Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыРухани – мәдени құндылықтар жүйесі және жастар

Рухани – мәдени құндылықтар жүйесі және жастар

Скачать материал

                              Орал гуманитарлық – техникалық колледжі

 

 

                  

 

 

 

    

     Тақырыбы:    Рухани – мәдени құндылықтар жүйесі және жастар

 

 

       Жетекші: Иштаева Ф.К

Баяндамашы: Ізғалиева А.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

                                               Орал қаласы, 2014

                                              Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

                                             жас  ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.

                                                                                                Н.Ә.Назарбаев

              Бүгінгі әлемдік қоғамдастық қызығушылық танытып,ерекше мән беріп отырған түрлі құндылықтар ел ертеңінің еңселі болуында өзіндік үлес салмағын байқатуда. Соның түпкілікті бір тармағы ретінде жастарды отансүйгіштікке, көшбасшылыққа тәрбиелеу болып табылады. Біз қазіргі жас буын мемлекеттік тәуелсіздігімізді алып, демократиялық рефоромалар мен нарықтық көзқарас өзгерген жаңа заманда өсіп келеді.

               Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт! Республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты.

              Қазақстанның ХХІ ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз етуге тиіс жастарға үлкен үміт артылуда, зор жауапкершілік жүктелуде.

              Қазақстан жастарына білім деңгейінің жоғары болуы тән.

Жоғары білімі бар жастардың саны соңғы онжылдықта 3 есе, арнаулы орта білімі бар жастардың саны 2 есе дерлік өсті. Жоғары білімі бар ауыл жастарының саны 6 есе, қала жастарының саны 4 есе өсті. Тұтастай алғанда, Қазақстан жастарының 40 % - ының жоғары, аяқталмаған жоғары және арнаулы орта білімі бар.

              Қазіргі таңда инновация, интеллект, көшбасшы деген сөздерді көбірек еститін болдық. Сондықтан жастар мен балалардың көшбасшылық деңгейін дамыту өмір  талабы. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме алдына қойылатын талап тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, оқушылардың ұлттық сана - сезімін ояту,ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру, белсенділікті арттыру,көшбасшылық қабілеттерін шыңдау-өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

             Жаңа қоғамға белсенді жастар яғни олардың жаңа технологияны меңгеруі, интеллектуалды жоғары болуы шарт.

             Этникалық алуандыққа негізделген қазақстандық дүниетаным әлемдік мәдениет ағынына батып жоғалып кетпеуі тиіс, оны жас ұрпақ бірегей ұлттық игілік ретінде сақтауы тиіс. Жастар арасында ғылымның мәртебесін арттыру және оларды иннофациялық жобаларды әзірлеуге тарту жастар саясатының негізгі бағыттарының біріне айналуы қажет.

             Елбасының « Интеллектуалды ұлт- 2020 » бағдарламасының жүзеге асуына мектептің, колледждің оқушылары мен оқытушыларының тигізер үлесі зор болуы абзал

             Еліміздің елдігін танытып, оны жетілдіріп, дамытатын жас ұрпақ.Сондықтан да еліміздің.болашағы жас жеткіншектің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді.Жастарды оқыту,тәрбиелеу,білім-білік деңгейлерін көтеру олардың өмір сүруін ұйымдастырудың барлық жүйесінде басты орын алады.Ол оқушының тұлғалық қалыптасуы мен оның психикалық процестерінің дамуына тікелей байланысты.Оқу үрдісін ұйымдастыруда төменгі сынып  оқушыларының мотивациясын арттыруға көңіл бөлсе ғана олардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеті,белсенділігі және тілі де дамып, логикалық ойлау қабілеті қажетті деңгейге жетеді, ал соның арқасында бастауыш мектепте орта білім көрсеткіштері едәуір көтеріле түсері сөзсіз.Сондықтан мектеп оқушыларының ақыл-ойын дамыту,оқыту мазмұны мен оқу жұмысын дұрыс  жолға қою арқылы жүзеге асырылады.Ғалымдардың пайымдауынша,оқушының ақыл-ойы биіктеген сайын шығармашылық қабілеті де жоғарылай түспек.

              Мектептегі оқушылардың білім-білік деңгейлерінің жоғары болуы оқушының өз мүмкіндігі мен қабілетіне деген мықты сенімнің арқасында қалыптасады.Оқу мен еңбектегі оқушы жетістігі әдетте,өзінің қабілетіне деген  сенімділігі арқасында көтеріледі.

               Бала - біздің болашағымыз болғандықтан отбасы мен бала білім, тәрбие алып отырған мекеме байланысы өте жақсы болуы қажет.

                Қазақстанда отбасы әрқашан әлеуметтің аса маңызды құраушы элементі ретінде қарастырылып келеді.Ол қоғам болмысының, мемлекеттің негізі, адалдық, адамгершілік және рухани үйлесім жүйесіндегі маңызды буын болып табылады.

                Қарттар мен балалар ерекше қамқорлыққа бөленуге тиіс, бұл Қазақстан халқында бұрыннан бар қасиет. Өзі және өз жақындары үшін әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыру отбасындағы тәрбиеден бастау ала отырып, жастар саясаты мәселелерінде негіз болуы қажет. Өмірдің құндылығы, қауіпсіздігі және оны жалғастыру отбасымен тікелей байланысты. 

               Заман ағымына орай, ақыл-ойы озық,білімі мен ұлттық рухы күшті,өзін еркін ұстай алатын тұлға тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы.Қазақстан жаңару үстінде.Ұрпағымызға өнегелі тәрбие беруде, білім мен өнерге деген құштарлығын арттыруда өз халқыңның беделін көтеріп,барын бағалап, жоғын жоқтауына ата-бабаларымыздың тәлім тәрбиелері зор ықпал етеді.

             Ұлттық тәлім-тәрбиесіз ұлттық намыс болмайды,ал ұлттық намыссыз жеке тұлғаның өркендеуі мүмкін емес,осы орайда ұлы ойшыл ғұламаларымыздың тәлім –тәрбиелік мұрасына сүйенбеу мүмкін емес.

             Балалардың өзін қоршаған ортадағы өмірде, адамдарды танып,оларды түсінуде және рухани дамып жетілу жолында көркем әдебиеттің атқаратын рөлі маңызды.А.Құнанбаев,Ж.Аймауытов пен М.Жұмабаевтың бала тәрбиесі туралы сонау заманда айтқан салиқалы сөздері қазіргі ұрпақ тәрбиесіне арнап айтылғандай.Түзету дамыту бағыты бойынша қазақ ғұламаларының шығармаларын, соның ішінде Абайдың қара сөздерін сабаққа көбірек пайдаланған жөн деп білдік.Осы мақсатта Абайдың қара сөзін ұсынып отырмын. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Сонан қашпақ керек.Әуелі надандық,екіншісі еріншектік,үшіншісі зұлымдық деп білесің.

            Надандық білімнің-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.Білімсіздік хайуандық болады.

          Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік бәрі осыдан шығады.

Зұлымдық-адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан  бөлінеді,бір жыртқыш хайуан хибасына қосылады.    

             Адалдық, мейірімділік, әділдік, шыдамдылық сияқты дәстүрлі жалпы адами құндылықтар Қазақстан жастары үшін басымдыққа айналуға тиіс.

            Жас жеткіншек ұрпақтарды жастайынан іскерлікке,ептілікке,башылдыққа тәрбиелей отырып жаны мен тәнінің бірдей жетілуіне мән беру қажет.Абай атамыз былай дейді: « Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі-ата-анадан,екіншісі-ұстаздан,үшіншісі-құрбысынан» сондықтан ата-аналармен мұғалімдерге мынадай ұсыныстар мен пікірлер ұсынамыз.

           Отан-отбасынан басталады-дегендей.

1.Әрбір ата-ана салауатты ұрпақ өсіру үшін,ең алдымен жас өркеннің денсаулығына ерекше мән беруі тиіс.Себебі жас өркеннің дені сау болса ғана,білім санасы арқылы,жан –жақты дамиды.

2.Әрбір ата-ана отбасындағы бала тәрбиесін мектептегі оқу-білім тәрбиесінен ұштастыра жүргізуі қажет.

3.Әрбір тәрбиеші балаға бала деп қарамай баланың қойған сұрағына көңіл бөліп,сұрағына нақты,толық жауап бере отырып,баланы өз бетімен ойланып,ізденуге талпындыру керек.

4.Әрбір ата-ана өз баласының ақыл-ойының жан-жақты дамуын жақсарту жолында әр түрлі үйірмелерге,секцияларға қатысуына жағдай жасау керек.

5.Әр баланың психологиялық ерекшелігімен қоса,ойлануының даму деңгейін біліп дамыту қажет.

            Тәрбие үрдісінің маңызды аспектісі студенттерді өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру,оларға өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету.Егер отбасындағы, мемлекеттегі, қоғамдағы тәрбие үрдісі өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу сияқты жағдайларға сай келсе онда тұлға өзін-өзі тәрбиелей алады.

              Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев біздің буынның сүйіп оқитын кітабына айналған «Қазақстан жолы» атты өз еңбегінде атап айтқандай, «Егер де жастар гуманизмді, білімді, жауапкершілікті, әділдікті таңдап алса және өзімшіл болмса, онда олармен бірге табыс та ілесіп жүреді».

              Қазақстанның жарқын болашағы бар, ол – БІЗДІҢ, ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

2.      Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

3.      А.С.Сейтаков.Өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктері.Алматы.2006

4.      Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет

5.      К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рухани – мәдени құндылықтар жүйесі және жастар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

              Бүгінгі әлемдік қоғамдастық қызығушылық танытып,ерекше мән беріп отырған түрлі құндылықтар ел ертеңінің еңселі болуында өзіндік үлес салмағын байқатуда. Соның түпкілікті бір тармағы ретінде жастарды отансүйгіштікке, көшбасшылыққа тәрбиелеу болып табылады. Біз қазіргі жас буын мемлекеттік тәуелсіздігімізді алып, демократиялық рефоромалар мен нарықтық көзқарас өзгерген жаңа заманда өсіп келеді.

               Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт! Республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты.

              Қазақстанның ХХІ ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз етуге тиіс жастарға үлкен үміт артылуда, зор жауапкершілік жүктелуде.

              Қазақстан жастарына білім деңгейінің жоғары болуы тән.

Жоғары білімі бар жастардың саны соңғы онжылдықта 3 есе, арнаулы орта білімі бар жастардың саны 2 есе дерлік өсті. Жоғары білімі бар ауыл жастарының саны 6 есе, қала жастарының саны 4 есе өсті. Тұтастай алғанда, Қазақстан жастарының 40 % - ының жоғары, аяқталмаған жоғары және арнаулы орта білімі бар.

 

              Қазіргі таңда инновация, интеллект, көшбасшы деген сөздерді көбірек еститін болдық. Сондықтан жастар мен балалардың көшбасшылық деңгейін дамыту өмір  талабы. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме алдына қойылатын талап тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, оқушылардың ұлттық сана - сезімін ояту,ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру, белсенділікті арттыру,көшбасшылық қабілеттерін шыңдау-өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 276 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2015 3755
    • DOCX 21.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иштаева Фарида Куанышкалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иштаева Фарида Куанышкалиевна
    Иштаева Фарида Куанышкалиевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16193
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методы и технологии преподавания кубановедения в 5-11 классах

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс повышения квалификации

Основы продвижения веб-сайтов, социальных сетей и мессенджеров

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 69 человек

Курс профессиональной переподготовки

Ремонт и пошив швейных, трикотажных, меховых, кожаных изделий различного ассортимента по индивидуальным заказам

Портной

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек