Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Ряд урок по историй Казахстана для 8 класс

Ряд урок по историй Казахстана для 8 класс

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Қызылорда облысы,

Шиелі ауданы,

45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

Тарих пәні мұғалімі

Есмұхамедов Сәкен Мұхамедқалиұлы


Қазақстан тарихы

Сыныбы: 8-сынып.

Сабақтың тақырыбы:. XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Сабақтың мақсаты:

  • XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;

  • Құжаттардағы деректермен жұмыс істей отырып, ең бастысы неге назар аударуды анықтау, деректерді салыстыра отырып қорытынды жасау;

  • Өз халқының тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: Қазақстанның XVIII ғасырдың І ширегіндегі картасы, сызба.

Негізгі ұғымдар: дипломатиялық миссия, транзиттік сауда, Ресей саясатының әскери-отаршылдық сарыны, ойрат басқыншыларына қарсы қазақ хылқының азаттық күресі, отар, империя, сепаратизм, құрылтай.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/

Үй тапсырмасын қайталау: үй тапсырмасын сұрау кезінде практикалық жұмыс ретінде картамен жұмыс және терминдер бойынша диктант аламын (қазақтардың саны мен орналасқан жерлері, жүздердің аумағы, т.б.).

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. XVIII ғасырдың бас кезіндегі Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты.

  2. Қазақ хандығының ыдырай бастауы.

  3. Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі және жоңғар шапқыншылығы.

  4. Қазақстардың жауға тойтарыс беру әрекеттері.

  5. Қазақстардың қару-жарағы мен әскери дәстүрлері.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру үшін осы тақырыпқа байданысты 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы курсы бойынша өткен тақырыптарынан сұрақтар қойып, естеріне түсіремін, себебі бұл материалдардың жаңа тақырыпты түсіндіруге тікелей қатысы бар:

  1. 1680-1715 жлдары Қазақ хандығын кім биледі?

  2. Тәуке хан шығарған «Жеті Жарғы» заңдар жинағының қандай тарихи маңызы бар?

  3. Жоңғар хандығы қашан құрылды? Жоғңғар билеушілерінен кімдерді атай аласыңдар?

  4. XVI ғасырдағы қазақ-орыс қатынастарының қандай ерекшеліктері болды?

Осыдан кейін оқушылардың жауаптарын тыңдап балаларға XVIғасырдың аяғы мен XVII ғасырдағы Ресейдің қазақ жеріне баса назар аудара бастағанын әңгімелеймін.

Ол, бірінші, Ресейдің саяси және сауда -әлеуметтік-экономикалывқ дамуынан, екіншіден орыс мемлекетінің Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және дипломатиялық байланыс орнатуынан көрінеді. Сабақты түсіндіре отырып, оқушылардың көз қаперін арттыру үшін төмендегідей хронологиялық кесте толтыртамын.

Жылдар

Негізгі оқиғалар

Мақсаты мен маңызы

1552

1556

1585

1586

1587

1594

1604

1710

1716

1717

1718

1720



1 тапсырма:

Осы оқиғаларға сүйене отырып, Ресей Қазақ хандығына қатысты саясат жүргізгенде алдына қандай мақсат көздегенін анықтаңдар.

Осыдан соң Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайын, сондай-ақ Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жоғары билік үшін әр жүздің билеушілері арасындағы таласты оқушылардың есіне сала отырып, келесі тапсырманы беру керек.

2 тапсырма:

- Қазақстан тарихы хрестоматиясынан Тәуке ханның билігі кезіндегі материалдарды пайдалана отырып, Тәукенің жеке басына мінездеме беру. (Бұл тапсырма бұрынғы алған білімді жаңа сабақ арқылы толықтыруға көмектеседі. Осыдан кейін оқушылардың жауаптары бойынша кесте толтыра отырып, XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығының қызметін көрсету.)

Хандар

Тәуке хан

Қайып хан

Әбілқайыр хан

Жеке бас ерекшеліктері




Ханның жүргізген іс-әрекеті мен саясаты




Тарихи маңызы




Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі мен жоңғар шапқыншлығы төмендегі жағдайларға байланысты болды: Тәуке ханның қайтыс болуы, хандық ішіндегі саяси бытыраңқылық, Қазақ хандығына көрші мемлекеттердің басып кіруі, бір орталыққа бағынғн Жоңғария мемлекетінің құрылуы және оның бұрыннан көз алартып жүрген қазақ жеріне негізгі күштерін жіберуге мүмкіндіктің пайда болуы, т.с.с. Жоңғарияға тойтарыс беру әрекеттері жөнінде айтар алдында оқушыларға келесі сұрақтарды қоямын: қарсы тұру қозғалысы қалай ұйымдасты, осы кездегі қазақ сұлтандарының іс-әрекеттері, жауға тойтарс беру идеясына батырлар мен халықтың көзқарасы. Қазақтардың қару-жарақтары мен әскери салт-дәстүрлер туралы айта отырып, қосымша «Қолданбалы өнер үлгілері», «XVIII ғ. Қазақтардың қару-жарағы», т.б. еңбектерді пайдаланамын


Жаңа тақырыпты бекіту үшін қойылатын сұрақтар:

  1. XVIII ғасырда Ресейдің Қазақстанға қызығушылығының күшеюіне не себеп болды?

  2. XVIII ғасырдағ Қазақ хандығының ішкі жағдайын қалай бейнелеуге болады?

  3. XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығы төңірегіндегі сыртқы хал-ахуал өте күрделі болды, осыған мысал келтір.

(Құжаттармен жұмыс, 19-бет.)

Үй тапсымасы:

  1. Картамен жұмыс-Ресейдің Қазақстан жерімен шектесетін аумақтарда салған әскери-тірек бекеттерін картаға түсіріңдер.

  2. Осы кезеңде қазақ хандары ішінен кімді жетекші болды деп есептеуге болады, себебін көрсетіңдер.

  3. 1635ж ., 1710ж ., 1715ж. – Қазақ хандығы тарихындағы қандай оқиғаларға байланысты даталар.






Қазақстан тарихы

Сынып: 8-сынып

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: ХҮІІғ. соңы мен ХҮІІІ ғ. І ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама...» жылдары

Сабақтың мақсаты:

  • Сабақ барысында оқушыларды Қазақ хандығы төңірегінде қалыптасқан саяси оқиғалармен таныстыру, қазақ билеушілерінің басы бірікпеуінің салдары қандай болғанын көрсету, үш жүздің әскери күштерін біріктірудегі Әбілқайырдың рөлі және халықтың тәуелсіздік үшін күресінің маңызын әңгімелеу;

  • Оқушыларды материалды жүйелеуге , оқиғалар арасын байланыстырып, одан қорытынды шығаруға машықтандыру;

  • Оқушыларға Отанымыздың тәуелсіздігі мен азаматтығы үшін күрескен батырлардың ерлігін айта отырып, жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрие беру.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: интерактивті

Негізгі түсініктер : жұт, азаттық үшін күрес, агрессия, аманат, сардарбек, құрылтай, патриотизм.

Көрнекілік: Карта, сызба, суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу


Жаңа тапсырманы жақсы түсіну үшін оқушылар алдында өткен материалдарды жете меңгеру керек. Сондықтан сабақты өткен материалды қайталаудан бастаймын.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайының ерекшеліктеріне тоқталыңдар.

  2. XVIII ғасырдың І ширегінде Ресей мемлекетінің Қазақ хандығына қызығушылығының артуына не себеп болды?

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Жоңғарияның күшеюі және оның қазақ халқына қарсы шапқыншылығы.

  2. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі.

  3. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығының салдары.

І кезең. Өзіндік жұмыс.

1) Мына терминдердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Азаттық соғысы

  • Басқыншылық, шапқыншылық

  • Батыр,

  • Батырлық, қаһармандық

  • Шын берілгендік

Оқушылардың жеке шығармашылық жұмысы, нәтижесін ұжым болып талқылау.

ІІ кезең-сабақтың негізгі бөлімі (проблемалық мәселелерді талқылау)

Сабақ тақырыбымен жұмыс, онан кейін оқушылар XVIII ғасырдың І ширегіндегі Қазақ хандығы тарихының төмендегі саяси аспектілерін анықтаулары қажет.

(жауап беру үлгілері):

1 тапсырма:

Қазақ хандығының жай-күйі Қазақ хандығы төңірегіндегі қалыптасқан

саяси жағдай

1. 1.

2. 2.

3. 3.

4. 4.

2 тапсырма

-Материалды пайдалана отырып, анықтаңдар:

1. Жоңғар шапқыншылығының мақсаты.

Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресін ұйымдастыру.

Құрылтайдың қазақ халқының саяси өміріндегі рөлі. Батырлар

3 тапсырма:

  1. Мына тақырыпта жұмыс құру:

«Жоңғар шыпқыншылығы және жоңғарларға қарсы халық күресін ұйымдастыру».

  1. «Халық құрылтайы».

  • Қайда өтті?

  • Қандай мәселелер көтерілді?


  • Немен аяқталды?

  • Тарихи маңызы

  1. Сабақты бекіту:

Сұрақ: Қазақ хандығының саяси тарихына бұл кезеңдегі оқиғалардың басқаша сипат алуы (нәтижелері, дамуы) мүмкін бе еді?

«Қазақ хандығындағы орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар шапқыншылықтары үшін қолайлы жағдай туғызды. XVIII ғасырдағы жоңғар-қазақ қарым-қатынасының шиеленісуінің басты себебі жер мәселесі болды. Цеван-Рабтан Жетісуды, Түркістан арқылы өтетін керуен жолдарын түпкілікті ойраттарға қалдыруды көздеді. Олар экономикалық және саяси дамуда болды, жер өңдеу бұрын болмаған жетістіктерге жетті, көрші мемлекеттермен сауда байланыстары жан-жақты дамыды, темір өндіру технологиясы жетілдіріліп, швед офицері Ренат оларға зеңбірек құю өндірісін, қару мен оқ-дәрі дайындауды үйретті. Кейбір жеңістеріне қарамастан, қазақтар үнемі жеңілумен болды. Оның себептері Қазақ хандығының ішкі әлсіздігімен мен көрші мемлекеттерге тәуелділігінен еді. Ұлы жүздің жетекші билері Жоңғарияға тәуелділікті мойындады, Кіші жүз ханы Әбілқайыр өзінің жеке билігін күшейтумен айналысты, сондықтан ол 1741 жылы жоңғарлар басып кіргенде, ойрат басқыншылығына қарсы тұруға қатысудан бас тартты».

  1. Жоңғарияның көрші мемлекеттерді басып алу саясатын жүргізуінің негізгі себептерін айтыңдар.

  2. Қазақтардың жеңілу себептері және қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы.


Үй тапсырмасы: оқу,сұрақтарға жауап беру.















Қазақстан тарихы

Сынып: 8 сынып

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: ХҮІІғ. соңы мен ХҮІІІ ғ. І ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама...» жылдары

Сабақтың мақсаты:

  • Сабақ барысында оқушыларды Қазақ хандығы төңірегінде қалыптасқан саяси оқиғалармен таныстыру, қазақ билеушілерінің басы бірікпеуінің салдары қандай болғанын көрсету, үш жүздің әскери күштерін біріктірудегі Әбілқайырдың рөлі және халықтың тәуелсіздік үшін күресінің маңызын әңгімелеу;

  • Оқушыларды материалды жүйелеуге , оқиғалар арасын байланыстырып, одан қорытынды шығаруға машықтандыру;

  • Оқушыларға Отанымыздың тәуелсіздігі мен азаматтығы үшін күрескен батырлардың ерлігін айта отырып, жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрие беру.

Сабақтың түрі: Аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-баяндау, оқулықпен жұмыс, сипаттама беру, тест

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Пайдаланылған әдебиет:

1.Қазақстан тарихы, Алматы,2002. 3-том

2.Абылайхан, Алматы, 1993 ж.

Көрнекілік: Карта, сызба, суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1)Сұрақтар:

А)Қазақ хандығының саяси тарихына бұл кезеңдегі оқиғалардың басқаша сипат алуы (нәтижелері, дамуы) мүмкін бе еді?

«Қазақ хандығындағы орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар шапқыншылықтары үшін қолайлы жағдай туғызды. XVIII ғасырдағы жоңғар-қазақ қарым-қатынасының шиеленісуінің басты себебі жер мәселесі болды. Цеван-Рабтан Жетісуды, Түркістан арқылы өтетін керуен жолдарын түпкілікті ойраттарға қалдыруды көздеді. Олар экономикалық және саяси дамуда болды, жер өңдеу бұрын болмаған жетістіктерге жетті, көрші мемлекеттермен сауда байланыстары жан-жақты дамыды, темір өндіру технологиясы жетілдіріліп, швед офицері Ренат оларға зеңбірек құю өндірісін, қару мен оқ-дәрі дайындауды үйретті. Кейбір жеңістеріне қарамастан, қазақтар үнемі жеңілумен болды. Оның себептері Қазақ хандығының ішкі әлсіздігімен мен көрші мемлекеттерге тәуелділігінен еді. Ұлы жүздің жетекші билері Жоңғарияға тәуелділікті мойындады, Кіші жүз ханы Әбілқайыр өзінің жеке билігін күшейтумен айналысты, сондықтан ол 1741 жылы жоңғарлар басып кіргенде, ойрат басқыншылығына қарсы тұруға қатысудан бас тартты».

Ә)Жоңғарияның көрші мемлекеттерді басып алу саясатын жүргізуінің негізгі себептерін айтыңдар.

2)Сипаттама беру

ІІІ. Жаңа материалды баяндау:

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

1. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама...» жылдары

Мазмұны:

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді.

1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ бойы қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.


ҮІ.Қорытындылау.


ҮІІ. Бағалау.


Ү. Үйге тапсырма: оқу,сұрақтарға жауап беру.











Сынып: 8-сынып

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Кіші жүздің Ресейге қосылуы, кіші жүз және орта жүздің бір бөлігінің Ресейге қосылуы

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды Кіші жүздің Ресейге қосылуының негізгі себептерімен таныстыра отырып, оған жоңғар шыпқыншылығының әсерін және Әбілқайырдың Ресейге қосылу саясатында қандай мақсат көздегенін түсіндіру.

  2. Салыстырмалы талдау жасау арқылы оқушылардың шығармашылық ынтасын дамыту, тақырыпты ашу үшін күрделі немесе қарапайым жоспарлар құру, өз көзқарасын дәлелдеуге үйрету.

  3. Мақсатқа жету жолында табандылыққа, шыдамдылыққа, ерік-жігердің күшті болуына тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-баяндау, оқулықпен жұмыс, сипаттама беру, тест

Көрнекілік: Карта, сызба, суреттер

Негізгі түсініктер: Сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі,Ресейдің «азиялық саясаты», қазақстарды башқұрттарға айдап салу саясаты, елшілік, бодандық, империя, саяси және экономикалық тәуелділік, әскери қорғаныстық бекіністер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

    1. Кестенің толтырылуын тексеру.

    2. Оқушылардың өздері жинаған мәліметтерін оқуға мүмкіндік беру, оны сынып болып талқылау, бағалау.

ІІІ. Жаңа материалды баяндау:

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Әбілқайыр ханның ұстанған бағыты.

  2. Ресей мемлекетінің XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Қазақстанға қатысты ұстанымы.

Жаңа материалдың мазмұны


Үй тапсырмасын тексергеннен кейін, карта арқылы өткен материалды қаншалықты игергенін көріп, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайының күрделене түскені жөнінде әңгімелеймін. Ол үшін қалыптасқан жағдайдың төмендегідей сызбасын ұсынамын.

Ішкі жағдай

  1. Аңырақай шайқасынан кейінгі хан тағы үшін күрес салдарынан қазақ билеушілері арасында келіспеушіліктер пайда болды.

  2. Феодалдық бытыраңқылық күшейді.







Сыртқы жағдай

  1. Жоңғарлар тарапынан қауіп сақталып қалды.

  2. Қазақтардың Бұхара және Хиуа хандықтарымен арадағы жағдай күрделі күйінде қалды.

  3. Еділ қалмақтарымен және башқұрттармен қарым-қатынас күрт шиеленісіп кетті.

Мұндай жағдайда Қазақ хандығы алдында басты мәселе сыртқы жаудан қорғану және елдің тұтастығын сақтап қалу болды. Бұл жерде Әбілқайырдың жеке басына тоқталу керек. Оқушылар ханның жеке басы жөнінде өз білетіндерін айтқаннан кейін, оқулықтағы қосымша деректерді пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыру керек:


«Әбілқайыр ханның жеке басының жағымды қасиеттері мен кемшіліктері» (ерекшеліктерін айқындау, салыстырмалы түрде талдау жасау).


Жеке басының жағымды қасиеттері

Жеке басының кемшіліктері






Әбілқайырды Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен жағдайлар:

1.

2.

3.

4.

«XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Ресейдің Қазақстанға байланысты ұстанымы».

Бұл тақырыпшаны оқыту үшін мынадай өзіндік жұмыстар жүргізуге болады:


А) XVIII ғ. 30- жылдарына дейінгі қазақтардың патша үкіметімен қарым-қатынасы.

Ә) Әбілқайырдың Ресей императрицасы Анна Иоановнаға жіберген елшілігі. 1730 ж.

Б) сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.Тевкелев бастаған орыс елшілігінің Қазақстанға келуі.

В) Ресейдің отаршылдық саясаты. Қазақстанды алуға жасалған қадамдар:

1734 ж-

1735 ж-

1735-37 ж-

1740 ж-

1738 ж-


Оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижелерімен танысқаннан кейін Ресейдің Қазақ хандығына қатысты саясатын қорытындылаймыз. Бұл жерде белгілі тарихшы М.П.Вяткиннің мына сөзі оқылады:

«... Ішкі феодалдық күрес үдеп тұрған кезде жүргізілген бұл саясат мемлекетті ыдыратуға, қазақ жүздерін, ең алдымен Кіші жүзді әлсіретуге бағытталған анархиялық саясат болды. Тек қазақ қоғамының бытыраңқылығы ғана патша үкіметіне қазақ жүздеріне қарсы кең көлемде шабуыл жасауға мүмкіндік беретін еді».



ІҮ. Бекіту. Сұрақ-жауап.

Ү. Бағалау.

ҮІ. Қорытындылау

ҮІІ. Үйге тапсырма: Оқу түсінік айту, қосымша іздену






Сынып: 8-сынып

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ресейдің Қазақстандағы ХҮІІІ ғ. 30-50 жж. саясаты, қазақ жерлерінің тартып алынуы

Сабақтың мақсаты:

  1. Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүзде қалыптасқан жайдайды түсіндіру, Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатын ашып көрсету;

  2. Құжаттармен, картамен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру, саяси қайраткерлердің қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы оқушылардың логикалық ой-өрісін жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын дамыту;

  3. Халық тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-баяндау, оқулықпен жұмыс, сипаттама беру, тест

Көрнекілік: Карта, сызба, суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Сипаттама беру

  2. Сұрақ-жауап.

1)Әбілқайыр хан неліктен Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды?

2)Кіші жүздің Ресей құрамына кіруіне байланысты қалыптасқан негізгі оқиғаларды әңгімелеңдер.

3)XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының саяси, экономикалық, мәдени өміріне бодандық қалай әсер етті?


  1. Хронологиямен жұмыс

ІІ. Өткен материалды қорытындылау.

ІІІ. Жаңа материалды баяндау:

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:


  1. Әбілқайыр хан қаза тапқаннан кейін Кіші жүздегі жағдай.

  2. Қазақ-башқұрт қатынастарының ерекшеліктері

  3. Шекара аймақтарында әскери бекініс шептерінің салынуы.

Мазмұны:

1)Үй тапсырмасын бірден Әбілқайыр қаза тапқаннан кейінгі Кіші жүздің жағдайын талқылауды бастаймын:

Кіші жүз


Экономикалық жағдай

Саяси жағдай

Орта жүздің шекара аудандарында жер дауының онан әрі шиеленісуі.Патша үкіметі қазақ жерін ашық басып ала бастады:

А) шекара аудандарында әскери бекіністер тұрғызу;

Ә) 1755 ж. патша үкіметі Орта жүз қазақтарына Ертістен өтуге тыйым салды;

Б) 1765 ж. Он шақырымдық белдеу межеленді.

В) Қазақстарға орыс бекіністеріне 30 шақырымға дейін жақындауға тыйым салынды.

  • 10 шілде, 1749ж. Ресей үкіметі ресми түрде Нұралыны Кіші жүз ханы етіп бекітті. Оған жылына 600 сом жалақы тағайындалды. (Бірақ Кіші жүз тәуелсіз екі бөлікке бөлінді. Солтүстік-батыс бөлігін Нұралы, ал оңтүстік-шығысын Батыр биледі.)

  • Қазақ-башқұрт жанжалдары;

  • Жоңғарлардың Қазақстан аумағына әскери жорығы;

  • Осы жағдайға байланысты Ресей ұстанымы:

А) қазақтар мен башқұрттардың Ресейге қарсы күресте бірігіп кетпеуі үшін араларына от салу, ол үшін кез-келген қолайлы сәтті пайдалану.


2) Осыдан кейін оқушыларды қазақтардың башқұрттармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, Қазақстан тарихы хронологиясындағы материалдар негізінде кесте жасау, сол арқылы оқушылардың салыстырмалы талдау жасау, тақырыптағы әр түрлі деректерді пайдалана отырып қорытынды шығаруын дамыту.


Қазақ-башқұрт қатынастары

(Башқұртстан)

Осы халықтар арасындағы қатынастарға байланысты Ресейдің ұстанымы (құжаттарды пайдалану)




3)Қазақстанның солтүстік-шығысында XVIII ғ-дың 30-40 жылдарында әскери бекіністер салу мәселелерін қарастырғанда картамен жұмыс жасау пайдалы:

  • Салынған бекіністердің аты мен салыну себебі

  • Орналасқан жері

  • Алып жатқан аумағы

  • Маңызы

Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе, Ресейдің жер мәселесі жөніндегі отарлық саясатын ашып көрсету.


ІҮ.Сабақты бекіту: 1.сұрақ-жауап

2.Құжатпен жұмыс

Ү. Бағалау.


ҮІ. Қорытындылау


ҮІІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, сұрақтарға жауап дайындау. Картамен жұмыс



















Қазақстан тарихы

Сынып: 8-сынып

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда әкімшілік-территориялық басқару, округтар, салық жүйесінің құрылуы, сот реформасы

Сабақтың мақсаты:

1) Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатын ашып көрсету;

2)Құжаттармен, картамен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру, оқушылардың логикалық ой-өрісін жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын дамыту;

3)Халық тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-баяндау, оқулықпен жұмыс, сипаттама беру, тест

Көрнекілік: Карта, сызба, суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Сипаттама беру

2.Сұрақ-жауап.

3.Өзіндік жұмыс.

А) Оқушылар төмендегі жоспар бойынша «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» тақырыбына хабарлама дайындаулары керек.

  • Жобаның аты

  • Шыққан жылы

  • Авторлары

  • Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері

  • Округтік приказдарды сайлау тәртібі және функциялары

Ә) «Кіші жүзде хандық билікті жою» (1824, 1844) тақырыбына төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындау:

  • Жобаның аты

  • Шыққан жылы

  • Авторлары

  • Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері.

Өзіндік жұмыс нәтижелерін талдағаннан кейін, қорытынды шығару

ІІ. Өткен материалды қорытындылау.

ІІІ. Жаңа материалды баяндау:

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

1.Басқарудың жаңа жүйесін енгізу

Басқарудың округтық жуйесі енгізілетін болды. Сөйтіп жаңа округтар құрылды. Округтар болыстарға бөлінді, ал болыстар ауыл әкімшіліктерінен тұрды. Әр округта 15—20 болыс, әр болыста 10—12 ауыл, ал әр ауылда 50—70 үй болатын болды. Сыртқы округтағылар Сібір қырғыздары (қазақтары) облысына біріктірілді. Жаңа әкімшілік бірлігі орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кірді. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл каласында орналасты. Әкімшілік бірліктерін құру кезінде патша үкіметі өзіне қолайлы жағдайды босқа жіберіп алмай, көшпелілердің рулық бөліністерін де ұмытқан жоқ, олардың қыстаулары мен жазғы жайылымдарын да мұқият еске алды. Далалықтардың бір округтың аумағынан екінші округқа ауысуына ондағы өкімет билігінің келісімі бойынша рұқсат етілді. Округтарды сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыстар, ал ауылдарды - ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды. Әр округта аға сұлтан басқаратын Округтық приказ (мекеме) құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседателъ және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиісті болды. Ішкі күзет Сібір казактарынан іріктелді.

2.Сыртқы округтардағы сайлау тәртібі

Ауыл старшындарын көшпелілердің өздері сайлайтын және оларды бұл лауазымды қызметке округтық мекеме бекітетін. Сайлау үш жылда бір рет өткізіліп тұрды. Сұлтандар старшындарды сайлауға қатыспайтын. Сұлтандардың қатарынан сайланып қойылатын болыстар өздерінің қолындағы өкімет билігін балаларына мұра етіп қалдыру құқығын иеленді. Биліктің ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргізілді. Кейінгі кездерде болыстық қызметке сүлтан емес, қарапайым қазақтардың да сайлануына рүқсат етілді. Бірақ ондай адамдардың патша өкіметіне сіңірген еңбегі зор болуы тиіс еді. Сол арқылы патша үкіметі Шыңғыс әулетін билік құрылымынан бірте-бірте шеттете бастады. Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздері ғана, ал оның құрметті қазақтардан іріктелетін екі заседателін билер мен старшындар ғана сайлайтын. Аға сұлтандар үш жылға, ал олардыңзаседательдері екі жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық басқарма бастығының бекітуінсіз өз өкілеттігін жүзеге асыруға кірісе алмайтын. 1854 жылдан бастап аға сұлтандыққа шыққан тегі Шыңғыс әулеті емес адамдар да сайлана алатын болды.

Округтық приказдың негізгі міндеттері

Округтық приказдың қатаң белгіленген міндеттері болды. Ол атап айтқанда,

  • округтағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • халыққа білім беруге қамқорлық жасау;

  • тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын

  • жақсарту;

  • қарақшылық тонауды, барымтаны және өкімет билігіне бағынбау әрекеттеріне тыйым салу;

  • өз бетімен кетіп, озбырлық жасауға жол бермеу;

  • тергеуді және сот істерін әділ жүргізу;

  • діни наным-сенімдерге байланысты проблемаларды шешу;

  • көпестер керуенінің жүріс-тұрысын бақылау және олардың қауіпсіздігін камтамасыз ету;

  • сондай-ақ жасақ (алым-салық) жинау.

Округтық приказ, сонымен қатар егін шаруашылығын дамытуға да қамқорлық жасауы тиіс болды.


ІҮ.Сабақты бекіту:


Ү. Бағалау.


ҮІ. Қорытындылау


ҮІІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, картамен жұмыс



















Пәні: Қазақстан тарихы

Сынып: 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ақмола тарихы, Ақмола туралы алғашқы мәліметтер

Сабақтың мақсаты:

  • Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәртебесіне тоқталып кету;

  • Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу, логикалық ойлау машығын дамыту, тарихи карталармен жұмыс істеуге үйрету;

  • Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне , эстетикалық талғамды қалыптастыруға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-баяндау, оқулықпен жұмыс, сипаттама беру, тест

Көрнекілік: карта, сызба,кітаптар.

Негізгі түсініктер: әскери бекініс, округтік приказ, қала мәртебесі, Ақмола әскери бекінісінің негізгі тарихи кезеңдері, қалалықтардың кәсібі, тарихи-архитектуралық ескерткіштері.

Пәнаралық байланыстар: география, әдебиет

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:


    • 1.Сипаттама беру

    • 2.Сұрақ-жауап.

    • 3.Өзіндік жұмыс

    • 4.Кесте толтыру


Жаңа аудандар

Құрылған жылдары

Тартып алынған қазақ жерлері

Жергілікті қазақтар-

дың тағдыры (қоныс аудару, жерді жалға беру)

Жаңаесіл




Жаңаелек




Жаңашеп





ІІІ. Өткен материалды қорытындылау.

ІҮ. Жаңа материалды баяндау.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Жаңа округтің ашылуына дайындық. Ақмола округтік приказы.

  2. Ақмола-аймақтағы ірі сауда орталығы. Округтік қаланың мәртебесі.


«Ақмола» энциклопедиясы (немесе қала тарихы туралы кез-келген қосымша әдебиеттер) материалдары негізінде оқушыларға ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру. Сабақта міндетті түрде тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының тарихы айтылатын кез келген жаңа деректерді пайдалану. Ізденіс барысында оқушыларды астананың әскери бекініс ретіндегі тарихымен таныстыру.

Оқушылар арасынан құрылған топтарға төмендегі бағыттар бойынша тапсырмалар беру:

1-топ. «Ақмола» бекінісі. Географиялық орналасуы. Табиғаты мен табиғи ресурстары тақырыбына хабарлама дайындау

  • Жалпы мәліметтері

  • Рельефі

  • Климаты

  • Су ресурстары

  • Жер бедері

  • Халқы

2-топ. «Ақмола округтік приказы-аймақтағы ірі орталық» тақырыбына хабарлама дайындау.

  • Жаңа басқару тәртібі

  • Экономикасы

  • Архитектурасы мен қала құрылысы

  • Халқы

  • Білім беру

3-топ. Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:

«Қаланың қалыптасу тарихы»

Ақмола бекінісі-Ақмола округтік приказы-Ақмола-Цениноград-Ақмола-Астана.

  • Жылдар

  • Қаланың мәртебесі

  • Архитектуралық ескерткіштер

4-топ. Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:

«Астананың ақ таңы» (Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихы)

Оқушылардың жұмыстарының қорытындысын шығару, талқылау және баға қою.


Ү.Үйге тапсырма:

  1. Әр түрлі деректерді пайдаланып, сәулет өнері ескерткіштерінің бірінің суретін дайында. Авторы кім, ғимарат қалай аталады, көркемдік деңгейі және маңызы жөнінде айтыңдар.

  2. «Ұлы істі ұлі халық пен ұлы басшы ғана атқарады» тақырыбы бойынша қысқаша әңгіме жазу.

  3. Тақырыпты оқу.


ҮІ. Бағалау.


ҮІІ. Қорытындылау



















Қазақстан тарихы

Сынып: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бөкей хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Бөкей ордасындағы 1836-1837 ж. көтеріліс алдындағы саяси және шаруашылық дамуға баға беру, ордада жүргізілген өзгерістерге Жәңгір ханның тікелей әсерін ашу;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, басты оқиғаны көре білуге, жеке тұлғаға баға беруге, оның істеріне талдау жасауға баулу;

  • Өз халқына деген мақтаныш сезімін ояту, адамгершілік тәрбие.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-баяндау, оқулықпен жұмыс, сипаттама беру.

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1-топ. «Ақмола» бекінісі. Географиялық орналасуы. Табиғаты мен табиғи ресурстары тақырыбына хабарлама дайындау

  • Жалпы мәліметтері

  • Рельефі

  • Климаты

  • Су ресурстары

  • Жер бедері

  • Халқы

2-топ. «Ақмола округтік приказы-аймақтағы ірі орталық» тақырыбына хабарлама дайындау.

  • Жаңа басқару тәртібі

  • Экономикасы

  • Архитектурасы мен қала құрылысы

  • Халқы

  • Білім беру

3-топ.Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:

«Қаланың қалыптасу тарихы»

Ақмола бекінісі-Ақмола округтік приказы-Ақмола-Цениноград-Ақмола-Астана.

  • Жылдар

  • Қаланың мәртебесі

  • Архитектуралық ескерткіштер

4-топ. Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:

«Астананың ақ таңы» (Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихы)

ІІІ. Өткен материалды қорытындылау.

ІҮ. Жаңа материалды баяндау.

Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:

  • Қазақтардың Жайықтың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы

І Павелдің 1801 ж. 11 наурыздағы жарлығы. Жәңгір хан.

  • Аймақтың әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуындағы өзгерістер.

  • Жәңгір ханның мәдени-ағартушылық қызметі.

  • Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы орны.

«XVIII ғ. Қазақ хандығы» картасын пайдалана отырып, оқушыларға қазақтарды Жайықтың оң жағына өтуге мәжбүр еткен оқиғалар жөнінде айтып беру. Және осы тұста патша үкіметінің қазақтар жөніндегі ұстанымын айта кету. Сонан соң Бөкей хандығының басқару құрылымының ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталу, Жәңгір хан билікке келгеннен кейінгі өлкедегі саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы және оқулықтағы материалдар негізінде ханның жеке басы жөнінде әңгімелеп беру. Қосымша әдебиеттерді пайдалану негізінде оқушылардың тарихқа қызығушылығын арттыру.

1 тапсырма:

  • Оқулықтың 99-100 беттеріндегі мәтінді оқыңдар және қазақтардың Жайықтың арғы жағына өтуінің негізгі себептерін анықтаңдар.

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, Ресей үкіметі неліктен өзінің ішкі аумағында мемлекеттік құрылымның орнауына жол берді. (Ресей қандай мақсат көздеді.)

2 тапсырама.

  • Картадан Ішкі Орданың аумағын көрсетіңдер, халқының санын, хан ордасының орналасқан жерін анықтаңдар.

  • Жаңа мемлекеттік білім беру мәртебесі жөнінде әңгімелеңдер. Оқулық, 103-бет.

3тапсырма

  • Әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттарға сүйене отырып, кесте құраңдар. Онда халықтың экономикасындағы, басқару құрылымындағы, өмірі мен тұрмысындағы, мәдениетіндегі өзгерістерді көрсетіңдер.

4 тапсырма:

  • «Мәдени-ағартушылық миссия» терминының мәнін ашыңдар. Параграфты оқып шығып, Жәңгір хан оқу ағарту, денсаулық, мәдениет, дін салалары бойынша қандай шаралар өткізгені туралы жұмыс дәптерлеріне жазыңдар.




Жәңгір хан мына салаларда іс-шара атқарды



Ағарту ісі Денсаулық Экономика Мәдениет пен дін


Ү.Тақырыпты бекіту: тақырыптың соңындағы сұрақтарды талқылау.

ҮІ.Үйге тапсырма: Оқу.


  1. Кестені толтырып, онда Жәңгір хан жүргізген шаралардың жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетіңдер.

  2. Мына терминдердің мәнін анықтаңдар (сөздікпен жұмыс): «Бөліп ал да, билей бер» принципі, автономия, салық, мал басынан алым алу, аренда (жалға беру), жеке меншік, жер иелену түрі, жәрмеңке, алым-салық, зайырлы мектеп.


ҮІІ. Бағалау.


ҮІІІ. Қорытындылау









Пәні: Қазақстан тарихы

Сынып: 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы (тұлға және саясаткер), Кенесары хандығы

Сабақтың мақсаты:

  • Қозғалыс басшысы К.Қасымұлының тарихи тұлға, саясаткер және дипломат екендігін дерек көздері арқылы сипаттап түсіндіру. Бүгінгі еліміздің саяси дамуына сол кездегі қозғалыс басшысы Кенесары ханның ұстанған саясатының өмірмен байланыстыра отырып баяндау.

  • Қазақ хандығы мен Кенесары билігіне салыстырмалы талдау жасау, қорытынды шығару, өз көзқарасын дәлелдеу дағдыларын жетілдіру

  • Елді қорғау әр азаматтың парызы екендігін түсіндіру және өз елінің патриоты болуға бағыттау.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-баяндау, оқулықпен жұмыс, сипаттама беру.

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

И.Тайманұлы мен С.Датұлы бастаған көтеріліс тарихын еске түсіріп, оларды К.Қасымұлы бастаған азаттық қозғалыспен салыстырыңдар.


И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс

К.Қасымұлы бастаған көтеріліс

Жылдары



Аумағы



Көтеріліс себептері



Негізгі оқиғалары



Жеңілу себептері



Маңызы




ІІІ. Өткен материалды қорытындылау

ІҮ. Жаңа материалды баяндау.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

1.Кенесары Қасымұлы (тұлға және саясаткер), Кенесары хандығы


Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі, қазақ халқының соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келіп, 1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік – Сеңгір аңғарында шәйіт болды. XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейінгі бабаларымыздың елі мен жерінің біртұтастығын қорғап қалудағы қатты наразылығы, қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы оқиға болды.

 №1 тапсырма:

Оқулықтағы мәтін мен Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы материалды оқып шығып, Кенесары басқару, шаруашылықты дамыту, сауда салаларында қандай өзгерістер енгізгенін анықтаңдар.

2 тапсырма:

Кенесарының талантты қолбасшы, шебер дипломант болғанын дәлелдейтін деректер келтіріңдер.


Бірінші хат: «Бүкілроссиялық дара билеуші патша ағзамға. (Ол кездегі патша І Николай еді). Бүтін қырғызды билеген Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлынан. Тақсыр! Төмендегі жағдайға көңіл аударсаңыз өзімді бақытты санаймын. Менің атам Абылай хан билеп-төстегенде халық тыныш өмір сүрді. Екі жақ саудаласты, жайлы өмір сүрді. Кейінгі кезде бізден салықты жөнсіз сыпыра бастады, әртүрлі жәбір көрсетуді сезіп отырмыз. Бейбіт келісімдер бұзылып, ақиқатты аяқпен таптап, барша қырғыз халқын Ресейдің уысында деп қарайды. Барша қырғыз халқына қысымды тоқтату және бұрынғы тыныш өмірді қалпына келтіру үшін сізден, ұлы патша, өмірімізге қол сұқпауыңызды, даламызда салған қоныстарыңызды жоюды өзіңізден өтінуді бақыт санаймын» (Ж.Қасымбаев. Кенесары хан. А-1993, 15-17 беттер).

Бірінші хат мазмұны дипломатиялық — этикалық талаптармен жасалды. Бұл жерде Кенесары сұлтанның дипломат болғандығын түсіну қиын емес-ті.
- Хатта көзделген мәселе не болды
Басты тілек – тыныш өмірдің шырқын бұздырмау. Осылайша Кенесары сұлтанның қайсарлығы қазақ даласына кеңінен тарады

.

Ағылшындық Томас Аткинсонның (1799-1861 жж.) қазақ сахарасында жеті жыл өмір сүріп, еліне оралғаннан кейін «Орта Азия мен Батыс Сібір» (1857 ж.), «Амур бойына саяхат»(1860 ж.) деген еңбектерді жазғаны мәлім. Ол Аягөз тұсынан өткен кезде Кенесары туралы көп әңгіме естіген екен, біз тағы да Т.Аткинсонның сөздеріне арқа сүйесек, ол Кенесары туралы былай деп ой толғайды: «Кенесарының жеке басы көзсіз батыр, ұландары арасында шексіз беделді болатын, оған олар құдайдай құлшынатын, жетесіз кеткендерді де аямайтын, оларды өлім жазасы күтетін. Жаумен кескілескен айқастарда ұран салып, айбалтасы жарқылдап, соғысқа бірінші кіретін. Бұл жігіттерге сенім беретін, оның көптеген бастамасының баянды болуына негіз қалайтын... Одан тек қырғыздар ғана емес, тіпті өздерінің қоныстарының шебінде отырған орыстар да Кенесарының батыл шапқыншылығынан сескенетін...».

Ал енді Ресейдің әскери тарихшысы В. А. Потто кезінде Кенесарыны қазақтардың Шамилі деп те атаған болатын.

1841 жылы қыркүйекте үш жүздің өкілдері жиынында Кенесары қазақ халқының ханы болып сайланды.


Ү.Сабақты бекіту:

  • Өз хатында Кенесары сұлтан қандай талаптар қойды?

  • Әскери қызмет саласында Кенесары қандай реформа жүргізді?


ҮІ.Үй тапсырмасы:

  1. Оқу

  2. Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.


ҮІІ. Бағалау.


ҮІІІ. Қорытындылау










Қазақстан тарихы

Сынып: 8 -сынып

Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың нәтижесі, тарихи маңызы

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін көрсету;

  • Қазақстан аумағындағы көтерілістерге және Қазақ хандығы мен Кенесары билігіне салыстырмалы талдау жасау, қорытынды шығару, өз көзқарасын дәлелдеу дағдыларын жетілдіру;

  • Отан тарихына құрметпен, мақтанышпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-баяндау, оқулықпен жұмыс, сипаттама беру.

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1 тапсырма:

Оқулықтағы мәтін мен Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы материалды оқып шығып, Кенесары басқару, шаруашылықты дамыту, сауда салаларында қандай өзгерістер енгізгенін анықтаңдар.

2 тапсырма:

Кенесарының талантты қолбасшы, шебер дипломант болғанын дәлелдейтін деректер келтіріңдер.

3 тапсырма:сұрақ-жауап

  • Өз хатында Кенесары сұлтан қандай талаптар қойды?

  • Әскери қызмет саласында Кенесары қандай реформа жүргізді?

ІІІ. Өткен материалды қорытындылау

ІҮ. Жаңа материалды баяндау.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

Көтерілістің тарихы маңызы

 

Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.

Халықтың ұлттық сана  - сезімінің өскендігін дәлелдеді.

Патша үкіметінің көтеріліске қарсы жүргізген шаралары.

Даталар

                       Оқиғалар

1842

1842ж

1843 жылғы 27 маусымда





1843 ж тамызда

 

1844ж. шілденің 20-21;

1844ж. аяғы;

 


Орынбор генерал – губернаторы Обручев әскері жіберілді.

Сібірден Сотников тобы аттанды.

І Николай Старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді.



Сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Герн, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды.

Көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.

Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін войсковолық старшина Леведев Орынборға шақырылып, сотқа берілді.

Ырғыз, Торғай өзендері бойында бекіністер салынды

Кенесарының Сарыарқадан ұлы жүзге қарай бет алуы.

  - Қоқан езгісіндегі қазақтарға дербестік алуға көмектесіп, өзіне тірек жасауды ойластырды

Даталар

                          Оқиғалар

1845ж.қазан, қарашада

1847ж, сәуірде

 1847ж, 

Көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қорған бекіністерін алды.

Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.

Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты

Көтерілістің жеңілу себебі:

-         Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.

-         Руаралық қайшылықтар.

-         Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға қаталдық көрсетуі.

 Қорыта айтқанда, жасындай жарқылдап өткен Кене хан бастаған 1837-47 жылдар аралығындағы жалпыұлттық қарсылық – бүгінгі мемлекеттілік тәуелсіздігіміз бен ұлттық жаңғыруымызға жетер жолдағы еш уақытта өз маңызын жоғалтпайтын тарихи кезең. Ал Кене хан әрқашанда Отанға қызмет етудің биік үлгісі болып қала бермек.

ҮІ.Үй тапсырмасы:

  1. . Оқу

  2. Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.


ҮІІ. Бағалау.


ҮІІІ. Қорытындылау









Автор
Дата добавления 20.10.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров169
Номер материала ДВ-079647
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх