Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Рәміздерді құрметтеу - халықты құрметтеу"

"Рәміздерді құрметтеу - халықты құрметтеу"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Рәміздерді құрметтеу – халықты құрметтеу

Мақсаты:

1. Оқушыларға туған жерін, туған елін, халқын ардақтап жүруді үйрету;
2. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру;
3. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, Ата Заңын, рәміздерін қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: тәрбие сағаты

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан, жер туралы нақыл сөздер, интерактивті тақта.

Әдісі: СТО технологиясы

Сабақтың жоспары:

І. Қызығушылықты ояту
ІІ. Мағынаны тану
ІІІ. Ой-толғаныс кезеңі

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім:Даламның кеңдігіндей жүрегім бар,
Мөп – мөлдір елге арнаған тілегім бар.
Қатардағы қазақтың перзентімін,
Отаныма, еліме, берерім бар.

Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін, туып – өскен жерін – Отан дейді. Әрбір адамда туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Қандай қияға, алысқа кетсе де сол сезімі сағынышқа ұласып, жүрегімен мәңгілік жіпсіз байланыста болады. Адамзаттың парызы – туған Отанын гүлдендіріп, сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Ата – бабаларымыз ұрпағым осы жерде еркін өссін деп, келген жауға таптатпай, босағадан аттатпай, Отаны үшін айқасып, қанын төккен. Сол үшін де біз жерімізді қасиетті дейміз.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, өзінің елтаңбасын, әнұранын, туын белгіледі. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білуі керек. Қазақ халқының асыл арманы әнге айналды.

Балалар не туралы айтып жатырмын?

Оқушылар: туған жер, Отан, Қазақстан ....

Иә, балалар, Отанымыз Қазақстан туралы. Біздің тәуелсіз ел екенімізді қалай дәлелдейміз?

Оқушылар: Қазақстан Республикасының өз рәміздеі бар

Иә, егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде танылып 1992 жылдың 4-маусымында мемлекеттік рәміздерін белгіледі

Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз «Рәміздерді құрметтеу-халықты құрметтеу» деп аталады.

Топқа бөлу: /суреттер арқылы/

1-топ: «Ту»

2-топ: «Елтаңба»

3-топ: «Әнұран»


ІІ. Мағынаны тану кезеңі /Әр топ өз тақырыптарын қорғайды/

ЕЛТАҢБА

Жұлдызы жанған өршіл халықтың өзіне тән, басқаға ұқсамайтын дара болмысын бойына сіңірген бедер. Төбемізге көтеріп, төрімізге іліп, төсімізге қадап жүрер ұлттық нақышымыз.ҚР мемлекеттік елтаңбасының негізі – шаңырақ, мемлекеттің түп негізі – отбасының бе йнесі. Елтаңбадағы мүйіздің нышандық мәні: ол – айбын, айбат ақжолтайдың белгісі. Мемлекеттік елтаңбада қос бірдей ай мүйізді әпсаналық арғымақтар белгіленген. Олар киелі шаңырақты қос қапталынан орап, пәле – жаладан, қауіп – қатерден қызғыштай қорып тұрғандай әсер қалдырады. Отанымызға қалтқысыз қызмет ету идеясын білдіреді.

Елтаңбада бес бұрышты жұлдыз бар. Ол тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей айқара ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмысымызды сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар деген ойға меңзейді. Жұлдыз – билік белгісі, бағытты айқындайтын жарық сәуле, асқақтық пен мәңгілікке құштарлық символы.

ӘНҰРАН

Халықтың мұңы мен мұратын, қайғысы мен қуанышын, бірліктің берекесін, ұлыстың ұйытқысын, ұлылықтың жаратылысын құдіретті сөздермен өлең шумақтарына енгізген, естіген жерде елең еткізер, отаншыл, ұлтжанды рухыңды аспандататын халықтың жан дауысы, құдіретті әуені.

2006жылдың қаңтар айының 6 - сында еліміз үшін тарихи кезең болды. Жаңа Әнұранды Парламент қабылдады. Мемлекетімізге жаңа екпін, жаңаша мазмұн мен серпін беретін әнұран бекітілді. Жаңа мемлекеттің Әнұранын ресми түрде 2006 жылы 11қаңтарда ұлықтау рәсімінде тұңғыш шырқалды. Авторлары - сөзін жазған Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әні Ш. Қалдаяқовтікі.

Ту

Күнді құшқан қыранмен қалықтап, тұтастық пен бірліктің, ынтымақ пен адалдықтың ізгі ниетімен ұштасып, біз деген бірегей ұғым, көгілдір көзін көнеден тартқан құдіретті белгі. Тек сенің егемендігіңді дүниеге паш етіп тұрар байрақ.

Тудың түсі – көк. Көк түс – судың түсі. Су жоқ жер де өмір де жоқ. Егер су тартылып қалса, онда жерді жапқан жасыл шөп қурап кетіп, бүкіл дала бос мекенге айналар еді.
Тудағы күн – ол да бекер бейнеленбеген. Күн - тіршіліктің қуат көзі. Ол жердегі барлық нәрсеге өмір сыйлап тұр, күннің шапағы тамшыға ұқсатып салынған. Күннің шапағы дәнге де ұқсайтын сияқты. Дән байлықты білдіреді. Дән болса, астық та көп, халық та тоқ. Нан болса ән де болады.

Ал тудың сабына тақау жердегі оюға назар аударайықшы, кәдімгі ұлттық ою – қошқар мүйіз, бұған қарап, Қазақстан туы екенін әлемдегі кез келген саналы азамат тани қояры сөзсіз.
Тудағы құстың суреті, біріншіден, дала қыраны, дүниедегі ең ірі құстардың бірі, екіншіден, бүркіт – өте күшті. Жүректі және төзімді құс, үшіншіден, басқа құстардың бәрінен де биік ұшады.

Ту шет елде екі жағдайда: мемлекет басшысының сапары кезінде және олимпиада жеңімпаздары анықталғанда көтеріледі. Бұл жағдайға өздерің биылғы Лондон 2012 олимпиадасын теледидардан көріп куә болдыңдар. Біздің жеңімпаздарымыз Тұманды Альбионда туымызды 7 рет көтеріп, 7 рет әнұранымызды асқақтатты. 200-ге жуық мемлекеттің алдына түсті. Еліміздің қоржынына 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль түсті. Қазақстан бойынша жалпы жүлде қоры 13 медаль, Қазақстан 12-ші орынға аяқ тіреді. Біздіңжерлестеріміз Илья Ильин ауыратлеттен Олимпиада чемпионы, боксшы Мария Вольновақолажүлдегеріатанды


ІІІ. Ой-толғаныс

  • 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?

  • 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі?

  • 3. Қазақстан Республикасының Әнұраны неше рет ауысты?

  • 4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі?

  • 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл?

  • 6. Мемлекеттік рәміздер күні?

  • 7. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс?

  • 8. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар?

  • 9. Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны алғаш рет қандай жиында орындалды?

  • 10. МемлекеттікТудың авторы кім?

  • 11.МемлекеттікЕлтаңбаныңавторларынатаңдар?

  • 12. МемлекеттікӘнұранныңәнінжазғанәйгілі композитор кім?

  • 13. МемлекеттікӘнұранның сөзініңавторларынатаңдар?

  • 14. МемлекеттікТудағыкөктүсқандаймағынабілдіреді?


ІҮ. Қорытынды
- Балалар, Қазақстанныңболашағысендердіңқолдарыңда. Болашақ депутат та, премьер де, президент те сендерсіңдер. Қазақстанныңқарыштапдамуынаүлесқосатын да сендерсіңдер. Бүгінгітәрбиесағатынан не түйдіңдер?
- Білімді, Патриот, Еңбексүйгіш, Ұлтын, тарихын, мәдениетінжетікбілетіназамат болу керек.
- Ендешесендерсертбереаласыңдарма?

Оқушылар серті: «Мен ҚР азаматы Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламын. Жоғарғы мәдениетті азамат боламын. Туған халқымның ата – дәстүрін жалғастырамын. Мемлекетіміздің Президентін құрметтеймін. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймын, Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап, қастерлейміз деп СЕРТ етеміз»

Рәміздерім!

Сен неткен маңызды едің.
Сенің асыл қазынам нағыз керім,
Төбемде ту, төсімде елтаңбам бар,

Әнұрандай аузымнан үн үзбедім.
Аспанымда көк туым тұр өң беріп,
Елтаңбамды төрімнен жүрем көріп,
Әнұранмен әр таңда оянамын,
Рақаттанып дүнием түгелденіп.
Бір ауыздан айтылып әнұраным,
Елтаңбаммен әлемге таныламын.
Бір жағадан бас шығып, бір жеңнен қол,
Көк туымның астынан табыламын.
Рәміздерім, сен неткен маңызды едің,
Сеннен басқа келмейді сән іздегім.
Сендерменен жетіп сан жеңістерге,
Гүлдеп әлі – ақ айналар аңызға елім.

Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын деп бүгінгі сабағымызды Мемлекеттік Әнұранымызбен аяқтаймыз.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров209
Номер материала ДВ-488188
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх