Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Сабақ "Физикалық, химиялық құбылыстар"

Сабақ "Физикалық, химиялық құбылыстар"

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Физикалық , химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері.

Жалпы мақсаты: Физикалық, химиялық құбылыстар туралы білім бере отырып, құбылыстарды ажырата білу, теориялық білімдерді практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: 1.Физикалық химиялық құбылыстарды ажыратады.

2.Химиялық реакциялардың белгілерін салыстырады.

3.Тәжірибе жасап үйренеді.

4.Физикалық, химиялық құбылыстардың маңызын, қолданылуын біледі.

5.Ақпаратты жүйелеп салыстырады.

6.Өз ойын жаза білуге, қорытынды жасай білуге үйренеді.

7.Химиялық реакциялардың белгілеріне сәйкес құбылыстарды ажыратып біледі.

8.Химиялық тілмен сөйлеп біледі.

Сабақта туындаған негізгі идеялар:Физикалық,химиялық құбылыстардың түрін ажыратады.Жаттығу жасайды, тәжірибе орындайды. Химиялық тілмен сөйлеп неге құбылыстарға жататынын айта алады.Химиялық реакциялардың белгілерін түсініп, ажыратып,тәжірибе жүзінде дәлелдеп, биологияда, физикада алған ақпараттарды пайдалана алады.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Іс-әрекеттер: «Топ ұстанымы», «Миға шабуыл», «Ментальді карта», «Өзін-өзі бағалау», «Рефлексия» «Екі жұлдыз бір тілек»

( Сабақ жоспары блум таксономиясы бойынша құрылды. Сынып 4 топқа бөлінді. Әр топтың ішінен өздеріне жетекшісін сайлап алады.Оқушыларға бағалау парағы таратылды.)

Білу: 1. Егерде мен...Проект қорғау (зерттеу жұмысы). Топ мүшелері қоспаға сипаттама беріп,қоспа дайындап,таза заттарды бөлудің әдісін ұсыну қажет.

І топ Су мен бор қоспасын қалай бөлуге болады. Жоспар құрып түсіндіріңдер. Жұмысты орындаңдар.

ІІ топ Бор мен тұз қоспасын қалай бөлуге болады. Жоспар құрып түсіндіріңдер. Жұмысты орындаңдар.

ІІІ топ Темір мен күкірт қоспасын қалай бөлуге болады. Жоспар құрып түсіндіріңдер. Жұмысты орындаңдар.

ІV топ Су мен лимон қышқылы қоспасын қалай бөлуге болады. Жоспар құрып түсіндіріңдер. Жұмысты орындаңдар.



Топ жетекшісі топтың әр мүшесіне жеке –жеке тапсырмалар бөліп береді де, белгіленген уақытта әрбір топ мүшелерінің ойын ортаға салып талқылап, тәжірибені орындап нәтижесін көрсетеді. C:\Users\User\Pictures\Snapshot 4 (19.10.2013 1-34).png
C:\Users\Админ\Desktop\Архив\курс рабочийь\сабаққ\сабак 1\Snapshot 15 (30.09.2013 12-36).png

Топ атынан қорғайды. Смайликтер таратылды

2. Үйге берілген 9,10,11 жаттығуды тексеру. Дұрыс жауапқа 1 фишка беріледі.

Түсіну. Оқушылардың ойлауын белсендіре отырып, құбылыстар туралы білімді меңгеруіне жағдай жасау. Слайдта құбылыстардың суреті . Суретте не көріп тұрсыңдар?.Қойылған сұрақтар төңірегінде жеке, жұппен,топпен ақылдаса отырып, өз ойларын сындарлы түрде ортаға салады.

3.Мыс сымның майысуы, ағаштың жануы тәжірибесін көрсете отырып,оқушы пікірін білу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

4. 4 топ тақырыптың мазмұнымен танысады.Топ мүшелері алған ақпараттарын топ ішінде талқылайды.Өз ойларын ортаға салып, сұрақ қояды.

Қолдану. бөлімінде 4 топ жеке постер қорғайды.Белгіленген уақытта әрбір топ мүшелері жинастырған материалдарын ортаға салып талқылайды. C:\Users\Админ\Desktop\Архив\Новая папка\IMG_2639.JPG

І топ Физикалық құбылыстар

ІІ топ Химиялық құбылыстар

ІІІ топ Химиялық реакциялардың белгілері

ІV топ Құбылыстардың адам өміріндегі маңызы

Белгіленген уақыт біткен соң жеке оқушы немесе барлық топ мүшелері өз ойларын ортаға салады, постер қорғап, жаңа білімді қалай меңгергенін көрсетті. Екі жұлдыз бір тілек арқылы бағаланады.

Талдау. Химиялық құбылыстардың белгілері бойынша тәжірибе жасау(лимон қышқылының содамен, крахмалдың йодпен,әкті судың көмірқышқыл газбен әрекеттесуі ). C:\Users\User\Desktop\курс рабочий\сабаққ\сабак 2\IMG_2649.JPG

Инструкция жазылған үлестірме материалдар таратылды.Әр топ тәжірибе жасап, қойылған проблеманы қалай шешкендерін басқа оқушылар алдында талдап,өз ойларын айтады.

Жинақтау. Проблемалық сұрақ.

1.Сыртқы ортаға зиянды әсері бар қандай құбылыстарды білесіңдер?

2.Химиялық есептер жинағынан 1-18 жаттығу орындайды.Әрбір дұрыс жауапқа 1 фишка беру арқылы бағаланады.

Бағалау бөлімінде бүгінгі сабақтан алған әсерлерің, не үйрендің ? Топтың әр мүшесі стикерге көңіл күйлерін, әсерін, кездескен қиындықтарды жазады.

Сабақ барысында бағалау парағы негізінде оқушыларға жиынтық баға қойылды.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров101
Номер материала ДВ-479899
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх