Инфоурок Всеобщая история СтатьиРуханияты тереңнен тамыр тартқан мәңгілік -Қазақ елі.

Карточки по теме "Түстер" (túster) – Цвета на казахском, Қазақ тіліндегі түстер

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • pptx
60812
149
09.06.2024
«Инфоурок»

Материал разработан автором:

Бакенова Зарина Азаматовна

Педагог дополнительного образования

Об авторе

Место работы: МБУ ДО "ДДТ Нижегородского района"
Здравствуйте! Меня зовут Зарина Азаматовна, и я — преподаватель иностранных языков. Я специализируюсь на обучении студентов всех возрастов, начиная с детских садов и заканчивая старшими классами, а также предоставляю услуги репетиторства. Мои ключевые преимущества: – Владею опытом работы с начальной, средней и старшей школой, а также с дошкольными образовательными учреждениями и учреждениями ДО. – Обладаю сертификатами TEFL и TESOL, подтверждающими мои компетенции в преподавании английского языка как иностранного. – Применяю коммуникативный подход, современные методики и технологии, а также игровые технологии, что делает обучение увлекательным и эффективным. – Создаю уникальные и эффективные учебные материалы, которые помогают студентам достигать своих целей в обучении иностранным языкам. Если вы ищете педагога или ментора, который поможет вам или вашему ребенку овладеть иностранным языком быстро и эффективно, мои учебные материалы и индивидуальный подход к каждому студенту — это именно то, что вам нужно. Присоединяйтесь ко мне на путь изучения иностранных языков и откройте для себя новые возможности!
Подробнее об авторе
Цвета на казахском, Қазақ тіліндегі түстер Карточки для введения и закрепления темы "Түстер". Карточки с цветами для занятий с дошкольниками, 1 классом и обучающимися начального уровня. – Лаконичный дизайн – оформление не будет отвлекать обучающихся от самого материала; – Печатный формат – карточки можно (и даже нужно) отпечатать с друх сторон для отработки новой лексики; – Ничего лишнего – набор из 12 основных цветов для отработки темы _________________________________________________________________________________ "Түстер" тақырыбын енгізуге және бекітуге арналған карточкалар. Мектеп жасына дейінгі балалармен, 1-сынып оқушыларымен және бастауыш деңгейдегі білім алушылармен сабаққа арналған түстері бар карточкалар. - Қысқа дизайн-Дизайн студенттерді материалдың өзінен алшақтатпайды; - Баспа форматы - жаңа лексиканы пысықтау үшін карточкаларды екінші жағынан басып шығаруға болады (және тіпті қажет) ; – Артық ештеңе жоқ-тақырыпты пысықтауға арналған 12 негізгі түстер жиынтығы

Краткое описание методической разработки

Цвета на казахском, Қазақ тіліндегі түстер

 

Карточки для введения и закрепления темы "Түстер". Карточки с цветами для занятий с дошкольниками, 1 классом и обучающимися начального уровня.

 

– Лаконичный дизайн – оформление не будет отвлекать обучающихся от самого материала;

– Печатный формат – карточки можно (и даже нужно) отпечатать с друх сторон для отработки новой лексики;

– Ничего лишнего – набор из 12 основных цветов для отработки темы

 

_________________________________________________________________________________

 

"Түстер" тақырыбын енгізуге және бекітуге арналған карточкалар. Мектеп жасына дейінгі балалармен, 1-сынып оқушыларымен және бастауыш деңгейдегі білім алушылармен сабаққа арналған түстері бар карточкалар.

 

- Қысқа дизайн-Дизайн студенттерді материалдың өзінен алшақтатпайды;

- Баспа форматы - жаңа лексиканы пысықтау үшін карточкаларды екінші жағынан басып шығаруға болады (және тіпті қажет) ;

– Артық ештеңе жоқ-тақырыпты пысықтауға арналған 12 негізгі түстер жиынтығы

Развернуть описание

Руханияты тереңнен тамыр тартқан мәңгілік -Қазақ елі.

Скачать материал

 

                

                                                                               

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы, Ақжар ауылы,

«Б.Тұрлыханов атындағы

орта мектебі-бақшасы» КММ

Тарих пәнінің мұғалімі

п.ғ. магистрі

Ақылбек Арай Қасымқызы

Руханияты тереңнен тамыр

тартқан мәңгілік -Қазақ елі.

 

Бүгінде қазақ елінің жаңа тарихи кезең айдынында жүзуі әлемге  аян. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылдың сәуір айындағы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ауқымды мақаласында «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек».- деген болатын.Елбасының мақаласынан кейін жер-жерде лттық сананы жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіле бастады. Осыған байланысты елімізде рухани жаңғыруды жүзеге асыру өзекті мәселе болып отыр. Қазақ елі тәуелсіздік алғалы, өткен ғасыр ширегіндегі: сұм соғыс, халықты қырған ашаршылық, саяси қуғын-сүргін  сияқты зобалаңнан бір жолата құтылды. Бұл қазақ елін басқарған ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың дана саясаты және халықтың береке-бірлігі мен қайраттылығының арқасы. Тамыры тереңге кеткен қазақстан тарихын парақтай келе ата-бабаның, халық қабырғасын қайыстырар қилы кезеңдерден өткендігін білеміз. Ата қанымен бойымызға дарыған, ананың ақ сүтімен жадымызға сіңген мақсат-мұрат «Елімізді мәңгілік ел» болып қалуы.

Сәби шағымызда әжеміздің ғажайыпқа, тіс жармас құпияға толы ертегісімен сәбилік санамызға сіңген батыр бабалардың, ел асылдарының тыныштық жолындағы, ел ірге тасының беріктігі жолындағы жан қиярлық ерліктерін есте сақтау, баба рухына тағзым ету, кешкен өмір жолын қайталамауға тырысып, олар салып берген сара жолдан ауытқымай ел тәуелсіздігін мәңгі сақтау. Оған құрмет көрсету. Осындай қатаң қағиданы ұстанған ел жастарының білім-ғылымға деген құштарлығының қоғам үшін аса пайдалы екенін атап өткен дұрыс. Жастар аса жігерлі, заманауи өмір сүруге машықтанған, олар әр сала бойынша жанталаса еңбек етіп жаһандық деңгейге шығуға тырысып бағатынында жасыруға болмайды. Кез келген істің басына келмес бұрын оның шығу тарихын білу әр көзі ашық көкірегі ояу адамның мақсаты. Сол айтқандай қазақ елінің мәңгілік, рухани дамыған ел болып қалыптасуы үшін алдымен халықтың өткенін толық білу, оған қызмет ету басты міндет.     

Қазақ елінің тұңғыш президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2014 жылғы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазақ ұлтын биік мақсаттар мен армандарға жетелейтін идеялық көк байрағы, мемлекет пен ұлттың темірқазығы ұлттық идеясын жариялады. Ол өз Жолдауында:

«Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан - 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздык пен жанжаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабак ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

Тарих көрсеткендей, адамзаттың жауы адамның өзі, канағатсыздық, нәпсікұмарлық, жыртқыштық. Ізгілік жойылғанда мемлекет те, адамзат та жойылады. Адам баласының жүрегіне ізгіліктің нұрын құятын тарихи тамырдан нәр алған тәрбие, дәстүр. Дәстүр мен тәрбиені халық өзінің рухани өкілдері арқылы жасады, ал оны қолдайтын, іске асырып пайдаланатын қоғам. Қазақ халқының да тарихтың өне бойында жүйеленіп, ысылған дәстүрлі дүниетанымы бар. Заман дамып, уақыт өткен сайын, ғылым мен технология, қоғамдық қатынастар жетілген сайын осы дәстүр өз маңызын арттыра түсіп, қоғам қажеттілігіне барынша көкейтесті бола түсуде.

Космостық байланыс жүйесі мен теледидар көмегімен ғаламдық ақпараттық кеңістік пайда болып, ғылым, білім, мәдениет салаларында мемлекетаралық ауыс-түйіске қолайлы жағдай жасалады. Бірақ қалың бұқараға күшті акпараттық әсер жаңа қауіптер мен өркениетаралық қарама-қайшылықтарды тудырады. «Ақпараттық жаңа отарлау», «ақпараттық соғыс» сияқты жаңа ұғымдар пайда болды. Көрнекті қазақ философы Ә. Нысанбаевтың дұрыс көрсетуінше оны дамыған өркениет ұтымды пайдаланып, әлсіз өркениетті идеологиялық бағындыруга, әлемде жаңа тәртіп орнатуға күш салып келеді.

Қазақстан да әлемнің басқа да елдері сияқты заманымыздың осы бір қауіпті процесінен тыс қала алмай отырғандығы анық. Осы орайда, елімізде бұл алапат үрдіске анықтама беріп, өз мәдениетімізді бөгде өркениеттің шылауында жібермеу жолдарын ұсынған зерттеушілер пікірі анық сезіле бастады. Кей ғалымдаржаһандануды «экономикалык және мәдени империализмнің жаңа формасы», «вестернизация», «американизация» немесе «жаңа отарлау» деп атап, оған дәлел ретінде жаһанданудың теориялық жұмысымен айналысушы ғалымдардың негізінен ағылшын, скандинав, австралия және америкалықтар екенін алға тартады.

«Мәңгілік ел» халқы - моральдық-рухани тұрғыда жоғары,  дендері сау, әлеуметтік жағдайлары жақсы, генетикалық жағынан жетілген алдыңғы қатарлы ұлт.

Бұл үшін халықты тәрбиелеу үш тұрлі нысанды қамтиды:

1. Жеке адам;

2. Отбасы;

3. Қоғам (халық, ұжым, т.б.).

Ең алдымен, «Мәңгілік ел» ұлттық идеологиясы ұлтымызды, ұлттық кұндылықтарымызды жахандану апатынан сақтап қана қоймай, әлем халықтарына үлгі болатындай жаңа сапалық дәрежеге көтереді.

Тәрбие отбасынан басталады. Отбасыдағы тәрбие құндылықтары мемлекеттік мүдделермен астасып жату керек. Жеке адамды тәрбиелеу екі тұрлі жолмен жүргізіледі. Біріншіден, жеке адамды қоршаған орта (отбасы, қоғам), екіншіден, қоғамда берік калыптасқан ортақ ережелер бойынша адамның өзін-өзі, өз ұрпағын тәрбиелеуі. Қазіргі қазақ пен бұрынғы қазақты салыстырайықшы? Қалай аз ғана уақыттың ішінде қазақтың болмысы осылайша тез адам танығысыз болып езгерді? Қазақ халқының моральдық тұрғыда кұлдырауының басты себебі ұлттық тәрбиенің тетіктерінің осалдануы.

Қазақ зерттеушілерінің қазіргі алдында тұрған міндет те жаһанданудың тәуелсіз мемлекетімізге әсері, оның экономикалық және саяси қауіпсіздігі, халықтың этно-мәдени дәстүріне жағымды және жағымсыз әсерлерін мұқият талдау болып табылады.

Сондықтан осындай жағдайда қазак мәдениетін қайта түлетіп жандандыруды жаһандану кезіндегі Батыстың мәдениетіне қарсы басты бәсеке ретінде бағалайтын да көзқарас бар. Олар ұлттық құндылықтарымызды сақтап қана қоймай, мәдениетті қайта түлетіп, халықтың руханиятын көтеруге, жергілікті мәдени дәстүрлерді дамытуға мүмкіндіктер ашатынын ескертеді.

Яғни жаһандану процесінде шетелдік идеялардың емес, керісінше, жергілікті мәдениеттің іргетасы беки түсуі мүмкін.

Бұлай нақты жауап беруімізге ұлттық дәстүрлі дүниетанымның қазірдің өзінде белгілі бір дәрежеде ұлттық идеология тетігі ретінде қолданыста болып отырғандығы негіз бола алады. Кейде тікелей, кейде жанама тұрде, бірақ ешқандай да сыртқы реттеусіз, механизмдерсіз дәстүрлі дүниетаным әлементтері мемлекет саясатына өз ықпалын тигізіп отыр.

Әлемдік қатерлермен бетпе-бет келіп отырған, аяғын тәй-тәй басқан жас мемлекетімізді келген «жымысқы» қатердің сездірместен, айналып өтпесі анық. Мемлекеттіліктің империялық кезеңдерін бастан кешкен ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен өсиет-мұраларын көзге ілместен Батыстың алдамшы қүндылықтарының артынан кетіп, адасқан елді көргенде ойымызға қазынаға толы сандығы үй іргесінде көмулі жатып, жоқшылықтан алақан жайған бейшара түседі.

Адамзат баласы рухани тығырыққа тіреліп, әлемдік қауымдастық жаңа қатерлермен бетпе-бет келіп, дінаралық, ұлтаралық катынастардың маңызы арткан тұста халықты идеялық тұрғыда біріктіретін, басталған реформаларды ары қарай табысты тұрде жүргізетін, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтап қалатын идеяларға қажеттілік артып отыр.

Тарихта өткен талай мемлекеттердің түбіне жеткен зобалаңнан аман қалып, өзіндік ерекшеліктерге ие дәстүрді сол жаһанданудыңалапат дауылына ептілікпен қарсы қоя білу біздің мемлекетіміздің Мәңгілігінің кепілі. Заман тағы езгерер, ғылым мен технология дамып, адамзат санасы біздің түсімізге де кірмеген небір ғажайыптарға қол жеткізер. Өзге планеталар бағындырылар. Бірақ қазақ рухы, рухани мәйегі сол ғажайыптардан да жоғары тұруы керек.

Қазіргі таңдағы әлемдік қауымдастықты шарпыған жаһандық мәселелер елімізді де айналып етпесі анық. Осы орайда Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Еліміз бен оңіріміз үшін он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетті. Елбасымыздың айтуынша, егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті тұрде ескеруге тиіспіз.

Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі.

Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялык теңгерімсіздік.

Үшінші сын-қатер - жаһандық қауіпсіздігіне төнетін қатер.

Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы.

Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.

Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы.

Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялык революция.

Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.

Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміздің қүндылықтар дағдарысы.

Оныншы сын-қатер - әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі

Елбасымыз осы он қатерді көрсете отырып, жаһандану жағдайында рухани кұндылықтар мен ұлттық идеологияның маңызы туралы: «Біз мемлекеттілігіміздің рухани мәселелері экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз. 2050 жылғы Қазақстан прогрессивті идеалдар қоғам болуға тиіс», деп айқын көрсетті.

Қазіргі замандағы саяси-экономикалық сұраныс ұлттық идеологиямыздың міндеттері ретінде жүйелі мәселелерді шешу талабын қояды. Ұлттық идеология тек ұлтты біріктіруші ғана емес, елдің ішкі, сыртқы қадамдарын реттеп, қазақ мемлекетінің абыройын әлемдік қауымдастық шеңберінде асқақтатып, оның одан әрі өсіп, өркендеуіне мұрындық болуы тиіс. Әлем жұртшылығының алдында тұрған ғаламдық мәселелерді төл ұлттық идеология тұрғысынан шешуге атсалысып, табысты нәтижелерге кол жеткізуге міндетті. Қазак тарихын саралау барысында төл идеологияның тарих тезінен абыройымен шығып, әз заманының талабына сай міндеттерін атқарганы белгілі болып отыр.

«Мәңгі ел» идеясы ежелгі тұркілердің өз заманында туған үш тұғырдан, яғни үш негізден тұрады:

1. Көне тұркі жазба ескерткіштерінде (Кұлтегін, Білге қаған және Тұйұқык бітіктастарында) тұркі қағанаты мемлекетінің тәуелсіздік актісі — «Мәңгілік ел» идеясының саяси манифест тұрінде жария етілуі;

2. Әл-Фарабидің философиялық шығармаларында (әсіресе «Қайырымды қала» шығармасында) идеяның теориялықфилософиялык тұрғыдан негізделуі;

3. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық дастанында құқықтық мемлекет теориясының негізделуі. Бұл үш негіз бір-бірімен  тығыз байланысты, бір заманның жемісі және өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік идеяларымен сабақтасады. Бұлардың бәрінің бастауында орта ғасыр дәүіріндегі тұркілердің өркениеті тұр.

Көне тұркі жазба ескерткіштеріндегі саяси тұжырымдары, Әбу Насыр әлФарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» және тағы басқа әйгілі туындыларының ойидеялары «Құтты білік» дастанындағы аналогиялық толғам, философиялық түйіндер, саяси-әлеуметтік болжамдар бір мәдениеттің, бір өркениеттің, заман мен әлеуметтік жағдай ғана емес, біртектес елжұрт тіршілігі тұтастырған бір дүниетанымның жемістері. Тарихи кезең мен мемлекетшілдік сипаттарын білдіретін ұғымдар Кұлтегін жырларында да, әл-Фарабидің философиялык шығармаларында да және Жүсіп Баласағұн дастанында да бірдей кездесіп отырады.

Халқымыздың ата-бабадан мұраға қалып, тарихи сабақтастықта жетілген және қазақтың дәстүрлі дүниетанымы мен ғасырлар бойғы мемлекеттік идеологиясынан нәр алған бабаларымыздың «Мәңгілік ел» идеясы XXI ғасырдағы Қазақ Елінің ұлттық идеясына айналып, өзінің өміршеңдігі мен жасампаздығын әлемге паш етіп отыр.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Руханияты тереңнен тамыр тартқан мәңгілік -Қазақ елі."
Смотреть ещё 5 968 курсов

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Руханияты тереңнен тамыр

тартқан мәңгілік -Қазақ елі.

Бүгінде қазақ елінің жаңа тарихи кезең айдынында жүзуі әлемге аян. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылдың сәуір айындағы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ауқымды мақаласында «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек».- деген болатын.Елбасының мақаласынан кейін жер-жерде лттық сананы жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіле бастады. Осыған байланысты елімізде рухани жаңғыруды жүзеге асыру өзекті мәселе болып отыр. Қазақ елі тәуелсіздік алғалы, өткен ғасыр ширегіндегі: сұм соғыс, халықты қырған ашаршылық, саяси қуғын-сүргін сияқты зобалаңнан бір жолата құтылды. Бұл қазақ елін басқарған ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың дана саясаты және халықтың береке-бірлігі мен қайраттылығының арқасы. Тамыры тереңге кеткен қазақстан тарихын парақтай келе ата-бабаның, халық қабырғасын қайыстырар қилы кезеңдерден өткендігін білеміз. Ата қанымен бойымызға дарыған, ананың ақ сүтімен жадымызға сіңген мақсат-мұрат «Елімізді мәңгілік ел» болып қалуы.

Сәби шағымызда әжеміздің ғажайыпқа, тіс жармас құпияға толы ертегісімен сәбилік санамызға сіңген батыр бабалардың, ел асылдарының тыныштық жолындағы, ел ірге тасының беріктігі жолындағы жан қиярлық ерліктерін есте сақтау, баба рухына тағзым ету, кешкен өмір жолын қайталамауға тырысып, олар салып берген сара жолдан ауытқымай ел тәуелсіздігін мәңгі сақтау. Оған құрмет көрсету. Осындай қатаң қағиданы ұстанған ел жастарының білім-ғылымға деген құштарлығының қоғам үшін аса пайдалы екенін атап өткен дұрыс. Жастар аса жігерлі, заманауи өмір сүруге машықтанған, олар әр сала бойынша жанталаса еңбек етіп жаһандық деңгейге шығуға тырысып бағатынында жасыруға болмайды

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 356 600 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 12.01.2020 354
    • DOCX 25.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акылбек Арай Касымкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акылбек Арай Касымкызы
    Акылбек Арай Касымкызы

    Учитель

    • На сайте: 5 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 436
    • Всего материалов: 1

    Об авторе

    Место работы: КГУ "Средняя школа- сад имени Б.Турлыханова"
    Мен аталған мектепте қызмет атқарамын. Екі жоғары білімім бар. Тарих пәнінен пед. ғ. магистрімін. Диссертация тақырыбым "Мәңгілік ел" ұлттық идеясы. Өз әріптестеріммен іс-тәжірибе алмастырығым келеді. Қазіргі уақытта жас маман ретінде мектепте тәлімгерім бар. Ол кісі маған бағыт-бағдар беріп отырады.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 334 361 материал из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Преодоление страхов и тревожности в современном мире

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Советы реабилитолога: лечение головных болей и гонартроза

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Планирование операционной и финансовой деятельности бизнеса

5 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 968 курсов