Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "С дыбысы" конспект урока

"С дыбысы" конспект урока


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m51548b87.gif«Н.Әлімқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






http://n-shkola.ru/storage/images/648ed68260068df537a411fc5ef742c9.jpg


Дайындаған: 0 «А» даярлық тобы

жетекшісі А.Тоқталиева




Қаскелең 2015 жыл


Тексерілді----------

23 –САБАҚ

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Д дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Оқу іс-әрекеті барысында еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Д дыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жаңылтпаш жаттатқызу арқылы тілдерін ұстарту, ауызекі сөйлеулерін дамыту.


Көрнекі құралдар: кеспе әріп, әріп таңбасы, текшелер, суреттер, домбыра, доп.


Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, көрнекі.


Оқу іс-әрекетінің барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар дөңгелене тұрып, бір-бірімен қол беріп амандасады.

Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып: «Ассалаумағалейкұм», - деп қос қолын ұсынады. Сәлем алушы: «Уағалейкұмассалам», - деп оң қолын ұсынады. Қыздың үлкендермен сәлемдесуі: «Сәлеметсіз бе, ата? Есенсіз бе?» - деп кеудесіне қолын қойып ізет ету.

Қыз балалар мен ұл балалар сәлемдеседі.


  1. Негізгі бөлім.

      1. Суреттермен балаларды таныстырады.

Қандай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызады.

Д дыбысы. Д дыбысын ортаға қою.

Д дыбысының баспа түрімен таныстырады.

  • Қандай белгімен белгілейміз, дауысты ма дауыссыз ба?

  • Кәне, кеспе әріптердің арасынан д дыбысын тауып көрсетейік.

Жұмбақ

Сол аяқ пен оң аяқ

Кезек оны тебеді.

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді.

(Доп)


Бір түймелі, екі желілі,

Күйдің көрігі, әннің көлігі.

(Домбыра)


Лақтырдым да әуелеп

Қағып алып: «оп», - дедім.

Жерге соқтым, секең қақты

Атаймыз оны не деп?

(Доп)

2. Дәптермен жұмыс.

  • Д дыбысына мысалдар келтіріңдер.

  • Доға, доп, домбыра, дәптер, дән, бидай, долана, велосипед.

Осы сөздерді алақанмен шапалақ ұра отырып буынға бөледі. Доға сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.

Доға атты арба не шанаға жеккенде, екі жақ шеті терте мен қамыттың құлақбауын ұстап, бекітіп тұратын ағаш сайман. Доғаны қайың, тал, үйеңкі, емен сияқты мықты ағаштардан иіп жасайды.

Д дыбысының сөздегі орнын мысалмен түсіндіріледі. Өткен Дыбыстармен д дыбысын қатыстырып, буын, сөз құрастырады. Хормен қайталайды, дәптердегі сөздерді, буындарды оқиды.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша д әрпінің баспа түрін жазады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды. Сөз жұмбақ шешеді. Торкөздің ішіндегі сөздерді табады. Үш, төрт дыбыстан тұратын сөз құрайды.


  1. Сөздік жұмысын жүргізу.


Доп - жел толтырылган, резеңке, ойыншық.

Домбыра - күй ойнайтын аспап.

Дәптер - оқу құралының бірі, жазу жазамыз.

Дала - жазық жер, алаңқай.

Дән - дәнді дақылдардың бірі.

Долана - жидектің аты.


  1. Сергіту сәті.

Ал, кәнеки, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған,

Арамызда қай бала?


  1. Сөзжұмбақ шешу.





























Тігінен: қазақтың ұлттық музыкалық аспабы


(домбыра).


Көлденеңінен:


1. Теуіп ойнайтын ойыншық (доп).

  1. Арба не шанаға атты жегуге арналған сайман (доға).

  2. Жазу жазатын құрал (қалам).

  3. Екі санының алдында тұратын сан (бір).

  4. Кесе, шәйнек (ыдыс).

  5. Сөйлеп тұратын ақпарат құралы (радио).

  6. Дүниедегі ардақты адам (ана).

Сөз жұмбақтың шешуі болған сөздердің ішінен д дыбысы кездесетін сөздерді айтқызу.

III. Қорытындылау.


  • Орнымызға отырып қандай дыбыс өткенімізді еске түсірейік.

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Д дыбысы қандай дыбыс, қалай белгіленеді?








Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров84
Номер материала ДВ-452110
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх