Инфоурок Начальные классы Рабочие программы«Рәміздер салтанат құрғанда» тәрбие сағаты

«Рәміздер салтанат құрғанда» тәрбие сағаты

Скачать материал

         Батыс  Қазақстан  облысы

      Казталов ауданы Жұлдыз ауылы

А.Хұсайынов атындағы орта жалпы

 білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Құрманова Ұлғаным Абдрахманқызының

іс-тәжірибесінен

Тақырыбы: «Рәміздер салтанат құрғанда»

Мақсаты: Оқушыларды елжандылыққа, өз Отанын сүюге, рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сыни тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойларын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге дағдыландыру.  Отанды сүюге, топта жұмыс істеуге, достық сыйластыққа тәрбиелеу.

Түрі: ойын-жарыс.

Көрнекілігі: шар, мақал-мәтелдер, айналым атаулары, рәміздер суреттері.

Барысы:

Тәрбиеші: -  Құрметті лагерьде  демалушы ұландар! 4-маусым  - Рәміздер күніне арналған «Рәміздер салтанат құрғанда» атты шарамызға қош келдіңіздер.

Қасиетті Қазақстаным мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім,жерім, Отаным бақ- дәулетім,

Болашағым, өнер – білім, өркенім! , - дегендей  XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, егеменді еліміз ұзағынан болсын деп тілейміз.  1992 жылы Ұлттық рәміздеріміз қабылданған болатын. Міне,  содан бері рәміздеріміз 22 жыл салтанат құрып келеді.

 

Мына заман білімдінің заманы,

Шәкірттердің таудай биік талабы.

Дарабозды анықтайтын сайыста,

Сайыскердің сәтті болсын қадамы, - деген тілекпен, бүгінгі шараны екі топтың еліміз, рәміздеріміз туралы білім-біліктерін байқауға, сондай-ақ шығармашылықтары мен ой ұшқырлықтарын анықтау бағытында өткізгелі отырмыз.

Қарақат  :        Жарасқан байрақтың мәні бар,

              Көк аспан, көк қыран сәні бар.

              Көк байрақ ашық көк кеңісімен,

              Алтын күн белгісі жеңістің.

Алтынбек: Алтын қанат көмкерген,

                  Шаңырақ бар, уық бар.

                  Әсем бейне сен көрген,

                  Жай бейне емес, ұғып ал!

                  Көгілдір түс аясы

                  Бейбіт дала елесі.

                  Шаңырақ - жұрт панасы,

                  Уықтар – күн сәулесі.

Айбек: Сүйсіндірген өзіңді,

             Түсіне біл таңбаны.

             Аңызда ұшқыр, төзімді,

             Пырақ – халық арманы.

             Мағыналы, сымбатты,

             Бар осындай белгіміз.

             Маған, саған қымбатты

             Елтаңбасы ол  елімнің.

ҚР Мемлекеттік әнұраны шырқалады.

Екі топ бір-бірімен сәлемдесіп, таныстырады.

 

Ойынның айналымдары:

1.     Рәміздердің мән-мағынасын ашу. (Әр топтан бір оқушы шығып, тіл шеберліктері байқалады.)

2.     Тапқыр болсаң тауып көр. (Әр топ өздері құрастырып келген сөзжұмбақтарын бір-біріне жасырады)

3.     Ұшқыр ой. (викториналық сұрақтарға жауап беру)

4.     Кім шапшаң? (Ту мен елтаңбаның суреттерін қиындылардан тездетіп құрастыру)

5.     Әріптер сөйлейді. (Берілген әріптер көмегімен сұрақтарға жауап беру)

6.     Сандар сыр шертеді. (Жұлдызшалар таңдау арқылы ішінен ашылған жылды сипаттау)

Тәрбиеші: - Отанға деген құштарлық,

                     Билесін адам санасын.

                     Білімді болсаң білікті,

                     Бар сыннан жолды табасың.

                      Оза шапсаң ілгері,

                      Дарабоз да боласың.

                      Мыңнан жүйрік кім болар?

                      Қазылар берер бағасын.

Қазылар алқасын таныстыру.

Ән: «Жаса, Қазақстан» Орындайтын: Ғиниятов Алғадай

 

1-айналым: Рәміздердің мән-мағынасын ашу. Әр топтан бір оқушы шығып, рәміздердің мән-мағынасын ашып беруі керек. Олардың тіл шеберліктері сыналады.

 

2-айналым: Тапқыр болсаң тауып көр. Әр топ өздері құрастырып келген сөзжұмбақтарын бір-біріне жасырады.

 

3-айналым: Ұшқыр ой.  Жедел сұрақтарға жауап беру.

1.     ҚР Ұлттық валютасы? (Теңге)

2.     Қазақстан батысында қандай мемлекетпен шектеседі? (Ресей)

3.     ҚР мемлекеттік туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

4.     ҚР Тәуелсіздік күнін қашан атап өтеміз? (16 желтоқсан)

5.     30 тамыз қандай күн? (Конституция күні)

6.     Қазақстандағы ең үлкен көл? (Каспий көлі)

7.     Қазақтың ұлы ақыны Абай туған облыс? (Семей)

8.     Оңтүстік Астана? (Алматы)

9.     Тіл мерекесі қай күні тойланады? (22 қыркүйек)

10. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)

11. Әнұранның әнін кім жазған? (Шәмші Қалдаяқов)

12. Елтаңба авторлары. (Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов)

13. Бес дұшпанды ата. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

14. Киіз үйдің төбесі. (шаңырақ)

15. Мемлекеттік тіл (қазақ тілі)

16.  Бес асыл іс. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

17. Ресми тіл қай тіл? (Орыс тілі)

 

4-айналым: Кім шапшаң? Ту мен елтаңбаның суреттерін қиындылардан тездетіп құрастыру.

 

5-айналым: Әріптер сөйлейді. Берілген әріптер көмегімен сұрақтарға жауап беру.

1-топқа:

О

Р

А

Қ

У

Ш

Ы

Т

1.     Шөп шабатын құрал. (орақ)

2.     Тобылғының түсі. (торы)

3.     Мал қамайтын орын. (қора)

4.     Отбасы не қасы? (ошақ)

5.     Үйір-үйір жылқы, мхм-мхм қой? (отар)

6.     Зытудың синонимі. (қашу)

7.     Мылтықтың синонимі. (қару)

 

2-топқа:

Қ

Ы

Д

Ы

С

А

Р

А

1.     Біржанмен айтысқан қыз. (Сара)

2.     Бойында ненің таныстым. (Арыс)

3.     Ерік сөзінің синонимі. (Ырық)

4.     Үзілген түймені не істейді? (қада)

5.     Шабыт келгенде не қозады? (Арқа)

6.     Не береке қонсын? (Ырыс)

7.     Адамды аздыратын сусын. (арақ)

6-айналым: Сандар сыр шертеді. 7 жұлдызша беріледі. Жұлдызшалар таңдау арқылы ішінен ашылған жылды сипаттау. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

·        1986 жыл (Желтоқсан қозғалысы)

·        1992 жыл (Ұлттық рәміздер қабылданды)

·        1993 жыл (Ұлттық теңгеміз қабылданды)

·        1998 жыл (Астанамыз Астана қаласына ауысты)

·        1991 жыл 2 қазан (Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты)

·        2011 жыл (7-ші қысқы олимпиадалық Азиада ойыны Қазақстанда өтті)

·        1989 жыл (Қазақ тіліне мәртебе берілді)

 

Қорытынды бөлім.

Екі топтың ұпайлары есептеліп, қорытындыланады. Жеңімпаз топ марапатталады.

Шара соңы хормен «Көк тудың желбірегені» әнін айтумен аяқталады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Рәміздер салтанат құрғанда» тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: Оқушыларды елжандылыққа, өз Отанын сүюге, рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сыни тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойларын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге дағдыландыру.  Отанды сүюге, топта жұмыс істеуге, достық сыйластыққа тәрбиелеу.

Түрі: ойын-жарыс.

Көрнекілігі: шар, мақал-мәтелдер, айналым атаулары, рәміздер суреттері.

Барысы:

Тәрбиеші: -  Құрметті лагерьде  демалушы ұландар! 4-маусым  - Рәміздер күніне арналған «Рәміздер салтанат құрғанда» атты шарамызға қош келдіңіздер.

Қасиетті Қазақстаным мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

 

Елім,жерім, Отаным бақ- дәулетім,

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 976 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2015 1643
    • DOCX 543 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курманова Улганым Абдрахмановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7900
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 199 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе