Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Научные работы / "Өрт шалған жүрек" И.Байбатырұлы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

"Өрт шалған жүрек" И.Байбатырұлы

библиотека
материалов

hello_html_1aab8408.gifhello_html_57b97b29.gifhello_html_69de4cea.gifhello_html_f900ddc.gifhello_html_765c3e0a.gifҚазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы









Бағыты: Туған жер төсіне оралған ақын шығармаларын жас жеткіншектерге

насихаттау,шебер аудармашы,сықақшы,моңғол-қазақ әдебиетінің ірі

қайраткері екенін таныту.


Секциясы:Қазақ тіл мен әдебиеті пәні



Тақырыбы: «Өрт шалған жүрек »







Авторы: Үржар ауданы,Мақаншы ауылы

«Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша»КММ

9 «Б»сынып оқушысы

Алиғажы Нұрсұлу Алиғажықызы


Жетекшісі: Үржар ауданы,Мақаншы ауылы

«Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша»КММ

қазақ тіл мен әдебиеті пән мұғалім








2015 жыл

Мазмұны


І.Кіріспе

1.1.Қазақтың дүлділ ақыны 3-4 бет


ІІ.Теориялық бөлім 5-9 бет

1.2.Поэзиясының жанрлық өрісі,

суреткерлік сипаты,ақындық шеберлігі.

1.3. И.Байбатырұлы шығармаларындағы

пейзаждық лирика түрлері.

1.4.И. Байбатырұлының ең көп қалам тартқан тақырыбы.


ІІІ.Зерттеу бөлімі 10- 11бет

1.5.И.Байбатырұлының өлеңдеріндегі ерекшеліктер.


ІV.Қорытынды 12 бет


V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі 13 бет




























І.Кіріспе

1.Қазақтың дүлділ ақыны

Алпысыншы жылдардың аржақ-бержағында ұлттық әдебиетімізге асау тайларының ауыздығын қағыстыра ,құйысқанын соғыстыра үркердей боп үзеңгілес бір топ ақын дүбірлі думанымен келіп қосылған еді.Әлеуметті елең еткізген бұл топ әдебиетімізге,әсіресе 60-шы жылдардың басындағы бүр жарған жауқазын поэзиямызға жаңа леп ,жаңа үн ,өзгеше өрнек ,жаңа бір бет бұрыс әкелгендей болды.Солардың бірі-ақын Имашхан Байбатырұлы болатын.

1992 жылы сонау Монғолия жерінен атамекенге көшіп келіп ,Мақаншы ауылынан қоныс алған Имашхан Байбатырұлы айналасындағы ағайын-туысымен бірге іргемізді нығайтуды ниет еткен ақын-драматург.Ақынның көптеген шығармалары қазақ жерінде ,өз атамекенінде дүниеге келген.Ақын 1938 жылы Монғолияның Баянөлгей аймағында ,Қызылтөбе деген жерде дүниеге келді.1949-1959 жылдары орта мектепті бітіріп ,1959-1964 жылдар аралығында жүрек қалауымен Қазақстанға келеді де. 1964 жылы Абай атындағы ҚазПИ-ді бітіреді. 1964-1982жж. Монғолия жазушылар одағының қазақ бөлімшесін басқарып, әдеби “Шұғыла” журналының редакторы, 1982-1988жж. Монғол Халық Республикасының Министрлер кеңесі жанындағы цензураның аймақтық өкіл-редакторы және т.б. қызметтер атқарды.Көптеген еңбектерінің авторы. 12 кітабы қазақ тілінде, 3 кітабы монғол тілінде жарық көрген, 3 пьесасы сахнада қойылған.Бірнеше адамдар және “Керім-ау айдай” операсын жазған.

Шығармалары орыс, болгар, серб, мажар, бурят, алтай тілдеріне аударылған.

1970 жылы Монғолия Жазушылар одағының сыйлығын алып, 1989 жылы Монғол Халық Республикасының Алтын Жұлдыз орденімен марапатталған.

1992 жылы Атамекені Семей облысының Мақаншы ауданына көшіп келіп, аудандық оқу бөліміне оқу ісінің инспекторы қызметін атқарды.Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Имашхан Байбатырұлы 2000 жылы дүниеден өтті.

Имашхан қандай ақын?-деп сұрай қалсаңыз,Монғолия қазақтарының ішінен

ХХ ғасырда туып шыққан шоқтығы биік,жарық жұлдыздарының бірі деп айта аламыз.Өйткені ол сыршыл,суреткер ақын,өлеңдері еркіндігімен,жүрекке жол тапқыштығымен,зарлы,мұңлы сөйте тұра ойнақы шаттығы,ажуа күлкілілігімен күшті.А.Байтұрсынов Абайды қазақтың «Бас ақыны»деп бағаласа,біз Имашханды Моңғолия қазақтарының соңғы ғасырдағы «Бас ақыны» еді десек,артық кетпеген болар едік,-деп жазды Саян Қажыбайұлы .Саян аға тағы бір сөзінде: «Имашқанды Баян-Өлгейдегі қазақтардың Мұқағали Мақатаевы деп айтуға толық негіз

бар»,-деген еді.Орынды теңеу.

Ағамыздың отбасына тоқтала кететін болсақ. Жұбайы Шарипа Капитанқызы Монғолия мемлекеттік би театырындағы жалғыз биші қазақ қызы болатын.Ол кісі сол би тобында 17 жасында Прагада өткен бүкіл дүниежүзі жастарының форумына барып ,өнерін көрсетеді.Монғолияға қайтып оралғаннан кейін бірнеше жылдан соң жиырма жасар биші қыз Шарипа «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталады.өнер атты әлемде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы Имашқан мен биші Шарипа көңіл қосып ,өмірге алты ұл бала әкеліп,тәрбиелеп өсіреді.Көзі ашық ,көкірегі ояу ,алысты жақсы болжай білген ағамыз үлкен ұлы Азаматты Мәскеудегі әскери оқуға, одан кейінгілерін Иркутск ,Новосібір қалаларында оқытып ,мамандық иелері етіп шығарады.

Имашхан Байбатырұлының еңбек жолына келер болсақ өмірінің соңына дейін әдебиет саласында ,ұстаздық жолынан ажырамады.

Түбі тегін өнбейді асыл мұра,

Жігіт едім жібіткен асылды да.

Қой да бағам,қойдай ғып ой да бағам ,

Үгітемін,ұндай ғып тасыңды да-деген ақын өлең сөзді де үгітіп көркем мұра қалдырды.Имашхан Байбатырұлы моғолия қазақтарының қара өлең үлгісін жаңа жолға салған,жаңашыл суреткер ақын.Қай тақырыпта жазса да өз құдіреті арқылы зерделей айшықтай білді.Айтайын деген ойын соңғы шумағымен түйе салатын шебер ақын.Ол сонау 1960 жылдардағы өлеңдерінің бірінде:

Көл-жердің көзі десек,өткір қандай.

Толқындар жерді әдейі бетке ұрғандай .

Меніңше,жер деген де тірі нәрсе,

Таулары «әликісалам» деп тұрғандай-деген суреткерлік жолдарымен-ақ бұрынғы қазақ өлеңінің стилін бұза алды.Ол осылай өлеңнің өрнек-өрімдерін төгілтіп,мазмұнын да үнемі жаңа сонар соқпақпен жетілдіріп келді.Өйткені ол үнемі ізденумен,үйренуден бір де жалықпады.

1991жылы туған елге оралған ақын сол кездегі өзгеріп жатқан дүниеге сын көзбен қарайды.Өткеннің бәріне ат қойып ,айдар таққанына назаланған ақын

«Өрт шалған жүрек»атты өлең кітабын шығарады.Туған ел,ата-қонысқа оралған ,ақынның жұбайы Шарипа көп ұзамай дүние салады,артынан небәрі 62 жасында аяулы ақынның өзі де өмірден озды.

Ақынын құрметтеген ел бақытты демекші Мақаншы ауылында Сейфуллин атындағы ОМ Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Байбатырұлына қазақ тілі мен әдебиетінің арнаулы сыныбы ашылды. Осы сыныптың ашылуына орай тәуелсіздік таңының шапағын көріп ,нұрына жылынған ақынның өмірі қысқа болса да онымен бірге оқыған Мерлен Тұраров ,бірге қызметтес болған Марат Көшімбаев ,сыйлас Әбден Разуев ,Күлпән Базарқызы,шәкірті жас талат Қымбат Төлепбаева,ұлы Азамат,әдіскер мұғалім Күләнда Ахметқызы келіп , жазушының тірі кезіндегі өмірінен ұлағатты істерін ,жайсаң жанды жомарттылығынан игі лебіздер білдірді.Енді жазушыға арналған қазақ тілі мен әдебиеті сыныбына өз мамандығының білгірі Омарғазина Роза Мұхтарқызы жетекшілік жасайтын болды.

-Жақсы жырлар шығатын,

Жүрек сырдың тірегі .

Нағыз ақын шын ақын-

Адамдардың дүрегі,- деп жазған еді ағамыз өзінің бір өлеңінде.Сол адамдардың жүрегі бола білген ,шын ақынға осындай құрмет көрсетілді.

Елім ,жерім деп келген ағамыздың айтулы ақын,жазушы-драматург,әзіл-ысқақ жанрында да өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды қаламгер екені шындық.




ІІ.Теориялық бөлім

1.2 Поэзиясының жанрлық өрісі,суреткерлік сипаты,ақындық шеберлігі.

Имашқан поэзияға лирика арқылы келді.Ақындық тұлғасы,бүкіл табиғаты,болмысы лирикамен үндесіп жатыр. Поэзияссының мөлдір бастауы телегей теңізі-ақынның өзі,рухани әлемі,сезім сырлары И.Байбатырұлы поэзиясының дені-лирикалық шығармалары.Шығармаларының ішінде лирикасының алатын орны ерекше екенін кезінде Қ.Қалиасқарұлы, П.Сайраг, Б.Бааст,Қ.Жұмаханұлы және тағы басқалар атап өткен.

Таланты ақын драматургия саласында да жемісті еңбек етіп, «Киелі қанның тамшысы», «Жүрек жолын тапты», «Қаратау қарлығашы», «Бөліске түскен балдыз», «Құны түскен құпия», «Махаббат», «Епшілескендер» қатарлы пьесалары мен «Керім-ау-айдай» опералибреттосын жазды.Ақын пьесалары Баян-Өлгей аймақтық музыкалық драма театрының сахнасында қойылды.

И.Байбатырұлы әдебиеттану саласына да зор үлес қосып,әдебиеттің өсу жолдарындағы түрлі мәселерге ден қойып,қоғамның дамуы барысындағы әдебиеттің орнын көрсететін «Жаңа өмір»газетінде «Журнал беттерін ашқанда», «Саны бар,сапасы жоқ», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу театр сахнасында», «Тусыған орманның сыңсыған бұлбұлындай», «Жаңа кітап-жаңа жыр»деген көптеген ғылыми мақалаларын жариялайды.Нақтырақ айтқанда,ақынның рухани әлемі қазақ халқының ауыз әдебиеті дәстүрінде қалыптасқан болатын.

Имашхан сөз өнерінің алтын қоры фольклор мен ауыз әдебиетінің көркемдік дәстүрін өз шығармашылығында ұтымды пайдалана отырып,туындыларын түрлендіре дамытты.И.Байбатырұлының ауыз әдебиетіне қанынасын бірнеше тараптан байқауға болады.Біріншіден,ақын қазақтың халық поэзиясының бүкіл поэтикасы мен сюжеттік элеметтерін шығармаларында шеберлікпен пайдаланады.Екіншіден,халық арасында кең таралған,әсіресе тұрмыс-салтқа байланысты туған өлең-жырларды жаңаша түрде қайта жырлайды.Үшіншіден,халық арасына тараған аңыз әңгімелерді тірнектеп жинай отырып, «Тақуа Таңдайбай»атты сын-сықақ пен әңгімелер топтамасын жазады.Міне,осының барлығыда Имашхан ақынның қазақ ауыз әдебиеті мен фольклорын өз шығармашылығында қажет жерінде пайдаланған,көркемдік дәстүрді жалғастырушы ақын екенін дәлелдейді.

Қазақ жазба әдебиетінің алыбы Абай тағлымының қай ақын үшін де берері мол,үйретері шексіз.Абай мен Имашхан поэзиясындағы байланысты сөз ету-дәстүр мен жаңашылдық жайын тексеріп,қарастыру сияқты күрделі мәселелерге бастайды.Әдеби-рухани байланыстың түп – төркінін әріден тексерсек,Имашхан ақынның Алматыдағы ұлы ақын атымен аталған оқу орнында білім нәрімен сусындауын тарихи тамырластық дер едік.Әйтседе тарихи тұлғаларға тән тектіліктің тіні И.Байбатырұлының табиғатына жат емес екен:

Қаталды матаған ақылмен.

Қаһарлы болса ақылды ең,

Мен түскен оқудың ордасы,

Аталды өзіңнің атыңмен

Көңілімді жырыңмен жібіттім,

Шөлімді қандырып іріттім.

Парызым көп саған,ақтауға

Көгімде құсы ұшты үміттің.

Бұл- ақынның өмір соқпақтарының бір үзік мезетінен алынған сыр-суреті.

Ақының бір сәт Абай ағасына жүгінуі де ой-идеялары мұраттас өнер алыптарының рухына тағзым ету,аруағына табыну,тұлғасына сиыну дәстүрінен туындап жатады:

Абай үрдісімен жазылған шығармаларға ақынның «Жар таңдау», «Жаңбырда», «Үйдегі күйдің қамы деп...», « Қанатым болмаған соң», «Аттан десең», «Көктем таңы атарда», «Біреу мені шамдайды күлесің деп», «Тұлғасың көкте самғаған», «Күндерге қашан ой бөлдік», «Аңсай күткен арманың мен мұратың» т.б өлеңдері жатады.Мәселен Абайдағы:

Көк ала бұлт сөгіліп,

Күн жауады кей жақта.

Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта-деп келетін көңілдің сан алуан түйткілдері лирикада сұлу,шебер,нәзік оралымдармен әдемі көрінсе,осы сынды әсемде сырлы,мұңлы өрімдер Имашхан ақында:

Түнеріп бұлтай тоңып жүр,

Қайғылы жүрек қара сұр.

Жүрегім ғана болып жүр,

Қайрымы молдау жанашыр-деп жырланады.

Сондай-ақ,Имашхан өлеңіндегі «жер-жігіт,аспан- қыздың некелесуі».Абайдың әйгілі «күн-күйеу,жер-қалыңдық сағынысты,құмары екеуінің сондай күшті»-деген өлең жолдарымен мазмұндық,суреттік ұқсастықта.

Қоғам өмірінің әлеуметтік көрінісін жырлауда Имашхан ақын Абаймен үндес.Абайша заман жайынан ой аңдату,сыр шерту ақынның «Абай атама», «Толғану», «Парыз», «Ақын атаға жағыну», «Жаңаша ойлау», «Не етерсің?», «Адамдар –ай!», «Күпимеге күпті сөз», «Имандылық қайда жүр?», «Талтақтаған біреуге жалтақтаған», «Басшы жеңгеме», «Тоқталды ағындарым лақылдаған», «Қораға шошқа үретін заман болды», «Астасқандай уға тілім бал тамар» деп аталатын шығармаларында да ұлы ақын дәстүрін дамыта түскен.










1.3 И.Байбатырұлы шығармаларындағы пейзаждық лирика түрлері,ұлттық ерекшеліктері.

Ақынның туған жерге арналған өлеңдерінің басым көпшілігі оған деген сағыныштан туған ыстық тебіренісі,іңкәрліктің белгісі.

Даралап жыр- патшаны тағына аунап,

Жағалап Қобда өзенді балық аулап,

Сайран сап өткізетін есіл күндер,

Жаралап жүр ғой,жанды қылып аулақ.

Ақынды ата-бабасының сүйегі жатқан,кіндік қаны тамған Қызылтөбе күнгейіне деген сағынышы еріксіз тебірентеді.Ақынның сағыныш сазы мүлде бөлек,қиялдағы елеске айналған туған жер дегенде толғанбай тұра алмайды.Ақын жаны алыстағы Қызылтөбеге іңкәр.

Қиясына бура-бұлттар шөгеді.

Ұясында қыран қандай көп еді,

Тастайсың ба киелі ақ бас Алтайды.

Қиясыңба сонау Қызылтөбені?

Бұл-ақынның жанын жеген ащы сыры.Ата қоныс көзінен көшкенмен,көңілінен өшпек емес.Қарыс сүйем жері,ұрттам суына дейін жүрегінің терең түкпірінен орын алған.Сондықтан өзен-көлі мен тау-төбесінің ешқайсын да қаға беріс қалдырмай,бәрінде өлнңмен өрнектейді.

Автордың «Аңсау», «Монғолым», «күн едім мен», «Сауал мен жауап»секілді өлеңдерінің қай-қайсысын оқысақта кіндік қаны тамған туған жерін ,буыр басқан елін қимай толғанған жүректің запыран-зарындай естіледі.

Туған жер тақырыбындағы жырларының үлкен тобы –арнау сипатындағы өлеңдер.Бұл қатарда «Қызылтөбе», «Қобда өзеннің мұңы», «Дайынға», «Сэлэнгіге», «Ауылым», «Кенжетал», «Қарғалы», «Туған жер дидары», «Бөкентауға», «Алтайға», «Бүркіт тау», «Сырғалы», «Бесбоғда», «Бесқарағай», «Семейге», «Мақаншы», «Қатынсу» сияқты туындыларды атауға болады.

Имашхан шығармаларында табиғат көркін сан түрлі бояулармен жандандыра тартымды суреттейтін өлеңдері молынан ұшырасады.

«Тағы да көктем күле кел» өлеңінде:

Шойырылған таулар емделіп

Жіпсиді дене ақ самай

Моншағын жаздың теңденіп

Келеді орман қапсағай

Жоғарыдағы өлең долдарында сөз қолданудағы шарттылық ,әсірелеуді пайдалану кең орын алған .Өлеңде ұлттық өрнек бедерлері мол пайдаланылған.Мәселен, «қайтуға құстар кетті қайыншылап» тармағы қызық ұғымына жақын түсінік болуымен көзге түседі. «Моншағын жаздың теңденіп» тармағындағы «теңдеу» сөзі де көшпелі қазақ тіршілігіне таныс сөз ретінде әсерлі естіледі.

Жамылды дала үстіне ар кілемін ,

Әлі де қызықтары бар білетін.

Ертең-ақ ақ сақалды аз келіп ,

Бұғады қойындарға қар білегін,

Жатпайтын ешкімнің де жайын сұрап

Жұлқитын күздің желі ойыншыл-ақ

Ауылда жинап алып алтын дәнін

Қайтуға кетті құстар қайыншылап

Алғашқыда даланың жан иесі тәрізді кілем жамылуы,ізінше аяздың қолы бардай қойынға білегін сұғуы,күздің желінің бала тәрізді ойнауы ,таудың адам сияқты белі шойырылып емделуі,денесінің жіпсуі,орманға аяқ бітіп келе жатуы-бәрі де жансыз табиғатқа жан салу,кейіптеу нәтижесінде берілген .Имашхан Байбатырұлының лирикалық поэзиясында ұлттық ерекшелік табиғат суреті,халық өмірімен ұштастырылып,жалпылынған түрде берілген. «Ауыл көктемі» , «Қойшы құрбыма» , «Шопанның төрт мезгілі» өлеңдері тұтас бір тақырыпты қамтитын бір цикл өлеңдер.Қыс,құйын,жел сияқты табиғат құбылыстары мен уақыт мезгілдері ақын өлеңдеріне тән бейнеліліктің бірден-бір сипаты. «Тіршілік жер астынан шыға келіп,Жапырақ талға қонып сілкінеді.Қайыңның қарға малып толарсағын,Қыс келіп ,дірілдеген қонар сағым» тақылеттес жолдар табиғат көріністерінің жанды бейне ,жарқын суреттерін көз алдымызға әкеліп ,ой мен сезімді тапқырлықпен астастырып сөбен айшықты сурет салады.Шығармада тіршіліктің жанданып жер астынан шыға келуі,жапырақтың құсқа айналып ,талға қонып сілкінуі , қайыңның аяғы бардай. Барлығы кейіптеу үлгілері.Ал «Қайыңның толарсағы» -метафоралық тіркес.Себебі,адамның толарсағы немесе тірі жанның толарсағы десек ,ол өз мағынасы:адамның немесе тірі жанның аяғында толарсақ болатыны белгілі.

Оның өлеңдерінде лирикалық кейіпкер санасы мен табиғат суретінің астасып кететін тұстары көп.Табиғатты кейіптеудің адам бейнесіне айналдырудың өзгеше бір түрі. «Май келеді», «Көктем көрінісі» , «Жер» өлеңдерінен айқын көрінеді. Сонымен бірге И.Байбатырұлының бұл туындылары алдынғы буын қалдырған әдеби дәстүрден құнарлы нәр алғанын аңғартады.Аталмыш туындылар С.Мұқановтың «Майға сәлемін» еске салады.Бұл табиғатты кейіптеудің адам бейнесіне айналдырудың өзгеше бір түрі. «Маймен тілдесудің» өзі қазақ поэзиясы үшін бұрын кездеспеген қадам болатын – дейді Р.Бердібаев.

«Май келді» өлеңінде де ақын жыл мерзімі мен маусымын тірі адам кейпінде оған ерекшк назар аударта сойлейді. Ақынның бұл туындыларының С.Мұқановтың «Майға сәлеміне» ұқсас тұстары да осында. Ал суреттелген жыл мезгіліндегі дала суреті екі ақын жырында екі басқа.С.Мұқанов май айының атына «жолдас» деген сөзді ,қосақтап ,лирикалық кейіпкеріне кеңес азаматына тән саяси ресмилік сипат дарытады. «Май мейрамының өзін ақын «жолдас» деп атап ,оны жаңа адам,жұмыскер бейнесінде елестетеді». Ал Имашхан аға «майының» жөні бір басқа .Ол: «Лауласын деп жүректе жыр да от алып,

Жапырақтан қайыңға сырға тағып,Жатпасын деп кеудеде сыр маталап ,Май келеді ,достарым,Май келеді» -деп мезгілдің адам жан дүниесімен астасар тұстарын баса көрсетеді.





1.4Имашхан Байбатырұлының ең көп қалам тартқан тақырыбы.

Қазақтың жазба поэзиясында ән тақырыбын тудырған,оны өнер дәрежесіне көтеріп,тұңғыш рет жырлаған ақын-Абай.Бұл жайында М.Әуезов былай деп жазады:”…Абайдың өзге өлеңдерімен қатар тағы бір тың тақырыбы бар.Ол қазақтың әніне арналған өлеңдері...бұл қазақ поэзиясында бұрын ерекше баға беріп,әсірее Абайша үлкен

эстетикалық,ойшылдық баға беріп,қозғалған тақырып емес.Абай бұл жайға өзінің ірі суретші,ойшылдық тұрғысынан қараумен өз ақындығының қаншалық кең құлашты екенін көрсетеді.Абай сүрлеуімен қазақ әдебиетінде бұл тақырыпты нағыз поэзия дәрежесіне көтеріп,кең де терең қамтып,шебер жырлаған ақынның бірі-И.Байбатырұлы.Ақын шығармашылығының ерекше маңызды да толымды саласының бірі болып табылатын бұл тақырыптың басы,қайнар көзі 1970жылдарда жазылған “Өлгий вальсі”дейтін өлең.Ақынның әнге жазған ондаған өлең-текстері өзінің ұтқыр мазмұн,ойнақы да сыршыл әуезділігімен көпшілік көңілін баурап,”Достарым”,”Сағындың ба?”,”Жасайды достық мәңгіге”,”Туған жер дидары”,”Егер мен...”,“Дәрігер әні”тәрізді ән өлеңдері өнер сүйер көптің сүйікті әуеніне айналады.Поэзияның сарқылмас қайнар көзі-махаббат лирикасы десек,И.Байбатырұлы шығармашылығының ең әсерлі бөлігі-оның махаббат тақырыбындағы өлеңдері”Махаббатсыз бос күнім”,”Сағындың ба?”,”Қайдасың қара көзім”,”Жүрегімді...”,”Ізде мені”,”Махаббатқа бас идім”,”Ерке қалқам”,”Қалқам-ау” қандай адам аңсағаның т.б.өлеңдерінде жалынды махаббатты жер етеді.Имашхан өлеңдері достық,махабаттың,сезім мен сенімнің нақышын келтіре жырлаған сұлу сазды жыр.И.Байбатырұлы махаббатты жырлауда адам жүрек,пәк сезімді өлең өрісіне айналдырады.Өмірдің өзін өмір деп бағалаған қаламгердің өлең-сөзге жүгінуі ақын мұратын әйгілеп тұрғандай.Өлең-жырдың жасампаздық құдіретіне ерекше маңыз беру де ақындық мұраттың басты шарты болса керек.Ақын лирикасындағы шалқар шабыт ақынның сөз өнеріне құрметтеу,оған табыну құдіретінен көрік алады.Нағыз ақынға тән кредо-жыр бұлағын аялап сүюден нәр алып,одан арғы биіктерге қол созады.Ақын түсінігінде өлең патшалығы адамзат дамуы мен жеке тұлға рухына қызмет етер ерекше дүние.Қазақ сөз өнерінің өзегі-өлең деп ұқсақ, “cөз патшасына”сыйынып ашу-ақынға ғана жарасқан символика болғаны.




ІІІ.Зерттеу бөлімі

1.5.И.Байбатырұлының өлеңдеріндегі ерекшкліктер.

Имашқан өлеңдері адам жанының нәзік сырларын шертіп,жүрекке жылылық ұялатады.Әр өлеңін оқыған сайын мейірім,шуақ төгіледі. Имашқан әралуан тақырыпта өлең жазған. Әрбір өлеңінде терең мағына ,астарлы бір ой жатады.Имашқан өлеңдерінде ассананс ,алитерация,теңеу эпитет,анафора,

Эпифора жиі кездеседі.Әсіресе жансызды жанды етіп бейнелеуді Имашқан өз өлеңдерінде өте шебер қолданады. «Әппақ қыс» өлеңінде»:

Арбиып қаңқасындай ірі қараның,

Салақ бұлт сүйретіп жүр бір балағын.

Секілді ашық аспан мұз айдыны,

Мәнерлеп күн тебеді сырғанағын,- деген жолдарында Жансыз табиғат құбылыстарын қыста ойнап жүрген бала кейпінде өте шебер суреттеген.

Ал «Қыс», «Күз» ,«Қойшы құрбыма» өлеңдерінде өлең жолының басында анафора кездеседі.Мысалға «Қойшы құрбыма» өлең жолдарына қарайтын болсақ.

Көп екен өмірде ,өр дегенің.

Көп екен көргенімнен көрмегенім.

Көп екен ұққанымнан ұқпағаным,

Көп екен алғанымнан бермегенім.

«Не етерсің?» деген өлеңінде :

Озған алмай бәйгені,

Озбыр алса не етерсің?

Татығандай кермегі

Сөзің азса не етерсің? деген шумақтарды жалғастыра отырып,

Дүреленсе не етерсің?

Түрегелсе не етерсің?

Соқыр болса не етерсің?

Қотыр болса не етерсің?

Елден жесе не етерсің?

Кердеңдесе не етерсің?

Құлық құрса не етерсің?

Сұмдық құрса не етерсің?

Салғылассам не етерсің?

Арды бассам не етерсің ? –деп қайталауды әсерлі қолдана отырып ,адам ойын терең құзға қарай сүйреп,ойландыра түседі.

Имашқан ұйқастары көбіне шұбартпалы ұйқаста жазылады.Шұбартпалы ұйқас Абай мен Махамбет өлеңдерінде кездеседі.

Имашқан өлеңдеріне қызығушылығым ең алған «Менің атым көп» өлеңін оқығаннан басталды.Осындай үлгіде жазылған өлеңді оқығаным, шынымды айтсам бірінші рет.Дүние шыр етіп келгеннен бастап адам әртүрлі атқа ие болады екен.Тек өзінің есімі емес өмір белестерінен өте отырп адам аға ,апай ,әке ,ана сынды атарға ие болатыны шындық.Осы жайында қалам тарқан Имашқан ағам ғана сияқты.


Имашқанның « Ақын өткен..» өлеңі Мұқағали ағамызға арналған екен .Бұл өлеңде ақиқ ақынның жан дүниесін өтер шебер суреттеген .Мұқағали жанын көктем мезгіліне теңеп,қазақтың біртуар ақыны екенін ,Мұқағалидің өмірден налып өткенін өз өлең шумактарымен оқырманға жеткізген.

Жаны-көктем ,

Өлеңді жарық еткен.

Жанып өткен

Өмірден налып өткен...

Қамсыздардың жүрегін сілкіндірген,

Ары неткен таза еді,ары неткен!

Арсыздардың өзегін жарып өткен.

«Жылан» атты өлеңде аты жаманды көз алдыңа келістіре суреттейді.Ақын тілі суық,сұсты жәндіктің өзінен сұлулық іздеп ,суйсіне ләззат алады.

Мың қатпарлы көйлектей ,

Қымбат баулы қалқандай ,

Құндақтаулы бөбектей,

Шумақтаулы арқандай...

Жүрегінде дақ сақтамайтын ақын оқырмандарына бар тіршілік-тынысын ашып айтады.Әлдекімде секілді күмілжіп қалмайды.Ақындық айбынды мінезін , шынайы сезімін жасырмайды.

...Басасау болған тірілікті,

Жүгендей алмай барамын.Бұл - ақынның ақиқат сөзі.Ал,ақиқат сөз адамның адал ойын ,аппақ сезімін жеткізбей қоймайды.Шын мәніндегі болмыс-бітімін таныта түседі.

...Дертім өлең ,күнім жоқ елтімеген,

Ел тілеген күйімді шертіп өлем.

Ақын кредосы – «ел тілеген» өз «күйін шертіп өлу» .Ал нағыз ақын өз күйін айта отырып ,өзгенің күйін,елдің тілегін жеткізері хақ.Қара өлеңнің құдіретімен қоңырлатқан ақын ойы қоңды,сөзі сонарлы.



ІV.Қорытынды


Имашқан ағамыз үнемі ізденумен ,үйренуден бір де жалықпады.Ұстаздары да осал емес,қазақ әдебиеті классиктерінің шәкірті ғой .Өзі айтқандай: «Мен Ұлы Мұхтар Әуезовтың дәрістерін тыңдап,алдында сын тапсырдым.Мәлік Ғабдуллин,

Қажым Жұмалиев,Серік Қирабаев,Хасен Әбдібаевтардан лекция тыңдай жүріп 1960 жылдардағы Алматыда қазақтың жастар одағы ұйымдастырған жас ақын жазушылардың әдеби серіктестігінде үш жыл сабақтан тыс қатысқаным мені әдебиет есігін ашқызғандай болды»дейтін-ді.Сөйтіп ол Алматыдан әдебиет ғылымымен қаруланды,сан ондыған ақын жазушы дос тауып Сағидың салмақтылығын,Қадырдың қуақы ойлылығын, Тұмабайдың сыршылдығын ойына тоқып ,ауылына арқалап қайтты.

Осылай еңбек ете жүріп,ол таза 44 жыл шығармашылық жолдан қол үзбеген екен.Артында өте мол мұра қалды.Барлығы отыздан аса көлемді поэма,толғау,бір өлең роман жазыпты.Тек қысқа өлеңдерінің өзі үш мыңнан асса,20пьеса,либеротта,көрініс,жүзден астам әңгіме,очерк,эссе,публициска жазған қаламгер.Мұндай қарымды,мол мұра қалдырған қаламгер Моңғолия қазақтарында өте сирек.Толық басылса он бес томдық еңбек.Моңғолия,Қазақстан баспаларынан 14 кітабы жарық көрген болса,әлі де баспа бетін көрмеген қаншама. «Талайтас» өлең романы, «Өсиет нама», «Ұмытпаңдар, мені де»атты кітаптары жақын күндері жарық көрер деген үміттемін.

Жалпы ғылыми жобамды қорытындылай керек қазақ әдебиетінің тағы бір жауһарының өнірімен таныстым.Мол рухани байлық алдым.Әліде осы жобамды толықтырамын деген ойдамын.Имашхан өлеңдерін оқи отырып туған жерге,өз отаныма деген құрметім арта түсті.Туған жер топырағының күшіне басымды идім.Қазақ әдебитіне өз қолтаңбасын қалдырған, ұлылардын дәріс алған Имашқан өнеріне тәнті болдым.

Имашқан –лирик ақын.Расыменде осы бір сөздің шындығында ол кісінің өлеңдерін оқи отырп көзім жетті.

Имашқан өлеңдерінен сусындай отырып еліме ,жеріме деген сүйіспеншілігім арта түсті.

«Жақсының аты өлмейді,Ғалымның хаты өлмейді»,-дегендей өз артынан қалдырған мол мұрасы Имашқан атының өшуіне жол бермейді.







V.Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Әбен Разуев. Уақын тынысы газеті ,2011


Әбен Разуев. Сұхбат,2015


Бауыржан Жақып.Өрт шалған жүрек:Жыр жинағы.-Алматы, «Атамұра» ,1998


Саян Қажыбайұлы. Қызылтөбе :Өлеңдер жинағы.-Алматы ,«Атамұрт»,2011


Роза Мұхтарқызы.Сұхбат,2015


Раушан Есілжанқызы.Сұхбат,2015













13


Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Научные работы
Просмотров184
Номер материала ДВ-530360
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх