Ғ әрпі мен дыбысы

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Ғ ғ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

                              а) білімділік: оқушылырға Ғ дыбысы мен әрпін   меңгерту.

                              ә) дамытушылық: сөздерге   дыбыстық талдау     жасауға

үйрету.

                              б) тәрбиелік: Ғ дыбысының артикуляциясын дұрыс

                                                   қолданып, дұрыс айтуға үйрету.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі.

Тым еңкейме, қатты кетпе шалқаңа,

Салмақ салма, беліңе және арқаңа,

Зейінді бол оқығанда, жазғанда,

Түзу, еркін, тыныш отыр партада.

ІІ Өткен сабақта алған білімді тиянақтау.

1 қатар – «Жігер» тобы, 2 қатар – «Ықылас» тобы, 3 қатар – «Ақыл» тобы.

Сұрақтар:

1.     Сөз нелерден тұрады? (дыбыстардан)

2.     Сөздер нелерге бөлінеді? (буындарға)

3.     Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге: дауысты, дауыссыз дыбыстар)

«Үндемес» ойыны. Мақсаты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды сигналды көрсеткіш белгілерімен көрсету.

Әріптерді дыбыстау: А, О, Р, Л, Ш, С, У, Ы, Д, Т, М, Н, Ң...

«Кім жылдам?» ойыны. Үш топтың оқушылары жарысып, тақтаға өткен сабақта өтілген ң әрпі бар сөздерді тез-тез жазады, ауызша дыбыстық талдау жасайды.

Сергіту сәті.

ІІІ Жаңа сабақ. Балалар білім қоржынымызды біраз толықтырып алдық, қазір сендермен «Күн мен түн» ойынын ойнайық. Қане, түн болды, ұйықтаймыз. Түс көріп жатырмыз ғарыш туралы. Оқушылар бастарын партаға қойып ұйықтап, түс көріп жатқанда өлеңнен үзінді оқылады:

Көркіне Жер – ананың

Ғарыш жақтан қарадым.

Қуат алып Отаннан,

Көкті тіліп аттанғам.

Күн шықты (оқушылар оянады)

«Күн шықты» деген команда берілгенде, оқушылардан: Көрген түсімізде «ғарыш» сөзінде сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз?

1. Буынға бөлу. Ға-рыш.

-  Бірінші буын қандай? (ҒА-РЫШ)

-  Ғ дыбысы былай таңбаланады (баспа және жазба түрін көрсету). Хормен айту. Ғ- Ғ- Ғ. Ғ дыбысын айтқанда ерніміз артқа қарай жиырылады. Ғ қандай дыбыс? (дауыссыз). Неге дауыссыз? (созылмайды, өлең айта алмаймыз)

2. Балалар, енді өздерің Ғ дыбысы бар сөздерді атап көріңдер. Қане, қай топтың оқушылары көп сөз айтады екен?

-  Ғ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (басында, ортасында)

ІV Оқулықпен жұмыс.

а) – Мынау не балалар? (сырға). 2 буын, 5 дыбыс, 2 дауысты. Ғ дыбысы екінші буында.

ә) Оқушыларға оқулықтағы сөздерді кезекпен, хормен оқыту.  «Он саусақ» әнімен сергіту минутын өткізу.

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

V Дәптермен жұмыс. Дұрыс отырғандарын қадағалап, дәптерде берілген тапсырманы орындау. А) Тақтаға әріптің басталуы , жазылу бағытын түсіндіру (бірнеше әріпті тақтаға жазып көрсету). Ә) Әріпті ауаға жазу арқылы қолдарын жаттықтыру.

VІ Қорытынды. Жаңа сабақты бекіту.

- Балалар, бүгін сендермен қандай әріппен таныстық? Ғ дыбысы қандай дыбыс?

Сөздің қай жерінде кездеседі?

ҮІІ Бағалау

 

Ғ әрпі мен дыбысы

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Орал Айгерим Бекжановна

учитель начальных классов

  • На сайте: 10 лет и 6 месяцев
  • Всего просмотров: 52942
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 21
  • 52942
    просмотров
  • 21
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Орал Айгерим Бекжановна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~160

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: