Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Сабақ "Африканың физикалық-географиялық орны" (7-сынып)

Сабақ "Африканың физикалық-географиялық орны" (7-сынып)



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ № 16 Сыныбы 7 «В Күні 25.10.2014


Тақырыбы: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, Африканы зерттеуі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Африканың географиялық орны, зерттелу тарихы, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер жөнінде түсіндіру.


Дамыту: Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелік: Оқушыларды бір-бірін тыңдай, сыйлай, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы


Сабақтың түрі: Саяхат - сабақ


Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Кестемен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Топтастыру.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта, электронды оқулық, ақ қағаздар т.б.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту. Оқушыларды тәттілердің түсі арқылы 3 топқа бөлу.

Мұғалім:

- Оқушылар бүгін поштамызға «Атырау халықаралық әуежайы» ақционерлік қоғамының бастығынан хат келіп түсті. Хатта былай делінген: «Егер менің тапсырмаларымды орындасаңдар, мына сыйлықты сіздерге ашуға рұқсат етемін». Кәне, балалар олай болса, тапсырмаларды орындауға әзірмізбе?

Оқушылар:

- Иә


І тапсырма:

Бос орындарды толтыру

Географиялық зоналық



hello_html_m9534073.gifhello_html_m9534073.gifhello_html_4641c3ba.gifhello_html_4641c3ba.gif





hello_html_57aed7ff.gifhello_html_57aed7ff.gif









ІІ тапсырма:

Кесте арқылы Гималай тауының биіктік белдеуін айту.


0-1000 м.м.


1000-2000м.м.


2000-2500м.м.


2500-3500 м.м.


3500-4500 м.м.


4500-9000 м.м.

Қар.


ІІІ тапсырма:

Сұрақ-жауап:

1. Географиялық зоналық дегеніміз не?

2. Ендік зоналық?

3. Биіктік белдеулік?

4. Табиғат зоналары?

5. Гималайдағы биіктік белдеулер?


Қорытындылау.

- Жарайсыңдар, оқушылар! Енді сыйлықты ашайық, ішінде сіздерге арналған әуе билеттері бар екен. Әуежай бастығы сіздерді Африка материгімен танысуға жібермекші.


ІІІ. Жаңа сабақ.


  • Құрметті, оқушылар! Сіздердің алдарыңызда «АН-94 Air Astana» ұшағы ұшқалы тұр, Африка материгін аралауға сіздерге Сәт-сапар тілеймін.


Оқушылар интерактивті тақтаға назар аударып, электронды оқулық арқылы Африка материгі туралы мағлұматтарды көрейік.


Оқушылар материк бізден қашық болғандықтан, әр түрлі аялдамаларға тоқтауымызға тура келеді.


І аялдамаға дейін әр топқа оқуға тақырыпшаларды беремін (Оқуға 5 минут уақыт )


І топ – географиялық орны; жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер;


ІІ топ – атлант мұхиты,үнді мұхиты алаптары.


ІІІ топ – Зерттелу тарихы

5 минут аяқталған соң оқушылар оқып болғандығын айтады.


ІІ аялдамаға дейін енді әр топ мүшелері бір-біріне сол оқығанын түсіндіреді.


Содан соң ақ қағаздар таратамын, сол түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп, постер қорғауы қажет.


ІІІ аялдамаға келдік. Енді постерімізді қорғайық. Оқушылар өздері топ болып дайындаған постерлерін қорғайды.


ІҮ аялдамада әр топқа сұрақтар беріледі.

І топ

1. Африка материгінің географиялық орнын картадан көрсетіп, сипаттама бер?

2. Африканың шеткі нүктелері?

3. Жағалауын қандай мұхиттар мен теңіздер шайып жатыр?

4. Экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін материк?

5. Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі?



ІІ топ

1. Африка мен оның жағалауында болып қайтқан зерттеушілерді атаңдар?

2. Давид Ливингстонның еңбектерін ата?

3. Негроидтық нәсіл басым материк?

4. Материк арқылы Жер шарындағы ең ұзын қандай өзен ағып өтеді?

5. Африкада Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік қандай шөл орналасқан?.


ІІІ топ

1. Генри Стэнли нені зерттеді?

2. Сахара шөлі мен мадагаскар аралы қандай қорға енгізілді?

3. Африка туралы алғашқы деректерді кім жинаған?

4. Ең төмен орналасқан нүктесі?

5. Материк жағалауындағы ең ірі арал?


Тыныштық сәті:

- Балалар ығайланып отырыңдар, көздеріңді жұмыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар. Міне, ұшақ те келіп материкке тоқтады. Көз алдымызда Виктория сарқырамасы. Қандай әсем, жағалауында керіктер, бегемоттар, зебралар, Антилопа гну, Антилопа канналар жайылып жүр. Бәрі бақытты. Айнала толған шөптер, гүлдер. Көз алдымызға елестетуді жалғастырамыз. Ауаны терең жұтып, демімізді шығарайық. Енді, көзімізді ашып, сабағымызға оралайық...



V. Қорытындылау, бағалау.


VІ. Үйге тапсырма беру.


Үйге: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, Африканы зерттеуі





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров183
Номер материала ДВ-397211
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх