280635
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюПрезентации"Рух пен тіл" тәрбие сағаты

"Рух пен тіл" тәрбие сағаты

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Тақырыбы: «Рух пен тіл»
Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ана тіліне деген құштарлықты арттыру;
- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;


І жүргізуші: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II - жүргізуші: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз! (Әнұран)

І – жүргізуші: Қайта туды қазағымның ай – күні,

Күннен – күнге асар ма екен айбыны?

Жетпіс жылда өтті талай кешуден,

Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.

ІІ – жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің.

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім.

І – жүргізуші: Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

ІІ – жүргізуші: Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

І – жүргізуші: 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

ІІ – жүргізуші: Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 20 жыл толып отыр. (пауза жасалады.)

І – жүргізуші: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.

ІІ – жүргізуші: Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді. ...Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл... (дауыс, фон)

Нұртуғанның термесі «қанекей тілім сөйлеші»

Сахналық көрініс: «Үш би».

Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің;

Жаңбыр жауса жер жетім,

Басшысы болмаса жер жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім. . .

Атың жақсы болса Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы.

Қазыбек би: Аты жаманның арманы кетер.

Баласы жаманның дәрмені кетер.

Әйтеке би; Биікке шықсаң, көзің ашылады

Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады

Төле би: Сөз танығыш жастарға айтар он түрлі жұмбағым бар,

Әйтеке би: Айтыңыз ұлы аға.

Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау; бір, екі, үш, төрт, бес, алты, Жеті, сегіз, тоғыз, он. Дауыс: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?

Қазыбек би: Ұлы аға! Бұл жұмбағыңызды мен шешейін, рұқсат етіңіз.

Төле би: Рұқсат , қаз дауысты Қазыбегім, рұқсат»

Қазыбек би: Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніңіз-үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман.

Төрт дегеніңіз-төсектен безген жас жаман

Бес дегеніңіз-белсеніп шапқан жау жаман.

Алты дегеніңіз-асқынып кеткен дерт жаман

Жеті дегеніңіз-жесір қалған жас жаман.

Сегіз дегеніңіз-серпілмеген қайғы жаман.

Тоғыз дегеніңіз-торқалы той, топырақты Өлімге бас көрсетпесе, сол жаман.

Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің. . .

Әйтеке би: Суалмайтын суат жоқ.

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Тамыры суда тұрса да,

Уақытысы жеткенде

Құралмайтын құрақ жоқ. . .

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, қаз дауысты Қазыбек би, мынау жиылған халайыққа не айтасың?

Қазыбек би: Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма- Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең, Өршіл болма-

Өшкеніңді өшірерсің.

Басына іс түскен пақырға Қастық қылма-

Қайғысы көшер басыңа

Жанашыры жоқ жарлыға, Жәрдемші бол асыға

Қиын-қыстау күндерде Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп, Жақыныңды басынба.

Төле би: Сөзің асыл, қаз дауысты Қазыбек! Уа, халайық!

Көсіре шабар жерің бар,

Тау көтерген ерің бар!

Қол боларлық елің бар,

Атадан қалған сара жолың бар!

Сөз қадірін біліңдер!

3.7 – сынып оқушыларының тіл туралы өлеңдері оқылады.

І – жүргізуші: Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

ІІ – жүргізуші: Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

І – жүргізуші: Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

ІІ – жүргізуші: Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

І – жүргізуші: Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде! (Пауза жасалады.)

І – жүргізуші: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

ІІ – жүргізуші: Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы

І – жүргізуші: Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

ІІ – жүргізуші: Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама.

І – жүргізуші: Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!

ІІ – жүргізуші: Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!

І – жүргізуші: Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!

ІІ – жүргізуші: Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!

І – жүргізуші: Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!

ІІ– жүргізуші: Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .

І – жүргізуші: Бұл жанды тіл – менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,

Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!


Ән : «Рух пен тіл»

І – жүргізуші: Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

ІІ– жүргізуші: Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін! Тәрбие сағатын жабық деп жариялаймыз.




















Общая информация

Номер материала: ДБ-227964

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС второго поколения»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.