Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалы№ 10 сабақ. Қарым-қатынас мәдениеті .

№ 10 сабақ. Қарым-қатынас мәдениеті .

Скачать материал

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп  «Жеңіс» негізгі мектебі         

Мерзім  16.11-21.11.2015

Мұғалім:     Суханова Алтынай  Абдраманқызы

Сынып:    7 «А»

Оқушылар саны  21

Тақырып:   № 10 сабақ.  Қарым-қатынас мәдениеті .

Құндылық:  Сүйіспеншілік

Қасиеттер:   шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық

 

Мақсаты:  Оқушыларға қарым-қатынас мәдениетін сүйіспеншілік құндылығы арқылы мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік:  Оқушыларға жағымды,ізгілікті қарым-қатынас жасаудың мәнін, маңызын түсіндіру;

Дамытушылық:Жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Жағымды қарым-қатынас жасай алуға, ізгілікке тәрбиелеу.

 

Ресурстар:

Оқулық, дәптер, үнтаспа, түрлі - түсті қағаздан жасалынған жүрекшелер. бояуыштар, плакат

 

Сабақ  барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» дауыстап айтамыз

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

 

Тыныштық сәті.

 Су асты патшалығына ойша саяхат.

  (Оқушылардан қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне  қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтінеміз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаймыз. Жайлы, баяу музыка қойылады). 
  Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

   Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

   Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

 

 Үй тапсырмасын  тексеру. 

  57-60 бетттегі Данэль Дефоның «Робинзон Крузо» романының үзіндісін оқып келу.

-         Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

-         Кейіпкердің сағынышының сыры неде?

-     Ол неліктен адамдар қауымына талпынды деп       

    ойлайсыңдар?

-         Оған қалай көмектесер едіңдер?

-     Адам өмірін жалғыз өткізе ала ма?

 

 

Ескерту

 Дәйексөз.

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе - оның басқа адамдармен қарым-қатынасы.»

                                                       А.Линкольн 

-  Қарым-қатынасты қалай түсінесіз?                                                                

-  Үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынас несімен    

   ерекшеленеді сіздердің ойыңыз?

-   Қарым-қатынаста табысқа жетудің сыртқы   

    жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне   

    байланысты екеніне келісесің бе?

-         Сәтті қарым-қатынас орнату үшін қандай қасиеттер керек?
 

 (Дәйексөзді дәптер бетіне түсіру)

       

 

Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат) 

   «Отбасы татулығы» өсиет әңгіме

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен олмайды екен.Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп мұқият жазып шығады.Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

— Осы-ақ па?

— Иә, – деді ақсақал. – Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, – деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Сұрақтары:

1. Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Отбасы сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

3. Отбасы татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

4. Сендер өз отбасыларыңда жақсы қарым-қатынас жасай білесіңдер ме?

5. Айналаңдағылармен дұрыс қарым-қатынас жасамаған кездерің болды мы?

 

 

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

«Қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында

І  топ   Коллаж жасау

ІІ топ  Сахналау

ІІІ топ Жағдаят шешу

 

Топпен ән айту.  

Дуние керуен

1.     Өтетін  сейілмен, 
Ей, дүние  базарсың.
Пенделік  пейілден,
Жүрегім  тазарсын. 
Қайырмасы:
Адамға   бақ  берер тек қана Аллам екен, 
Өмірдің  қызығы  біреуге  арман  екен. 
Мәңгілік  тұрағың  болатын бар ма  мекен?
Бес күндік бұл  дүние  расында  жалған  екен!
2.     Қуаныш,  қайғының,
Бәрі де бітеді.
Бұл дүние таусылса,
Шын дүние күтеді. 
Қайырмасы:
Адамға бақ берер тек қана Аллам екен, 
Өмірдің  қызығы  біреуге  арман  екен. 
Мәңгілік  тұрағың  болатын бар ма  мекен?
Бес күндік  бұл  дүние  расында  жалған  екен!
3.     Амал  қыл  фәниде,
Иманның  жолында.
Бәрі де, бәрі де,
Алланың  қолында. 
Қайырмасы:
Адамға  бақ  берер тек қана Аллам екен, 
Өмірдің  қызығы  біреуге  арман  екен. 
Мәңгілік  тұрағың  болатын бар ма  мекен?
Бес күндік  бұл  дүние  расында  жалған  екен!

            

                                                              

 

Үй тапсырмасы.

Қарым-қатынас мәдениеті туралы эссе жазу.

     

 

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

   - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік,  сүйіспеншілік - бар жерде!

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік,-бүкіл әлемде!

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Өзін-өзі тану оқулығы . 7- сынып. Алматы 2010

2.Мұғалімге арналған  әдістемелік нұсқаулық . Алматы 2010

3.Аңыз әңгімелер жинағы.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "№ 10 сабақ. Қарым-қатынас мәдениеті ."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 226 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2016 1695
    • DOCX 27.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Суханова Алтынай Абдраманқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Суханова Алтынай Абдраманқызы
    Суханова Алтынай Абдраманқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28333
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Взаимосвязь пищевого поведения и формирования образа тела у детей и подростков в контексте детско-родительских отношений

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Курс повышения квалификации

Образовательная кинезиология в практике психолого-педагогического сопровождения учащихся в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 504 человека

Курс повышения квалификации

Диагностика и формирование пространственного представления у детей 5-9 лет

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 11 регионов
  • Этот курс уже прошли 78 человек

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 214 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек