертеңі жөнінде ойланады. Әбілқайыр ұстаған жолдың көрегендігін дәлелдейді. Романда қазақтың ұлттық ерекшеліктері, халықтық салт-санасы, ұғым-түсініктеріне қатысты материалдар мол келтіріледі. Автор жақсыны мадақтай, ұнамсыз жайларға сын көзімен қарай жазады. Әсіресе Мәртебе, Құлтөбе, Ордабасы жиындарындағы үш атыраптан бас қосқан елдің думанды мерекесі — реалистік бояуы қанық суреттер. Осы жиындар мен ондағы ел тіршілігі, аға билердің өнегелі сөздері халық санасында қалыптасқан шешендік өнер поэтикасына негізделеді. Роман айтар ел тағдырына қатысты ақылды ойлар, халықтың мінез-құлқы сол елдің мекені болған даланың кеңдігін бейнелейді. Халықтық характерлерде де осындай сипат басым. Ерлік те, сөз ұстар тапқырлық та сол ортаның шындығынан туады.

Толығырақ: 
https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/26693/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс.
Авторлық құқықты сақтаңыз

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«ҮРКЕР» ЖӘНЕ «ЕЛЕҢ - АЛАҢ» РОМАНДАРЫНЫҢ БІР – БІРІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 267 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.10.2017 9727
    • DOCX 23.4 кбайт
    • 55 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джакаева Гульзира Баженовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джакаева Гульзира Баженовна
    Джакаева Гульзира Баженовна
    • На сайте: 6 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 174098
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе