Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыРобочая программа на тему "Өлкетану"

Робочая программа на тему "Өлкетану"

Скачать материал

 

Түсінік хат

Өлкетану курстық бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президентінің «Еңбек жолына 20 қадам» жолдауындағы бағыт бағдарды басшылыққа алып жүзеге асыру мақсатында құрылды. Өлкетану курстық бағдарламасы ізденіс - зерттеу жұмыстарының жүйелі құрылымын, оқушылардың өлкелік танымдық әректтерін құрайды. Бағдарлама өлке танудағы өзіндік  ерекшеліктерімен, жұмыс дағдысымен, жеке бағыт бағдарымен ерекшеленеді. Оқушы өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, тарихынан сыр шертіп, ізденіс қабілеттірін дамытып, өз өлкесі жайлы қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге дағдыланауы шарт. Өз елінің географиялық орнын, оның аумағын, шекаралас мемлекет пен аудандарын әрбір адам баласы білуі қажет. «Өлкетану» курстық бағдарламасы өз өлкесі жайлы жүйелі білім бере отырып, өз елінің патриотты азаматы болу, ақпараттық қоғамда қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді дамыту, отан сүгіштік қасиеттерін дамыту, өзі туып өскен өлкесіне қамқор бола білуге, құрметтеуге дағдыландыру мақсатын қойып отыр.      Жылдық жұмыс нәтижесі мектепішілік өлкетану конференциясында бекітіледі. Өте жақсы жұмыстар ғылыми жоба жұмыстарына бағытталады.

 Өлкетану арнайы курс бағдарламасы 9 сыныптарда жұмасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат.            Өлкетану арнайы курс бағдарламасының алға қойған міндеті:

  • Жергілікті жердің географиялық орнымен танысу;
  • Елді мекеннің тарихына, оның бүгінгі келбетіне баға беру, салыстыру;
  • Жергілікті жерін топонимикалық жағынан қарастыру міндеті тұр.
  • Өлкетану сабағында материалдарды нақты игеру;
  • Әртүрлі әдебиеттерді пайдаланып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарына толық жауап беріп, түсіндіру;
  •  Өз өлкесінің мәдени-ағарту ісіне үлес қосқан адамдар жайлы материалдарды іздеу; 
  • Ақпарат құралдарды пайдаланып оның ішінде: газет, журнал, интернет арқылы мәліметтер жинау. Өлкетану материалдары арқылы қоршаған орта жағдайымен байланыс орнату;
  • Отанға, туған қаласына деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу;
  • - Мектеп оқушыларын нақты өлкетану материалдары арқылы дамыту;
  • - тарихи білімге қызығушылығын ояту - өзге ұлт халықтарымен қарым-қатынас жасауда төзімділікпен қарау, құрметтеу сезімін дамыту;
  • - Мектеп оқушыларын қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, балалардың ескерткіш орындарын, әскери тарихи ескерткіштерді қорғауға деген жігерлерін қалыптастыру;
  • - Батыр ардагерлерді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында естеліктер мен ақпараттар жинақтау, туған өлкенің, Семей  қаласының тарихын жазу;
  • - Өлкетану әдебиеттерін оқуға деген қызығушылығын ояту үшін байқаулар, викториналар, өлкетану олимпиадалар, жорықтар, экскурсиялар өткізуді ұйымдастыру.                                               

Өлкетану арнайы курс бағдарламасының алға қойған  мақсаты:

  • Оқушылырға өз өлкесінің шығу тарихы, орналасқан жері, аумағы, халқы, мәдениеті жөнінде білім беру.
  • Оқушылардың өлкетану сабақтарында өз жерін оқи отырып патриоттық сезімдерін қалыптастыру. 
  • Сабақта өз жерінде шыққан (аумақтан, ауылдан, облыстан) атақты адамдар жайлы материалдар жинап білімдерін толықтыру. 
  • тарихи материалдарды игеру барысында танымдық қажеттіліктерін қалыптастыру;
  • білім алушылардың туған өлке туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;
  • қарым-қатынас жасау, іс-шараға дайындық жасау, көрмені безендіру қабілеті мен дағдысын қалыптастыру;                     
  • адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;

"Өлкетану"арнайы курс бағдарламасында оқушыларға қойылатын талаптар           :

- Өлкетану пәнінің мазмұны мен мәнін білу;-Туған өлкесіне тарихи географиялық сипаттама беру                                                                                                                                   - Өз өлкесінің тарихын, орналасқан жерін, аумағын, мәдени – рухани тарихын танып білу.                                                                                                                                                         - Семей қаласы және өзінің тұрып жатқан өлкесі жайлы мағлұматты білу;

Өлкетану арнайы курс бағдарламасын  ұйымдастыру  түрлері:

·          Дәріс, әңгіме,  экскурсия, саяхат;

·         Кеңес;Қызықты тұлғалармен кездесу; тарихи ойындар; викториналар; туған жер тарихына байланысты конференциялар;жобалық және  зерттеушілік   жұмыстармен  айналысу

·         таңдалған тақырыптың   нақты   базасын  құру; презентациялар мен слайд  көріністер жасау, тарихи оқиғаларға байланысты очерктер мен шежірелер жинақтау

Өлкетану арнайы курс бағдарламасының тақырыптық мазмұны

            Тақырып 1: Кіріспе. 1 сағат. Өлкетану курсының мңндеттерімен, мақсатымен, мазмұны және жұмыс түрлерімен таныстыру.Әдебиет түрлеріне шолу жасау.                       Тақырып 2: Көне Семей шаһары Қимақия мемлекетінің астанасы. 1 сағат. Қимақия тайпасының Ертіс өзенң бойында құрған мемлекеті жайлы мағлұматтармен танысып ол туралы зерттеушілердің пікірімен  танысып баға беру.                                                               Тақырып 3: Семипалатинск қамалының қалыптасуы. 2 сағат.  Семипалатинск қамалының құрылу тарихы мен маңыздылығын талдау. Реформалар мен қайта құрулардың тигізген әсеріне баға беру зерттеу.                                                                                                 Тақырып 4: Әлем саяхатшылары мен зерттеушілерінің көзімен. 2 сағат.   Барденестің  Семипалатинск қамалын суреттеуі. Зерттеушілердің көзқарастарымен, суреттеулері арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу.                                                                                                         Тақырып 5: Тарихи – географиялық жағдайы және әкімшілік бөлінісі. 2 сағат.  Семей қаласы Қайда? Қашан? Қалай? құрылды. Қалалық аймақтық әкімшілік бөлінісі жайлы мәліметтер.                                                                                                                                     Тақырып 6: Семипалатинск және Жібек жолы. 2 сағат.  Монғолиядан Ресейге, Сібірден Орталық Азияға тауар түрлері Семипалатинск қаласы арқылы таратылғаны жайлы мағлұматтарды зерттеу, анықтау.                                                                                                 Тақырып 7: Семипалатинск қаласының саудагерлері. 2 сағат.    Қала саудагерлері- Плещев, ағайынды Мусиндер, Хаваровтар тағдыры мен өмірбаяны. Мусин әулетінің сауда жолындағы жетістіктері.                                                                                                            Тақырып 8: Тарихи және бүгінгі Семейдің картасы. 1 сағат.  Практикалық жұмыс. Салыстыру, анализ жасау,картамен жұмыс.                                                                            Тақырып 9: Семей қаласының экологиялық тарихы. 2 сағат.   Семей ядролық полигонының зардаптары. Экологиялық апаттың салдары.                                                  Тақырып 10: Семей Қазақстанның рухани-мәдени орталығы. 2 сағат.  Семей қаласы әрқашан   Қазақстанның рухани-мәдени орталығы болған әрі бола бермек. Тарихи жылдарға үнілсек сонау 1863 жылда Смейде 2 оқу орны болған.                                                                       Тақырып 11: Кітапхана тарихы. 1 сағат.  Абай Құнанбаев атындағы әмбебап кітапхана жайлы дерек көздері.                                                                                                        Тақырып 12: Қала зерттеушілері. 2 сағат.   Семей қаласының алғашқы зерттеушілері Николай Абрамов, Коншина К, Беллослюдов Н.М, Құлжанова Нәзипа өмірбаяны мен қызмет жолы.                                                                                                                                                       Тақырып 13: Қаланың көрікті жерлерінің тарихы. 2 сағат.  Абай атындағы алаң, Бір және екі мұнаралы мешіттер, Ямышев қақпасы, Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір т.б ескерткіштер тарихы жайлы мағлұматтар беру. Топ серуенге шығу.                                      Тақырып 14: Семей –Алаш Отаны. 2 сағат.  Алаш Оданың құрылу тарихына үніле отырып Семей қаласының орталығы болғандығын түсіндіру.                                                      Тақырып 15: Семей Ұлы Отан соғысы жылдарында.  Семейлік Кеңес Одағының батырлары. 2 сағат.  Кеңес Одағының батырлары – семейліктер. Соғыс кезеніңдегі елдегі ауыртпалықтар жайлы әңгімелеу. Семейлік Кеңес Одағының батырлары- Абеулов Мукатай, Аухадиев Койгельды, Батиньков Сергей, Ибраев Айткеш, Каирбаев Махмет т.б өмірбаяны мен тағдырлары жайлы сыр шерту.                                                                                          Тақырып 16: Семейдің кешегі және бүгінгі экономикалық дамуы. 2 сағат.                          Қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуы, болашақ даму жоспары жайлы мәліметтер.

Тақырып 16: Әлеуметтік – демографиялық дамуы. 2 сағат.  1897-1926жылдар аралығы және 1990-2010 жылғы қала халқының өсімі.Тарихи әлеуметтік дамуы, халықтың орналасуы, жұмыспен қамтылуы.                                                                                                                       Тақырып 17: Семейдің бүгіні мен ертеңі.  1 сағат.   Семей қаласының болашақ дамуы және оған өзіміздің қосар үлесіміз жайлы пікір алысу, дөңгелек үстел.                      

9-  сынып оқушыларына арналған «Өлкетану» курстық бағдарламасының  тақырыптық жоспары

Аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.

Тақырып

Сағат саны

Жұмыстың түрі

Мерзімі

1

Кіріспе

1

Курстың мақсаты мен мазмұнымен танысу

 

І-тарау. Семей қаласының тарихы

2

Көне Семей шаһары Қимақия мемлекетінің астанасы

 

 

1

Дерек көздерін анықтап,зерделеу, зерттеушілік   жұмыстармен  айналысу

 

3-4

Семипалатинск қамалының қалыптасуы

2

Дәуір құжаттарымен жұмыс

 

  5-6

Әлем саяхатшылары мен зерттеушілерінің көзімен. Барденестің  Семипалатинск қамалын суреттеуі.

2

Дәуір құжаттарымен жұмыс, Кесте толтыру, Картамен жұмыс, зерттеушілік   жұмыстармен  айналысу

 

  7-8

Тарихи – географиялық жағдайы және әкімшілік бөлінісі.

2

Дерек көздерін анықтап,зерделеу, зерттеушілік   жұмыстармен  айналысу

 

9-10

Семипалатинск және Жібек жолы.

2

Кесте толтыру, Картамен жұмыс

 

11-12

Семипалатинск қаласының саудагерлері.

2

Дәуір құжаттарымен жұмыс

 

13

Семейдің тарихи және бүгінгі картасы

1

Дәуір құжаттарымен жұмыс, Кесте толтыру, Картамен жұмыс

 

14-15

Семей қаласының экологиялық тарихы

2

Дәуір құжаттарымен жұмыс,презентациялар мен слайд  көріністер жасау

 

16

Қайталау. Тест

1

Тест тапсырмасын, сұрақ жауап тапсырмаларын орындау

 

ІІ тарау. Семей мәдениет ошағы

17-18

Семей Қазақстанның рухани-мәдени орталық.

2

Дәуір құжаттарымен жұмыс

 

19

Кітапхана тарихы

1

  Дәуір құжаттарымен жұмыс, зерттеушілік   жұмыстармен  айналысу

 

20-21

Семей зерттеушілері

2

 Дәуір құжаттарымен жұмыс, Венн диаграммасын толтыру

 

22-23

Қаланың көрікті жерлерінің тарихы.

2

Дәуір құжаттарымен жұмыс Дерек көздерін жинақтау, презентациялар мен слайд  көріністер жасау. Топ серуен.

 

24

Қайталау. Тест

1

Қайталау, тест тапсырмасын орындау

 

ІІІ тарау. Семей қаһарман қала

25-26

Семей – Алаш Отаны

2

Дерек көздерін жинақтап салыстыру

 

27-28

Семей Ұлы Отан соғысы жылдарында.  Семейлік Кеңес Одағының батырлары

2

Дәуір құжаттарымен жұмыс, Кесте толтыру, Картамен жұмыс

 

ІҮ тарау Семейдің бүгіні мен ертеңі

29-30

Семейдің кешегі және бүгінгі экономикалық дамуы.                       

2

Дәуір құжаттарымен жұмыс, Кесте толтыру, Картамен жұмыс

 

31-32

Әлеуметтік – демографиялық дамуы.

2

Дәуір құжаттарымен жұмыс, Венн диаграммасын толтыр

 

33

Семейдің бүгіні мен ертең

/дөңгелек үстел/

1

Дерек көздерімен жұмыс, пікір алысу, сұхбаттасу

 

34

Қорытыңды тест

1

Қайталау, бекіту, тест

 

 

 

 

Қолданылатын  әдебиеттер тізімі.

1.Ашурков В.Н. Кацюба Д.В. Матюшин Г.Н. Историческок краеведение. М. 1980.

2.Пронштейн А.П, Кияшко В.И. Тарихи қосалқы пәндер. А, 1978 г.

3.Акишев К.А. Байпаков К. Вопросы археологии Казахстана. А, 1979 г

4.Маргулан А.Х. Акишев К.А. Кадырбаев М.К. Древняя культура Центрального Казахстана А, 1965.

5.Ахметова С.Ш. Историчемкое краеведение в Казахстане. А, 1982 г. Ахметова Л. Нәзипа Құлжанова // Алғашқы қарлығаштар. Құраст. 6.Д.Дәуренбекова.-Алматы:Қазақстан,1993.-17-29
7. Әділбекқызы Ж. Семей Орыс Географиялық қоғамы және қазақ зиялылары // Абай.-2004.-№1.-61-64б.
8. Байжұманова Н. Ұлы ақынды ұлықтаған Нәзипа // Семей таңы.-2007.-30 тамыз.-3б.
9. Ибраев М. Нәзипа, Нұрғали Құлжановтар // Семей таңы.-1990.-4 тамыз.
Кәрібжанова Г. Нәзипа Құлжанова және Ресей Географиялық қоғамы //                    10. Қазақ  тарихы.-2003.-№3.-21-23б.                                                                                                                       11. Қазбалинов Т. Ірі аймақтың хикасясы: (Қала тарихынан: Н.Құлжанова туралы да бар) Ертіс өңірі.-2004.-24 маусым.-29б.                                                                                12. Әбдікәкімов Т. Ескерткіштер // Ертіс өңірі.- 2005.- 10 қараша.- б.31
13. Әбдікәкімов Т. Ескерткіштеріміз нені ескертеді?// Ертіс өңірі.- 2005.- 10 қараша.- б.31
14. Әліпбаев Қ. Ел ер ұлдарын ешқашан ұмытпайды// Семей таңы.- 2002.- 20 желтоқсан.- б.2
15. Әпсәләмов Н. Рухы күшті елдің бірлігі күшті// Семей таңы.- 2006.- 20 шілде.- б.3
16. Құлжанова Н. // Абай. Энциклопедия. /Бас ред.Р.Нұрғалиев.-Алматы: Атамұра, 1995.-370 б.
17. Құлжанова Н. // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия.-Алматы, 2004.-109б.
18. Бақытбекқызы Ә. Ескерткіш тақта ашылды // Семей таңы. – 2009. – 28 мамыр. – С. 2
19. Құлжанова Н. // Абай. Энциклопедия. /Бас ред.Р.Нұрғалиев.-Алматы: Атамұра, 1995.-370 б.
20. Құлжанова Н. // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия.-Алматы, 2004.-109б.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Робочая программа на тему "Өлкетану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 842 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2016 1444
    • DOCX 27.8 кбайт
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смагулова Баян Алейхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смагулова Баян Алейхановна
    Смагулова Баян Алейхановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4544
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1359 человек из 80 регионов

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 42 регионов