«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»
әдісімен жаңа тақырыпты топта талқылайды, пікірлеседі. Оқулықтан жауған
жауын-шашынның мөлшерін есептеу үшін статистикалық ЕСЛИСЧЕТ функциясын
пайдаланып тапсырма орындайды.
Дескриптор:
-
Функция
графигін тұрғызуда кестеге мәлімет енгізуді, формула қолдануды біледі.
-
Функцияның
графигін тұрғызу үшін диаграмманың түрлерін ажыратады.
Саралаудың диалог және қолдау
көрсету тәсілі бойынша оқушылар сұрақтарға жауап беруде топ мүшелері бір-біріне
көмектесіп, толықтырады «Басбармақ » - оқушылар тақырыпты
түсінулеріне қарай, топтар бір-бірін «басбармақ» көрсету әдісі арқылы
бағалайды.
Компьютерде
практикалық тапсырма орындау.
1-тапсырма.
у1=2х + 2 және у2=х2 функцияларының
х айнымалысы [-4;4] аралығында 1 қадаммен өзгергендегі мәнін есептеп,
функцияның графигін тұрғызу. Осы функциялардың қиылысу нүктесін анықтандар.
Тапсырманы
орындау алгоритмі:
1.
Кестені жасауда х мәнін [-4; 4] аралығында 1
қадаммен алайық. А1 ұяшығына -4, А2 ұяшығына -3 енгізіп, ерекшелеп оң жақ төменгі
бұрышындағы автотолтыру + батырмасын А13 ұяшығына дейін апарамыз.
2.
Берілген
х мәнін у1=2х + 2 функциясына салып, у1 мәнін есептеу үшін функцияға сәйкес =2*А1+2
формуласын В3 ұяшығына енгізіп, В13 ұяшығына дейін көшіріп қоямыз.
3. Берілген
х мәнін у2=х2 функциясына салып, у2 мәнін есептеу үшін функцияға
сәйкес =2*А1+6 формуласын С3 ұяшығына енгізіп, С13 ұяшығына дейін көшіріп
қоямыз.
4. у1=2х +
2 функциясының графигін салу үшін А1:А13 және В1:В13 ұяшықтарды көшіріп
Кірістіру(Вставка) – Нүктелік(Точечная)-Тегіс нүктелі иір сызық(Точечная с
гладкими кривыми и маркерами) командаларын орындап, көк түсті сызықтық түзуді
аламыз.
5.
у2=х2
функциясының графигін осы диаграммаға кірістіру үшін С3:С13
арасындағы ұяшықтарды көшіріп, диаграмманы ерекшелеп алып,
Кірістіру(Вставить) командасын басамыз. Диаграммада қызыл түсті сызықтық түзу
пайда болады. Функцияның графиктерінің қиылысу нүктесін шыққан суреттен қарап
анықтауға болады.
Дескриптор:
-
алгоритмі
арқылы функцияның нүктелік графигін тұрғызады.
-
Графиктердің
қиылысу нүктесін анықтайды .
2-тапсырма.
Физикалық
есептерді шешуде электрондық кестені қолдану
Тапсырма: Ток
күші(I) мен кедергі(R) арасындағы өзара байланыс графигін құрыңдар. Кедергі
1 Ом мен 10Ом аралығында 1 Ом қадаммен өзгереді. Кернеу 40В тұрақты. (оқушыға
жұмыс алгоримтмі берілмейді)
Тапсырманы
орындау алгоритмі:
1.
Тапсырманы
орындау үшін физикадағы тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын жазамыз.
I=U/R. Формулада байқалып тұрғандай ток күші мен кедергі арасында байланыс
бар.
2. С1
ұяшығына кернеудің тұрақты мәнін жазайық. Мысалы, U=40B. С1 ұяшығы
абсалюттік ұяшығы ретінде пайдаланамыз.
3. B2:В12 аралығына
кедергі мәндерін қоямыз.
4.
С2
ұяшығына =$C$1/B2 формуласын
жазып, С12 –ге дейін көшірмелейміз.
Дескриптор:
-
Абсолюттік
сілтемені қолданады
-
функция
графигін құруда диаграмманың типі, графиктік түрін анықтайды.
ҚБ:
«Бағдаршам» - өзін-өзі бағалау
Оқушылар
оындарынан тұрып, функия графиктері түзу, парабола, гиперболаны қол
қимылдарымен жасайды.
«Біліміңді
жинақта» жеке жұмыс. Әр суретке сәйкес дұрыс жауабын тап
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.