Инфоурок Другое Другие методич. материалыРәміздер / тәрбие сағаты/ 3 сынып

Рәміздер / тәрбие сағаты/ 3 сынып

Скачать материал

Тақырыбы: «Рәміздерім - мақтанышым»

Мақсаты:

а\ Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің      пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

  ә\Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

 б\  Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Рәміздерге байланысты видио,  слайд, 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезең

Әр топқа сурет таратылады. Топ мүшелері мозайка құрады.

Қандай мозайка шықты?

ІІ. Топтық жұмыс

Ендеше құрған мозайка туралы не айтасыңдар?

Ту

Елтаңба

Әнұран

Постер құру

ІІІ. Бүгінгі біз  «Рәміздерім - мақтанышым» атты тәрбие сабағымызды өтеміз.

 

І топ         Ту  

ІІ топ        Елтаңба

ІІІ топ       Әнұран

туралы өлеңді мәнерлеп оқу

 

І топ

Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның,
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Еске белгі - ұрандар,
Сары алтындай сақталған,
Күн, шұғыла, қыран да,
Алтын түспен апталған.
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесін,
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің.
Сол жағында матаның,
Қызыл түсті жолақ тік.
Мұратындай атаның,
Әсем өрнек ол - ұлттық.
Көк байрағы бабаның -
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Мияты әке, баланың -
Қазақстан Жалауы!
І топтан кейін:

Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
  1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.

ІІ топ

Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес ұғып ал!
Сүйсіндірген өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Аңызда ұшқыр, төзімді
Пырақ - халық арманы.
Көгілдір түс аясы,
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ - жұрт панасы,
Уықтар - күн сәулесі.
Жоғарыда түсер көз,
Бес тармақты жұлдызға,
Ал, «Қазақстан» деген сөз,
Таныс барлық ұл - қызға.
Мағыналы, сымбатты
Бар осындай белгіміз.
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол - елімнің!

 

ІІ топтан кейін

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан - жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны

 

ІІІ топ

Әнұраным – жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт - бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
ІІІ топтан кейін

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР - ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды. Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар  форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.

І топ

Тудың авторы кім?

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші.

ІІ топ

Елтаңбаның авторы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

ІІІ топ

Әнұранның авторлары

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР - ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.

туралы постер арқылы баяндап айтып береді.

Ойындар мен тапсырмалар

1.Берілген сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
 І топ

Байрақ
Бай
ай
қар
ар

ІІ топ

Елтаңба
Ел
Таңба
Таң
Аң

ІІІ топ

Әнұран
Ән
Ұран
Ұн
нан

Тест тапсырмалары
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)
3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)
ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? 

1991 ж 16 желтоксан

 ҚР\ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды? 

1992 ж 4 маусым

 ҚР жаңа әнұраны қашан қабылданды? 

2006 ж  2 кантар

 

Қорытынды:

 Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Гимн –
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі –
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді - демекші тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп құрметтеу бәріміздің міндетті парымыз болып саналады. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.
Әр мемлекеттің өзінің белгілері бар.
Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін құрметтеңдер.

Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз!   Егемендігіміз мәңгілік жасасын!

Жаңа Қазақстанның рәміздері видеосын тамашалайық

Ән:  Қазақстан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 4 Тілеміс батыр орта мектебі

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: «Рәміздерім - мақтанышым»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 3 «А»

Мұғалімі: Уатаева Қ.С.

 

 

 

 

 

2015-2016

 

 

Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның,
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Еске белгі - ұрандар,
Сары алтындай сақталған,
Күн, шұғыла, қыран да,
Алтын түспен апталған.
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесін,
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің.
Сол жағында матаның,
Қызыл түсті жолақ тік.
Мұратындай атаның,
Әсем өрнек ол - ұлттық.
Көк байрағы бабаның -
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Мияты әке, баланың -
Қазақстан Жалауы!

 Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес ұғып ал!
Сүйсіндірген өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Аңызда ұшқыр, төзімді
Пырақ - халық арманы.
Көгілдір түс аясы,
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ - жұрт панасы,
Уықтар - күн сәулесі.
Жоғарыда түсер көз,
Бес тармақты жұлдызға,
Ал, «Қазақстан» деген сөз,
Таныс барлық ұл - қызға.
Мағыналы, сымбатты
Бар осындай белгіміз.
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол - елімнің!

 

Әнұраным – жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт - бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!

 

 

 

 

 

 

 

1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген  ................................

2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ..........................................

3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ............................................

4. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? 

...........................................................

 5. ҚР\ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды? 

..............................................................

 6. ҚР жаңа әнұраны қашан қабылданды? 

...............................................................

 

1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген  ................................

2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ..........................................

3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ............................................

4. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? 

...........................................................

 5. ҚР\ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды? 

..............................................................

 6. ҚР жаңа әнұраны қашан қабылданды? 

...............................................................

 

1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген  ................................

2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ..........................................

3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ............................................

4. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? 

...........................................................

 5. ҚР\ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды? 

..............................................................

 6. ҚР жаңа әнұраны қашан қабылданды? 

...............................................................

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рәміздер / тәрбие сағаты/ 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2016 7611
    • DOCX 26 кбайт
    • 159 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уатаева Карлыгаш Сабырлиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Уатаева Карлыгаш Сабырлиевна
    Уатаева Карлыгаш Сабырлиевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19208
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой