Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.

Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: § 15. Қола дәуірінің қоныстары

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дөуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.

Дамытушылық: Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, кола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артыкшылығы пен ерекшелігін ашып көрсете білу, картаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын аныктай білу кабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің аркасында келгендігін айта отырып, оқушыларды еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін үғыну.

баяндау Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік:1.«Ежелгі Қазақстан» картасы.2. Жергілікті өлкетану мұражайындағы қола дәуірінің ескерткіштері.

3. Тас бетіне түрлі суреттер салынған қола дәуірі адамдарының рухани мәдениеті туралы түсінік беретін суреттері.

Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын параграфтың соңындағы мына сұрақ-тапсырмалардың көмегімен бірнеше оқушыдан жеке-жеке сұрап шығамын. 1. Ежелгі тас дәуірінде қоршаған орта, табиғат кандай болды?

2. Орта тас дәуірінде қандай аң аулайтын құралдар шықты?

3. Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?

4. Мезолит аңшылары кандай жетістіктерге жетті?

5. Жаңа тас дәуірінде қандай ірі жаңалықтар болды?

Жаңа такырыптың жоспары: 1. Қола дәуірі.

2. Қола дәуірінің ерекшелігі.

3. Қола дәуірі (мық) мәдениеті.

4. Ескерткіштері.

Тас дәуірінен кейінгі ірі дәуір қола дәуірі деп аталады Ол б.з.б. II—I мыңжылдықты камтиды. Одан кейін коланың мыстан айырмашылығын ашып көрсетемін. Қола мыс пен калайының қосындысы. Бұдан кейінгі уақыттарда адамдардың негізгі шаруашылык құрал саймандары негізінен қоладан жасала бастағанын, оны игеруді адамдар калай үйренгені жөнінде кызықты етіп әңгімелеп беруге болады. Еуразияның далалы аймақтарында қоланы игеру ісі ерекше қарқынмен дамыды. Қола дәуірінде рулық қатынастар біржола ыдырап, арнайы шаруашылықпен айналысатын тайпалық бірлестіктер пайда болды. Одан кейін кола дәуіріндегі ерекшелігін мына кесте түрінде ашып көрсетемін. Қола дәуірінің ерекшелігі Түсті металдар мен алтынды игеру

Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы

Теселі егіншіліктің пайда болуы

Андрон (мық) мәдениеті тақырыпшасын окушыларға кезек-кезек оқытамын, ал қалған окушылар оның мазмұнын түсіндіреді. Оқушылардың Андрон мәдениеті туралы түсінігін еске жаксы сақтауы үшін мына төмендегі тірек сызбаны пайдаланамыз . Мық

Орталык Қазақстан

Бұғылы

Ачинск

Андрон мәдениеті

  • Кент арий, тур, қиян

  • 150-жуьщ қабір 30-ға жуық коныс

  • егіншілік

  • мал шаруашылығы

Қола дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның солтүстік, орталық және батысынан табылған. Солардың негізгілері Алексеевка, Ұралысай, Тастыбүлак, Тамғалы, Петровка, Бесбай, Алғабас, Беласар, Бұғылы, Қанай, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері. Оқушыларға қосымша мәлімет ретінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы әңгімелеп айтып беремін. А. X. Маргулан. Бегазы-Дандыбаевская кулътура Қентрального Казахстана. Алма-Ата, 1979; Ғұлама тұлга, тағдыр, тагылым(ӘлкейМаргрлан туралы естелік мақалалар). Павлодар, 2004.

Жаңа тақырыпты меңгерудің келесі сатысы сабакта өткен жаңа сөздер бойынша жұмыс: алдын ала үйден дайындап жазып әкелген теселі егіншілік, Андрон мәдениеті, петроглифтер деген сөздер жазылған плакатты тактаға іледі. Тақырыпты окушылар калай меңгергендігін тексеру үшін төмендегі сұрактарды коямын. Оқушылар сұрактың жауабын жылдам беруі тиіс.

1. Қола дәуірі кай кезеңді камтиды?

2. Қола калай алынады?

3. Қола дәуірінің үш ерекшелігін айтып беріңдер

4. Қола дәуірінің ірі мәдениеті неліктен Андрон немесе мық мәдениеті деп аталады?

5. Қола дәуірінде Қазақстан тұрғындарын қалай атаған?

6. Қола дәуірінің ескерткіштері ең көп шоғырланған өңір?

7. Қазак жерін кола дөуірінде мекендеген тайпалар қан-дай тілдік топқа жаткан?

9. Ңола дәуірінде егіншіліктің қандай түрі пайда болды?

10. Қола дөуірінің ескерткіші Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашкан көрнекті ғалымды ата.

Үйге тапсырма. 15-параграфты оқып, соңындағы сұрак-тапсырмалар бойынша дайындалып келу. Қола дәуірінің еңбек кұралдарының суретін өздерінің ойынша салып келіп, әңгімелеп айтып беру.






Краткое описание документа:

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы:  §   7. Тарих және кеңістік

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Ертеден дүниенің шексіздігі туралы ұғымның қалыптасқандығы және оны белгілеу үшін кеңістік ұғымының пайда болғаны, Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен қазақ халқының кеңістік туралы өзіндік өлшемі мен түсінігі болғандығы жайында білім беру.
  • Дамытушылық: Кеңістік туралы алғашқы ғылыми түсініктері мен білімдерін қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: Ертеден қазақ арасына кең тараған және бізге жеткен дүниенің шексіздігі туралы аңыздар негізінде әлемнің, жаратылыстың ұлылығын ұғыну және соның негізінде Отанды сүюге, Жеріміздің бүтіндігі үшін күресуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі            Әдісі: баяндау Пән аралық байланыс: география, бейнелеу.

Көрнекілік: 1. Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы. 2. Плакатқа жазылған тірек кестелер.          

3. Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың кеңістік туралы түсініктерін бейнелейтін тасқа салған суреттері            Сабақтың барысы.                        

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын ауызша бірнеше баладан мына төмендегі сұрақтар бойынша сұрап шығамын.

1. Уақытты жылмен есептеген кімдер және олар неге арқа сүйеді?

2. Қазақтарда уақытты өлшеудің қандай түрлері болды?

3. Қиклдік есеп дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Бір түзулік уақыт өлшемі дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Кім қазақша жыл атауларын жатқа айтып береді?

6. Хижра сөзі қандай мағынаны білдіреді?

                Үйге берілген «Жұмыс дәптері» бойынша тапсырмаларды жаппай тексеріп шығып, 1-2 оқушыға дауыстатып оқытамын, қалған оқушылар «Жұмыс дәптерінде» орындап келген үй тапсырмасының қатесін тексеріп, түзетіп отырады.  Оқушыларға біз осы уақытты ұтымды пайдаланып жүрміз бе деген сұрақ қойып үй тапсырмасын қорытындылаймын.           

  Жаңа тақырыпты жоспары:

                1. Кеңістік ұғымы.

                2. Қазақстанның көршілес елдері.

                3. Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары.

                Жаңа сабақ 5-сынып оқушыларының деңгейіне біршама қиындық туғызады. Бұл кеңістік туралы ұғымды  барынша жеңіл түсіндіруге тырысамын. Ең алдымен оқушылардың назарын терезеге қарап біз жердің, аспан әлемінің шегін көре алмаймыз. Сондықтан ерте кезден адамдар өздеріне мәлім емес кеңістікті мифтік өлшемдермен өлшеген. Мысалы, жеті қат жер, жеті қат көк немесе жер асты әлемі т.б. Кеңістік ғылымның түрлі салаларында қолданылады. Ол: саяси кеңістік, философиялық кеңістік, тарихи кеңістік, географиялық кеңістік т.б. Тарих ғылымы үшін кеңістік жиі қолданылатын ұғым. Мысалы, қандай да бір оқиға қай жерде болды, оның сипаты, ерекшелігі қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз. Бұл кеңістікті анықтау болып табылады. Жер кеңістігінде орналасқан Қазақстан өзінің жан-жағында шектескен кершілес елдері арқылы өзінің аумағын айқындайды.

                Картадан Қазақстанмен шектескен көршілес мемлекеттерді көрсетеді.

                Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдарын төмендегі сызбаларды пайдалану арқылы түсіндірген қолайлы болады.

                Қола дәуірінде өмір сүрген арий, тур тайпаларының кеңістік туралы түсінігі.

 

 

 

 

сол

АЛДЫҢҒЫ

оң

ӘЛЕМ

АРТҚЫ

 

Сақтардың әлем туралы түсінігі.

ЖОҒАРҒЫ - АСПАН ӘЛЕМІ             ОРТАҢҒЫ - ЖЕР ӘЛЕМІ               ТӨМЕНГІ-ЖЕРАСТЫ - ӘЛЕМІ

                Сабақтың жалғасын оқушыларға қызықтырақ болу үшін «Ер Төстік» ертегісінен үзінділер оқып беремін. Түріктердің Күнді неліктен ерекше құрметтегенін айта келіп, оның мысалы ретінде ежелгі дәуірде тас бетіне салынған күн суреті бейнеленген көрнекіліктерді оқушылардың назарына ұсынамын.  Одан әрі оқушыларға қызықты болуы үшін  ертедегі адамдардың жер, аспан құбылыстары туралы түрлі түсініктерін қазақ ертегілері мен аңыздарын пайдаланып әңгімелеп беремін.

Бекіту сұрақтары: 1. Кеңістік ұғымын қалай түсіндіңдер?

                2. Ертедегі көшпелі тайпалардың кеңістік туралы қандай түсініктерімен таныс болдыңдар?

                3. «Ер Төстік» ертегісінің мазмұнынан ертеде кеңістік туралы қандай түсінік болғандығын әңгімелеп беріңдер.

                4. Ертедегі көшпелі тайпалардың Күнді ерекше құрмет тұтып, қастерлегенін неден көруге болады?

Бағалау:

Үйге тапсырма:§7 оқу. «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындап келу

Автор
Дата добавления 03.04.2015
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров396
Номер материала 473084
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх