Инфоурок Другое Другие методич. материалыРодительское собрание на тему:": Біздің балаларымыздың достығы мен сүйіспеншілігі туралы."

Родительское собрание на тему:": Біздің балаларымыздың достығы мен сүйіспеншілігі туралы."

Скачать материал

Жиналыс

Жиналыстың тақырыбы: Біздің балаларымыздың достығы мен сүйіспеншілігі туралы.

Жиналыстың міндеттері:

1.    Ата-аналарды достыққа, жауапкершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеуді үйрету.

2.    Балаларды кішіпейілділікке тәрбиелеудің іс жүзіндегі ұсыныстары.

Жиналысқа дайындық жұмыстары:

1.    Ата-аналар комитеті жиналыс тақырыбы жазылған ұран дайындайды.

2.    Залға достықтың үлгісі ретінде мултьфильм кейіпкерлері суреттері ілінеді. Мысалы. Мысық пен тышқан, қасқыр мен қоян, қарлығаш пен дәуіт, Асан мен Үсен т.б.

3.    Оқушылар топ – топқа бөлініп «Достық» тақырыбына сурет жазбалар дайындайды.

4.    Ата-аналар  мектеп қабырғасындағы достық  өздерінің ең жақын достары жайында естеліктер дайындайды.

5.    Ата-аналар комитеті мен оқушылар форумға шақыру билеттерін дайындайды.

6.    Жиналысқа концерттік номерлер дайындалады.

7.    Сынып жетекшісі ата-аналарға  арналған бауырмалдылыққа тәрбиелеу, жанұядағы салт-дәстүрлер, ауызбіршілік туралы кеңестер дайындайды.

Бар жұмысты кейінге қалдырып, достықты айтамыз, достықты жырлаймыз. Достықтың жалынын бірге тұтатып, баршаға жылылық пен қуаныш сыйлаймыз.

       Біз сіздермен кездесуді күтеміз.

1.    Жиналыс барысында «сиқырлы экран» арқылы оқушылар ата-аналарға бауырмалдылық, достық туралы сұрақтар қоя алады.

2.    Оқушылар мен ата-аналар залда ерекше түрде жайғасып отырады. Орындықтар жартылай дөңгелек, ата-аналар мен балалар бір-біріне қарсы отырады.

Жиналыс барысы:

1.    Сынып жетекші:

-         Қош келдіңіздер, аналар мен әкелер,балалар, достар!

Бүгінгі кешті біз бір-бірімізге арнаймыз.ересектер мен кішкентай бүлдіршіндерге өз мәселелерін талқылауға мүмкіндік береміз, сұрақ қоюға және оны қысқа да, нұсқа және  өте мағыналы сөз д-о-с-т-ы-қ сөзіне арнауға мүмкіндік береміз.

2.    «Дос болайық бәріміз» атты  әні орындалады.

3.    Оқушылар мен ата-аналарға сұрақ.\

Балалар мен ата-аналар сұраққа тізбектей жауап береді.

-         Біз кімді дос деп айта аламыз?

-         Біздің және сіздің досыңыз қандай?

-         Қандай дос нағыз долс бола алмайды?

-         Оның достары болу үшін адам қандай болуы керек?

4.    Концерттік нөмір «Достық жырын жырлаймыз!»

Жарыс «ата-ана өміріндегі достық және оның балаларының өміріндегі достық». Әр отбасының ата-аналары мен балалары достар туралы айтады. Балалар ата-анасының достары туралы, ат ата-аналары балаларының достары туралы айтады.

5.    Ата-аналар мен балалардың достық биі. Үлкен және кіші айналым.

6.    Сиқырлы экран:

         Балалардың ата-аналарға қояр сұрағы  және ата-аналардың балаларға деген сұрағы.Сұрақтар алдын ала дайындалады және оны ата-аналар комитеті дайындайды. Сұрақтар мынадай болуы мүмкін:

-         Ата-ананың рұқсатынсыз достарыңды үйге шақыруға бола ма?

-         Өз достарың туралы жаман айтуға бола ма?

-         Егер досың жаман қылық жасап қойса, сен мұны басқа адамдарға айтасын ба?

-         Егер сенің достарыңдікі дұрыс болмаса да, олармен ұрысып, олармен ренжісуге бола ма?

-         Анаң мен әкеңді достарың деп санауға бола ма?

-         Достыққа бағынуға бола ма?

«Сен де, мен де біз екеуміз» әнінің орындалуы.

Сынып жетекшісінің сөзі:

-         Сендер қалай ойлайсыңдар? Неге ата-ана мен бала жиі ұрысады?

-         Мүмкін бірін-бірі түсінбейтіндіктен шығар Ата-ана баланың қызығушылығы мен мәселелерін, балаларға ойын – бұл маңызды және орны ерекше екендігін түсінбейді және осылай ата-ана талап етіп, бұйрық бере бастайды, ал балалар мұны тыңдағысы да келмей қалады. Мінекей осылайша ата-ана мен бала бірін-бірі түсінбей дос болудан қалады.

                        Ата-анаға кеңес

1.    Өзіңіздің балаңызды достыққа лайықты екендігін айтып мақтаңыз.

2.    Балаңыздың достарын үйге шақырып,олармен араласыңыз.

3.    есте сақтаңыз. Балалық шақтағы достың балаңыздың ересек өмірінде балаңызға тірек болуы мүмкін.

4.    Өзіңіздің, балаңыздың достыққа адал болуды және достықтан пайда іздемеуді үйретіңіз.

5.    Өзіңіздің балаңызға дос болыңыз.

6.    егер сіздің балаңыз сізге сеніп, достарына айтқандай, сізге де өз құпияларын айтса, оны бопсалап, келеке етпей, дұрыс түсініңіз.

7.    Балаңызды қинап емес, оған тіреу болып ақыл айтыңыз.

8.    Балаңыздың өз достарына  жағымды бір нәрсе жасаймын десе, оның тілегін қабылдаңыз.

       9.Балаңыздың достарына сатқындық жасауына жол бермеңіз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Родительское собрание на тему:": Біздің балаларымыздың достығы мен сүйіспеншілігі туралы.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 155 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2016 490
    • DOCX 34 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нарманова Альмира Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нарманова Альмира Серикбаевна
    Нарманова Альмира Серикбаевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4321
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой