Инфоурок Другое Научные работыСағат Әшімбаев – әдебиет сыншысы

Сағат Әшімбаев – әдебиет сыншысы

Скачать материал

Сағат Әшімбаев – әдебиет сыншысы

         Аса көрнекті әдебиет сыншысы, жалынды публицист, мемлекет және қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев 1947 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген. 1965 жылы мектепті  алтын медальмен бітірген соң ҚазҰУ-ң филология факультетіне оқуға түседі. 1970 жылы университетті аяқтаған кезде ол әдеби ортаға көркем де жатық, салауатты сын мақалаларымен танылып қалған қаламгер болатын. Еңбек жолын 1969 жылы «Жас алаш» («Лениншіл жас») газетінде әдеби қызметкерліктен бастаған ол кейіннен әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1973 жылы осы газеттен «Жұлдыз» журналына сын және библиография бөлімінің меңгерушілігіне ауысады. Оның «Сын мұраты» атты алғашқы кітабы 1974 жылы жарық көрді. Осы кітабы үшін оған 1976 жылы Қазақстан жастар Одағының (Қазақстан Ленин комсомолы) сыйлығы берілді.  Сол жылы ол «Жас алаш» газетіне бас редактордың орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметте 1979 жылға дейін істеді. Сағат Әшімбаев 1979-1980 жылдары «Жалын» баспасында қызмет істеді. 1980 жылы Бүкілодақтық авторлар құқығын қорғау жөніндегі агенттіктің  (ВААП) қазақ бөлімшесінің бастығы болып тағайындалды. 1986-1991 жылы ол Қазақстан Радио және телехабарлары жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары кейіннен комитеттің төрағасы болып қызмет істеді. Туған халқының ой, парасат және рухани мәдениет жағынан биік тұғырға көтерілуі мен ұлттық сана-сезімінің дамуына қалай әсер етсем деп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген азаматқа миллиондаған көрерменмен сол көгілдір экран арқылы ашыла  сырласуға,ел, халықтың көкейіндегісін ашық қозғауға мүмкіндік енді келгендей көрінді. Сағат Әшімбаев 1991 жылы соңғы қызметінде жүріп кенеттен дүниеден озды. Қазір оның туған жері – Райымбек ауданындағы өзі оқыған мектеп С.Әшімбаевтың атымен аталады.

         Шығармалары: «Сын мұраты»,1974 ж, «Талантқа тағзым» 1982ж , «Парасатқа құштарлық» 1982ж, «Шындыққа сұйіспеншілік»1993, «Ақиқатқа іңкәрлік»1997ж, « Азаматтыққа адалдық» 2007, Екі томдық шығармалар жинағы, 2006. Осы кітаптарының аттарының өзінен ақ оның жақсылыққа құштар жайсаң жаны, ақ адал көңілі, кісілік, азаматтық бейнесі көрініп тұрғандай.

         Сағат Әшімбаев сынға аса бір сүйіспеншілікпен қарап, оны шынайы өнер ретінде бағалаған. «Сын – өнер, –дейді ол, – сын уақыт қажеттілігіннен туған, қоғамдық, эстетикалық, философиялық ой сананың өзгеше бір формуласы». Ендеше оның да өзіндік ерекшелігі, жазылу стилі, мазмұны мен түрі, көркем заңдылықтары  бары анық. Сағат сыннан міне осындай өзіне тән өзгешеліктерімен бедерленіп, философиялық ой тереңдігімен, сындарлы тұжырымдарымен тартымды оқылуын талап еткен. Сөйтіп, көркем шғарманың өзәне тән эстетикалық әсер ләззаты болатыны сияқты сынның да өз эстетикасы барын саралайды. Сыншы жазушыны да, қың қауым оқушыны да ойлантып, толғантуға, өз пікіріне сендіріп, илантуға, ойлай білуге үйретуге тиісті екенін зерделейді. «Өнерге өліп-өшкен шынайы сүйіспеншілік жоқ жерде сын да жоқ,» –дейді А.Пушкин –осыдан таратсақ сынның аты шындық та, заты –сүйіспеншілік. Өйткені, достық сын жек көруден емес, сүйіспеншіліктен туады. Сондықтан да сынның аты ащы болғанымен, заты тұщы, демек, шын мәніндегі  сын шындыққа сүйіспеншіліктен ғана туады», –деп ойын өрбіте түседі С.Әшімбаев («Сыншыл ой сипаты»). Сөйтіп, сынды үлкен өнер тұтып, осы жолда барлық мүмкіндігін сарп етуді көздемеген адамнан сынға еш уақытта пайда келмейтіндігін тұжырымдайды.

         Сын туралы сөз, айналып келгенде, әдебиет туралы, оның болашағы туралы сөз еткені анық. Әдебиетке сүйіспеншілік, тіпті жазушыға  деген құрмет пен ынта-ықылас болса керек. Жазушының белгілі бір шығармасын сөз ету, яғни оның қуанышын, жақсылығын жан-тәнімен ақтарыла айту. Сыншылар үшін таптырмайтын ең қажет  қасиет екендігін мегзейді Сағат.

         Сонымен сын  – белгілі бір шығарманы, болмаса күрделі бір әлеуметтік, әдебиеттік проблеманы тағлымы мол толғаудың, сара жолмен саралаудың үлгісін көрсететін , сондай-ақ бардың парқын, жоқтың нарқырн анықтап беретін сөз өнерінің тұрпаты бөлек, тұғыры биік өзгеше бір тірі екен. Яғни, сын дегеніміз – объектісін, эстетикалық, әлеуметтік, философиялық тұрғыдан талдай отырып, оқушыны ордалы ойға шақыратын орамы мол ойдың жанры екен. Сөйтіп, сын, сыни шығарма қай кезде де қоғамдық-әлеуметтік ойдың жаршысы, философиялық-эстетикалық ойлаудың шырқау шыңы болған кезде ғана шынайы өнер шығармасы қатарынан орын алады екен.

         Жалпы, сын мен сыншы абыройын көтеру шынтуайтқа келгенде, әдебиетіміздің айбындылығы мен жасампаздық, өмір танытушылық рухын көтеру екендігі мәлім. Осындай ойларға жетелей отырып Сағат Әшімбаев өзінің сын туралы еңбектері мен сыншыл ой туралы толғаныстарында сол кезеңдегі, яғни, өткен ғасырдың 70-80 жылдардағы әдеби көркем сынымыздың жай күйіне егжей–тегжейлі талдау жүргізеді.

         «Қазақ әдеби сынының күн тәртібінде тұрған проблемалары аз емес, – дейді Сағат келесі бір «сыншыл ой туралы сыр» атты мақаласында, – қазіргі сынымыздың хал-жағдайы, творчестволық атмосфераның деңгейі даму тенденциясы да байсалды әңгімеге зәру.» Ойға жетелейтін пікір. Бұл тұрғыда сынымыздың өткен кезеңдеріне сын көзімен қарауды, табысымызға  тасымай, шалысымызға жасымай, болмаса жоқты бардай, барды дардай етіп бұратартпай, объективтік қорытындылар жасау өмір талабы, уақыт  қажеттілігі екендігін ескертеді.

         Сын туралы сөз қозғағанда Сағаттың қазақ сыншыл көркем ойдың ірі қайраткері, өзінің ұстазы Мұхаметжан Қаратаевқа деген ықылас ілтипаты бөлек. Сыншының публицистикалық пафос пен философиялық ой тереңдігіне толы сыни  еңбектерін қазақ әдебиеті тарихының жекелеген қомақты тараулары екендігін айтып, «ол еңбектер туған әдебиетіміздің өрісін, өскенін, жалпы тынысын танытатын сыни көркем шежіре іспеттес» – дейді.  

         Жалпы алғанда сынның тууы – адамзат көркемдік ой санасының өскендігінің белгісі. Ендеше, профессионалдық дәрежедегі қазақ сынының бүгінгі дидары әлеуметтік сыншылдық ой–тұлғамыздың өскендігінің жарқын көрінісі. Қазақ сынының өнер дәрежесіне көтеріліп, профессионалдық деңгейге  жетуіне М.Қаратаевтың ерекше үлесі болған деп көрсетеді.

         С.Әшімбаев сонымен бірге «М.Қаратаев есіміне қазақ сынының жетістігінің ғана емес, кемшілігінің де едәуір қатысы бар деп ойлаймыз» – дей келіп, оның сындарындағы өткір полемикалық сипаттың кей тұстардағы аздығына да аялдап өтеді.  Сол 70 жылдар сынына жаңа серпіліс, өзгеше бетбұрыс әкелген негізгі құжат СОКП орталық комитетінің 1972 жылғы «әдеби көркем сын туралы» қаулысы болды. Бұл тарихи қаулы әдеби көркем сынныңэстетикалық даму процесіндегі түбірлі жаңа бетбұрыстың, мүлде жаңа кезеңнің басталуының басы болды. «Сынға  деген сыңаржақ көзқарас түзелді, енді сынның өзі түзелуі керек» деп Сағаттың да сынға белсене араласқан тұсы осы кезең.

         Қаулыда сол уақыттағы әдеби сынымыздың жетістігі, табысы терең талдана келіп, сөйтсе де кейбір сын мақалалар мен рецензиялардағы үстірттік, қарабайырлық, мазмұн қуалаушылық, ой-пікір жұтаңдығы, эстетикалық-философиялық деңгейінің төмендігі атап көрсетілген болатын. Осы орайда С.Әшімбаев аталған қаулыны басшылыққа алған «Жазушы» баспасының «Уақыт және қаламгер» атты сын мақалалар жинағын шығара бастағанын қуана құптайды.

         Тегінде сынға сүйенбей әдебиеттің бағыт бағдарын ешкім де толық біле алмасы анық. Сын әдебиет теңізінің компас құбылнамасы. Бұл тұрғыда жаңағыдай ұжымдық сын жинақтарының  танымдық, тағылымдық рөлі айрықша болмақ. Осы «Уақыт және қаламгердің» осы бес кітабын алып өзінің сыни ой-пікірлерін «Сыншыл ой сипаты» атты мақаласында жалғай түседі сыншы.

         Бес кітап –  бес том сын! Барлығын қосқанда ұзын ырғасы тоқсанға тарта мақала екен. Бүлкектетіп бүгетін ештеңесі жоқ, соның бәрі бірдей алшысынан түскен асыл дүниелер емес «күріш арқасында күрмек те су ішеді» дегендей көңілжықпастықтың көлеңкесін пайдаланып еніп кеткен мақалалар да аз емес.

         Ең бастысы  – «Уақыт және қаламгердің» осы бес кітабын ынта ықыласпен оқып шыққан адам соңғы он жылдың  о жақ, бұ жағындағы әдеби өміоіміздегі көркемдік процеспен біршама таныса алады – дей келе – әдебиеттің барлық жанрларындағы біраз жаңа туындылардың жетістік–  кемшілігі, қазіргі проза  мен поэзиядағы  негізгі бағыттар тұтастай алып қарағандағы көркем сөз әлеміндегі сүйінішіміз бен күйінішіміз  туралы тың тұжырымдыр, маңызды мағлұматтар  іздей білгенге табылары сөзсіз. Осылай дей келіп  сыншы туған халқының рухани мәдениетін, оның алтын қайнары әдебиетін білмеу біліксіздік, рухани бейшаралық екенін айтып, «Уақыт және қаламгер» бес томының осы абыройсыздықтан құтқаратынын, өздерін интеллигент  санап жүрген азаматтардың көпшілігінің туған жұртының әдебиетін оқымайтындығына қынжылысын да жасырмайды.

         Жинаққа көрнекті сыншылар, ғалымдармен бірге белгілі ақын жазушылар  да белсене қатысқан екен. Солардың ішінен бес томдыққа бастан аяқ қатысқан екі сыншыны  – М.Қаратаев пен Ш.Елеукеновті өте–мөте бөлек атайды. Екеуі де әдеби процеске белсене араласып жүрген ойы ордалы, сыры терең сыншылар дей келіп, олардың еңбектерінің қазақ сынының кезеңдік  бет –бейнесін өскенін, биікке көтерілгенін танытатынын айрықша атап өтеді.

         Қысқасы бес томдықтағы мақалалардағы сол кезеңдегі қазақ сыны эстетикалық мәдениетінің өресі өскендігін, ой айту, талдау мүмкінідігінің шеңбері кеңейе түскендігін, жанрлық –стильдік бағыттағы ізденіс дәрежесінің де ойдағыдай  екендігін тануға болатынын айта келіп, сыншы бұлардан сынның жетістік жеңісін де, кемшілік кемісін де көруге болатындығына тоқталады.

         Бес томдыққа қатысқан белгілі де белді сыншылардың соңғы кезде сын майданының алғы шебінен аз көрініп жүргендерін, шалқыма шикізат күйінде  тоқтаусыз шығып жатқан дұбара дүниелер туралы тым тырыс отырып,алғандарын құптай алмайтындарын баса айтып, ескерте кетеді. Бұл ойын ары қарай дамытып: «Қазіргі әдебиетіміздегі сапасы жоқ сан қуу мен көбірек көлемге әуестік етек алып, оой айтудың ойсырап бара жатқандығына  көз жұмып қарау азамат сыншыға абырой болмаса керек » - дейді. сондай-ақ, бет жүзге қарамай  бетке айтатын бедерлі сынның азайып кеткендігіне қынжылатынын, жоқты бардай, барды дардай көріп болмашыға мәз мейрам болушылық сын үшін әдебиетке әдейі жасалған әдепсіздік екенін айтады. Өзінің мұндай тұжырымға келуіне, «Уақыт және қаламгер » тоқсанға жуық мақаланың ішнен әдебиеттегі көркемдік брак, «қанжыны» сорғалаған халтура атаулыға қарсы дабыл қаққан, ащы жазылған ең болмаса  тоғыз мақаланың болмағандығы себеп болған екен.

         Осыған орай осы бес томдықты оқып отырғанда ойына келген, жалпы сынға қатысты, бір-екі мәселені де ортаға салады сыншы. Олар жеке жанрлар бойынша маманданған  жанкүйер сыншылардың жоқтығы, сондай –ақ күрделі теориялық проблеманы, эстетикалық категорияны індете қуып, терең зерттеп жатқан сыншының аздығы, сонымен өатар сыншылардың белгілі бір мәселені тілге тиек еткенде басқа елдер әдебиетіндегі  ұқсас құбылыстармен, тарихи фактілермен салыстырып қарауға шорқақтығы, теориялық тұжырымдар жасауға ұмтылғанда фактіге негіз етіп тек қазақ әдебиетіндегі белгілі материалдарды айналсоқтап шиырлай берушілік сияқты проблемелер еді.

         Сағат Әшімбаевтың қазақ сынының олқы тұстары туралы айтқан мұндай пікірлері дәлелді де нақты және қай кезде де өзінің мән – маңызын жоймайды деп ойлаймыз.

         Сыншы С.Әшімбаев баспалардан шығып жатқан сын зерттеу кітаптарының бір де біреуін көзінен таса қылмай әрқайсысын қадағалап оқып, зердесіне түйіп отырған.  Айталық сол кезеңдерде жарық көрген З Қабдаоев «Жебе»  Р. Бердібаев «Ғасырлар толғауы», Т.Тоқбергеновтың «Үш тоғыс», С.Оразалиновтың «Шындық және көркемдік шешім», С.Байжановтың «замандас туралы толғау», А.Нағыметовтың «Адам және қоғам», Ш.Сәтбаеваның «әдеби байланыстар», «Өрнекті өріс» кітаптарына арнайы тоқталып, талдап саралайды. (Сыншыл ой сипаты)

         Ол кітаптардың әрқайсысының алдына қойған міндеті мен жеке мақсат-мұратын, көтерген проблемасы мен көрсеткен мәселесін, қамтыған тақырыбы мен айтар ойын,талдау ерекшелігі мен өзіндік қорытындыларын, стильдік өрнектері мен тың тұжырымдырын т.б өзгешеліктерін тап басып танытып, олардың сынға қосқан үлесі мен орнын нақты көрсетіп береді. Сонымен бірге осы біразына тән ортақ жағдай, ортақ кемшілік – талдау мен пікір айтудағы концептуалдық жаңа көзқарастың жоққа жақындығын, бүкіл әдеби процеске немесе белгілі бңр көркем шығарманы тарихи, социологиялық, филослфиялық, эстетикалық тұрғыдан алып жинақиап қараудың жете бермейтіндігін де батыл атап өтеді.

         Кезінде М.Әуезовтің,С.Мұқановтың, Ә.Тәжібаевтың  т.б еңбектері жеке кітап болып басылып шықты. Олар – «Әр жылдар ойлары», «Уақыт және әдебиет», «Өсу жолдарымыз», «Өміж және поэзия »сияқты дүниелер болатын.

         Қазақ сынының жай күйін жіті қадағалап, қандай кітап жарық көрді,кім не жазды, сынға кім қандай үлес қосты деген мәселелерге қатысты қатты көңіл бөліп, қалт жібермей отыратын С.Әшімбаев бұл турасында «Ащының дәмін татқан біледі, творчество азабын тікелей басынан өткеріп жүрген ақын, жазушы жазған сындарлы сынның эстетикалық эффектісі професионал сыншының төл еңбегінен тең түсіп жатпаса, кем түспейді» – дейді. Сөйтіп, олардың сыншыл көркем ойымыз көкжиегінің кеңейе түсуін мысқылдай болса да септігін тигізетініне құрметпен қарайтынын білдіреді.

         Сағаттың сыны байыпты да байсалды терең талдаулардан тұратын парасатты сын болды. Оның әрбір мақаласы өзін үлкен ойшыл, философ  сипатында танытты. «Сыншыл ой туралы  сыр» мақаласындағы: «шамалы демекпіз. Сыншы таланты – аса сирек талант. Сыншылық екінің бірінің қолынан келе бермейтін қиын өнер екендігін кезінде сынның корифейі Белинскийдің жақсылап айтып кеткендігін білеміз. Сондықтан да сынды кез келген білімі таяз, білігі төмен теориялық даярлығы жоқ, сын эстетикасынан, тарихынан хабары шамалы жанардың ермегіне айналдырмау – сын абыройын қорғау болып табылады»  деген жолдар соның дәлелі.

         Оның «Биік мұрат тұрғысынан», «Әдебиет және мораль », «Роман арқауы – әлеуметтік шындық» аталған мақалалары осындай нағыз сындарлы  сынның үлгісі дерлік ізерлі ізденістен туған дүниелер. Оларда өткен ғасырдың 70-80 жылдары жарық көрген прозалық шығармалардың жай –күйі, әсіресе роман сияқты күрмеуі мол күрделі жанрдың қыр-сыры, ерекшелігі, өзіне тән көркемдік жаңалықтары, көтерген мәселесі мен қозғаған проблемасы, қамтыған тақырыптары, осыған орай қаламгерлердің шығармашылық ізденістері, сюжет дамытудағы, образ жасаудағы, композиция құрудаңы, характер айшықтаудағы шеберлік тәсілдері әр қырынан салмақты саралана келіп, талдай сөз етіліп, жалпы сол кезең әдебиетінің келбеті көз алдымызға тартылып, автордың сыншыл ойы жаңаша түйінделеді.

         Шындығында Сағаттың қаламынан туындаған сыни еңбектердей шығармалар жазу оның замандастарының да қолынан келе бермеді.

         Сағатты тіл тағдыры, мемлекеттік тіл мәртебесі қатты толғандыратын. Бұл бағыттағы ой-толғаныстарында оның «елдің сәні өз тіліне деген шынайы сүйіспеншіліктен көрінеді», «тілге деген немқұрайдылық – айналып келгенде болашаққа деген немқұрайдылық» деген сияқты түйіндері қанатты сөзге айналғандай. Сыншының ұлттық тіліміз жайында жаны ауыра жазған «Өнер алды – қызыл тілдің қызығы неде?», он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» кітаптарының  жарық көруіне  байланысты, бұл басылымдардың рухани өміріміздегі мәні туралы ой қозғаған «Түсіндірме сөздік туралы түсініктеме сөз » атты мақалалары үлкен тебіреніспен жазылған айтары  мол туындылар. Сыншы шығармаларынан,әсіресе, бәрінен қымбат көрінетін Ғабит Мүсіреповтің көзі тірісінде қайталап-қайталап барып сұхбаттасудан туған триптих-эссесін, ұлы Абайды қайталап оқып, оның ұлылық парасатына табынып жазған мақалалар тобын өлмес, өшпес құнды еңбектер деп білеміз.

         Сағат өмірінің соңғы жылдары Абайға көбірек жүгініп, («Ақын жанын жабырқатқан жайлар», «Абай тағлымы – азаматтық тағылым»т.б) өмірдегі көп сауалға жауапты Абайдан тауып: «Абайдан артық ақын, Абайдан асқан данышпан да, кемеңгер де жоқ. Абай биігі, Абай тағлымы - арманым», - дейтін. Ол «... Абай  поэзиясының ұлылығының бір сыры – адам танудағы болуы мүмкін қателесуден, яғни соның соқтықпалы салдарынан орынсыз опық жеуден, жазықсыз жапа шегуден сақтандырады! Бұл қызықтыру үшін айтылған қызыл сөз емес. Шындығында да Абай поэзиясының адамтану мен адамтанудағы рөлі бүгінгі таңда тіпті айрықша. Ол адамды әр түрлі қателесулерден сақтандыру арқылы бәрімізге де көл -көсір көмегін тигізіп келе жатқан ақындардың ақыны » - деп, абай поэзиясына баға береді.

         Сыншы сынға атсалысқан ақын жазушыларға ілтипат білдіре отырып, соңғы жылдары жарық көрген І.Омаровтың «Серпін», Ғ.Мүсіреповтің «Суреткер парызы», Қ.Бекхожиннің «Дәстүр және жаңашылдық», С.Мәуленовтің «Үркер төбеде тұр», Т.Ахтановтың «Керуен» атты кітаптарын атап өтіп, әрқайсына терең тоқталған болатын өзінің «Сыншы ой туралы сыр» мақаласында.

         Сындағы ілгерілеушілік пен жетістікті айтумен бірге сыншы, әңгіме орайына қарай, олқы тұстарды да анық көрсетіп отырады. Соның бірі сын мақалалардың жазылуындағы формалық ізденістің аздығы.  Таныс әуен, таптаурын соқпақтан арыла алмау , анығырақ айтқанда, « сын мақалалардың жазылу  формасы өте жұтаң, біржақты, композициялық құрылымы да жадағай» деп қынжылады.  Әсіресе, эссе, творчестволық портрет, интнрвью-полемика жанрыныңәлі бір ізге түсіп, дамымай отырғанын тілге тиек етеді.

ақын- жазушылардың шығармашылығын сөз ету деген жоғын бардай, барын дардай етіп, «құрыққа сырық» жалған, жазу еместігін, оған объективтік тұрғыдан келіп, зерделей қарауды айтады. Сыншыларға ақын жазушыларымыздың әр түрлі жастағы мерейтойларын күтіп отырмай- ақ, творчестволық өмірбаянын , портреттік өсу эволюциясын, стильдік паспортын, әкелген жаңалықтарын, тіпті, адамдық, азаматтық болмысын дүркін –дүркін оқырманға жеткізіп, таныстырып отыруды міндеттейді. Осыған орыс әдебиетінен көптеген мысалдар келтіреді.

         Қашанда әдебиет мерейі – ел мерейі. Мерейтойлар өткізу сол ақын-жазушыға ғана арналған құрмет қана емес, әдебиетіміздің қадір-қасиетін, абырой атағын арттыра түсуге бағытталған игі шара.

         Бізде осы мерейтойларға арналған той мақалалардың стилінде шаблон болған шиырлау, тапатурын болған тар шеңбер, қысқасы, схематизмнен шыға лама орын алғандығына кейістік білдіреді сыншы. Әрине мұндайда мақтаудың да орны бар, алайда көп жағдайда «тисе терекке, тимесе бұтаққа » деп оңды- солды жөнеу, марапаттау басым түсіп жатады. Ондайда ел жазушының әкелгені, қандай жаңалық қосқаны ашып айтылмайды. Осыдан келіп, мерейтойлық мақалалардың автолары мен  объектілері бөлек болғандығына қарамастан  бір қолдан шыққандый боп бір-бірінен айнымай тұрады.

         Осы тұста еске түседі, сол кездегі сында «тенденция сглаживания» деген мәселе ашық айтылып, күн тәртібіне қойылған екен. «Тенденция сглаживания» , яғни мәймөңкелету тенденциясы сияқты біздің белсенділік, күрескерлік рухымызға жат нәрсенің тасатында тұрған либерализмге, компромизмге немесе соның салдарысолқылдақтық пен ымырашылдықтан туатын немкеттілікке қарсы күрес мақсатының маңыздылығы мен көкейкестілігі анық көрсетіліп отырған.

         «Жоғарыда айтылған шығармашылық портреттегі жалпы сындағы байқалған шындықты мәймөңкелетіп тура айтпау, бетке айтудан жасқану осыдан орын алып отырған олқылық деп білеміз. Осылардан келіп сыншы С.Әшімбаев, жалпы өнерге теңгермешілдік, келісімпаздық, жалған ағайынгершілдік, жалпақ шашайлік тұрғыдан қарау, болмаса, «сен тимесең, мен тимен» ымырашылдық ешқашан көсеге көгертпейтіндігін айтады.

         «Бетке айту бедел әпермейді» немесе «үндемеген үйдей пәледен құтылады» болмаса « шындықты айтып қайтеміз, тек жүрген тоқ жүреді » деген сияқты желбуаз ұғымдарды малдану тоғышарлық тоқыраудың белгісі» дейді сыншы.

         Осы пікірдің бүгінгі күнмен дәл үйлесетініне ешкім дау айта алмаса керек. өйткені бүгінде біздің әдебиетімізде сынның жанр ретінде тоқырауға ұшырағаны анық.

Сағат Әшімбаев сындағы жауынгер жанр рецензияға ерекше көңіл бөлліп, әрдайым өзінің ой –пікірін білдіріп отырған екен. Бір уақыттарда рецензияға әжептәуір назар аударылып, жазылу сапасы артып, жариялануы жа көбейіп, қалыпты арнаға түсіп келе жатқан жақсы үрдістің соңғы кезде қожырай бастағанын айтады. Профессионал деген сыншылардың өзі рецензияға онша мән бермей, ат ізін сирек салатын болған. Сондықтан да рецензияның озық үлгілерінен тозық үлгілері көбейіпті. Керісінше ымырашылдық позиция ұстаған, жанр табиғатын жанымен түсінбейтін, сынға қатысы щамалы, көлденең көк атты дилетант сыншы-сымақтардың көбейіп отырғанын да жасырмайды. Содан келіп ондай рецензиялардан ешқандай формалдық батыл ізденіс, мазмұн тереңдігі ой жаңалығы, өзінше талдау талабын таба алмыйтыныдығына қынжылады.

Мінекей, рецензиядағы осы айтылған кемшіліктердің жоғарыда атап өткен мәймөңкелету тенденциясының әсерінен екендігі анық. Сөйтіп, әдеби газет-журналдарда, мерзімдік баспасөз бетінде жүйесіз жарияланып жүрген бір- біріне инкубатордан шыққан шүпірлеген шикі балапандардай ұқсас, стандарт рецензиялардың жанр табиғатын бұрмалау, сын беделін түсіру екендігіне тоқталады.

Бұған сол тұстарда «Қазақ әдебиеті» газетінің саны да сапасы да жоқ жүз жолдық аннотациядан аспайтын комментарий-рецензия беріп жүргенін, «Жұлдыз» журналы мен «Жалын» альманағының сынның дамуына ұрындық болатын әрі оған мүмкіндігі мол басылымдар бола тұра оларға рицензия берудің сандық, сапалық жағының мәз емес екендігіне мысал келтіре отырып, дәлелді сөйлейді. «Белинский айтқандай журналдың айбар азуы да, беделі де сын екенін ұмытпайық, - дейді Сағат Әшімбаев бұл турасында, -  Ешкім өткір сын жазбайды деп қарап отырудыоқушы қауым кешіре бермейді. » сөйтіп, рецензиялардың санын көбейтіп, көркемдік сапасын көтеру арқылы формалық мүмкіндігін кеңейтіп, интеллектуалдық дәрежесін арттыру – күн тәртібінде тұрған міндет екенін ескетеді.

Сұңғыла сыншыныңрецензия туралы айтқандарының бұгінгі сынның жағдайына толықтай қатысы бар деп ойлаймыз. Өйткені бүгінде рецензия жанрының жағдайы тіпті мүшкіл екені ешкімге жасырын емес.

С.Әшімбаевтың «Сыншыл ой сипаты » аталған проблемалық мақаласындағы көтерілген негізгі мәселелердің бірі – әдебиетімізге жаңадан қосылған жас сыншылардың бағыт-бағдары жайында болған. Сол тұстағы сын туралы қаулыдан кейін әдеби сынымыздың табалдырығын имене аттаған біраз жас жігіттер республикалық газет –журналдар бетінде әр түрлі тақырыптағы ойлы, пікірлі, тенденциялы сын мақалаларымен жақсы көрінген еді.

Осы ретте сол кезеңде жас сыншылар легінің көптеп шығуына  С.Әшім баевтың өзінің зор ықпалы болғанын айтқан орынды. Сында жарқ етіп көрінген Сағат жаңаша талдау-таныммен жазылған ойлы, парасатты сын мақалаларымен сол тұста қазақ әдеби сынына жаңа леп, тосын бетбұрыс әкелді деуге болады. Өйткені бұған дейін сында белгілі бір аға ақын –жазушылардың шығармаларын сөз ету, танымал топтың төңірегінен шиырлапшыға алмау дәстүр сияқты болып кеткен еді.Сағат қазақ сынындағы осы жағдайға жаңғырту енгізді. Сүреңсіз,жылымшы сын-сымаққа қарсы білек сыбана күрес ашты. Сондықтан да Сағатты қазақ әдеби сынының өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы жаңғыруының, жаңа бетбұрысының көшбасшысы дейміз. Өйткені әдебиетімізге келген жас сыншының суырылып шыққан батылдығы, талдау талғамының байыптылығы әсер еткені соншалық Сағаттың соңынан жас сыншылар лег –легімен келе бастаған.

С.Әшімбаев міне осы жас сыешылардың аяқ алысы, сөз саптасы, ой орамы, талдау талабы, білім дәрежесі, таным шеңбері деген мәселелерін үнемі көзінен таса қылмай ақыл кеңесін айтып отырады. Олардың енді екі-  үш жыл аралығында  сын майданында атойла, ат ойнатып шығатын сынның жаңа жас гвардиясы болып жасақталатынына сенім білдіре отырып, қайсыбірінің рецензия, сын мақалаларында талдау қасаңдығы, ой қайталаушылығы, пікір айиудың таптаурын дәстүрлеріне үйірсектік ұшырасып қалатынын да жасырмайды. Осыдан келіп сын саласында тәп-тәуір көрініп жүрген жастарды сын жанрында түпкілікті тұрақтандыру проблемасының туып отырғанын көтеріп, сынның болашағын ойлау дегеннің өзі жас сыншыларды баулу, тәрбиелеу, бағыттау, тұрақтандыру мәселесімен тікелей байланысты екенін атап көрсетеді.

Қазақ сынының өз кезіндегі жетістік-кемшілігін саралаған сыншы сол кезеңде әдебиетшілер арасында ара-тұра шаң беріп қалатын сынға риза боламаушылық, тіпті «бізде сын жоқ» деген сөздердің мәнісіне де егжей - тегжейлі тоқталады. «Тегінде «бізде сын жоқ» деген сөздің астарында екінші жағынан шындақ ат жоқ емес, - дейді Сағат бұл турасында, - шындығы сол, өзі де аз әрі санаулы ғана сыншыларымыздың творчестволық белснділігі де бәсең болып отыр.» Сыншы пікірі – ақиқат. Бар кілтипан осында . Әдебиетші ғалымның бәрін сыншы санатына қосқанымызбен, олардың бәрі бірдей сыншы емес екенін, негізінде ол ғалымдарымыздың сыннан гөрі зерттеулерге көбірек араласатынын айтады сыншы. Жоғарыда «сын жоқ » немесе «санаулы ғана сыншы» дегеніміздің бір себебі осында жатқан сияқты. Екіншіден, әдеби процестегі көркемдіктің жай жапсары туралы толымды сындардың аздығы да «сын жоқ» дегеннің себебі болып отырғанына тоқталады. Бұл  да рас.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сағат Әшімбаев – әдебиет сыншысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 989 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2016 5700
    • DOCX 80 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдраманова Меруерт Нурмахамедкожаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9527
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек