Инфоурок Информатика КонспектыСабақ "Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері"

Сабақ "Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері"

Скачать материал

Күні:22.09.2015ж

Сыныбы: 5 «б»

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың көлемі  және оның өлшем бірліктері.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: ақпарат саны түсінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен

таныстыру, ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды үйрету;

дамытушылық: ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру;

тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа, компьютерде сауатты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың жабдығы: оқулық, дербес компьютер, интерактивті тақта

слайдтар топтамасы, кеспе парақтар, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен сәлемдесу;                                       

                                               - оқушыларды түгелдеу;

2. Үй тапсырмасын тексеру. (сұрақ-жауап)

1.Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?

2.Адам ақпаратты қалай сақтайды?

 3.Ақпаратты қайда сақтауға болады?

4.Адам ақпаратты қалай өңдейді?

5.Ақпарат алу жолдары.

3. Білімді өзектендіру.

 Тест жұмысын алу

4. Жаңа сабақты түсіндіру.

Компьютер – электронды машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуы 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.

Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.

Бит (ағылш. binary digit; сонымен қатар сөздер ойыны: ағылш. bit — аздап) - БИТ (ағылш. bіt, bіnary — екілік және dіgіt — белгі, цифр сөздерінен қысқартылып алынған) — ақпарат мөлшерін өлшейтін екілік бірлік;

Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.

Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады. 1 байт 8 битке тең. Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.

Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:

1 Килобайт (КБ) = 1024 байт

1 Мегабайт (МБ) = 1024 КБ

1 Гегабайт (ГБ) = 1024 МБ

1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб.

Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.

100Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері – 50000

Түрлі түсті слайдтар – 150

Музыкалық фрагмент – 10 минут

Фильм – 15 секунд

 Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық  бит/с, байт/с және т.с.с. өлшенеді.

Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы, Интернет желісі арқылы. Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с. өлшенеді.

5.Сергіту сәті

 6. Практикалық жұмыс  (дербес компьютермен жұмыс)

А деңгейі

Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.

1. ПускКомпьютер батырмаларын таңдаңдар.

2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар.

3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар.

4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен,Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калкульяторды қолдануға болады.

 

В деңгейі

1. А деңгейдегі тапсырманы орындаңдар.

2. Документы бумасын ашыңдар.

3. 1 Гбайт көлемді флэшкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.

 

С деңгейі

Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін калькулятор программасын пайдаланыңдар.

 7. Жаңа сабақты бекіту. «Кім жүйрік

1. Ақпараттың өлшем бірліктерін (ең кішісінен ең үлкеніне дейін) атаңдар.

2. Бат Кбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем?

3. 1 байттан неше бит бар?

4. «Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген ақпаратта қанша көлемдегі ақпарат бар?

5. «Алақай! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.

6.* Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін?

 8. Үйге тапсырма .

§4  тақырыпты оқып келу.

Тест сұрақтарын орындап келу.

9. Бағалау: Оқушы білімін бағалау 

 

 

 

 

 

 

Түркістан қаласы

№22 жалпы орта мектеп

информатика пән мұғалімі Назарова Мадина Абдикаримовна

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ "Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.10.2015 885
    • DOCX 43.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Назарова Мадина Абдикаримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Назарова Мадина Абдикаримовна
    Назарова Мадина Абдикаримовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 93320
    • Всего материалов: 33

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 717 человек

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек