Инфоурок Другое Научные работы"Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды мәселелері" тақырыбына баяндама

"Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды мәселелері" тақырыбына баяндама

Скачать материал

 

«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

 

Кунсафин Бекзат

 

Жетекшісі Мақсатова Анаргүл Мақсатқызы

арнайы пәндер оқытушысы

«Көлік колледжі» КМҚК Семей қ.

 

Адамзатқа төнетін қауіп ретінде өрт өркениет дамуының ертерек сатыларында-ақ орын алған еді. Өрт қазіргі уақытта да негізгі қауіптіліктердің бірі болып табылады, ол жыл сайын ондаған мың адам өмірін алып келеді, миллиондаған адамдарды баспанасыз қалдырып, дүниежүзілік экономикаға орасан зор зиян келтіреді. Өрттің алдын алу мен сөндіруді ақпараттық қамтамасыз етуге, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жаңа инновациялық технологияларды жасауға қатысты қолданбалы ғылыми әзірлемелер ерекше өзектілікке ие. Өрттерге жыл сайынғы талдау Қазақстан Республикасында өрттердің жайы бұрынғысынша күрделі болып тұрғанын көрсетеді. ШҚО Төтенше жағдайлар Демартаментінің мәліметі бойынша:

 

2017 жылы Есеп беру мерзімінде облыста 1710 төтенше жағдай және оқиғалар  тіркелді және олардың саны 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  7,8%-ға көбейді (1586 жағдай). Олардың ішінде ТЖ 313 жағдайды құрады, ол 2016 жылмен  (262 жағдай) салыстырғанда 19,5%-ға артық. 389 адам зардап шекті, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 61,4%-ға артық. (241 адам). 2016 жылғы есептік маусымға ұқсас 116 адам мерт болды.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны 223 оқиға, оның ішінде 95,1 % (212 оқиға) тұрмыстық және өндірістік өрттер, жарылыстар, техногендік сипаттағы жазатайым оқиғалар құрайды.

2016 жылғы осы уақытпен салыстырғанда техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны 37 оқиғаға артқан (19,9%), бұл 2016 жылғы есептілік мерзіміндегі 186 оқиғаны құрады.

Қаза болғандар саны 63 адам, 2016 жылға қарағанда 4,5% кем
(66 адам).

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны ТЖ жалпы санының 90 оқиға немесе 28,8% құрады (2016 жылғы есептілік мерзімімен салыстырғанда 14 оқиға немесе 18,4% аз, 76 оқиға). 2016 жылға қарағанда (55 адам)  58 адам зардап шекті 5,5% аз, 53 адам қаза болды 6 % көп, (2016 жылдың есептілік мерзімінен 6%-ға  көп, 50 адам).

ШҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі Басқарманың статистикалық талдауына сүйенсек, 2016 жылы Семей қаласында 224 өрт шыққан, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш артып отыр, яғни өрттердің саны 290-ға жеткен. Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдың өзіне талдау жасайтын болсақ, өрттің шығуы адамдардың зардап шегуіне және өліміне дейін әкеліп соқтырды. Ағымдағы жылдың 25 наурызында орын алған қайғылы «Кемерово» қаласындағы «Зимняя вишня» ойын-сауық орталығының өртке орануы. Салдары – ресми деректер бойынша 64 адамның қазасы, 84 адамның жарақат алуы. Қаза болғанның басым көпшілігі – балалар (41 бала). Өрттің шығу себебі – электр сымдар жүйесіндегі ақаулар болуы мүмкін делінген. Мұндағы негізгі мәселелер – өрт сөндіру шараларының дұрыс ұйымдастырылмауы, өртке қарсы қорғаныс құралдарының қолданылмауы, өрт автокөліктері тұрақтарының болмауы, өрт сигнализациясының жұмыс істемеуі. Аталған мәселелер опат болған, зақым алған адамдардың санын арттырды және үлкен материалдық шығынға ұшыратты. Сол себепті де мен осы тақырыпты өзекті деп білемін.

Өрттің шығу себептерін анықтайтын болсақ, көп жағдайда өрт отты абайсыз пайдаланудан (38%), электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзудан (20%) және пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан (13%) шығады.

Өрттің 68%-ы тұрғын үй секторларына, 14%-ы көлікке, 2,5%-ы өндірістік объектілерге, 4%-ы орманды және далалық массивтерге тиесілі.

Өрт қауіпсіздігі саласында адам факторы орасан зор рөл атқарады. Бүгінде тұрғын үй секторындағы әрбір екінші дерлік өрт отты абайсыз пайдаланудан шығады.

Өрт қауіпсіздігі мәселелері халықтың өртке қарсы білім деңгейін арттыру және қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін тәрбиелеу арқылы шешімін табады.

Өрт қауіпсіздігі мәдениеті адамда ғұмыр бойы қалыптасуы тиіс. Бұған отбасы, мектеп, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлеріндегі органдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар белсене қатысуы тиіс. Қауіпсіздік шараларын қолдануды бүкіл халыққа үйрету маңызды.

Осы тұрғыдан халықты шартты түрде үш топқа бөлуге болады: біріншісі – оқушылар (мектеп оқушылары мен студенттер), екіншісі – жұмыс істейтін азаматтар, үшіншісі – жұмыссыздар.

Бірінші топ – бұл адамдардың үйретуге неғұрлым бейім санаты. Бұл адамдың өмір бойғы жүріс-тұрыс негіздері қалыптасатын кезең.

Жұмыс істейтін халық жататын екінші топ азаматтардың ең белсенді санаты болып табылады.

Үшінші топжұмыс істемейтін зейнеткерлер, уақытша жұмыссыздар, үй шаруасындағы адамдар. Олар қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарынан, отбасы мүшелері мен айналасындағылардан алады.

Өмір қарекетінің қауіпсіздігі туралы білім негіздері мектепке дейінгі жаста қалана бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – оларға өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту және оларды өрт шыққан жағдайда дұрыс іс-әрекеттерге дағдыландыру болып табылады.

Өрт шыққан кезде іс-әрекеттер жасауға халықтың дайындығы болмауының салдары ауыр болады, сондықтан оларды оқыту мен дайындау сапасын арттыру қажет.

Өрттің шыққанын кеш хабарлауға байланысты өрттің жиілеп кеткені өртке қарсы қызметті дереу шақыру сияқты қарапайым ереженің өзі көбінде орындалмай жататынын көрсетеді. Өрттер тәжірибесі және бұл салада жүргізілген зерттеулер халықтың қажетті шараларды орындауға дайындығының төмен екендігін көрсетеді. Жүріс-тұрыс моделі мен қабылдаудың әр түрлі жағымсыз ерекшеліктері айқындалды, оның ішінде: өз міндеттерін басқаларға аудара салу, стрестік жағдайда күрделі  шешімдер қабылдауға қабілетсіздік, адамдарға жағымсыз әсер беру, тәуліктің қараңғы уақытында, жарықты өшіріп тастау, адамдардың қолданыстағы эвакуациялау жүйелерін (шағылысатын белгілерді) нашар қабылдауы және басқалар.

Осылайша, халықтың өмір сүру қауіпсіздігі мәдениетін арттыру мақсатында өрт қауіпсіздігі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарының мынадай бағыттарын басымдыққа ие бағыттар деп санаймыз:

1)    басшылардың, лауазымды тұлғалар мен мамандардың, педагогтардың, тәрбиешілердің, сондай-ақ білім еру мекемелерін бітірушілердің өрт қауіпсіздігі саласындағы білімі мен дағдыларының көлеміне қойылатын мемлекеттік талаптарды (стандарттарды) жетілдіру саласындағы ғылыми зерттеулер халықты өрт қауісіздігі шараларына оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістерін әзірлеуге жол ашар еді;

2)    өрт қауіпсіздігі негіздері мен дағдылары бойынша оқу құралдарын, сондай-ақ ересектер мен балаларды оқытуға арналған тестілеу элементтері енгізілген бағдарламалық аппараттық кешендерді әзірлеу.

Өрттердің жай-күйінен келіп шығатын негізгі өзекті мәселе автокөліктегі өрттер болып табылады.

Автомобильдегі өрт өте жылдам болатын және жоюшы құбылыс. Көлік күтпеген сәтте, көбінде қозғалыс кезінде тұтанады, егер ешқандай шара қолданылмаса, 5-7 минуттың ішінде толықтай жанып кетеді. Ағымдағы жылда Ақтөбе облысында автобустың өртенуі 52 адамның қазасына әкеліп соқтырды. Өрт шығуының негізгі себебі – отқа салғырт қарау. Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, от бензин құйылған жылытқыш құрылғыдан тұтанған. 2017 жылдың өзінде Семей қаласында автокөліктегі өрттер бойынша 50 оқиға тіркелген. Ал жыл басынан бері көліктегі өртке қатысты 4 оқиға орын алған. Семей қаласында орын алған бірнеше жағдайларға тоқталатын болсақ: 1993 жылғы «Ауди 100» маркалы автокөлігі тұрақта тұрған кезінде, қозғалтқыш бөлігінде өрт шығып, содан кейін дөңгелектердің шиналары, шанақ бояуы мен лак-бояуы жанған. Оқиға орынына келген өрт сөндірушілер өртті 10 минуттан аз уақыт ішінде сөндірді. Өрттің салдары: автокөліктің қатты қызып кетуінен болған деген нұсқасы қарастырылады. Бірінші қаңтар күні Чехов көшесінде “Ауди 80” көлігінен өрт шыққан. Өрттің пайда болу себебі: қысқа тұйықталу. Зардап шеккендер жоқ. Семейде автокөліктің өртенуінен автокөліктегі ер адам мен әйел адамның денесі қатты күйік алды. Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Семенова-Тяньшанский көшесінде «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөліктің мотор бөлігі өртенген. Себебі – қауіпті агрегаттарға салғырт қарау.

 

en9y5f66pvI.jpg

 Сурет 1. Ақтөбе облысында автобустың өртенуі

 

9s82ctNTQNE.jpg

Сурет 2. Семей қаласында 1993 жылғы «Ауди 100» маркалы автокөліктің өртенуі

     m2rGCUl-mYU.jpgDmkYSRnD688.jpg

Сурет 3. Семей қаласында “Ауди 80” көлігінің өртке орануы

 

Мәліметтерге жасалынған талдау бойынша өртке әкелетін негізгі себептер – электр жабдықтары мен электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуы, ашық отты пайдалану барысында қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы, автокөліктердің уақытылы техникалық байқаудан өтпеуі.

Саны мен келтірілген зиянына қарай автокөліктегі өрттер тұрғын үйлердегі өрттерден кейінгі екінші орынды иеленеді.

Тұтанудың 84%-ы автокөліктің қозғалысы кезінде және оқиғалардың 76%-ы моторлық бөлікте болады.

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдайтын көліктердің өрт қауіпсіздігінің маңызы ерекше. Өрт шыққан кезде өмірге қауіптің төнуі тек қана жолда жүру ережелерін бұзу кезінде ғана емес, сондай-ақ көлікті біліктілікпен пайдалананбаудың (техникалық қызмет көрсетудің (ТҚ) белгіленген мерзімділігін бұзу, жол берілетін жүктемеден асырып жіберу және т.б.) салдарынан болатын техникалық ақаулықтан да туындайды.

Автокөліктегі өрттер әртүрлі жағдайларда орын алуы мүмкін:

1.     Жол көлік оқиғасы кезінде;

2.     Ашық тұрақта, гаражда тұрып қалу уақытының ұзақтығында;

3.     Қысқы мезгілде ылғалмен байланысқа түскенде;

4.     Автокөліктердің ең әлсіз жері – электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуы кезінде.

Автокөліктердегі өрттердің алдын-алу мақсатында Төтенше жағдайлар жөнінде Басқарма қызметкерлері автокөлік жүргізушілеріне профилактикалық рейд жүргізіп отырады.

Автокөліктегі өрттерді болдырмаудың негізгі іс-шаралары:

1.     Автокөлік тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстау;

2.     Гараждарды жарықтандыру немесе жылыту үшін, қозғалтқышты жылыту үшін ашық отты пайдаланбау (алау, факел, жылытқыш шам);

3.     Гараждарда жиhаздардың, жанғыш материалдардан жасалған бұйымдарды ұстамау, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамау;

4.     Гараждарда жанғыш құрылыс материалдарын ұстамау;

5.     Гараждарда темекі шекпеу.

Көлікте өрт шыққан жағдайда атқарылатын іс-әрекеттер:

1.     Автокөлікті тоқтату;

2.     Қозғалтқышты сөндіру;

3.     Аккумулятор батареясын өшіру;

4.     Автокөліктен жолаушыларды эвакуациялау;

5.     «101» телефонына қоңырау шалу.

6.     Алғашқы өрт сөндіру құралдары арқылы шара қолдану.

Жолда жүру ережелеріне сәйкес мүмкін болатын өрттерді өшіру үшін барлық көліктер ұнтақтық немесе көмірқышқылдық қол өрт сөндіргіштермен жарақтандырылады. Бұл реттегі тәжірибе оларды қолдану тиімділігінің төмендігін, жүргізушілердің оларды пайдалана алмауын және көп жағдайда олардың ақаулары болғандықтан жарамсыздығын көрсетеді. Бұған қоса, үлкен өрт шыққанда (мысалы, моторлық бөлікте) қол өрт сөндіргіштері пайдасыз болуы және жанған өртті сөндіре алмауы мүмкін.

Дүние жүзінде автомобильді өрттерден сенімді қорғау және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт сөндірудің тиімді жүйелері жасалуда.

Еуропа елдерінде автомобильдердің капоты астындағы кеңістікті қорғау үшін өрт сөндірудің бірнеше қарапайым және техникалық жағынан күрделі емес жүйелері қолданылады.

Автокөліктегі өрттерді зерттеу, сондай-ақ автомобильдерді қорғаудың халықаралық тәжірибесі негізінде ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті жолаушыларды тасымалдауға арналған және жарылыс қаупі бар заттар мен материалдарды, оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің моторлық бөлігін капот астындағы кеңістікті өртке қарсы қорғау қондырғысымен міндетті түрде жабдықтау жөнінде ұсыныстар дайындады.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Ішкі істер министрлігі  бұл ұсынысты қабылдады және талаптарды регламенттеу мәселесін Ішкі істер министрлігі Кедендік одақтың «Дөңгелекті көліктердің қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламенттің шеңберінде пысықтады.

Техникалық регламентте мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған көліктерді базалық автомобиль қозғалтқышының өрт сөндірудің модульдік қондырғысымен жабдықтау, ақша және бағалы жүктерді тасымалдауға арналған көліктердің қозғалтқышын жүргізушінің орнынан қашықтықтық жетекпен қосылатын өрт сөндіру қондырғысымен, сондай-ақ моторлық бөлікте, электр жабдықтарының приборлары жинақталған жерлерге және автономды жылытқыштар орнатылған жерлерге өрт сөндіру сигналдандыруының бергіштерін орнату көзделген.

Бүгінгі күні Кедендік одақ нарығында көлікті өрттен қорғаудың автоматтық жүйелері жөніндегі ұсыныстардың аз екендігін атап өткен жөн.

Автокөлікті өрттерден сақтандыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау үшін бұл бағытта ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу маңызды. Республикада көліктерді өрттен қорғаудың тиімді жүйелерін жасау, оны қолданысқа енгізу қажет.

Төтенше жағдайлардан сақтандыру мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің қазіргі жай-күйі өрт қауіпсіздігі саласындағы ақпараттық-талдаушылық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету сияқты аса маңызды құрамдарсыз қалыптасуда, өрттер жағдайларына талдау мен болжау жөніндегі математикалық модельдер енгізілмеген, өрт қауіпсіздігі саласында қандай да бір мәліметтер базасы жоқ.

Сондықтан өрттердің алдын алу мен сөндіруді ақпараттық қамтамасыз етуге қатысты қолданбалы ғылыми әзірлемелер, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жаңа инновациялық технологияларды жасау өзекті мәселе болып табылады.

Бұл шараларды өткізу жаңа нәтижелерді алуға, техника мен заманауи технологиялар әзірлемелерін енгізуге, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және дамытуға, Қазақстан Республикасы ТЖМ-не жүктелген негізгі міндеттер мен функциялардың шеңберінде жұмыстарды жалғастыру үшін ғылыми өріс құруға бағытталған.

 

Әдебиет

1.      «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналы, №3(87) 2013 жыл

2.      «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналы, №12(96) 2013 жыл

3.      «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналы, №7(91) 2013 жыл

4.      «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналы, №4(88) 2013 жыл

5.      Жданов Н., Құдайбергенов Н. -  «Еңбекті қорғау»,  2010 жыл

6.      Әбдіров А., Сейфуллина Ғ., Мустафин Ж. - «Қауіпсіздік техникасы», 2017 ж.

7.      http://shqo.emer.gov.kz/ru/report.htm-  ҚР ШҚО Төтенше жағдайлар Демартаментінің ресми сайты

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды мәселелері" тақырыбына баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.12.2018 609
    • DOCX 417.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мақсатова Анаргүл Мақсатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мақсатова Анаргүл Мақсатқызы
    Мақсатова Анаргүл Мақсатқызы
    • На сайте: 5 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7487
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек