Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Сабақ "Қазақтың аспаптық музыкасы"

Сабақ "Қазақтың аспаптық музыкасы"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:



Астана қаласы

16 мектебінің музыка мұғалімі

Пирмаханова Жазира Сериковна


Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың  аспаптық  музыкасы»

Сабақтың мақсаты: Қазақтың аспаптық  музыкасы  туралы әңгімелеу, аспаптар  үнін  таныту, олардың  шығу  тарихын  білуге, насихаттауға, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу, баланың   бойына сіңіру.

Білімділік  мәні: Қазақтың аспаптық музыкасын тыңдау, талдау, насихаттау.

Дамытушылығы:   Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту, музыкалық  сауаттылығын  ашу, есту, есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік  мәні:    Оқушыларға  қазақ халық  музыкасы  арқылы ықыласын  көтеруге ықпал ету,  сахна мәдениетін  қалыптастыру, ой - өрісін  кеңейту.

Сабақ типі: Жаңа сабақ,  аралас  сабақ.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты көркемсуреттер, композитор портреттері.


Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру сәті: Оқушылармен амандасу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын дайындауын ескерту. Дауыс жаттығуына «Дыбыс қатарын» орындайды.

2. Жаңа сабақ: -Сәлеметсіңдер ме,  балалар  !

Сәлемдесу (оқушылар  орнынын  тұрып  сахна  мәдениетін  сақтап  сәлемдеседі)

-Балалар біздің бүгінгі  өтетін  жаңа  тақырыбымызды  жазамыз.

«Қазақтың  аспаптық  музыкасы»

«Екі  ішектің   бірің  қатты, бірін  сәл- сәл кем  бұра.

 Нағыз  қазақ қазақ емес, нағыз  қазақ домбыра!» -  деп ақын  Қыдыр  Мырзалиев ағамыз айтқандай, біз  балалар  бүгін  «Қазақтың   аспаптық музыкасы» атты тақырыбымен  танысамыз.

- Балалар,  қандай  қазақтың  ұлттық  музыкалық  аспаптарын  білесіндер?(домбыра, қобыз, шертер, жетіген, асатаяқ, дауылпаз, даңғыра, дабыл, шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай, мүйіз  сырнай, үскірік, ұран т.б)

- Аңыз  бойынша  домбыра  аспабы  қалай  пайда  болған?

«Қос  ішек»  күйінің  аңызын  балалар  кім  айтады? ( Ертеде  бір  аңшы  жігіт болыпты.    Сол  аңшы  жігіт  биік  таудың  қиясын, қалың  қарағайдың  арасын  тұрақ  еткен  бұғы – маралды  аулап,  кәсіп етсе  керек.  Бірде  жолы  болып, теңбіл  марал  атып  алады да  етекке  түсіру  үшін  ішек  қарнын  ақтарып  алып  тастайды.Содан арада айлар өтеді, жігіт  баяғы  теңбіл  маралды  атқан  жерге  соқса,  құлағына  бір  ызыңдаған  дауыс  естіледі. Ішектерді қарға -  құзғын  іліп  ұшқан  болу  керек,  қарағайдың  бұтағына  қос  тін  болып  керіліп  қалғанын  көреді.  Ызыңдаған  дыбыстың  сол  ішектен  шығып   тұрғаны көреді. Ішектер  жел  тербесе  ызыңдап, бірде  сарнап, бірде  сыңсып  жылағандай  түрлі  күйге  түсіреді.

Сол  жерде  аңшы  жігіт, ішекті  үйге  алып  келеді  де, бір  аспап  жасап, тартып  көрсе, қос  ішекке  тіл   біткендей  сұңқылдап  қоя  береді.)

- Домбыра  аспабы  қандай  бөліктерден  тұрады?    ( Домбыра  аспабының  бірнеше  түрі  бар.  Екі  ішекті, үш  ішекті   болып  келеді.)

- Жанрдың қандай  түрлерін  білесіңдер?(  ән жанры,  күй  жанры, би  жанры)

- Ішекті  аспаптарды    кім  атайды?

- Қанекей,  қол көтеріп білетінімізді  ортаға  салайық. (домбыра, қобыз, шертер, жетіген )

- Жетіген  аспабының  тиегі  неден  жасалады. (Аспап  тұтас  ағаштан  ойылып  жасалады, шанағы  көн  теріден қапталады, ал  күйге  келтіру  үшін  тиек  орнына  асық  қойылады.)

- Ішекті  аспаптарға  жататын  шертер  аспабының  құрылысы  мен  түрлері туралы  кім  айтып  береді? (Құрылысы  жөнінен  домбыра, қобыз  аспаптарына  ұқсас  келеді. Шертерде  көбінесе  шертпе  күйлер  орындалады. Ол ең көне, көне, жаңа деп  үш  түрге  бөлінеді.)

- Сілкімелі  аспаптарға  қандай  аспаптар  жатады?

( Асатаяқ, қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдауық. Асатаяқ қазақ  халқында  ұлттық  билерді  сүйемелдеу  үшін  қолданған)

- Балалар  шаңқобыз аспабы  неден  жасалады?  Қалай  орындалады?

- Кім  біледі ?  ( Оның  ортасында сүйір  темір тілшесі  болады, күйге  келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.)

- Үрмелі  аспаптар  жайлы  кім  біледі?

- Не  себептен  бұл  аспаптарды  үрмелі  аспаптар  дейміз?

(Орындалу әдіс- тәсіліне  қарай  оларды  топқа  бөлеміз. Атап  айтатын  болсақ  үрмелі  аспаптарға: сыбызғы, сазсырнай,  мүйіз  сырнай, ұран, үскіріктер  жатады.)

- Иә,  балалар  саз сырнай, мүйіз  сырнай  неден  жасалады  екен  кім  біледі? ( Саз  балшықтан  иленіп, отқа  күйдіріліп оны  оюлармен  әшекейлеп, дыбысты  тесіктерді  жауып  ашу  арқылы  шығарады. Ал  мүйіз  сырнай  атының  өзі  айтып  тұрғандай жануарлардың  мүйізін  тазалап, кептіріп,  оған  мүштік  қойып  ойналады.)

- Ұран  аспабын  халық  қандай  кезде  пайдаланған? (Оны бұрын  жауынгерлер  көп  пайдаланатын  болған, яғни  жаудың  келе  жатқаны  туралы  хабар  беру  үшін)

3. Музыка тыңдау: «Сарыарқа» Құрманғазының күйі.

- Тыңдаған күйіміз жеке орындаудағы күй ма әлде оркестрмен орындалып жатыр ма?

4. Ән үйрену. «Домбырасыз  сән қайда» әні И.Нүсіпбаевтікі.

5. Музыка сауаты. төкпе және шертпе.

6.Сабақты қорытындылау: Сабақты сұрақ-жауап арқылы бекіту.Қандай музыкалар тыңдалғаны, ән үйренгендерін сұрау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

7.Үйге тапсырма: Өтілген тақырыпты, әнді қайталау.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров130
Номер материала ДВ-306209
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх