Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Ромб анықтамасы, қасиеттері және оларды қолданып есептер шығару.

Ромб анықтамасы, қасиеттері және оларды қолданып есептер шығару.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ жоспары

Сабақ: №2

Мектеп: Семей қаласы, №23 ЖББОМ КММ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Шакенова Г. О.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ромб анықтамасы, қасиеттері және оларды қолданып есептер шығару.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Ромбының анықтамасын, қасиеттерін білу, оларды қолданып есептер шығара алу, теоремаларды өз бетімен дәлеледей алу дағдыларын қалыптастыру, ой өрістерін дамыту.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Ромбының анықтамасын, қасиеттерін біледі, оларды қолданып есептер шығара алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Теоремаға кері тұжырым жасай алады.

Кейбір оқушылар:

Бұрынғы алған білімдерін пайдалана отырып, теоремаларды өз беттерімен дәлелдей алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Теоремаларды дәлелдеуде математикалық тілде сойлей алады.

Сұрақтарға нақты дәлелдемелер арқылы, толық жауап бере алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Параллелограмм, бұрыш, теңбүйірлі үшбұрыш, диагональ, биссектриса, периметр, перпендикуляр.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Ромбының диагональдары өзара перпендикуляр,

Диагональдар бұрыштарының биссектрисасы

Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?

Параллелограммның ІІ қасиеті. Теңбүйірлі үшбұрыштың медианасы оның әрі биіктігі, әрі биссектрисасы.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

АВСD ромб, ▲АВС

Алдыңғы оқу

Параллелограмм қасиеттері, теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1-кезең: Қызығушылықты ояту(15 минут):

- ұйымдастыру

- үй тапсырмасын тексеру;

-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

- белсенді әрекетке жұмылдырылады;

- ойлау жұмысына ынталандырылады


«Шаңырақ» арқылы ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. «Сөйлемді жалғастыр» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.

Сыныпты әр түсті ленталар арқылы топқа бөлу. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазғызып, мақсатын оқушылармен бірлесе отырып шығару, табыс критерийлерін жасайды. Әр кезең бойынша бағалау критерийлерімен таныстырады.






Ұжымдық, ытымақтастық ахуал орнатады.

Оқушылар бір-біріне «Сөйлемді жалғастыр» әдісімен тақырып бойынша бірнеше сұрақ қояды. Жауаптар тексеріледі.

Әр түсті ленталар арқылы топтарға бөлінеді.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлеріне диалогтық талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.

Топ басшысын сайлайды, бағалау парақтарын таратады.



Фигуралар, бағалау парағы

Оқулық, дәптер

2-кезең: Мағынаны ажырату(15 мин):

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады



Слайд арқылы «Тірек сөздер» көрсетеді:

Параллелограмм,төртбұрыш, тең қабырғалар

-бұл терминдерді бір-бірімен қалай байланыстырар едіңдер?


«Терминдер арқылы болжау» тәсілі арқылы ой қозғайды, мағынаны ашады.





Фигураның негігі қасиетін өз беттерімен дәлелдеу үшін

«9 ромб» әдісін қолданады.





Сергіту сәті



Сыни тұрғыдан ойлау арқылы тірек сөздерді қолданып ромбыға анықтама береді, элементтерін анықтайды.




Мәтіннен қандай да бір жолмен байланыстыратын 4-5 сөз таңдап алады. Өз беттерімен ойланады, жұптарымен өз тұжырымдамаларын жасайды, яғни қасиетін анықтайды.


Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру арқылы теореманы дәлелдейді.Кері теорема айтады.

Жұлдызшалар беру арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.


Би билеп сергіту сәтін жасайды.


Интербелсенді тақта

Түрлі-түсті қағаздар,

Маркерлер , жұлдызшалар,
















3-кезең:

Ой-толғаныс(10 минут):

  • анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;


  • синтез, бір-бірімен ой бөліседі


  • сабақ қорытындысы


Әр топқа есептер жазылған парақтар таратады. «6х6хх» әдісі бойынша топтарға деңгейлік тапсырмалар (есептер)береді.

Топта оқушылар бірлесе отырып, талқылау жүргізеді. Топтың әрбір мүшесі ортақ жұмысты орындайды. Топ басшысы топ жұмысына қадағалау жүргізеді. Басқа топтарға барып, өз есептерінің шығару жолдарын түсіндіреді.

Топтар бірін-бірі бағалайды. «Смайликтер».



Түрлі-түсті қағаздар,

Маркерлер, смайликтер




Келесі оқуға арналған тапсырмалар

(үй тапсырмасы)

Теорияны оқу, оқулықан есептер беру.

«Ромб» сөзінің шығу тарихын, геральдика саласында қолданылуын айқындайтын мәліметтер қарастыру.

Қосымша ақпарат


Саралау

Әртүрлі деңгейлік тапсырмалар, топ басшысы, мұғалімнің пікірі

Бағалау

Бағалау парағы арқылы (топ басшысы)

1.Тың идея қосты

2.Көмек көрсетті

3.Тапсырманы дұрыс орындауы

Жауап үлгілері арқылы өзін-өзі бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек

Бес саусақ

Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс.

Информатика, тарих

Қауіпсіздік нормалары, сынып тазалығы сақталған. Техникалық құралдарды пайдалана алады.Интербелсенді тақтамен жұмыс жасай алады. Оқушылар достық қарым-қатынаста болады.



Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі

Тақырып бойынша негізгі идеялар мен түсініктер есептер шығару барысында дұрыс, тиімді қолданылды. Бірдей тапсырманы төрт топтың да орындауы тақырыптың мағынасын аша түсті.

Оқушы оқу мақсатына талпынды, себебі

Қалыптастырушы бағалау үшін жасалған іс-әркеттер оқушылардың қызығушылығын оята түсті. Оқушылардың басым көпшілігі берілген тапсрыманы дұрыс орындап, бір-бірінің жұмысына баға беруге тырысты.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен?

Шынайы құрылған мақсат

Белсенді әрекетке бағытталған

Жоспарланған барлық шаралар жүзеге асты

Уақыт ұтымды пайдаланылды

«6х6х6» әдісі бойынша топтардың басқа топтарға барып өз есептерінің шығарылуын түсіндіруі кезінде тыныштықты, жинақылықты қадағалау қажет. Оқушыларды көбірек сөйлету керек екен.

Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Тірек сөздер» арқылы терминдерді байланыстырып ой қозғау өз нәтижесін берді.

2. «9 ромб» әдісі бойынша төрт топтың да бірдей тапсырманы орындауы тақырыптың мағынасын аша түсті, оқушылардың меңгергендігі байқала бастады.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1.Түрлі түсті ленталар арқылы «Шаңырақ» жасау сыныпта ынтымақтастық, ұжымдық ахуал тудырды.

2.Топтардың бір-бірін бағалауында «Екі жұлдыз, бір тілек» оқушылардың бір-біріне сыни көзбен қарауына ықпал етті.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетің не білдім?







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров130
Номер материала ДВ-440065
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх