Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Өрт қауіпсіздігі" тәрбие сағат

"Өрт қауіпсіздігі" тәрбие сағат

  • Классному руководителю

Документы в архиве:

Название документа ?рт.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия











Тәрбие сағаты



Тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі

















Алматы 2015 ж

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі.

Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Білімділік:Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.

Дамытушылық: ой-өрісін, дүниетанымын дамыту;

Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақты жүргізу әдісі: түсіндіру, презентация түрінде көрсету.

Сабақтың өтілу формасы: ұжымдық.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.

ә) оқушыларды түгендеу



ІІ. Өткенді пысықтау, жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Өрт қауіпсіздігі.

Өрт –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико-химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану;2. Пештің ақаулығы; 3.Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4.Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.

Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден-бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш жаздың күні міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Балаларға пешті қарауға және жағуға тиым салынады.
Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі
газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Газ баллоны газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет. Газ баллоны газдың шығып жатқанын, тек сабын көпіршіктері арқылы тексеруге болады. Газдың иісін ауадан сезген уақытта сіріңке жағуға, темекі шегуге, басқа да электр қондырғыларын іске қосуға болмайды.
Газ шыққанын байқасаңыз, тез арада есік пен терезені ашып бөлмені желдетіп, баллонды далаға шығарып, апаттан құтқару қызметіне хабарласыңыз. Баллонды қыздыруға, егер баллон бұзылған болса, оны өзіңіз жөндеуге тиым салынады.
Өрт оқиғаларына басты себепші
электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Осы жәйттардың барлығы аяғында өртке әкеп соқтырады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу - өте қауіпті.

Сондықтан, үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей 2-3 электр затын бір мезетте электр қуатына қоспау керек.
Өртке келгенде
баланың да шалалығы бар. Қолынасіріңкеұстапойнағанжасөспірімдердіңабайсыздығынанболғанөртоқиғалары аз емес.

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:
Су — өртті сөндірудің негізгі құралы. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қапайымы болып табылады. Оның отты сөндірудегі әрекеті — ол жанғаш затты салқындатады

Химиялық көбіктің құндылығы оның төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде болып табылады, ол жанған затты толығымен тығыз жауады және оған ауа жібермейді.
Көмір қышқылды өрт сөндіргіштер химиялықтармен қатар айтарлықтай таралған. Олар химиялық зертханаларда, кітапханаларда, мұражайларда және басқа да жайларда кеңінен қолданылады. Бұл өрт сөндіргішті қуаттандыру үшін үлкен қысымда тұрған сұйытылған көмір қышқылы (көміртек диоксиді) қолданылады.

Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу барысында баллонды көлденең жағдайға бұруға болмайды, өйткені бұл кезде сифонды құбыр арқылы көмір қышқылдың шығуы бұзылады.
Қазіргі уақытта құрғақ ұнтақтармен толтырылған ұнтақты өрт сөндіргіштер көп таралған, олар өрт аумағына түсіп, отты сөндіретін зат бөледі.
Ұнтақты өрт сөндіргіштер тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың, газдардың, ағаш өнімдерінің, тоқ қысымында тұрған электр сымдардың, сілтілі металлдар мен өздігінен жану қасиеті бар басқа да заттардың жануын сөндіру үшін қолданылады.

Өрт қауіпсіздігі ережесі  

 ҮЙДЕГІ ӨРТ

        Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.

Сіздің әрекетіңіз:

1.     Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын енкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.

2.     Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.

3.     Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.

4.     Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.

5.     Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.

6.     Егер сізге біреуді өрттен кұтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.

7.     Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.

 Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы,

жиідемалу, жүрекайналуы, сананыжоғалту.  

ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.

Сіздің әрекетіңіз:

1.      Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.

2.      Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.

3.      Өрттенжаныптұрғанзаттардыалмаңыз, өйткеніолөрттіңтаралудыңсебепкеріболады.

4.      Өрттішетіненбастапортағақарайсөндірукерек.

     АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ

Сіздіңәрекетіңіз:

         Адамды тез ғанажергежатқызыңыз (бұлөрттіңадамныңбасынабаруынажолжабады), үстіне су кұйыпнемесекурткамен, пальтоменжабыңыз.

Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:

-   құрылыстық-жобалау;

-   техникалық;

-   ұйымдастырушылық;

Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады.

Техникалық шараларына мыналар кіреді:

-   өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;

-   құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;

-   әртүрліқорғанужүйелерінпайдалану.

Ұйымдастырушылықшаралар құрамынаөртқауіпсіздігібойыншаоқуөткізу, өртқауіпсіздігішараларыныңсақталуынтексерукіреді.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сұрақтарға жауап беру.

  1. Өрт дегеніміз не?

  2. Өрт қауіпсіздігі дегеніміз не?

  3. Өрттің алдын алу шаралары.

  4. Өрт сөндіру құралдары.



V. Сабақты қорытындылау, бағалау.

Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп-қатер аз емес. Соның ішінде, ең күрделі – өрт.

Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді аямайды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн.

Құрметті оқушылар, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды өтінемін. Өрттен сақ болыңыздар !!!



Название документа ?рт.pptx

Поделитесь материалом с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ   Ш.Уәлиханов атындағ...
–бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін,...
Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: Электр...
Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда о...
Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған...
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қапайымы болып табылады...
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
1 из 7

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ   Ш.Уәлиханов атындағ
Описание слайда:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ   Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия   Тәрбие сағаты   Тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі             Алматы 2015ж

№ слайда 2 –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін,
Описание слайда:

–бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико-химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Өрт

№ слайда 3 Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: Электр
Описание слайда:

Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады. Пештің ақаулығы; Отты абайсыз қолдану;

№ слайда 4 Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда о
Описание слайда:

Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден-бір себепші. Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Өрт оқиғаларына басты себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу - өте қауіпті. Өртке келгенде баланың да шалалығы бар. Қолына сіріңке ұстап ойнаған жасөспірімдердің абайсыздығынан болған өрт оқиғалары аз емес.

№ слайда 5 Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған
Описание слайда:

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

№ слайда 6 Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қапайымы болып табылады
Описание слайда:

Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қапайымы болып табылады. Химиялық көбіктің құндылығы оның төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде болып табылады, ол жанған затты толығымен тығыз жауады және оған ауа жібермейді. Көмір қышқылды өрт сөндіргіштер химиялықтармен қатар айтарлықтай таралған. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу барысында баллонды көлденең жағдайға бұруға болмайды, өйткені бұл кезде сифонды құбыр арқылы көмір қышқылдың шығуы бұзылады. Су — өртті сөндірудің негізгі құралы. Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:

№ слайда 7 Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
Описание слайда:

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3224
Номер материала ДВ-328396
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх