Инфоурок / Другое / Конспекты / 9 класс поурочные планы по казахскому языку для школ С русским языком обучения
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

9 класс поурочные планы по казахскому языку для школ С русским языком обучения



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


Выбранный для просмотра документ 9 сынып жаз.docx

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Жаз».

Сабақтың мақсаты:

  • Жаз туралы қосымша білімдерін толықтыру, жіктік жалғаулардан өткенді қайталау.

  • Логикалық ойлау мен есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, оқушылардың дүниетанымын, тіл байлықтарын дамыту;

  • Туған жерін, Отанын құрмет тұтуға, Қазақстан Республикасының табиғатын аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: табиғат суреттері, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу.

Б) Кезекшімен сұхбаттасу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережелерді қайталау;

Мәтін мамұндау.

  1. Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.

  2. Жаңа сабақ:

  1. Сабақтың эпиграфы:

Тамылжыған жас иісті,

Жазғы жасыл көк дала.

Жайылған жібек кілемдей,

Қызылды-жасыл, көк дала.

С.Сейфуллин

  1. Сөздік жұмысын жүргізу:

Маусым – июнь

Шілде – июль

Тамыз – август

Ыстық – горячий, жаркий

Шөп – трава

Жайлау – джайлау(луг)

Қызық – интересно

Орақ – коса

Қызып кетеді – горячо нагревается

Қонақ қылу – приглашать в гости

Көк дала – зеленая степь

Жасыл – зеленый

Жібек кілем – шелковый ковер

Бозбалалар – дети

Тынығу – Отдыхать

  1. Мәтінмен жұмыс:

2-тапсырма 161 бет. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтып беріңдер.

  1. Тірек сызбамен жұмыс:

«Жаз» туралы ассоциациативті толтыру



  1. Сабақты бекіту:

3-тапсырма 161 бет. Бос орынға сұрақтар қойыңдар.

Үлгі: Күн мен түн қандай болады?

Күн ұзақ, түн қысқа болады.

  1. Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау:

«Азамат», «Қайраткер» сөздерді жіктеңдер.

  1. Үй тапсырмасы:

  • Жаңа сөздерді жаттау;

  • «Шілде» үзіндісін мәнерлеп оқу.



Выбранный для просмотра документ 9 сынып корытынды.docx

библиотека
материалов

_____________________________________________________________________________

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ.

6 – сабақ.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өтілген материалдарға жаттығу, пысықтау арқылы теориялық алған білімдерін бекіту.

  2. Оқушыларды оқулықтағы жаттығулар көтерген тәрбиелер арқылы жұмыстар жүргізу, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, баяндау, іздену, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: қосымша материалдар, сөздік.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жаңа сөздер жаттау;

  2. 6 – тапсырма 141 бет. «Қазақ жері кенге бай» атты тақырыбына екеуара пікірлесіңдер.

  1. Сабақтың мақсатын айту.

  2. Жаңа сабақ:

  1. тапсырма. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай туралы не білесіңдер? Әңгімелеңдер.

  2. тапсырма. Абай өлеңін естеріңе түсіре отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Адамның бес дұшпаны не екен?

  • Ал бес асыл іске не жатады?

  • Абайдың айтқанымен келесесің бе?

  • «Қашық бол, асық бол» сөздерін қалай түсіндің?

  • Саған бұл өлең ұнады ма? Неге?

  1. тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, көшіріп жазыңдар.

Ұлы/ қазақ/ Абай/ ақыны/ Құнанбаев/ халқының.

Жүзінің/ кітаптары/ тілдеріне/ ақынның/ дүние/ аударылған/ көптеген.

160/ тойланды/ 2005/ мерейтойы/ жылы/ жылдық/ Абайдың.

Абай/ Алматыда/ ескерткіш/ алдында/ Республика/ бар/ сарайының.

  1. тапсырма. Өлең шумағын оқып, жатқа айтыңдар.

Көп емес-ау саған артар міндетім,

Ең оңайы – өзіңе-өзің жүр жетіп.

Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың,

Сол болады еліңе еткен құрметің.

Сабақты қорытындылау:

6 – тапсырма. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана отырып, «Ел қорғаған батырлар» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңдар.

Сабақты бекіту:

4 – тапсырма. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін жатқа жазыңдар.

Үй тапсырмасы:

  1. Ереже қайталау;

  2. Cөздер жаттау;.



Выбранный для просмотра документ 9 сынып куз.docx

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Күз».

Сабақтың мақсаты:

  • Күз туралы қосымша білімдерін толықтыру, сөз құрамынан өткенді қайталау.

  • Логикалық ойлау мен есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, оқушылардың дүниетанымын, тіл байлықтарын дамыту;

  • Туған жерін, Отанын құрмет тұтуға, Қазақстан Республикасының табиғатын аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: табиғат суреттері, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу.

Б) Кезекшімен сұхбаттасу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережелерді қайталау;

Мәтін мамұндау.

  1. Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.

  2. Жаңа сабақ:

  1. Сабақтың эпиграфы:

Сары алтындай сары күз

Қамбадағы дәніміз.

Шелек шелек балымыз

Ағыл тегіл ағымыз.

Жаздай күткен бәріміз

Сары алтындай сары күз.

Алтын ұя мектепте

Сабақ бастар шағымыз.

М.Әлімбаев

  1. Сөздік жұмысын жүргізу:

Дән, бидай, нан, астық

Ғажап, керемет, тамаша

Қауырт жұмыс, тығыз жұмыс

Байлық, дәулет, молшылық

Өсімдік, шөп

Алтын, бағалы тас

Кез, мезгіл, уақыт

Құрмет, сый

Қамба, қойма

Тоғай, орман

Дайындық

Жүгері

Өрік

Жүзім

Егін

Ұя, үй

Қыркүйек

Күнбағыс

Пісу, өсу

Сап/сары

Мәтінмен жұмыс:

3-тапсырма 163 бет. Мәтінді кезектесіп оқыңдар, тыңдаңдар, түсінгендеріңді айтып беріңдер.

  1. Сабақты бекіту:

4-тапсырма 164 бет. Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңдер, тексеріңдер.

  1. Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау:

Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талдап жаз.

Бапкерлеріміздің, жаттықтырушыларға, балуандардан, олимпиадасын, мұз айдынына, сырғанаймыз, күреседі.

  1. Үй тапсырмасы:

  • Жаңа сөздерді жаттау;

  • «Күздің кереметі» үзіндісін мәнерлеп оқу.



Выбранный для просмотра документ биздин президентимиз.docx

библиотека
материалов

____________________________________________________________________________________

Сабақтың тақырыбы: «Біздің Президентіміз»

Сабақтың мақсаты:

  1. Қоғам мен ҚР Президенті туралы оқушылардың білімдерін толықтыру. Зат есім жалғауларынан өткенді қайталау.

  2. Оқушылардың жалпы зат есім туралы білімдерін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, талдау жұмыстарын жалғастыру.

  3. Оқушыларды туған жерін, елін, Елбасын құрмет тұтуға, заман талабына лайықты жастар болуға жетелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімін меңгеру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәтін оқу, баяндау, іздену, түсіндіру, сұрақ-жауап;

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қосымша материалдар, сөздік.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

  3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  4. Жаңа сабақ:

  1. Сөздік жұмысы:

Жарлық – указ

Үкім -

Тікелей, тура – прямой

Келісім, мәміле – соглашение

Басшы, басқарушы - руководитель

Жасақтайды, құрайды – составляет

Тағайындайды, қояды – назначение

Сайлау, таңдау, қалау – выборы

Лауазым, қызмет – должность, чин

Міндет – обязанность

Тәуелсіз, дербес – независимость

Егеменді – суверенный

Тұңғыш, алғашқы, бірінші – первый

Қол жеткізді, ие болды, алды -

Шешім, қорытынды, тоқтау – решение, итог

Тұрақтылық, орнықты, баянды – изложенны

  1. Берілген сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру;

  2. Бірнеше сөз бен сөз тіркесі құрастыру.

  1. Мәтінмен жұмысы:

2 – тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтып беріңдер.

Мәтін бойынша жоспар құрастыру.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;

  1. Сергіту сәті.

4 – тапсырма. Тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазыңдар.

Үлгі: біздің тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  1. Сабақты қорытындылау.

5 – тапсырма. Мағынасы ұқсас сөздерді жұптастырыңдар.

  1. Президент тәуелсіз

  2. Қазақстан тұңғыш

  3. Референдум иесі

  4. Лауазым қорытындысы

  5. Еңбек сайлады

  1. Сабақты бекіту.

3 – тапсырма. Сұхбатты рөлмен оқыңдар, тыңдаңдар. Тірек сөздерді анықтап, өз сұхбаттарыңды құрыңдар.

  1. Үй тапсырмасы:

  1. Ереже қайталау;

  2. Жаңа сөздерді жаттау;

  3. «Егер мен Президент болсам» атты шағын шығарма жазыңдар.

Выбранный для просмотра документ диктант 4четверть9rk.docx

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Диктант

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың өтілген материалдар бойынша білімдерін пысықтап, жалпы сауаттылықтарын дамыту.

  • Дене тәрбие, шымдамдылық қасиетті шыңдауы туралы қысқаша тоқталып, спортпен айналысуға баулу.

Сабақтың түрі: диктант.

Сабақтың әдісі: тыңдау, таза жазу

Сабақтың көрнекілігі: қалам,

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту.

  4. Жаңа сабақ:

Салауатты өмір салты.

Салауатты өмір салты адам үшін өте маңызды, денсаулыққа тікелей қатысты. Қоғамның болашағы әрбір адамның денсаулығына байланысты. Денсаулық дегеніміз адам ағзасының жан/жақты дамуы.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі маңыздылықтар: дене шынықтыру, спорт, туризм, табиғатта серуендеу, таза ауада жүру. Кешкі тамақтан соң, таза ауада 1-2 сағат жүріп, содан соң ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Адам денсаулығына зиян тигізетін әдеттерден аулақ болуы керек. Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Естеріңде болсын, еңбек адамды тәрбиелейді, жұмыс істеуден қашпаңдар, жалқаулыққа салыңбаңдар!

Салауатты өмір салтын қалыптастырып, ортаға үлгі болу – біздің міндетіміз.

(93 сөз)

  1. Сабақты бекіту.

Берілген мәтіннен етістіктерді тұйық етістік формасына айналдырып, көшіріп жазыңдар.

  1. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

  2. Үй тапсырмасы:

Ереже қайталау.




Выбранный для просмотра документ диктант.docx

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Диктант

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың өтілген материалдар бойынша білімдерін пысықтап, жалпы сауаттылықтарын дамыту.

  • Табиғат құбылысы туралы қысқаша тоқталып, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: диктант.

Сабақтың әдісі: тыңдау, таза жазу

Сабақтың көрнекілігі: қалам,

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту.

  4. Жаңа сабақ:

Табиғат құбылысы.

Қыс бойы жерде жатып, әбден кірленген сұр қар көктемге қарай ериді. Ауланың маңы лайсаңға айналады. Оның үстіне, дәл осы кезде ауа райы да құбылмалы, бұзылғыш келеді. Ауық-ауық соқыр тұман басып, біресе нөсерлеп дегендей, жаңбыр да жиі-жиі жауады. Кейде тіпті арты қарға айналып барып ашылады.

Содан соң күн жылынып, жер бусанады. Ауада майда сағым пайда болады. Ағаштар бөртіп, бүр шығарады. Жер бетіне көк қылтияды. Жан-жануарлардың арқасы кеңіп, жәндіктерге жан бітіп, құрт-құмырсқа қыбырлай бастайды.

Көктемнің осы сәтіне адамдар да, жан-жануарлар да сағынып жететін сияқты. Әйтеуір балалардың жыл құсын сағына күтетіні анық. Қар кетер-кетпестен жыл құстары қайтып оралып, ұя салады. Ең алдымен, қараторғай жетеді. Содан соң қарлығаштар, қаңқылдап қаздар, тыраулап тырналар, бозторғайлар ұшып келеді.

  1. Сабақты бекіту.

Берілген мәтіннен етістік шақтарды тауып белгілеңдер.

  1. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

  2. Үй тапсырмасы:

Ереже қайталау.


Выбранный для просмотра документ елтанбасы елимнин.docx

библиотека
материалов

9 сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы»

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан Республикасының Рәміздері, соның ішінде елтаңба туралы оқушылардың біліміндерін толықтыру;

  • Оқушылардың логикалық ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, балалардың сөздік қорларын молайту;

  • Өз туған жерінің және өзге ұлттардың салт-дәстүрлерін, рәміздерін құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәтін мазмұндау, баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс,

көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қосымша материалдар, сөздік.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу.

Б) Кезекшімен сұхбаттасу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережелерді қайталау;

Мәтін мамұндау.

  1. Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.

  2. Жаңа сабақ:

  1. Сабақтың эпиграфы:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

  1. Жаңа сөздермен жұмыс:

  1. Таңба / белгі / рәміз / елтаңба / нышан

  2. Халық / ел / жұрт

  3. Күн сәулесі / шұғыла / арай

  4. Ер / жігіт / азамат

  5. Кейбір / небір

  6. Шаншылған / түйрелген / қадалған

  7. Жоғары жағында / үстінде / бас жағында

  8. Киелі / қасиетті / құдіретті

  9. Көмкеріп тұр / қоршап тұр

  10. Мәтінмен жұмыс:

  11. Мәтінді оқыңдар, түсінгендеріңді әңгімелеп айтыңдар.

  12. Мәтін бойынша сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар.

  1. Сабақты бекіту:

  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.

  1. Сабақты қорытындылау:

  • Мемлекеттік Елтаңбасының басты белгісі не?

  • Елтаңба неден тұрады?

  • Мемлекеттік Туымыз түсі қандай?

  1. Үй тапсырмасы:

  • Жаңа сөздер жаттау;

  • Мәтін мазмұндау.

Выбранный для просмотра документ казак тили 9сын супермаркетте.docx

библиотека
материалов

9 сынып қазақ тілі 02.02.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Супермаркетте

Сабақтың мақсаты:

  1. Супермаркет, тауарлардың атаулары туралы оқушылардың білімдерін толықтыру. Қалау райынан өткенді қайталау.

  2. Оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілдері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Оқушылардың бойына білімді болуды, өз беттерімен іздене білуді қалыптастыру. Өмірдегі әділеттілік пен әділетсіздіктің қатар жүретінін үйрете отыру.

Сабақтың түрі: жаңа білім игеру сабағы.

Сабақтың тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жаңа сөздерді жаттап келу;

  2. Ереже жаттау;

  3. 5 – тапсырма 121 бет. Шаштараз бен Еламан арасында диалог құрып келу.

  1. Сабақтың мақсат міндеттерімен таныстыру.

Жаңа сабақ:

  1. Грамматикалық тапсырма орындау:

Берілген етістіктерді I жақтың қалау рай формасына қойып, бұл сөздермен сөйлем құрап жазыңдар.

Бұйралау, қию, бояу, өсіру, қысқарту, жуу, тарау, кептіру, күту, бару, келу, жазылу.

Үлгі: қию / қиғым келеді

Бару / барғым келеді

  1. Сөздік жұмысын жүргізу:

Қымбат, бағалы, құнды дорогой, ценный

Таңдау, талдау, қалау выбирать, желать

Себет, тоқыма сөмке вязанная сумка

Азық түлік, тамақтар продукты, пища

Өндірістік тауарлар – производственные товары

Шаруашылық тауарлар хозяйственные товары

Киім, киім – кешек – одежда, вещи

Төлеу, құнын беру – оплата

Сатып алу – покупка, купить

Салмағы, өлшемі – вес, размер

Түрі, сұрпы – вид

Арзан, құнсыз дешево, оцененный

Сыйлық подарок

Сауда – торговля

Баға, құн – цена

Берілген жаңа сөздерді тізбектеп оқып, бірнеше сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру.

  1. Сұхбат бойынша тапсырма орындау:

1– тапсырма. Сұхбатты оқыңдар, тыңдаңдар. Сол жайлы әңгімелеңдер.

Үлгіге қарап, сұхбат құраңдар.

Сізде ............... бар ма?

Маған .............. керек еді.

  • ........... қанша тұрады?

  • ............ бағасы қандай?

Сергіту сәті:

  1. Сабақты бекіту:

4 – тапсырма. Үлгіге қарап, тауарлардың атауын жалғастырып жазыңдар.

Үлгі: Азық – түлік: нан, сүт, май ..........

Зергерлік бұйымдар: сақина, алқа, жүзік ...........

  1. Үй тапсырмасы:

  1. Жаңа сөздерді жаттап келу;

  2. Ереже қайталау;

  3. «Кітап дүкенінде» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.


Выбранный для просмотра документ казак тили 9сын шаштаразда.docx

библиотека
материалов

9 сынып қазақ тілі 01.02.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Шаштаразда

Сабақтың мақсаты:

  1. Шаштараз салоны, шаштараз шебері туралы оқушылардың білімдерін толықтыру. Қалау райынан өткенді қайталау.

  2. Оқушылардың логикалық ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеу мәнерін дағдыландыру, сөздік қорын байыту.

  3. Қоғамдық жерлерде өзінді дұрыс ұстау әдебін үйрену, оқушыларды жақсы мен жаманды дұрыс ажыратай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім игеру сабағы.

Сабақтың тәсілдері: баяндау, сұрақ/ жауап, мәнерлеп оқу,

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Сабақтың мақсат міндеттерімен таныстыру.

Жаңа сабақ:

  1. оқулық материалымен танысып, түсінгендеріңді айтып беріңдер.

  2. Сөздік жұмысын жүргізу:

Ерлер залы / мужской зал

Әйелдер залы / женский зал

Сәндеу/әдемілеу / украшать

Қию / қырқу / кесу / стричь, постригать

Бәсеке / жарыс / сайыс / конкурс

Сақал / борода

Мұрт / усы

Қысқа шаш / короткие волосы

Ұзын шаш / длинные волосы

Тарақ / расческа

Қайшы / ножницы

Шаштараз / парикмахерская

Бұйралау / завивка

Өсіру / наращивать, отращивать

Бояу / красить

Фен

Берілген жаңа сөздерді тізбектеп оқып, бірнеше сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру.

  1. Мәтін бойынша тапсырма орындау: hello_html_610b89e9.jpg

4 – тапсырма. Суретте көрсетілген заттарды не үшін пайдаланасыңдар? Сол жайлы әңгімелеңдер.


Сергіту сәті:


Ережеден өткенді қайталау:

Етістіктің райлары (наклонение глагола) төртке бөлінеді. Олар:

Ереже бойынша тапсырма орындау:

7 – тапсырма. Берілген етістіктерді I жақтың қалау рай формасына қойып, бұл сөздермен сөйлем құрап жазыңдар.

Үлгі: қию / қиғым келеді

Бару / барғым келеді

  1. Сабақты бекіту:

  • Қандай жаңа сөздермен танысыңдар?

  • Қалау райдың жасалу жолдарын айтып бер?

  • Бүгінгі сабақ бойынша не білдіңдер?

  1. Үй тапсырмасы:

  1. Жаңа сөздерді жаттап келу;

  2. Ереже жаттау;

  3. 5 – тапсырма 121 бет. Шаштараз бен Еламан арасында диалог құрып келу.


Выбранный для просмотра документ казакстан республикасынын рамиздери.docx

библиотека
материалов

8 сынып қазақ тілі 25.04.2016ж.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының рәміздерін білу – менің міндетім»

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан Республикасының Рәміздері туралы оқушылардың біліміндерін толықтыру;

  • Оқушылардың логикалық ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, балалардың сөздік қорларын молайту;

  • Өз туған жерінің және өзге ұлттардың салт-дәстүрлерін, рәміздерін құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәтін мазмұндау, баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс,

көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қосымша материалдар, сөздік.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу.

Б) Кезекшімен сұхбаттасу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережелерді қайталау;

Мәтін мамұндау.

  1. Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.

  2. Жаңа сабақ:

  1. Сабақтың эпиграфы:

Ұлтарақтай болса да,

Атақоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып-өскен жер қымбат.

  1. Жаңа сөздермен жұмыс:

Рәміз / белгі / нышан

Рухын көтеру / жігерлендіру

Отырыс / мәжіліс / жиналыс

Жадында / есінде / ойында

Серпіліс / өзгеріс

Рәсім / салтанатты кеш

Композитор / сазгер

Қастерлеу / сақтау / қорғау

  1. Мәтінмен жұмыс:

Сыныпты екі топқа бөлеміз. Бірінші топ «Мемлекеттік әнұран» туралы, ал екінші топ «Қазақстан туы» туралы мәтіндерді оқиды, түсінгендеріңді айтып береді.

Бірінші топ: мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Екінші топ: мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

  1. Сабақты бекіту:

Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар.

  1. Сабақты қорытындылау:

  • Мемлекеттік әнұран қандай рәміз?

  • Сен әнұранды білесің бе?

  • Мемлекеттік Туымыз түсі қандай?

  1. Үй тапсырмасы:

  • Жаңа сөздер жаттау;

  • Мәтін мазмұндау.

Выбранный для просмотра документ казакстан тәуелсіз мемлекет.docx

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан тәуелсіз мемлекет»

Сабақтың мақсаты:

  • Он алтыншы желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы оқушылардың білімдерін толықтыру. Септік жалғаулардан өткенді қайталау;

  • Оқушылардың жалпы жалғау түрлері туралы білімдерін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, талдау жұмыстарын жалғастыру;

  • Өз елінің патриоты болуға, туған жерін құрмет тұтуға тәрбиелеу. Оқушыларға халқымыздың басынан өткен ауыр күндері елесі арқылы бақытты күндердің құнын түсіне алуларына ықпал жасау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар орындау, іздеу,

көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қосымша материалдар, кестелер, сөздік.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйде атқарған жұмыстарын қадағалау, түзету және түсіндіру.

  3. Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.

  4. Жаңа сабақ:

  1. Мәтінмен жұмыс:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар. Мазмұнын әңгімелеңдер. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.

Қазақты ғалам таныған күн

Біз бүгін қазақ тілі сабағында мақал – мәтелдер туралы оқыдық. Мақал – мәтел туралы бұған дейін де білетінбіз. Бұл жолы да көп нәрсе үйрендік. Мақал – мәтелдер бізді ата – бабаларымызбен жалғастырып жатқан көпір сияқты. Мақал – мәтелдер арқылы олардың өсиетін тыңдай аламыз. Олардың әрбірінен ата – бабамыздың бізге қалдырған баға жетпес тәрбиесін көре аламыз. Бір жағынан, Мақал – мәтелдерді өмір сүру қағидалары десек те болады. Өйткені олардан керекті ақылдың бәрін таба аламыз, нені істеу керек, нені істемеу керек екенін білесің. Адасқан уақытында саған бағыт беріп отырады. Демек Мақал – мәтелдерді оқып үйренген адам өмірден өз жолын таба алады. Сондықтан «ғалымның өзі өлсе де, хаты өлмейді» деген Мақал – мәтел осыған байланысты айтылған.

Мәтіннен етістіктерді тауып, тұйық етістік формасына айналдырыңдар.

  1. Сабақты бекіту:

2-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.

  1. Сабақты қорытындылау:

  • Тұйық етістік дегеніміз не?

  • Мақал – мәтелдер дегеніміз не?

  • Білім, оқу туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер?

  1. Үйге тапсырма беру:

А) 3-тапсырма. «Қазақ тілі сабағында» қандай тапсырма түрлерін орындайтындарың туралы айтып беріңдер.

Б) Ереже қайталау.





Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-168992

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>