Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Сабақ" дүниетану сабақ жоспар

"Сабақ" дүниетану сабақ жоспар

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға берілген тақырыпты тереңдете ,жан-жақты әрі жеңіл түрде игерту.Әр оқушының сыныптағы сабақтан тыс білім алуына мүмкіндік жасау.

2.Оқушылардың өздігінше ізденуін дамыта отырып,пәнге және жалпы білім алуға қызығушылығын арттыру.

3.Табиғатты сүюге,оған қамқорлқы жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас

Сабақтың өту әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,талдау.

Көрнекілік:суреттер,слайд,тәжірбие жұмысына керекті заттар (1 литрлік 3 пласт шөлмек.3 ақ қалампыр,тағам бояуы(3 түрі) су,қайшы)

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Сәлеметсіңдер ме оқушылар?Қонақтар?

Қайырлы күн,

Сенбінің сәті

Сәттілікке толсын

Бүгінгі алған бағаң

Кілең бестік болсын!

Әрбір адам?Досым,сыныптасым

Әрбір сабақ ?Үйрену,оқу,іздену

Әрбір ісің?Тірлік,тірек,адамдық

Әрбір сөзің?Шындық,бірлік,адалдық

II.Үй тапсырмасын тексеру:

-Біз қазір қандай тірі табиғат иесімен танысамыз?

-Өсімдік әлемімен.

-Өсімдіктер дегеніміз тірі табиғаттың маңызы бірбөлшегі,себебі.ол өседі,өледі.(Қурайды)

-Өсімдіктер неше топқа бөлінеді.

-Үш топқа.(Ағаш,бұта,шөп)

-Әр топқа енетін өсімдіктер өте көп.

Ағаштар:қайың,емен,көк терек,алма ағашы,қарағаш,жөке,терек және басқа.

Бұталар:қарақат,таңқурай,итмұрын,бөріқарақат,жыңғыл,бөртегүл және басқа.

Шөпті текті өсімдіктер:түймедақ,жусан,бақбақ,көкнәр,боз,беуе,жоңышқа,және басқа.

Ойын: «Өсімдік мүшелерін тап»

Берілген суреттен өсімдік мүшелерін тауып сөздерді орналастыр.Осы өсімдік мүшелерінің қайсысын біз сендермен өткен сабақта өттік?

-Тамыр.

(2-3 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау)

III.Білімін тексеру:

-Сонымен,тамырдың қызметі қандай?

-Өсімдік тамыры қандай болады?

-Тамыры шашақ,түйіннен,кіндік,қосалқы болып келеді.

IV.Мақсат қою.

-Бүгін балалар,өсімдіктің тағы маңызды бөлігі «Сабақ» тақырыбымен танысамыз.

Өсімдіктің бойлап өсер тірегі,

Көп мүшенің ішіндегі бірі еді.

Жоғары-төмен тұратұғын таратып,

Осы мүше өсімдіктің жүрегі.(сабақ)

V.Жаңа сабақ түсіндіру.

-Сабақ өсімдікке неге керек?

-Ол қандай мүше?деген сұраққа жауап іздейік.

Тәжірбие арқылы іске асыру.

Шөптесін өсімдіктің сабағын кесу,кескен жерінен су тамшысын көрсету.

(Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру.)

VI.Түсінгенін тексеру.

Оқулықпен жұмыс.

Дәптермен жұмыс.

Оқушылар өз бетімен бір өсімдік таңдап,оған эссе жазады.

(5 минут)

Қоректік заттардың тамырдан өсімдіктің басқа бөліктеріне тарайтынын дәлелдеу мақсатында мынадай тәжірбие жасайық.

(оқулық 54-бет тәжірбиені жасау)

Қорытындыны оқушыларға жасату.Өз ойларын айтқызу.

VII.Сабақ қорыту.

-Сабақ өсімдіктің қандай мүшесі?

-Сабақ өсімдікке неге керек?

-Сабақтың қасиеті?

-Мағынасы жуық сөз? «Дің»

VIII.Үй тапсырмасын беру.

53-54 бет оқу.

Бағалау.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров84
Номер материала ДВ-481494
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх