Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ НЕГІЗІ-ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ІСПЕТТЕС

РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ НЕГІЗІ-ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ІСПЕТТЕС


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ НЕГІЗІ-ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ІСПЕТТЕС.


Рухани - адамгершілік тәрбие балабақшадан басталады Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа ұлттық патриотизмді қалыптастырып, адамгершілік – рухани тәрбие беру.Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Ата-бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.[4]

«Толеранттылық (ағылш. tolerance — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.

Жалпы тұлғада толеранттылықтың қалыптасуы үшін ол рухани дамудың белгілі бір сатыларынан өтуі тиіс, ал ол педагогикалық проблема болып табылады. Сондықтан 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған «Толеранттылық принциптерінің Декларациясында» білім беру саласында толеранттылық идеясын насихаттауға басымдық берілген.

Бұл толеранттылық осы адамгершілік тәрбиесімен тығыз қатынаста.

Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.» деген сынды мәліметтер келтіре отырып, аздап мағлұмат бере кеттім.

Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.[3]

Адамгершілік саласының ұйымдастырылуы – баланың жан-жақты тәрбиесінің маңызды шарты болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы баланың мектепте жақсы оқуы ғана емес оның алдағы өмірлік ұстанымы да адамгершілік тәрбиесіне байланысты болады.

Жанұяның адамгершілік тәрбиесіндегі рөлi ерекше. Жақсы жанұяда махаббат пен аяушылық, қамқорлық пен қуаныш күлкілері кездеседі.

Бала ата-ананың қамқорлығы мен махаббатына, олардың қарым-қатынасы мен еркеліктеріне мұқтаж.

Ата-ананың балаға деген махаббаты мен олардың қамқорлығы баланың да жауапты үн қатуын шақырады, бала ата-ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі болып өседі.

Егер бала махаббат пен қамқормен бөленсе, ол өзінің қандай екеніне қарамастан жақсы көретінін, өзгелер үшін қажетті де, сүйікті жан екенін түсінсе, ол өзін қорғанған, біреуге қажеттілігін түсінеді. Осының бәрі оның мейірбан болып өсуіне жақсы ықпалын тигізеді.[1]

Баланың ойына құлақ салып, онымен ақылдасып, оның ішкі жан дүниесін ұғып, түсіне білу, сыйлау бала үшін көп нәрсені білдіреді. Ол өз қылықтары мен сөздерін талдап, өзін қасындағы баланың орнына қойып, соңында не болатынын болжап, бұзақылық жасамайды.

Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен өзіне-өзі қызмет етуге, мәдени – гигиеналық машықтарды қалыптастыруға, еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, балабақшада тәрбиемен бірге оқу-тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі. Бала тәрбиесінде тәрбие жұмысы аса маңызды. Тәрбие жұмысын тәрбиеші-педагог мамандармен бірге ата-ана да бірлесе отырып жүргізсе, келешек ұрпақтың өнегелі де, білімді болары сөзсіз. Кішкентай бүлдіршіндерді өнерге, білімге баулып, тәрбиелеуге балалар әдебиетіндегі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің, өлең-тақпақтар мен мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың маңызы өте зор.

Өйткені, тәрбиешінің немесе ата-ананың ертегіні әсерлеп айтып, балаға жеткізуі баланың сол ертегі бойынша түсінігі, қайталап айтып беруі оның тек сөздік қорын молайтып қана қоймай, ақыл-ойын жетілдіру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Бала жақсы кейіпкерлерге еліктейді, жаманнан жиренеді, жақсы болуға, еңбекқор, адал болуға үйренеді. [3]

Бала – ата-анасының, отбасының айнасы. “Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің” дегенді жиі айтамыз. Десекте, қазір сол айнаға қараған сайын жан ауыртар жағдайлар көп болып барады. Мұндайда “Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме” деген сөз еске түседі тағы.

Қазіргі балаларға адамгершілік тәбие беруде келеңсіз жағдайлардың белең алып келе жатқандығы жасырын емес. Кітапқа деген қызығушылық күрт төмендеп, оның орнын теледидар экрандары басты. Ал ондағы ертегілер мен мульт-фильмдердің кейіпкерлеріне адамгершілік пен қайырымдылық тән деп айта алмайсың. Балабақша жасындағы балаларға білім беруде ата-аналары көбінесе танымдық дамуға көбірек көңіл бөледі. Түрлі-түсті энциклопедиялар сатып әперіп, педагог-оқытушыларға қосымша сабақтарға апарады. Ал отбасында бірігіп кітап оқып, туыс-бауырларына қолдан сыйлық даярлап, бірге ойнап, серуендеуге уақыттары жоқ. Ал сонда оларға адамгершілік сабақтарын кім беруі керек? Кім оларды қайырымды, шыншыл да әділ болуға үйретуі тиіс?

Баланың бойына ізгілік, мейірімділік, адамгершілік сынды құнды қасиеттерді сіңіруде тәлім-тәрбиенің бесіктен кейінгі қасиетті ордасы – балабақша дер едім. Олай болса, балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру сияқты ізгі істі балабақша тәрбиешілері атқарады деп ойлаймын. Және осы игі іске ата-аналарды да жұмылдыра алу – тәрбиешінің бас-ты парызы. Тәрбиеші тек балабақшадағы баланы ғана емес, оның ата-анасын да қоса тәрбиелеуді жүзеге асырады. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады.[5]

Жас баланың бойына руханияттың ұрығын сеуіп, адамгершілік құндылықтарды сіңірмейінше, елжандылық, ұлтжандылық сияқты сезімдерді дарыту мүмкін емес.

Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас, кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспенші-лікке тәрбиелеу, әртүрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Осы бағалауды негізге ала отырып мен өз тәжіриебемді бастадым. Қолданған әдісім- ұйымдастырылған оқу іс әрекеті негізінде. Демек, мен бұл қасиеттерді балалар бойындағы бұл қасиеттер көрсеткішін жоғарылату үшін бірнеше тақырыпта ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерін өткіздім, сонымен қатар қосымша ретінде тренинг пен ата-аналар жұмысында жүргіздім.

Алғашқы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Достық бірлікте» деген. Мақсаты: достық, бірлік құндылықтарының мәнін түсінуге, бойына қалыптастыруға ықпал жасау. Қамқорлық бірлік туралы түсініктерін кеңейту, достық қарым-қатынас дағдыларын дамыту, айнала қоршаған ортаға қамқорлықпен мейірімді болуға дағдыландыру

Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында балаларға қамқорлық қасиеттерін бойына сіңірту мақсатымен ағашқа көмек көрсетеміз, ол үшін бірнеше тапсырмалар орындайтынын айттым. Тапсырмалар барысы: достық, бірлік туралы қасиеттерді анықтайтын ойын, мақал мәтел, тақпақ айту секілді бірнеше кезеңдерден тұрды. Балалар берілген тапсырмаларды ұтымды орындай отыра, ағашқа көмек көрсете білді.

Келесі ұйымдастырылған оқу іс әрекеті тақырыбы «әдептілік – әдемілік».

Мақсаты: балаларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа үйрету, сәлемдесу, сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету үрдісін меңгерте отырып, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Балалардың дағдыларын тереңдету.

Мақсатқа жету үшін бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында бірнеше әдістер қамтылды. Бастапқысы сәлемдесуден басталып, сұрақ-жауап әдістерімен жалғасты. Қонаққа Дымбілмес келіп, балалар оған сыйластық, сыпайылық секілді бірнеше қасиеттерді үйретіп, тапсырмалар орындап, тақпақтар айтты.

Бұл тақырыпқа Дымбілместің келуі балалар үшін тосын жағдай болды. Себебі балалар қызығушылық танытып, өзге адамға көмек көрсетуге асық болды. Тез арада Дымбілмеспен достасып, бірге тақпақтар айтты, тапсырмалар орындады және де мақал мәтелдерді бірге қайталап, мәнін түсінуге асықты!

Келесі «болашақ ұрпақты Отансүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін танып, оны қорғай білуге тәрбиелеу» мақсатымен «Тәуелсіз елім –Қазақстан» атты ұйымдастырылған оқу іс әрекетін өткіздім. [4]

Бұл ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті барысында заманауи техникалық құралдарды қолдана отырып яғни интерактивті тақтаны пайдаланып, өткіздім. Мұнда балаларға туған жердің, еліміздің тарихын, әсемдігін көрсететіндей тапсырмалар мен көрнекіліктерді қолдана отырып, балалардың қызығушылығын арттырдым.

Балалар оқу іс-әрекеті барсында тек қана көрнекілікті тамашалап қоймай, сонымен қатар еліміз, елбасымыз, туған жеріміз жайында сұрақтарға жауап беріп, білген тақпақтарын, мақал мәтелдерін жатқа айтты. Ұжымдық жұмыстар байқалды. Мен өз кезегімде балаларға демеу болумен қатар мадақтама сөздер қолданып, балаларды ынталандырып отырдым.

Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерден тыс өзіме қосымша мәліметтер алу үшін тренинг пен ата-аналар жиналысына қатысып, өз ойымды білдірдім. Ата-аналармен пікір алмасып, ой бөлістім. Тренинг барысында балалардың деңгейлерін тағы да бір сатыға жоғарылағанын аңғарғандаймын Адамгершілік тәрбиесі мектепке дейінгі балалардың адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Балалар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Антология педагогической мысли Казахстана// сост. К.Б.Жарикбаев, С.К.Калиев. Алматы, 1995 г

  2. Аймауытұлы Ж Тәрбиешіге жетекші( үзінділер).Дайындаған С.Қалиев « Қазақстан мектебі » // 1991 №6

  3. Яновская М.Т. Эмоциональные аспекты нравственного воспитания. М., 1989г.


  1. .«Отбасы және балабақша» 2001 - № 8, 9-12 бет.

  2. «Қазақстан кәсіпкері» №4 2006ж 12-13 бет






Автор
Дата добавления 31.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров223
Номер материала ДБ-105518
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх