Инфоурок Начальные классы Научные работы"Рәміздерім - мақтанышым" 4 сынып

"Рәміздерім - мақтанышым" 4 сынып

Скачать материал

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы жаңа ақпараттар бере отырып, жинақтаған білімдерін тиянақтау.
2. Оқушыларды өз ойын, пікірін айта алуға дағдыландыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын дамыту.
3. Өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ҚР рәміздері, суретті кітаптар, рәміздер туралы DVD диск.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу.
- Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.
- Әнұран айту.
ІІ. Негізгі бөлім.
- Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ел Тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Көне түркі дәуірін айтпағанның өзінде, бергі XV ғасырда Қазақ хандығының да өз байрағы, шекарасы болған. Кеңестік дәуірде де одақтас республикалардың бірі ретінде Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болды. Бірақ бұл толық дербестігімізге, егемендігімізге кепілдік бере алмайтын еді. Біз одақ құрамындағы бодандық құрсауындағы ел едік. Әлемдік қауымдастық бізді дербес мемлекет ретінде тани бастады.

Неге мемлекеттік рәміздерге осынша мән беріліп отыр? Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік, ел тарихына құрмет мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады. Тәуелсіз Қазақстан рәміздері біздің болашағымыздың, еліміздің орнықты, оң үдерісте дамуының ерекше белгілері.
Кеше ғана
атап өткен ҚР Конституциясын да Мемлекеттік рәміздердің ажырамас бөлшегі ретінде құрметтей білуіміз қажет. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың басты міндеттері еліміздің осы құндылықтары жайлы сендердің білімдеріңді зерделеу.

- Ой қозғау бөлімі (оқушыларға сұрақтар қою)
1. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 жылы, 1995 жылы)
2. Қолданыстағы Конституция қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)
3. ҚР Конституциясының 1 бабы 1 тармағында не туралы айтылған? (ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі және құқықтары мен бостандықтары)
4. Ата заңымыз бізге қандай кепілдіктер береді? (Адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына; Тіліміз бен дініміздің дамуына; Ар-ождан бостандығы құқығын қорғауға; Адал еңбегіміз бен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға)

Қосымша ақпарат:
Конституциямыздың 7 бабында: «ҚР Мемлекеттік тіл –қазақ тілі»; 14 бапта: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең»; 29 бапта: «ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар»; 30 бапта: «азаматтарды мемлекеттік оқу орындарын тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті» делінген. 98 баптың 2 бабында еліміздің рәміздері туралы айтылған. Олар 9 және 34 баптар. 9 бапта: «ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді» делінсе, 34 бап 2 тармақ: «Әркім республикалық мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» делінген. Ендеше рәміздер туралы білімдеріңді саралайық.

- Ой қозғау бөлімі (оқушыларға сұрақтар қою)
1. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 жылы, 4 маусым)
2. Туға сипаттама бер.(Ту көгілдір түсті мата, ені 1 м, ұзындығы 2 м, Авторы – Шәкен Ниязбеков)
3. Тудағы бейнеленген элементтер туралы не білесіңдер? (Оқушылар жауаптары тыңдалады)
4. Елтаңбаның авторлары туралы не білесіңдер? (Авторлары- Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов)
5. Елтаңба элементтері нені білдіреді? (Оқушылар жауаптары тыңдалады)
6. Әнұран жайлы қандай ақпараттармен бөлісе аласыңдар? (Алғашқы гимн 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған. Қазіргі Әнұранымыз 2006 жылы қаңтар айында қабылданды)
7. Әнұран авторлары жайлы айтып өтсеңдер? (Оқушылар жауаптары тыңдалады)
Мұғалім:
Сонымен рәміздер дегеніміз не?
(мемлекеттердің барлығын бір-бірінен ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын нышан - белгілері)

Қосымша ақпарат:
Мемлекет басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезінде сол елдердің Әнұрандары орындалады. Бұл – мемлекеттің екінші мемлекетке ресми түрде көрсеткен жоғары дәрежедегі құрметі. Шетелдегі әртүрлі ресми іс-шараларда, Парламентаралық мәжіліске қатысқан депутаттардың жанында Туымыз тұрады. Шетелдерде Ту екі жағдайда көтеріледі:
- Мемлекет басшысының басқа елге сапары кезінде;
- Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда.

Мұғалім:
Дүбірлі додада топ жарып, егемен еліміздің абыройын асқақтатқан спортшыларымыздың жетістіктеріне шаттанып үлгердік. Әсіресе алтыннан алқа тағынған толағайларымыздың арқасында Лондон төрінде 7 рет Көк Туымыз биікке көтеріліп, 7 рет Әнұранымыз шырқалды. 7 саны қазақ халқы үшін киелі екені салт-дәстүрімізден белгілі. Біз спортшыларымыздың әрқайсысымен мақтануымыз керек. Олардың мемлекеттің намысы үшін жасаған ерліктерінен үлгі алуымыз керек. Сендер де дәл сол саңлақтарымыз секілді елін сүйер азамат, Отанының басты құндылықтары - туған тілді, дінді, рәміздерді, ата заңды қастерлеп, қорғай алатын тұлға болып қалыптасатындарыңа кәміл сенемін.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Мұғалім:
- Сонымен, балалар, бүгінгі тәрбие сағатын түйіндесек. Ол үшін «Қазақстан» атты сөз жұмбақты бірігіп шешейік:
1. Қазақстан жерін мекендейтін халық? (қазақ)
2. Лондон олимпиадасында жұлқа көтеруден 95 келі, серпе көтеруден 131 келі көтеріп, олимпиялық және әлемдік рекордты бұзған ауыр атлет? (Зульфия Чиншанло)
3. 63 келіге дейін салмақта олимпиялық рекорд жасаған ауыр атлет? (Майя Манеза)
4. Елтаңбаларды зерттейтін ғылым саласы? (геральдика)
5. Елтаңбаның екі жағында не бейнеленген? (пырақ)
6. Еліміз солтүстік батыста қай елмен шектеседі? (Ресей)
7. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға қандай атақ берілді? (Бейбітшілік қаласы)
8. Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманы? (Қайрат Рысқұлбеков)
9. Түркияда ҚР Президентіне арналып ескерткіш ашылды. Ескерткіш қай қалада орналасқан? (Анкара қаласында)
Терең тағлымға толы тәрбие сағатында белсенділік танытқандарың үшін рахмет! Елін сүйер, жерін қорғар, салт-дәстүрді қадірлер азамат болуларыңа тілектеспін!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Рәміздерім - мақтанышым" 4 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 501 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2016 1809
    • DOCX 23.4 кбайт
    • 24 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Динара Тумарбекова Жайнайбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14657
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 268 человек из 55 регионов

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 345 человек из 66 регионов

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 19 регионов