Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Рухани байлық - игілік көзі
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Рухани байлық - игілік көзі



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

hello_html_m152dc1b4.png


Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі

Ешмухаметова Бейбітгүл Тұрсатайқызы



Өзін-өзі тану

10 сынып




Тақырыбы: Рухани байлық – игілік көзі

Мақсаты:

  • оқушыларға қазақ халқының рухани байлығы мәдени құндылықтар туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • рухани байлық көздерін ұғындыру;

  • рухани байлықты бағалай білуге үйрету;

  • рухани байлыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

- Байлық дегеніміз не?

- Байлық дегеніміз- денсаулық

Ата-анамыз

Туыстарымыз

Балалар

Достар

Туған ел мен жер

Ақша, дүние-мүлік

Алған білім

Қазына

Күн

Су

Табиғат

Жан-жануар

Таза ауа

Тау, теңіз, мұхит

Кен орындары

Кітап

  • Байлық адами, материалдық, табиғи, рухани болып бөлінеді екен!

Ең басты байлық туған жер, туған ел екен. Сондықтан да бәріміз бірге шаттық шеңберін құрып, Н.Тілендиевтің Қ.Мырза Әлидің сөзіне шығарған «Өз елім» өлеңін орындайық.


Ойланайық, пікірлесейік

Биыл тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл болады. Осы тәуелсіз ел болғанымыздың өзі де – байлық, ана тіліміз мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді , бұл да біздің байлығымыз емес пе! Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз қайта оралып жатыр, бұл да біздің рухани байлығымыз, ата – бабамыздың көзіндей болып қалған мәдени мұраларымыз да біздің рухани байлықтарымыз. Біздің адами құндылықтарымыз, яғни қадір-қасиетімізде рухани байлықтарымыз.

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтағы Н.Айтұлының «Күлтегіннің көк тасы» атты өлеңі оқылып , талдау жасалады.

  • Неліктен автор «Исі түркі жұртының тұмарындай Көктасым»,деп толғанады?

  • Тасқа түскен жазулардың рухани күші неде деп ойлайсыңдар?

  • «Елтаңба мен Көк байрақ, Әнұранда ғана емес,

Күлтегіннің тасында Елдігімнің нышаны!- деген жолдарды қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз

«Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі – заттық нәрсе емес, рухани дүние»

Платон

  1. слайд бойынша жұмыс)

hello_html_5b552602.gif 1-слайд


Рухани байлық – адамның өмірін қоршаған орта , тіршілік аясымен тұтастыратын және оның мақсат-мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Рухани байлық адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратындықтан ол үнемі игілікке бағытталады. Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Халқы үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып табылады. Сонымен , ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани байлық болып табылады.


Назар аударыңыздар!

Айдынды жақсы аймен тең,

Жомарт жігіт баймен тең,

Шешен жігіт дүрмен тең,

Имансыз көңіл кірмен тең,

Ақылы жоқ надандар,

Іс бітірмес жамандар,

Жүз болса да бірмен тең.

Шал ақын

  • Шал ақынның мына өлең жолдарынан адамның рухани әлемін нұрландыратын қандай адами қасиеттер көріп тұрсыңдар?

Шығармашылық тапсырма

(Оқушыларды тез топтап жіберіп, тапсырмалар беру)

1-тапсырма. Ә Асылбековтің мына өлең жолдарын басшылыққа ала отырып, «Туған тілім-рухани асыл қазынам» тақырыбына өлең құрастырту.


Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен , Қазақ тілім!


2-тапсырма. Ұлт мақтаныштарының халық игілігі үшін жасаған еңбектерін айту.

(Е.Берліқожаұлы жөнінде айту)


3-тапсырма. Сахналап көрсету . Түркістанда

Жолбасшы: - Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің тәңір берген несібі ғой...- деп МағжанЖұмабаев атамыз жырлағандай,

Сіздер Қожа Ахмет ибн Ибраһим Махмуд ибн Ясауи кесенесіне келіп тұрсыздар.

Кесене 1978 жылдан бастап Республикалық мұражай болып қызмет істейді. 2003 жылдан бастап кесене ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік мәдени мұралар» тізбесіне енгізілді. Ол әлемдік сәулет өнері жауһарларының бірі, еліміздің мақтанышы. Мешітті 1397 жылы Әмір Темір салдырған,сонымен бірге мешіттегі Тайқазанды көріп тұрсыздар. Әмір Темір заманынан қалған құнды жәдігерлердің бірегейі – Тайқазан 1399 жылы құйылған . Салмағы – 2 тонна,7 түрлі асыл металдан құйылған .

1935 жылы Тайқазан Санк-Петербургтегі Эрмитажға алынып кетіп, жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18-де Отанымызға оралды.

«Рухани тірегіміз – Қожа Ахмет Ясауи» деп ,Н.Ә.Назарбаев баға берген кесене -бүгінгі күнде біздің ұлттық рухани байлығымыз.

Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атында Халықаралық қазақ-түрік университеті бар. Мұнда 16 мемлекет пен 30-дан астам ұлт пен ұлыстан тұратын жастар білім алуда. Сіздердің де мектептеріңізден Алимханова Асель осы университеттің студенті, дінтану факультетінде оқиды. Сіздерді де осы оқу орнына шақырамын.

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет.


Оқу ақпараты

Игілікке қалай қол жеткізу керек?

Игілікке қол жеткізу қашан да екі шартты қатаң сақтауға байланысты.Алдымен қызметтің кез келген түрінде түпкі мақсатты дұрыс белгілеу керек, сонан соң түпкі мақсатқа жеткізердей тиісті жол іздеп табу қажет. Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым. Ол табиғи және қоғамдық - әлеуметтік болып сараланады. Игілік,тұтастай алғанда,адам өмірінің қажетін өтейтін құндылық болып саналады. Ал игілікті адам деп игі іс-әрекет жасай алатын еңбек сүйгіш жандарды айтады.Істің игілікті болуы адамның жауапкершілігіне байланысты.

Дәйексөз

Әрқашанда таза болсын ар-ожданың жүрегің,

Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін.

Зорлық қылсаң өзгелерге - өзің жәбір көресің,

Қиянаттың құрбаны боп,қорлықпенен өлерсің.

Мұхаммед Бабыр

Жүректен жүрекке

Оқушылар бір - біріне жақсы тілек айтып төмендегідей берілген ойды жалғастырады:

  • Адам – ең жоғарғы құндылық, оның өмірі бәрінен де қымбат, ...

  • Ұлттық ұлағат рухани мұраларда көрініс табады, ...

  • Ата-баба дәстүрін құрметпен ұғынам, ...

  • Игіліктің ерте-кеші жоқ, ...

  • Туған жердің қымбат маған әр тасы, ...

  • Атадан қалған асыл сөз, нұр құяды көңілге, ...






Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі

Ешмухаметова Бейбітгүл Тұрсатайқызы

 

 

Өзін-өзі тану

  10 сынып

 

 

 

Тақырыбы: Рухани байлық – игілік көзі

Мақсаты:

-                                   оқушыларға қазақ халқының рухани байлығы мәдени құндылықтар туралы түсінік беру.

Міндеттері:

-                                   рухани байлық көздерін ұғындыру;

-                                   рухани байлықты бағалай білуге үйрету;

 

-                                   рухани байлыққа тәрбиелеу.

Общая информация

Номер материала: 122516

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>